СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

TALIS халықаралық зерттеуінің 11, 18 және 24 сұрақтарынан алынған нәтижені талдаумен рефлексиялық есебі

Категория: Директору

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектептегі алғашқы тәжірибе уақытында өзгеріс енгізу үдерісін жүзеге асыру барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (әрі қарай ЭЫДҰ) әзірлеген TALIS нысанын қолдана отырып, мұғалімдер арасында  сауалнама өткізу қажет болды. Сауалнама өткізуді оқу тәрбие ісі бойынша орынбасарым жүргізді. Бұл сауалнама өзімдік басшылық қызметімнің басында алынған еді. Мектеп басшылық қызметіне келген уақытта, ұжымды сырттай білсем де ішкі жағдайды білу мақсатында директор әріптестерімнен көмек сұрағанымда осы сауалнаманы ұсынған еді, бірақ әріптесім оны талдау туралы түсінік бермеген еді, менде талдаудың маңыздылығын түсінбеген екенмін. Сауалнама талдай отырып, бақылағаным алғаш өткізгенде жалпы сауалнамаларды талдауды білмегендігім және нәтижені дұрыс қолданбауым.

Просмотр содержимого документа
«TALIS халықаралық зерттеуінің 11, 18 және 24 сұрақтарынан алынған нәтижені талдаумен рефлексиялық есебі»

Мамаева Арайлым Серикбековна Мектеп басшының портфолиосы G жазбасы

№6 топ Мектеп басшыларына арналған курстары

Астана қ.


7 қосымша.

TALIS халықаралық зерттеуінің 11, 18 және 24 сұрақтарынан алынған нәтижені талдаумен рефлексиялық есебі.

Мектептегі алғашқы тәжірибе уақытында өзгеріс енгізу үдерісін жүзеге асыру барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (әрі қарай ЭЫДҰ) әзірлеген TALIS нысанын қолдана отырып, мұғалімдер арасында сауалнама өткізу қажет болды. Сауалнама өткізуді оқу тәрбие ісі бойынша орынбасарым жүргізді. Бұл сауалнама өзімдік басшылық қызметімнің басында алынған еді. Мектеп басшылық қызметіне келген уақытта, ұжымды сырттай білсем де ішкі жағдайды білу мақсатында директор әріптестерімнен көмек сұрағанымда осы сауалнаманы ұсынған еді, бірақ әріптесім оны талдау туралы түсінік бермеген еді, менде талдаудың маңыздылығын түсінбеген екенмін. Сауалнама талдай отырып, бақылағаным алғаш өткізгенде жалпы сауалнамаларды талдауды білмегендігім және нәтижені дұрыс қолданбауым.

Зерттеуді зерделей отырып, TALIS халықаралық зерттеуі мұғалімдер мен мектеп басшыларына білім берудің деңгейін талдап, осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді. TALIS сауалнамасын осы зерттеуге қатысатын басқа 23 елмен біріге отырып, ЭЫДҰ ұйымдастырады екен.

Курсалды сауалнамадан анықталған мәселелерді шешу мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне сай туындаған деп шештім. Тек өз ісінің маманы, шебері ғана нәтижеге бағытталған тиімді жұмыс жасайды.

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігінің деңгейін анықтау мақсатында, мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтау мақсатында МДЖ іске асыру уақытында сауалнама алынды. TALIS халықаралық зерттеу аясындағы сауалнамаға мектеп ұжымы мұғалімдерінің 98 %, яғни 46 мұғалім қатысты.

Осы зерттеуді жүргізген уақытта қиындықтар туды, себебі қазақ тіліндегі аудармасы нақты түсінікті бермеді, орыс тіліндегі нұсқасы арқылы түсіндіру жұмысын жүргізуге тура келді. Сондықтан зерттеу тапсырылған оқу тәрбие ісі бойынша орынбасарым З.М. сауалнаманы түсіндіруге уақыт жұмсады. Сауалнаманы өңдеуде қазақ сыныптарында жұмыс жасайтын мұғалімдердің сұрақтарға жауап беруінде жауапкершілікпен қарамағаны анықталды. Бұл мәселе талқыланып, нақты жауап алынып нәтиже өңделді.

