СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тарихты? жасампаз беттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Тарихымызды? жасампаз беттері

Ма?саты:1986 жылды? желто?санында?ы адал да, а??ал ?аза? жастарыны? боданды??а ?арсы жой?ын б?л?ынысы, бейбіт шеруге шы??ан, т???ыш рет Ке?ес империясыны? зорлы?шыл тас ?амалына тайсалмай ?арсы шы??ан желто?сан ??рбандарыны? ерлігін, жалынды жырларын о?ушылар к??іліне ?ялату Елін, жерін, тілін ??рметтейтін, ?з отанын с?йетін азамат ?алыптастыру, от ж?ректі ?жет мінезді ?л-?ыздарды? ерлік істеріне м??гі ??рмет к?рсетуге баулу. Патриотты? сезім ?алыптастыру. К?рнекілігі: Желто?сан ??рбандарыны? суреттері, на?ыл с?здер  

І ?йымдастыру б?лімі: - Балалар, бізді? т?уелсіздік ал?анымыз?а неше жыл толып отыр? - 23 жыл толып отыр. - Желто?сан о?и?асына неше жыл толып отыр? - 28 жыл. - Т?уелсіз мемлекет ретінде бізді? ?андай р?міздеріміз бар? - Туымыз, елта?бамыз, ?н?ранымыз бар. - Бізді? президентіміз кім ? - Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев. - Мемлекеттік тіліміз ?ай тіл ? - Мемлекеттік тіліміз ?аза? тілі. - Балалар, біз осы т?уелсіздікке о?айлы?пен ?ол жеткізген жо?пыз.Оны? бір к?рінісі желто?сан о?и?асы. М??алім с?зі: Желто?сан о?и?асы ?зіні? ?айсарлы?ымен, ал?а ?ой?ан ма?сат-м?ратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де ?рбір адамны? есінде м??гі са?талады. 1986 жылы 16 желто?санда ?аза?стан Компартиясы Орталы? комитетіні? пленумында Д. ?онаевты? зейнеткелікке шы?уына байланысты Республика компартиясы Орталы? Комитетіні? бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оны? орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Т?тенше ?ткен пленум 18 минутта ая?талды. Шынарай: Асы?ыс ?ткен пленум шешімі д?йім ?аза? хал?ымен санаспаушылы? болып табылды. Пленум шешіміне к??ілі толма?ан халы?ты? ж?регінде наразылы? ?ш?ыны лаулай т?сті. 1986 жыл?ы желто?сан о?и?асы ?аза?ты? басын біріктіріп, бір ж?дыры??а ж?мылдыр?ан ба?ытты да, ?ай?ылы к?н еді. Желто?сан жа??ыры?ы к?зден де к??ілден де кетер емес. Б?кіл бір ?лтты? с?йегіне та?ба т?сіріп, ?ділетсіз шешім ?абылданып, халы?ты? ар-намысы таразы?а салын?ан сын са?атта д?лей к?шке ?аймы?пай ?арсы шы??ан жастарды? ерен е?бегі ?рпа?тан-?рпа??а ?лгі. Осыдан 28 жыл б?рын, я?ни 1986 жылы Алматыны? бас ала?ына жастар жаман оймен бар?ан жо?. Олар бейбіт жолмен т?уелсіздікке ?ол жеткізу ?шін ?атыс?ан. Енді міне, осы желто?сан к?терілісіне ?атыс?ан а?аларымыз бен апаларымызды? ар?асында ата-бабаларымыз ?ш ?асыр?а жуы? уа?ыт бойы арманда?ан т?уелсіздікке ?ол жеткіздік. Б?л о?и?а д?ниені д?р сілкіндірді. Б?л желто?сан к?терілісіне ?аза? ел аузында ж?рген, тарихта аты ?ал?ан ?.Рыс??лбеков, Л.Асанова, С.М?хаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен а?аларымыз ?атысты. Ж?ргізуші: ??рметті о?ушылар!  Біз б?гін д?ниені д?р сілкіндірген, т?уелсіздік туын е? ал?аш к?терген ?йгілі 1986-ны? желто?санына арнал?ан «Тарихымызды? жасампаз беттері» атты сынып са?тымызды ашы? деп жариялаймыз.

