СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тесты Истории Казахстана3

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Тесты Истории Казахстана3»

1. Неолит дәуірі қай кезеңді қамтиды?

A) б.з.б. 140-40 мың жылдықтар.

B) б.з.б. 5-3 мың жылдықтар.

C) б.з.б. 40-12 мың жылдықтар.

D) б.з.б. 12-5 мың жылдықтар.

E) б.з.б. 800-140 мың жылдықтар.


2. Андронов қоғамында рулық-ұжымдық меншіктің орнына меншіктің қандай түрі келді.

A) Көсемдер.

B) Қауымдық.

C) Ұжымдық.

D) Жеке.

E) Тайпалық.


3. Б.з.д. 519-518 ж.ж. тиграхауд сақтарына қарсы кім жорыққа аттанды?

A) Александр Македонский.

B) Аттила.

C) Ксеркс.

D) I Дарий.

E) Кир.


4. 1208 жылы Монғолиядан ығыстырылған қай тайпалар Жетісуға ауып келді?

A) Албандар.

B) Қыпшақтар.

C) Арғындар.

D) Қарлұқтар.

E) Наймандар.


5. Ерте ортағасырдағы Амударьяның атауы:

A) Жейхун.

B) Онон.

C) Орхон.

D) Сейхун.

E) Керулен.


6. Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, не ретінде кеңінен пайдаланылды?

A) Жалдамалы әскерге теленетін ақы ретінде.

B) Елшілерге берілетін сыйақы ретінде.

C) Айырбас теңге ретінде.

D) Халықаралык валюта ретінде.

E) Әшекей бұйым ретінде.


7. Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол армиясының айтарлықтай бөлігін құраған

A) Қарлұқтар.

B) Қыпшақтар.

C) Монғолдар.

D) Қимақтар.

E) Наймандар.


8. XV ғ. бірінші жартысында Моғолстанның шығыс жерлері кімдер тарапынан жиі шабуылға ұшырады?

A) Ойраттар.

B) Ақ Орда.

C) Ноғай Ордасы.

D) Алтын Орда хандары.

E) Көшпелі өзбектер.


9. Нысанаға күміс қойып садақпен ататын ұлттық ойын түрі.

A) Алтын сақа ату.

B) Жамбы ату.

C) Балуан күрес.

D) Бәйге.

E) Сайыс.


10. XVIII ғ. II жартысындағы қазақ-орыс сауда айналымының орталығы:

A) Омбы.

B) Жайық қалашығы.

C) Тобыл.

D) Орск.

E) Орынбор.


11. Бөкей ордасында 1837 ж. 15 қазанда көтерілісшілер Жәңгірдің қай сыбайласының ауылын ойрандады?

A) Нұртасғали Өзбекұлының.

B) Қарауылқожа Бабажанұлының.

C) Баймағамбет сұлтанның.

D) Балқы Құдайбергенұлының.

E) Айшуақ сұлтанның.


12. Жазушы Достоевский төрт жыл бойы каторгалық жұмыста болған қаланы атаңыз:

A) Семей.

B) Қостанай.

C) Ақмола.

D) Көкшетау.

E) Павлодар.


13. Сүйінбайдың шәкірті және ізін жалғастырушы ақын:

A) Естай.

B) Жамбыл.

C) Әсет.

D) Балуан Шолақ.

E) Жаяу Мұса.


14. XIX ғ 60-жылдары И. Бутков құрған комиссия қазақ жерін қалай бөлуді ұсынды?

A) 4 облысқа.

B) 1 облысқа.

C) 2 облысқа.

D) 3 облысқа.

E) 5 облысқа.


15. Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары.

А) 1820-1850 ж.

В)1830-1860ж.

C) 1835-1865ж.

D) 1850-1880 ж.

E) 1840-1870 ж.


16. Қай жылы ішкі істер министрі Дурнов Қазақстандағы шаруалар толқуларын басу үшін күш жұмсау туралы бұйрық берді?

A) 1906 жылы. 10 қаңтар.