Сауалнама нәтижесімен таныса отырып, толық мектеп алдындағы мәселелер туралы түсінік қалыптасып, келесі тәжірибе кезеңінде басымдық болатын мәселелер анықталды.

Бүкіл ел бойынша жиналмаса да бір мектептен жиналған мәліметтердің маңызы зор екендігіне көзім жетті. Алынған деректерді салыстырмалы талдау арқылы елдерге осы сияқты проблемаларға тап болып отырған басқа елдерді саралауға және басқа да стратегиялық әдіс тәсілдерден сабақ алуға мүмкіндік беретіндігімен өте құнды.

Зерттеудің 11 сұрағын талдайтын болсақ Халықаралық TALIS зерттеуін өткізу барысында мықты жағы зерделенген уақыт ішінде сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 96%ы курстар мен семинарларға қатысқан, тәлімгерлік пен коучинг үдерісіне мұғалімдердің 100%ы қатынасып, олардың барлығы өзге мектептерде болған, яғни кәсіби қоғамдастық жұмысын желілік қоғамдастық ретінде ұйымдастыруға болатындығы байқалды. Байқалған мәселе дәреже алуға бағытталған бағдарламаға ешкімнің қатыспауы.

TALIS зерттеуінің 11 сұрағындағы «соңғы 18 айдың ішінде төменде көрсетілген кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыңыз, және де алған біліміңіздің мұғалімдік тәжірибеңізге әсері болды ма?» сұрағының жауаптарын төмендегідей SWOT талдауда жіктеуге болады.



  • Күшті жақтары

  • Мүмкіндіктер

  • Мектеп іс-шараларының ресми бөлігі ретінде жүретін тәлімгерлік және/немесе әріптесті қадағалау және коучингтердің өтілуінің оң өзгеріске әсері бар.

  • Білім беру саласындағы конференциялар/ семинарлар оң өзгерістер береді.


  • Мұғалімдердің барлығын тәлімгерлік үдерісіне енгізу арқылы, коучингтер өткізу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру

  • Конференциялар мен семинарлардағы жаңалықтарды тәжірибеде қолдану.

  • Әлсіз жақтары

  • Қауіптер

  • Біліктілік бағдарламасы (м, дәреже алуға бағытталған бағдарлама)

  • Танысу мақсатындағы басқа мектептерге сапарлар

  • Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысу

  • Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер

  • Білім мазмұнының жаңаруының талаптарына төтеп беретін мамандардың болмай қалуы.

  • Өзгерістің болмай, дамымау.

  • Кәсіби серіктестіктің мүмкіндіктері қолданылмаудан дамымау.

  • Зерттеу жұмыстарының жүрмеуінен шығармашылық қабілеттің төмендеуі.


Кәсіби дамудағы қажеттіліктер деп аталатын зерттеудің 18 сұрағына SWOT талдау жүргізсем,төмендегідей бөлуге болады.



Кәсіби даму саласындағы өз қажеттіліктеріңізді ескере отырып, төменде көрсетілген салалардың қайсысында даму қажет деп санайсыз деген сұраққа жауап беруде

  • Күшті

  • Мүмкіндіктер

  • Оқушылардан кеңес алу

  • Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту

  • Оқытудағы АКТ дағдылары

  • Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіздің мазмұны мен табыс критерийлері

  • Оқушыларды бағалау әдістемесі

  • Сыныпты басқару

  • Мектеп бойынша бәләм сапасын жоғарылату мүмкіндігі

  • АКТ технологииялар мүмкіндігін кеңінен қолдану

  • Критериялды бағалауды енгізу

  • Бағалаудың оң әсерін оқу сапасын жоғарылату үшін пайдалану

  • Оқушыларда көшбасшылықты дамыту

  • Әлсіз

  • Қауіптер

  • Оқушылардың тәртібі және мінез-құлық проблемалары кедергі емес,

  • Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңізді оқыту тәжірибесі туралы білім және түсінікте қажеттілік жоқ

