СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Темекіні?, ішімдікті?, есірткіні?, СПИД (Ж?ТБ)-ті? денсаулы? ?шін ?ауіптілігі.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Темекіні?, ішімдікті?, есірткіні?, СПИД (Ж?ТБ)-ті? денсаулы? ?шін ?ауіптілігі. Сыныбы: 5 Ма?саты: О?ушыларды ?асыр дерті темекі, есірткі, ара?,  СПИД(Ж?ТБ)-тен са?тандыру, оларды? денсаулы??а  зияндылы?ын т?сіндіру, салауатты ?мір салтын  ?алыптастыру?а насихаттау. Міндеттері: 1.Салауаттылы? ?мір салтына байланысты ішімдік,темекі  шегу, наша?орлы?, Ж?ТБ- А?Т? ауруларыны?  адам?а,?о?ам?а тигізетін кері ?серлерін білдіру.  2. О?ушыларды? дербес ж?мыс істеуін,с?йлеу ?абілетін  дамыту, ?з ойын еркін жеткізуге баулу, ?зара пікірлесу,  ?з ойларын ашы? айта білуге білімдерін дамыту; 3.Жат ?деттерден аула? болу?а, салауаттылы??а  т?рбиелеу. Саба?ты? типі: О?ушыларды? білім-білік да?дыларын ?алыптастыру  ж?не оны ж?йеге келтіру саба?ы Саба?ты ?йымдастыру формасы: Сот саба? ?дісі: Рольдік ойын  П?наралы? байланыс: биология, химия, ???ы?,тарих. К?рнекілігі: мультимедиялы? ?ондыр?ылар, саба??а ?ажет киім ?лгілері. Саба?ты? барысы:  І.?йымдастыру кезе?і. О?ушыларды? саба??а ?атысуын т?гелдеу, о?у ??ралдарыны? ?зірлігін тексеру. Сынып о?ушыларын мынадай р?лдерге б?лу: сот,сот ке?есшілері,?ор?аушы,айыптаушы,ж?бірленушілер,айыптылар,ку?герлер,психолог,милиция,сот хатшысы.  ІІ.Жа?а саба? М??алімні? кіріспе с?зі: О?ушылар, ?ткен саба?ымызда біз темекіні?, ішімдікті?, есірткіні? денсаулы? ?шін ?ауіптілігі жайлы саба? ?ткенбіз. ?зіміз ?мір с?ріп отыр?ан ортада ?мірімізге ?ауіпті наша, темекі, ара? сия?ты зиянды заттар бар екені белгілі. «Денсаулы? - зор байлы?», «Дені сауды? – жаны сау» деп хал?ымыз бекер айтпаса керек. ?кінішке орай, адамзатпен ХХІ-?асыр?а аузын арандай аш?ан ажда?адай с?м ажалды? т?ресі ішімдік, темекі, наша?орлы?, Ж?ТБ ауруы бірге ая? басты. ?аншама бейк?н? адамдар осыларды? ??ры?ына т?сіп, д?ние салып, талай аурулар?а ?шырады. Елбасымыз Н.?.Назарбаев хал?ын осындай келе?сіз істен аула? болсын деп еліне, хал?ына арнап 2030 жыл?ы ба?дарламасыны? бір б?лімін денсаулы??а арна?ан. «Ара? ішпе, темекі тартпа, ауруды? алдын ал, спортпен ш??ылдан»-деген.Елбасыны? жолдауда к?рсеткен ?зекті м?селелеріні? бірі салауатты ?мір с?ру, оны насихаттау м?селесі. Со?ан орай, біз ?ткен саба?ымызда адамзат?а жат ?ылы?тар туралы ма?л?маттар ал?ан болатынбыз. Енді осы ал?ан білімдерімізді тияна?тау ?шін осы саба?ымызды сот ?дерісіне арнаймыз.  2. Сот ?дерісі Ж?ргізуші: Бізді? хал?ымыз ?те е?бек?ор, ке?пейіл, ата-бабасын, ?лкенді сыйла?ан. К?нделікті адал е?