Дильназ: Желто?сан-заман тол?а?ы байта? даланы?, Шарпыс?ан с?тті ?міт пен к?дік наланы?. ?айрат, Л?ззат пен С?бира ??рбаны бол?ан жаланы?. Олжас: «Наша?ор» деп «?лтшыл» деп, ?аза??а к?йе жа??ан к?н. Базары кетіп бір к?нде, ?ай?ы?а халы? бат?ан к?н. Ж?ргізуші: С?бираны? о?у орнында ата-анасын ша?ырып ?лкен жиналыс ?ткізеді. ?за? кін?лап, жала жауып «?ызы?ыз тентек екен» деген ?стаздарыны? с?зі жанына аяздай батты А? самайлы анасын аяды. К?тпеген жерден: «Б?ріне кін?лі мен, жазала?дар мені. Оларды о?у орнынан ?ума?дар! Шеруді де мен ?йымдастырдым. Б?ріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айт?ан с?зінен жинал?андар сілтідей тынды. С?бира жиналысты тастай, сырт?а ?арай ж?гіре ж?нелді. Сол бойымен намысшыл ?ыз жата?ханасыны? бесінші ?абатынан секіріп кетті. Оны? ?мірі ерте ?зілді. Семсердей ?ткір айт?ан с?здері ол о?ы?ан о?у орнынан бірде бір ?аза? ?ызын ?удалатпай, о?уынан ?удырмай, жала жап?ызбай са?тап ?алды. Асем: Желто?санда шынды? жырын шыр?аймын деп шар? ?рды?, Желто?санда егеменді ел болса? деп талпынды?. Кеуде?де ?лі сызы жатыр сол кездегі сал?ынны? Айналайын, айналайын жас ?ркені хал?ымны?! Ж?ргізуші:Міне, ?мірден та?ы бір ?ыршын жас ?ыз?алда? осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесіні? студенті Л?ззат Асанова?а ?зін-?зі ?лтірді деген ?тірік жала жабыл?ан еді. Тексере келе Л?ззатты? ала?да бол?аны аны?талады. Адель: ?аймы?пады ыз?арынан, б?лтынан ?алтыратты империя іргесін. Халы?тарды? бостанды??а ?мтыл?ан, Бастап берді бір к?шін. Ж?ргізуші: Т?н.К?дімгі миллионда?ан т?ндерді? бірі,біра? б?л т?н ?згеше т?н еді. Себебі б?л т?нде ?аланы? кез-келген т?сынан ?стал?ан жастарды ?рып-со?ып, ?лімші халге жеткізді. Осындай ?атігездікті к?рген, олар?а араша т?сем деп, ж?ргендерді? бірі ?айрат Рыс??лбеков еді. Ерасыл: - К?н?дан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар. ?ас?алда?тай ?аным бар, Бозтор?айдай жаным бар. ?айрат деген атым бар, ?аза? деген затым бар. «Еркек то?ты ??рбанды? Атам десе?, аты?дар!» Ж?ргізуші: КСРО Жо?ар?ы ке?есі Президиумыны? шешімі мен 1988 жыл?ы 28 с?уірдегі указымен ?айрат?а кешірім жасалып, 20 жыл бас бостанды?ынан айыруымен ауыстырылды. Алайда, б?л хабар ?айратты ?уанта ал?ан жо?. ?айратты? хаты ?нтаспадан жіберіледі. «Міне, ?здері? естігендей ату жазасын 20 жыл?а ауыстырды. Б?л ?рине, біреуге ?уаныш, біреуге азап. ?з басым б?