B) 1905 ж. 6 желтоқсан.

C) 1905 ж. 15 желтоқсан.

D) 1906 жылы. 9 қаңтар.

E) 1906 жылы. 5 қаңтар.


17. 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Түркістан өлкесінің генерал-губурнаторы.

A) Игельстром.

B) П.Эссен.

C) А.Куропаткин.

D) Ф.Голощекин.

E) М.Сперанский.


18. «Жас қазақ» ұйымы пайда болған қала.

A) Мерке.

B) Орынбор.

C) Әулиеата.

D) Орал.

E) Ақмола.


19. 1918 жылғы жазда Орынборды басып алған атаман.

A) В.Толстов.

B) И.Калмыков.

C) Г.Семенов.

D) Г.Григорьев.

E) А.Дутов.


20. Қазақстан мен Түркістандағы талантты комсомол ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаевтың өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.

A) 1912-1928 ж.ж.

B) 1900-1925 ж.ж.

C) 1910-1930 ж.ж.

D) 1902-1926 ж.ж.

E) 1902-1924 ж.ж.


21. Түрксібті салуда қанша адам еңбек етті?

A) 100 мың адам.

B) 250 мың адам.

C) 150 мың дам.

D) 200 мың адам.

E) 50 мың адам.


22. Ұлы Отан соғысының басында социалистік жарысқа қанша қыз-келіншек қатысты?

A) 50 мың.

B) 30 мыңнан астам.

C) 116 мың.

D) 10 мыңнан астам.

E) 45 мың.


23. Генерал-майор И.В. Панфилов басқарған дивизия:

A) 73-ші гвардиялық дивизия.

B) 8-ші гвардиялық дивизия.

C) 238-ші атқыштар дивизиясы.

D) 30-шы гвардиялық дивизия.

E) 316-шы атқыштар дивизиясы.


24. 1950 жылы аяқталған ұзындығы 483 км. темір жол төсемі:

A) Алматы - Ақмола.

B) Алматы - Шу.

C) Мойынты - Шу.

D) Түркістан - Ақтөбе.

E) Жамбыл - Шолақтау.


25. 1960 жылға таман Қазақстан Одақ бойынша өнім өндіруде нешінші орында болды?

A) Үшінші.

B) Бірінші.

C) Бесінші.

D) Тоғызыншы.

E) Жетінші.


26. 1965 жылы өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны.

A) Ақтөбе-мұнай.

B) Өзен.

C) Теңіз.

D) Мұнайлы.

E) Қарашығанақ.


27. 1975 ж. Алматыда шыққан "Аз и Я" кітабының авторы кім?

A) A. Бек.

B) Н. Кухаменов.

C) О. Сүлейменов.

D) К. Қадырбеков.

E) I. Есенберлин.


28. 1990 жылдары "Желтоқсан" партиясын кімдер кұрды?

A) Эколгиялық өзекті мәселелерді шешу үшін күресті жақтаушылар.

B) Тәуелсіз кәсіпкерлер.

C) 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқандар.

D) Мәдени кайраткерлер.

E) Ғылыми-техника саласындағы зиялы қауым өкілдері.


29. Қазақ КСР-і қай жылы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді?

A) 1990ж.

B) 1989ж.

С)1992ж.

D)1991 ж.

Е) 1993 ж.


30. Конституция бойынша халық атынан сөйлей алады:

A) Парламент пен Жоғарғы Сот.

B) Президент пен Парламент.

C) Президент пен Жоғарғы Сот.

D) Үкімет пен Парламент.

E) Үкімет пен Президент.


31. Аң аулау адамдардың шағын топтары мен жекелеген аңшыларға нені ойлап табудың нәтижесінде мүмкін болды?

A) Найзаны ойлап табу.

B) Сына қаруларды ойлап табу.

C) Металды игерудің басталуы.

D) Садақ пен жебені ойлап табу.

E) Шапқышты ойлап табу.