бекті? ар?асында к?н к?рген. Егінші егінін еккен, малшы малын ба??ан, етікші етігін тіккен. Ал, ?ста болса, ол да ?з ісімен айналыс?ан. Ауыл адамдары бір-бірімен тату-т?тті ?мір кешкен. Ата-анасы тату бол?ан. Ол кісілерді? он, тіпті одан да к?п балалары бол?ан. Ауыл а?са?алдарын сыйлап, балалар?а ?ам?орлы?пен ?арап, аялап, м?пелеген. Осындай тату-т?тті отыр?ан ауыл?а алыстан Б?лдіргі деген бір саудагер келіпті. Ол ауылды ?а? жарып ?тетін со?па? жол?а т?сіп алып: О, халайы?, халайы?, Мына ыдысты ?арайы? Керемет к?шті ?асиет Бар ыдысты алайы? Ыдыс емес, ол си?ыр,  ?зі?ді баурап алады. Бар тірлікті ?мытып,  Жанды азап?а салады. Ауыл адамдары еште?е т?сінбей, ?лгі ыдыстан ала бастайды. Саудасы ж?рген Б?лдіргі саудагер ?ндетіп ауыл?а жиі келіп т?ратын болыпты. Сол Б?лдіргі саудагерді? келгенінен бастап, ауыл адамдарыны? берекесі кетеді. Тату-т?тті отбасында ?рыс-керіс шы?ып, ?кесі баласын орынсыз ж?бірлейтін болыпты. Малшыны ?й?ы басып, жайып ж?рген малынан айырылады, егіншіні? жаздай еккен егінін жинай алмай р?су? болып ?ар астында ?алады. Міне, осындай ?асыретке тап болыпты, несібелерінен айырылыпты.  Сонда, о?ушылар, б??ан кін?лі Б?лдіргі саудагер оны? сатып ж?рген ыдысыны? ішіндегі ?андай зат, айты?даршы? О?ушылар хормен: ара? Ж?ргізуші: И?, д?рыс айтасы?дар балалар.Б?л ыдысты? ішіндегі ?з?зіл сусын-ара? еді. Осындай жа?дай сол кезден бастап талай баланы?, ананы? к?з-жасы болып там?ан.  О?ушылар, Ара?, Темекі, Есірткі, СПИД адамдар?а опасызды? пен ба?ытсызды? алып келуде, осы?ан ашын?ан халы? оларды ?діл сот?а беріп, ?ылмысты? іс ?оз?ау керек деп арыз т?сірді. ?азір сотты? ж?рісін ты?дайсыздар.  Хатшы: Т?ры?ыздар, сот келеді.  Сот: Отыры?ыздар. Басты сот тал?ылауын ашы? деп жариялаймын.  Сотталушылар: Ара?, Темекі, Есірткі, СПИД бойынша ?ылмысты? ісі ?аралады.  Сот: Хатшы, осы ?ылмысты? іске кімдер келіп отыр?аны? баянда?ыз.  Хатшы: Сот процесіне ?атысушылар:сот ке?есшілері, ж?бірленушілер(?о?ам ішіндегі экология,м?дениет,демография),айыпталушы ?ылмыскерлер 1.Ара?.2.Темекі.3.Есірткі.4.СПИД),айыптаушы(прокурор),?ор?аушы(адвокат) Айыптаушы:- Б?гінгі сот процесінде ?аралатын м?селе ХХ ?асырды? басты кеселдеріні? бірі бол?ан ж?не ХХІ ?асырды? басты індеттеріні? біріне айналып бара жат?ан темекі, ара?, есірткі, СПИД- ВИЧ ауруы. ?ылмыс толы? д?лелденген. Сот алдына айыпталушы ?ылмыскерлерге ?арсы арыз беруші, ж?бір к?руші ?о?амды ша?ырамыз. Сот:- Ж?бір к?руші ?о?ам! Сот алдында?ы айыпталушы ?ылмыскерлерді? Сізге ?арсы іс-?рекеті туралы не айтасыз? ?о?амда?ы экология саласы:- Бізді? ?о?амымызда ішімдік, темекі, есірткі заттар тек денсаулы??