СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тема урока "Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок предназначен для 5 классов. Тема урока "Измерение информации" на казахском язке.

Просмотр содержимого документа
«Тема урока "Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері"»

5 сынып Бекітемін оқу-және тәрбие

жөніндегі орынбасары

________________

4 –сабақ 20 жыл

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты: ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

  3. Білімді өзектендіру

  4. Үй тапсырмасын тексеру

§3 бойынша тест тапсырмасы орындалады. Тест алып болған соң дұрыс жауаптар экранға шығарылады. Оқушылар өзара жауаптарын тексереді. Жиі кездесетін қателерді талдайды.

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ түсіндіру барысында, ақпарат екілік жүйеде кодталатынын оқушыларға түсіндіріп өту керек. Кодтау ұстанымын оқулықта көрсетілген қосқыш-ажыратқыш мысалы арқылы түсіндіруге болады. «Ақпараттың өлшем бірліктері» ұғымын енгізгеннен кейін байт түсінігі жүктемесіне тоқтала кету керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, мәтінді ақпараттың 1 символын кодтауда

1 байт элементі енгізіледі. Орта және жоғары буын оқушыларында бүл тақырып нақты дәлелдермен оқытылады. 1 кбайт 1000 байт емес, ол 1024 байтқа тең екенін түсіндіру керек. Оқушылар екілік есептеу жүйесімен биыл жұмыс істемейді. Бірақ материалдың пропедевтикасы (алдын ала үйретемін) осы және басқа сабақтарда қойылады.

VI Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

А - деңгейлік тапсырма әр қадам бойынша жазылған, оқушылардың тапсырманы тармақ бойынша орындауы жеткілікті.


В - деңгейінің тапсырмасы күрделірек. Мұғалім бұл тапсырманы бермес бұрын оқушылардың орындау қабілетін білу үшін тапсырма мәтінімен танысып, өз деңгейлерін анықтап алуына және тапсырманы таңдауға мүмкіндік береді. Соңынан оқушылардың ақпараттық технологияларды меңгеруін, осы және басқа деңгейдегі тапсырмаларды орындау деңгейлеріне назар аударады.

С деңгейлік тапсырмасы өте қабілетті оқушыларға арналған. Олар үшін тапсырма қадамсыз құрастырылған. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушы калькулятор стандартты программасын қосып және осы программада жұмыс істей білуі керек.






А деңгейі


1 . WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін біртіндеп Пуск = Все программы = Стандартные = WordPad батырмаларын басыңдар.

  1. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін Сарs Lock пернесін басуларың керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

  2. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.


В деңгейі

1 . WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск = Все программы = Станд артные =WordPad



  1. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

  2. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
    С деңгейі

«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6-тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?

2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?

4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтіріңдер.

5. Адам ақпаратты қалай өңдейді?

6. Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.

VII Сабақты қорытындылау

Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.

VIII Үй тапсырмасы

§4, тест сұрақтары бойынша өз білімдерін тексеру, сұрақтарға жауап беру.

6-тапсырма жоғары деңгей тапсырмасы. Бұл тапсырма барлық оқушыларға бірдей беріледі, бірақ міндетті түрде орындау талап етілмейді. 4-5-тапсырмалар дәптерге орындалады. Күрделі тапсырманы орындаған оқушы ерекше мадақтауға лайық.


Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

D

А

С

В

С

C

А

В

А

D



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!