32. Сақтардың мал шаруашылығындағы ең маңыздысы:

A) Шошқа бағу.

B) Ешкі бағу.

C) Түйе бағу.

D) Жылқы өсіру.

E) Ірі қара мал бағу.


33. Сарматтардың шаруашылық қызметінің негізгі түрі:

A) Егіншілік.

B) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

C) Отырықшы мал шаруашылығы.

D) Балық аулау.

E) Көшпелі мал шаруашылығы.


34. X ғ. соңында оғыздар кімдермен одақтасып Хазар қағанаты мен Еділ бұлғарларын талқандады?

A) Киев Русімен.

B) Қимақтармен.

C) Половецтермен.

D) Печенегтермен.

E) Қарлұқтармен.


35. Соғдылықтар будда дінін қай жерге таратуда маңызды роль атқарды?

A) Орталық Азияда.

B) Қытайда.

C) Ресейдің шығысында.

D) Шығыс Еуропада.

E) Индияда.


36. Монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтаған жыл:

A) 1222 ж.

B) 1221ж.

C) 1223 ж.

D) 1220 ж.

Е)1224ж.


37. Кіші жүздің мекендеген жері:

A) Солтүстік Қазақстан.

B) Жетісу.

C) Батыс Қазақстан.

D) Оңтүстік Қазақстан.

E) Шығыс Қазақстан.


38. Сырдарияның оңтүстік жағалауындағы мәдени,экономикалық ірі орталық болған қала:

A) Икан.

B) Сайрам.

C) Аркөк.

D) Үзгент.

E) Құмкент.


39. Қазақ жасақтары Ордабасы тауында қандай қағида бойынша ұйымдасып бөлінді?

A) Жасақтардың келуі мен жиналуы.

B) Жүздерге жатуы бойынша.

C) Бытыраған түрде шабуыл әдістеріне дайындық түрінде.

D) Әскери бөлімге байланысты. t

E) Жүйесіз.


40. 1822 ж. "Сібір қазақтарының Ережесі" бойынша ақсүйектерге 10 жылғы еңбегінен кейінгі берілген атақ.

A) Дворян.

B) Әскери губернатор.

C) Уез бастығы.

D) Болыстық сұлтан.

E) Ауылнай.


41. 1864 жылы Ресей өкіметінің Қоқан хандығына қарсы отрядын басқарған полковник:

A) M. Черняев.

B) П. Капцевич.

C) Г.А. Колпаковский.

D) М. Перемышельский.

E) К. Гутковский.


42. 1847 жылы Шоқан Уәлиханов 12 жасында қайда оқуға түсті?

A) Екатеринбург әскери академиясына.

B) Орынбор кадет корпусына.

C) Челябі кадет корпусына.

D) Сібір кадет корпусына.

E) Қазан университетіне.


43. 1905 жылы желтоқсанда интернационалдық сипат алған ереуіл қай жерде өтті?

A) Верныйда.

B) Қостанайда.

C) Орынборда.

D) Успен кенішінде.

E) Қарқаралыда.


44. 1917 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Жетісудан Қытайға жазалаушылар қуғындауынан кеткен адам саны:

A) 293 мың адам.

B) 237 мың адам.

C) 253 мың адам.

D) 263 мың адам.

E) 283 мың адам.


45. Төрт «әлем патшалығы» тұжырымдамасында «мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшасына» кімді теңеген?

A) Араб билеушісін.

B) Парсы патшасын.

C) Үндістан билеушісін.

D) Византия билеушісін.

E) Қытай билеушісін.


46. " Оян, қазақ!" жыр жинағының авторы:

A) M. Тынышпаев.

B) М. Жұмабаев.

C) М. Дулатов.

D) А. Байтұрсынов.

E) Ә. Бөкейханов.


47. "Әскери коммунизм" кезеңінің бір іс-шарасы:

A) Еркін сауда.

B) Шетел капиталын құру.

C) Еңбек міндеткерлігін жою.

D) Еңбек армияларын құру.