а зиян келтіріп ?ана ?оймайды, сонымен ?атар экология?а да кері ?серін тигізуде. ?о?амда?ы демография саласы:- Д?ние ж?зіндегі ?андайда болмасын ?лтты? дамуына, таби?и ?суіне ?ылмыскерлер орнында отыр?ан темекі, ара?, есірткі, Ж?ТБ-А?Т? ж??палы ауруыны? кері ?сері тиюде. ?аншама адамдар б?л ?ылмыскерлермен жа?ын ж?руді? н?тижесінде ?з-?зіне ?ол ж?мсап, екінші бір адамды ?мірінен айыруда. Сот:- ?ор?аушы мен ?ылмыскерлерден ж?бірленуші ?о?амны? олар?а та??ан айыбымен келісе ме, жо? па соны с?райды. ?ор?аушы:- Ж?бірленушіні? мені? ?ор?аушыларыма та??ан айыптарымен толы? келіспейтінімді м?лімдеймін. Себебін толы? т?сіндіру ?шін айыпкерлерді? ?зіне с?з берілуін с?раймын.  Сот: ?азір ?ылмысты? істі баяндаймыз..  Сотталушылар т?ры?ыздар. ?здері?ізді таныстыры?ыздар.  Мені? атым – Ара?, Египетте д?ниеге келдім.  Мені? атым – Темекі, Америкада д?ниеге келдім. Мені? атым – Есірткі, бас?а еште?е де есімде жо?.  Мені? атым- СПИД, Мені Африкада негрлер арасында тара?ан деген болжам бар. Сот: Сотталушылар т?ры?ыздар, на?ты сот ??рамына сенесіздер ме ? Сотталушылар: (Орындарынан т?рып) Сенеміз. Сот: Не ?шін айыпталып отыр?андары?ызды білесіздер ме? Кін?лары?ызды мойындайсыздар ма? Темекі, сіз кін??ізді мойындайсыз ба? Темекі: Жо?, мойындамаймын. Сот: Есірткі, сіз кін??ізді мойындайсыз ба?  Есірткі: Жо?, мойындамаймын. Сот: Ара?, сіз кін??ізді мойындайсыз ба?  Ара?: Жо?, мойындамаймын. Сот: СПИД, сіз ?з кін??ізді мойындайсыз ба? СПИД: Жо? мойындамаймын. Сот: Сонымен, ара?, темекі, есірткі, СПИД мойындамады, осыларды? ?айсысынан бастаса?.Онда бірінші темекіден бастайы?. ?арсы емессіздер ме?  Айыптаушы: Мен келісемін. Сот: Темекі, сіз ?з кін??ізді неге мойындамады?ыз, ?зі?ізді ?ор?ау ?шін ?андай д?лелі?із бар?  Темекі: Мен ?зімді айыптымын деп есептемеймін.Мен де ?ріптесім ара? сия?ты к?птеген адамдар?а ж?мыс берудемін.Мені жарнама жасама?ыздар. Тартпа?ыздар. Сот: С?ра?тары?ыз бар ма?  ?ор?аушы: Темекі, сізді? кесірі?ізден ?йлер, егістік, ормандар ?ртенді дейді, сол шын ба? Темекі: Жо?, б?л ?ртке мені? еш?андай да ?атысым жо?, мені тарт?ан кісі тартып болып, жанымды к?зіме к?рсетіп ая?ымен мыжып, ??м?а к?міп, к?зімді ??ртты. Айыптаушы: Темекі, сізді? ??рамы?ыз?а химиялы? заттар кіреді екен.Никотин деген уы? адам а?засын ?бден б?лдіріпті. Осыны ?алай т?сіндіресіз? Темекі: Адамдар мені? ??рамымды, никотинні? адам?а зиян екенін біле т?ра жола?анына мен де та? ?аламын. Мен ?з т?тініміні? ??рамын ешкімнен жасыр?ан жо?пын. Б?рі?із де білесіздер. Ана: Мені? к?мелетке толма?ан баламды неге к?ніктірді?? Темекі: Ма?