  • Көп ұлтты ортада оқыту

  • Тәрбие үдерісінің сапасы нашарлау

  • Жаңалықтарды зерделемеу нәтижесінде дамымай қалу

  • Көпұлттық тәрбиелеудің болмауы


Осы мектепте алған бағаңыз және/немесе кері байланысыңыз төмендегі салаларды қаншалықты өзгертті немесе өзгерістің орын алуына ықпал етті деген 24 сұраққа SWOT талдау жасадым.


Күшті

Мүмкіндіктер

Кері байланыстың қажеттілігін түсіну,

Оқушылардың тәртібі және мінез-құлық проблемаларын шешуде қолданатын әдіс- тәсілдерде өзгеріс бар,

Мұғалімдердің сынып жетекші ретіндегі тәжірибесіне өзгеріс еніп, тиімді жұмыс жүруі,

Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспарын жасаудағы өзгерістер,

Көп ұлтты ортада оқыту тәжірибесіне өзгерістер енген.

Табысты мектеп ретінде даму мүмкіндігі

Сабақтың сапалылығы артады,




Тәрбие құраушысы оқудың сапасына ықпалын тигізеді,


Сабақ үдерісін зерттеу оң нәтижелерге жеткізеді,



Мектеп мәдениетінің қалыптасуына, үштілдік білімге көшудегі жеңілдік

Әлсіз

Қауіптер

Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіз бойынша білім мен түсініктің қалыптасуына мән бермеу,

Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқытудағы өзгерістерді барлық мұғалімдердің енгізбеуі.

Білім сапасының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін, ерекше қабілетті балалардың назардан тыс қалып қоюы.

Талдаудан төмендегідей бағыттар анықталды және оларды шешуге бағытталған екінші тәжірибе кезеңінде мектептің даму жоспарында іске асыруды қажет ететін басымдықтар анықталды:

  • Оқыту мен оқуға жаңа әдіс тәсілдерді енгізуді жалғастыру;

  • «Үштік арасындағы» арасындағы ынтымақтастық ортасын құру;

  • Мұғалімдерді үнемі кәсіби дамуына уәждеп отыру;

  • Оқыту үдерісіне критериялды бағалауды енгізу

  • АКТ мүмкіндіктерін сабақтарда кеңінен қолдану;

  • Әріптестер, ата аналар қауымы және оқушылар кері байланысын қозғаушы күш ретінде жұмыста қолдану;

  • Мектептің кәсіби желілік қоғамдасының жұмысын жандандыру.

Осылайша талданған, халықаралық TALIS зерттеуі арқылы жүргізілген аудит және ішкі эвалюация нәтижесінде мектеп алдындағы мәселелерді шешу үшін жаңа әдіс тәсілдерді оқу мен оқыту үдерісіне топтық жұмыс арқылы енгізуіміз және даму үшін ата ана, оқушы және әріптестерден кері байланыс алып, оны даму үшін қолданудың маңызы зор болмақ деп шештім.

Сондықтан, «Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану арқылы жаңа әдіс тәсілдерді енгізу және оқу кеңістігі қатысушыларының кері байланысын қамтамасыз ету» деп мектептің дамып табысты мектепке айналуы үшін қажетті жоспардың басымдығы болуы тиіс деген ой түйдім. Смарт мақсаттарды әрбір оқу кеңістігінің қатысушылары үшін анықтауды жөн көрдім. Мұғалімдер үшін: оқыту мен оқу үдерісіне 6 ай ішінде жаңа әдіс тәсілдерді енгізу арқылы оқытуды жақсартады десем, оқушылар үшін, топтық жұмыста білімдерін жақсартады және ата ана үшін, мұғалімдермен ынтымақтастықта оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп отырады, мектеппен ынтымақтастықта жұмыс жасайды деп анқтадым.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!