E) Азық-түлік салығьш енгізу.


48. Қазақ даласындағы «Қызыл керуен» экспедициясын басқарған ірі мемлекет қайраткері:

A) Т.Рысқұлов.

B) Ғ.Мұратбаев.

C) А.Байтұрсынов.

D) С.Сейфуллин.

E) Ә.Жангелдин.


49. 1925-1933 жылдардағы аймақтық көсемдік идеяларды іске асырушы:

A) C. Сәдуақасов.

B) Ф. Голощекин.

C) Ж. Мыңбаев.

D) А. Андреев.

E) С. Сейфуллин.


50. 1932 жылдың шілдесінде жазылған "Бесеудің хаты" кімге жолданған еді?

A) I. Құрамысовқа.

B) Г. Рошальға.

C) И. Сталинге.

D) С. Меңдешевке.

E) Ф. Голощекинге.


51. ГУЛАГ азабынан өткен қазақстандықтардың саны:

А)107000

В)105000

С)101000

D)100000

Е) 110000


52. Ұлы Отан соғысы қарсақында Қазақстанда болған жоғары оқу орындардың саны қанша?

A) 35 жоғарғы оқу орны.

B) 25 жоғарғы оқу орны.

C) 20 жоғарғы оқу орны.

D) 30 жоғарғы оқу орны.

E) 15 жоғарғы оқу орны.


53. "Ресей - кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу,"-деген өшпес сөзді айтқан:

A) Б.Момышұлы.

B) М.Ғабдуллин.

C) В.Фурсов.

D) И.В.Панфилов.

E) В.Клочков.


54. Биология, медицина, геология саласындағы біраз ғалымдарға тағылған айып:

A) "Космополит".

B) "Ұлтшыл".

C) "Саяси сенімсіз".

D) "Идеологиялық тұрғыдан сенімсіз".

E) "Дарынсыз".


55. 1958 жылы Қазақстан Одақтас Республикалар арасында өнім шығарудан нешінші орынға шықты?

A) Екінші орынға шықты.

B) Бірінші орынға шықты.

C) Үшінші орынға шықты.

D) Бесінші орынға шықты.

E) Төртінші орынға шықты.


56. Жұмысшы табы 1970 ж. басында жұмыспен қамтылған барлық халықтың қанша пайызын құрады (%).

A) 60 %

B) 57,6 %

C) 65,5 %

D) 50 %

E) 47,9 %


57. 1979 жылы маусым айында болған оқиға.

A) Қазақ республикасының жаңа Конституциясын қабылдау.

B) Кеңес-Қытай шекарасындағы әскери қақтығыс.

C) Целиноград қаласында "неміс автономиясын" құруға қарсы жастар минтингісі.

D) Кариб дағдарысы.

E) Кеңес әскерін Ауғанстанға енгізу.


58. 1990 жылдың қазан айында Қазақстан өзінің:

A) Президентін сайлады.

B) Жаңа Конституциясын қабылдады.

C) Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

D) Егемендік туралы Декларациясын қабылдады.

E) Ішкі істер әскерін құрды.


59. 1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз деп таныған мемлекеттер ішінде қандай дамыған мемлекеттер болды?

A) Аргентина, Куба.

B) Бразилия, Чили.

C) Австралия, ОАР.

D) Филиппин, Сингапур.

E) Канада, АҚШ.


60. Қазақстанның дамуының перспективалық мақсаттары анықталған Н. Назарбаевтың еңбегі:

A) "Қазақстан - 2030".

B) "Ғасырлар тоғысында".

C) "Жаңа шекаралар".

D) "Тарих толқынында".

E) "Жаңа сана".


61. Аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең.

A) Қола дәуірі.

B) Тас дәуірі.

C) Мұз дәуірі.

D) Темір дәуірі.

E) Алтын дәуірі.


62. Қазақстандағы зергерлік өнер қай мыңжылдықтан бастап жоғары дәрежеде болды?

A) б.з. II мыңжылдығында.

B) б.з.б. III мыңжылдықта.