ан жолама деп т?рбиелеу ?ажет еді. Сот: Темекі, сізге к?птеген кін?лар та?ылып отыр, алда?ы уа?ытта не ойы?ыз бар? Темекі: Мен ешкімге зиян келтірейін деп б?л ?мірге келгенім жо?. Жоламасын ма?ан. Сот: СПИД, сіз ?з кін??із жайында не айтасыз? СПИД: Мені? ж??палы вирус екенім де, ХХ-ХХІ ?асырларды? басты дерті екенім де рас.Біра? мен ?здігімнен тарамаймын.Мені тарататын-адамдар.Сонды?тан, мен ?зіме та?ыл?ан бір?атар айыптармен келісе алмаймын. Сот: Есірткі, сіз ?з кін??ізді неге мойындамайсыз? Есірткі: Апиынды адамзат ертеден ?азірге дейін адам бойында?ы кейбір дерттерге шипа ретінде ?олдануда.Адамдар жаман ?асиетіме жоламай, тек жа?сы ?асиетімді ?ана пайдалансын. Сот: С?ра?тары?ыз бар ма? ?ор?аушы: Есірткі, сіз ?лгі азамат ?айтыс бол?ан к?ні ?айда болды?ыз? Есірткі: ?айтыс бол?ан адам?а еш?андай да ?атысым жо?, ол адам ?айтыс болатын к?ні бір тиыны да болмай мені сатып ала алмады, берекесі кетіп шыдамай, біреуді? ?алтасына т?сіп еді, ол біліп ?ойып, тепкілеп жат?ан, сол тепкіден кеткен болар. Айыптаушы: Есірткі, сізді? кесірі?ізден адамдар дауасыз дерт, ?асыр індеті СПИД-ті ж??тырды.Осы?ан не дейсіз?  Есірткі: Мені бір шприцпен барлы?ы салады, одан шамды ?шіріп, ойларына келгенін істеді. Адамдар, а?ыл?а келі?іздер дер едім Ку?гер: Мені еліктірді?, ая?ы СПИД ауруын ж??тырдым.Кін??ді мойындап, адамзат?а жолама! Есірткі: Жолама есірткіге деп ана? талай айт?ан шы?ар, кін? ?зі?де. Ку?гер: К?кемні? ажалына мына т?р?ан ?шеуі? де кін?лісі?дер. ?шеуі?ні? кеселдері?нен ?аншама орман ?ртелді, айыптары?ызды мойында?дар. Сот: Есірткі, Сіз осындай адам?а ?ай?ы-?асірет ?келуге не себеп болды? Есірткі: Менде ондай жаман ой бол?ан емес, ?здері кін?лі. Сот: Ара?, сіз айыбы?ызды мойындамады?ыз, ал бізге соны на?ты баянда?ыз. Ара?: Мен еш?андайдай да ?тірік ?оспай а?ымнан жарылайын.Осы адалды?ым ?шін же?ілдік болар деген ?міттемін.??рметті сот м?шелері, ?зіме та?ыл?ан айыппен толы? келіспеймін.Мені? ?о?ам?а пайдалы жа?тарым да бар.Мысалы, мені ?ндіруші «Бахус» ашы? акционерлік ?о?амы ?о?ам м?шелерін, я?ни 1023 адамды ж?мыспен ?амтамасыз етіп отыр.  Аруа? /ку?гер/: Мені? ?ліміме ара? тек сені кін?лаймын. Ара?: ?зі? ?ой, менсіз т?ра алма?ан. Сот: Ара?; сіз адам?а неліктен ?ас болды?ыз? Ара?: ж?зімді ашытып шарап, одан ара? алып, жарнама бересіздер, б?л теріс жарнама.Не істесе?іздер де, ойлап істе?іздер. Сот: Жауап алып болды?, енді сот тал?ылауына к?шеміз.Айып с?рау ретінде мемлекеттік айыптаушы прокурор?а с?з береміз. ?ор?аушы: (орнынан т?рып) Мен осы т?рт айыпкерлерді де адамзат баласына ?астанды?ы ?шін е? ауыр жаза ?олдануды ?