л ?шін ?уан?ам жо?. ?йткені, асыл анашым, т?сіні?ізші! Мен сорлы б?л тас зынданда жазы?сыздан жазы?сыз еш отыр?ым келмейді. 11 ай ішінде ?ай?ы-?асіреттен ?бден ж?йке тамырым ж??арды. ?бден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы ?з-?зімді ?ина?ым келмейді.». 1988 жылы 21 мамырда Семей ?аласында?ы т?рмені? 21- камерасында ?айрат 21 жасында «?зін-?зі ?лтірді» деген атпен ??пия т?рде ?аза тапты. Аслан: ?сер ?лды? ?ай с?тте де бірлік болма? ?алауы, Лаула! Лаула! Желто?санны? м?з?а жан?ан алауы! ?здері?дей ?р намысты жас ?ркені бар елді? Еш?ашанда тиісті емес е?кеюге жалауы! Жоламан: ?р ?аза?ты? есінде са?талады, Желто?санды? ?ркендер а?талады. Ер намысын ?ор?а?ан сарбаздарым, Ерліктері? м??гілік са?талады. Ж?ргізуші Желто?сан ж?лдыздары ?айрат Рыс??лбековке «Халы? ?аhарманы» ата?ы беріліп, айры?ша ерекшелік белгісі «Алтын ж?лдыз» тапсырылды. С?бира, Л?ззаттар?а а?тау ж?ніндегі аны?тама ?а?аздары берілді. Анель: Болсын осы ар алдында с?з а?ты?, ?ан мен намыс болса бойда ?аза?ты?. ?айтпас ?айсар ?асиетті к?респен, Алыппыз біз м??гі те?дік,азатты?. Ж?ргізуші: Желто?сан о?и?асы ?арат Рыс??лбеков, Ербол Сыпатаев, С?бира М?хаметжанова, Л?ззат Асанова т?різді батырларымызды? бар екенін д?лелдеп берді. Ендеше , сол желто?сан ??рбандарын бір минут ?нсіздікпен еске алайы? Арада т?рт жыл ?ткен со? 1990 17-желто?санда сол ала??а ескерткіш та?та ?ойылды. Темирлан: Серпіп б?лтты бас?ан елді? бар мысын, Туды к?нім ?ділетті арлы шы?. Алыс жолдан зары?тырып, шаршатып Келді? бе сен, Азатты?ым, армысы?! Ж?ргізуші: Осы о?и?адан кейін арада 5 жыл ?ткенде 1991 жылды? желто?сан айыны? 16-сы к?ні ?аза? елі шынайы т?уелсіздік алды. Биыл, міне, 23  жыл толып отыр. Т?уелсіздік, б?л-басымыз?а ?он?ан ба?, ба?ыт. Томирис: К?п ?лтпыз бірлігі зор, бір туыс?ан, Ше?гелін сала алмас ар д?шпан. Жасай бер еркіндікке ?олы жеткен, Т?уелсіз егеменді ?аза?стан! Ж?ргізуші: Жау?азын ерте к?ктемде ?ар астынан шы?атын н?зік г?л. ?ар еріп, к?н ?атты ?ыз?анда, тез ?урап кетеді. Желто?сан ??рбандарыны? да ?мірлері осы жау?азынны? ?міріндей ?ыс?а болды. Дархан: Бас ала?да ел жос?ан, Жастар ?аны жу?ан т?н. 16 желто?сан- Т?уелсіздік ту?ан к?н! Диас: К?к аспанда туларды? Желбіреген к?ні - б?л, Елім деген ?лдарды? Елжіреген к?ні - б?л. Айдана: Ж?пар шаш?ан г?лімні? Жа?а ашыл?ан к?ні - б?л. Мені? ана тілімні? Ба?ы ашыл?ан к?ні - б?л.