C) б.з.б. I мыңжылдықта.

D) б.з. I мыңжылдығында.

E) б.з.б. II мыңжылдықта.


63. Ғұн қоғамында шаньюйдің жақын туыстары қандай лауазымды иеленді?

A) Түменбасы.

B) Жабғы.

C) Бек.

D) Бұдұн.

E) Жүзбасы.


64. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай атады?

A) Половецтер.

B) Хазарлар.

C) Ойраттар.

D) Кумандар.

E) Булгарлар.


65. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде?

A) Түркістанда.

B) Сығанақта.

C) Таразда.

D) Меркеде.

E) Отырарда.


66. Ұлы Жібек жолы іске аса бастаған уақыт:

A) Б. э. д. II ғасырда.

B) Б. э. д. IV ғасырдың басы III ғасырдың аяғында.

C) Б. э. д. IV ғасырдың аяғында.

D) Б. э. д. VI ғасырда.

E) Б. э. д. VII ғасырда.


67. Алтын Орда Өзбек хан мен оның мұрагері Жәнібек хан тұсында

A) Жеке ұлыстарға ыдырады.

B) Өз теңгесін шығара бастады.

C) Өмір сүруін тоқтатты.

D) Күшейді.

E) Тәуелсіз мемлекет болды.


68. Орта Азиялық деректерде ойраттардың аталуы:

A) Моғолдар.

B) Хошоуыттар.

C) Татарлар.

D) Манғолдар.

E) Қалмақтар.


69. Ұшыр, баж және харадж түріндегі алым-салықты төлеп тұруға кімдер міндетті болды?

A) Әскери тап өкілдері.

B) Малшылар.

C) Егіншілер мен қолөнершілер.

D) Дінбасылары өкілдері.

E) Көшпелі ақсүйек өкілдері.


70. Орта Азиядағы орта ғасырлардағы қала мәдениетінің гүлдену кезеңі

A)XV-XVI ғ.ғ.

B) XIII-XIV ғ.ғ.

C) ХІ-ХІІ ғ.ғ.

D) XIV-XV ғ.ғ.

E) ІХ-ХІІІ ғ.ғ.


71. Аягөз өзені жағалауында қазақтардың жоңғарлармен соғысы қашан болды?

A) 1711 жылы.

B) 1718 жылы.

С)1717жылы.

D) 1714 жылы.

E) 1715 жылы.


72. Сібір қазақтары туралы Ереже бойынша болысқа қанша ауыл кірді?

A) 5-7 ауыл.

B) 18-20 ауыл.

C) 10-12 ауыл.

D) 15-18 ауыл.

E) 14-16 ауыл.


73. Жазушы Ф.М.Достоевский Семейде болған кезде достасып, хат арқылы қарым-қатынаста болған қазақтың жас ғалымы:

A) Бабаджан.

B) Алтынсарин.

C) Уәлиханов.

D) Абылай хан.

E) Сейдалин.


74. Шоқан Уәлихановты дүние жүзіне әйгілі еткен ғьшыми еңбегі:

A) Қазақтардың қарулануы туралы.

B) Сот жүйесі туралы жазғандары.

C) Қашқария туралы жазбалар.

D) Дала мұсылмандары туралы.

E) Ыстықкөлге бару сапары туралы күнделігі.


75. Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ:

A) Ф. Костылецкий.

B) С.Ф. Дуров.

C) С. Сотников.

D) Г. Потанин.

E) П. Семенов-Тян-Шанский.


76. 1916 жылы қара жұмыстан босатылмағандар:

A) Имамдар, молдалар.

B) Шаруалар.

C) Есепшілер, бухгалтерлер.

D) Төменгі полицей шендері.

E) Үкімет жұмысындағы лауазымды адамдар.


77. Майданнан қара жұмысқа алынған адамдарды қайтарған жыл:

А) 1921 жыл.

В)1920жыл.

С) 1919 жыл.

D)1917жыл.

Е)1918жыл.


78. Азамат соғысы жылдарында Атбасар уезінде партизан қозғалысының ірі орталығы болған село:

A) Подгорный селосы.

B) Жуковск селосы.

C) Николаевск селосы.

D) Покровск селосы.

E) Мариновка селосы.


79. ҚазАКСР-нің екінші астанасы:

A) Омбы.

B) Қызылорда.

C) Алматы.

D) Семей.

E) Орынбор.


80. Индустрияландыру дегеніміз не?

A) Халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру инфраструктураның дамуымен және индустрияланған халықтың пайда болуымен жүзеге асуы.

B) Жеңіл және ауыр өнеркәсіптің даму процесі.

C) Тамақ өнеркәсібінің дамуы.

D) Демократиялық реформалар партиясы.

E) Ауыл шаруашылығын машина техникасымен жарақтандыру.


81. Әйелдер арасында алғашқы болып электровоз машинисі мамандығын меңгерген:

A) Рогозина М.Д.

B) Оңғарбаева С.

C) Ангелина П.Н.

D) Бүкірова Р.

E) Досбаева Б.


82. Қазақ АКСР-нде "Сауатсыздық жойылсын" қоғамы қашан ұйымдастырылды?

A) 1923 ж. сәуірде.

B) 1925 ж. сәуірде.

C) 1924 ж. сәуірде.

D) 1921 ж. сәуірде.

E) 1922 ж. сәуірде.


83. 1942 ж. 23-қазанда Қазақ радиосы қай қаланы қорғаушыларға арнаулы радиохабар ұйымдастырды?

A) Одесса.

B) Сталинград.

C) Мәскеу.

D) Ленинград.

E) Севастополь.


84. Мұнайлы мұнай кәсіпшілігі іске кіріскен жыл

А) 1952 ж.

В) 1955 ж.

С) 1950ж.

D) 1946ж.

Е) 1965ж.


85. XX ғасырдың 50-ші жылдары Қазақстанның халықаралық байланысын кеңейткен Шығыс елдері.

A) Жапония, Оңт Корея, Гонконг, Сингапур.

B) КНР, Тайланд, Пәкістан, Гонконг.

C) Филиппин, Малайзия, Бирма, Непал.

D) Үндістан, Индонезия, Бирма, Непал, КНР.

E) Пәкістан, Оңт Корея, Сингапур, Үндістан


86. 1965 жылы экономиканы басқарудағы енгізілген өзгерістер.

A) Одақтық-республикалық министрліктер енгізілді.

B) Халық шаруашылық кеңестері енгізілді.

C) Толық түрде өзін-өзі бақылау.

D) Партия комитеттерін салалық принцип бойынша бөлу енгізілді.

E) Бригадалық мердігерлік.


87. XX ғ. 70-ші жылдары Қазақстанның халықаралық байланысы қандай салада қарқынды дамыды?

A) Техника.

B) Ғылыми.

C) Саяси.

D) Медицина.

E) Мәдени.


88. 1990ж. алғаш рет Қазақстан студенттері оқуларын жалғастырған шет ел:

A) Индия.

B) Оңтүстік Корея.

C) Жапония.

D) Қытай.

E) Түркия.


89. Қазақстанда қос палаталы Парламентке сайлау өткен:

A) 1991 ж. - күзде.

B) 1995ж.-күзде.

C) 1993 ж. - күзде.

D) 1994 ж. -күзде.

E) 1992 ж. -күзде.


90. Халыққа Жолдауында (2030) ел Президенті көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет қандай үш белгіні белгілеп берді?

A) Техникалық жағынан жаңарған өндіріс, еңбек өнімділігінің артуы, саяси пікірдің өралуандылығы.

B) Фермерлік шаруашылық, тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.

C) Өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, еңбек өнімділігінің артуы, әлеуметтік шындық.

D) Ұлттық бірлік, өлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.

E) Фермерлік шаруашылық, емір сүру деңгейінің жоғары болуы, тұрақтылық.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!