Айбек: Д?бірлетсін ??ірді Д?бірлесін д?лділі. ?аза? деген елімні? ??тты болсын б?л - к?ні!

М??алім с?зі: Міне, о?ушылар ?здері? айтып отыр?андай осы о?и?адан кейін бізді? ?аза?станымыз ?зіні? т?уелсіздігін алды. ?аза?станны? т?уелсіздік ал?анына биыл?ы жылы 20 жыл тол?алы отыр. Басы ая?ы 20 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлы?тай жетістіктер биігінен к?рінді. ?лемні? ?ркениетті мемлекеттері ?аза?станды танып білді. Олармен аралас – ??ралас болу?а сол ар?ылы сол елді? м?дениетін, ?дебиетін толы?ыра? айт?анда, рухани д?ниесін ?не бойына сі?іруге, жа?сы жа?тарын ?абылдау?а жан – жа?ты м?мкіндік туды. Сонымен ?атар «Біз ?аза?станды?тармыз» деп кеуде кере шаттану?а да б?гінгі уа?ыт ?рдісі бізге м?мкіндік ту?ызып отыр. Т?уелсіздік хал?ымыз?а аспаннан т?скен ??діретті? сыйы емес. Ол ?асырлар?а созыл?ан ата – баба ?анды жоры?ыны?, дабылды – дуылды к?ресіні? за?ды жал?асы. Жатса т?сінен, т?рса есінен бір с?т кетпеген бабаларды? ?асырлы? арманы еді. Тере?нен ойлап, тебірене тол?аса? хал?ымызды? барша тарихы осы т?уелсіздік ?шін, елдік ?шін, халы?ты? бас бостанды?ы ?шін к?рес еді. Желто?сан о?и?алары – ?аза?стан тарихында?ы естен кетпес, аса ауыр ж?не ?ай?ылы беттерді? бірі. Екі ?асыр бойы езіп келген империяны? ?уатты ??рсауын б?зып, отарлаушыларды? тас ше?гел ??лды?ынан ??тылуды к?ксеген жастарды? к?з жасы, ?аны бекерге т?гілмепті. Он екіде бір г?лі ашылмай ?ыршын кеткен Асан?ызы Лязатты?, Сыпытай?лы Ерболды?, М??анбетжан?ызы С?бираны?, Но?айбай?лы ?айратты? а?са?ан армандары мен ?міт тілектері б?л к?нде толы? ж?зеге асты. Желто?сан о?и?асы - б?л ерлікті? тарихы, - республикада?ы хал?ымызды? рухани же?ісі, - демократия?а жол ашу, - т?уелсіздікті? ал?аш?ы беті К?п ?замай ?аза?стан Республикасы т?уелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желто?санда ?аза?стан Республикасыны? Президентіні? ?Р т?уелсіздігі ж?нінде Конституциялы? за?ы ?абылданды. ?Р президенті Н. ?. Назарбаевты? «1986 жылы 17, 18 желто?сан?а ?атыс?андарды а?тау ж?нінде» 1991 жылы жарлы?ы шы?ты. Осыдан кейін елімізді? басшысы 17 – желто?санды «демократиялы? жа?ару» к?ні деп жариялады.Б?гінгі та?да ?аза?стан т?уелсіз мемлекет. Бізді? ?зімізді? туымыз, елта?бамыз, ?н?ранымыз бар. Егеменді ?аза?стан мемлекетіміз. Сендер Отанымызды? ?рпа?тарысы?дар. Жа?сы о?ып,?лгілі, т?ртіпті болы?дар. ?з елі? мен жері?ді к?ркейтіп, ?аза?станны? намысын ?ор?айтын келешек ?рпа?ты? а?ылшысы, тірегі сендер болма?сы?дар.  

Просмотр содержимого документа
«Тарихты? жасампаз беттері»

Тақырыбы: Тарихымыздың жасампаз беттері

Мақсаты:1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, нақыл сөздер


І Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 23 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 28 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Мұғалім сөзі: Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.
Шынарай: Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар!  Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тарихымыздың жасампаз беттері» атты сынып сағтымызды ашық деп жариялаймыз.

Дильназ: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

Олжас: «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.

Жүргізуші: Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентек екен» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.

Асем: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Жүргізуші:Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.

Адель: Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.

Жүргізуші: Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

Ерасыл: - Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»

Жүргізуші: КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.
«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.». 1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Аслан: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Жоламан: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Жүргізуші Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Анель: Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

Темирлан: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Жүргізуші: Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 23 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Томирис: Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
Жүргізуші: Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқа болды.

Дархан: Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!
Диас: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Айдана: Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.

Айбек: Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!

Мұғалім сөзі: Міне, оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 20 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 20 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас – құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан – жақты мүмкіндік туды. Сонымен қатар «Біз Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр. Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес еді. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Лязаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Желтоқсан оқиғасы
- бұл ерліктің тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани жеңісі,
- демократияға жол ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы беті
Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!