тінемін. Темекі тарт?ан 13 жаста?ы бала ?кпе рагінен ?айтыс болды, есірткі адамды жындандырып, СПИД ж??тырды, ара? ?лтіріп тынды.Айт?ан айыптарымны? б?ріне толы? д?лелдер, эксперт ?орытындылары бар. Сот: Ж?бірленушілер, сіздер осы т?рт б?за?ы?а ?андай жаза ?олдануды ?алайсыздар? На?ты фактімен д?лелде?іздер. Інісі: Мен к?кемні? ?лімін осы ушеуінен к?ремін.К?лік ж?ргізуші жол т?ртібін са?тамай тапа-тал т?сте машинамен к?кемді ?а?ып кетті. Ара? ішіп, тартатынын тартып, р?лге отыр?ан. ?ам?оршымнан айрылдым, а?ылшымнан айрылдым . Б?ларды? б?ріне де е? ауыр жаза ?олданылсын. Ана: Балам о?у озаты еді. ?алай осы темекімен достасты, саба? ??пайтын, жарыстар?а ?атыса алмайтын ?лжуаз болып ?алды. Кішкене ж?гірсе ентігіп, ж?телетін.Темекі, жал?ыз баламны? ?мірін ?иды?, балам ?кпе рагіне шалды?ты. Енді жал?ызымнан айрылдым, мен ?шін ?мірді? м?ні де, с?ні ?ал?ан жо?. Ша?ыра?ым ортасына т?сті.  Ку? орманшы: Т?ртеулері?ні? бастары? біріксе, ж?рген жерлері?ді жайпап ж?ресі?дер. Таби?атты? жауысы?дар. ?анша орман, егістік, ?йлерді ?ртеп, адамдарды ба?ытсызды??а ?шыратты?дар. Сот: Аруа?. Сіз соттан ара??а ?андай жаза ?олданса деп ойлайсыз? Аруа?: Мен б?л ?мірден ?ткен пендемін, ?зім туралы айтайын.Ба?ытты едім. Балам, ?йім б?рі-б?рі бар еді.Ж?байым да, мен де ?алыммын. Міне, осындай ба?ытты ?мірімді сырып ?ойып, ?з?зіл ара?ты? жетегінде кеттім. Ішпе деген ешкімді ты?дамадым. Емдетейік деді, ауру емеспін дедім. Жылдар ?тті. Анам б?л ?мірден ?тті. Ж?байым мен балам мені тастап, шетелге ж?мыс істеуге кетті. К?рсін, жал?ызды?ты? ?андай екендігін, сонда а?ыл кіріп, ?ояр ара?ты деген ?ой. Сонымен жал?ыз ?алдым. ?йде ешкім жо?, ара? тіптен басынып, ?йді? бір кілтін с?рап алды. Олар кеткен к?ні ара?ты? бірнешеуі келіп то?ым ?а?ты?. К?нде ара?пен ??ша?тасып, ?йы?тап ж?рдім. А?ша бітті, енді ?йдегі заттарды сату?а к?штім. Бірде ара??а ?атты тойып ?йы?тадым.Сол ?й?ыдан оянбадым. О д?ниеге аттандым. Осы к?рші к?рінбейді ?ой деп к?ршілер милиция ша?ырып есікті б?зып ашып, ма?ан аса бір жиіркенішпен ?арады. Мен ?з ?лімімді ара?тан к?ремін. ??рысын ара?, міне осылайша ?ор болып, ?адірімді кетірдім. Айналайын балаларым, жолама?да

Просмотр содержимого документа
«Темекіні?, ішімдікті?, есірткіні?, СПИД (Ж?ТБ)-ті? денсаулы? ?шін ?ауіптілігі.»

Тақырыбы: Темекінің, ішімдіктің, есірткінің, СПИД (ЖҚТБ)-тің денсаулық үшін қауіптілігі.
Сыныбы: 8

Мақсаты: Оқушыларды ғасыр дерті темекі, есірткі, арақ, 
СПИД(ЖҚТБ)-тен сақтандыру, олардың денсаулыққа 
зияндылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын 
қалыптастыруға насихаттау.

Міндеттері: 1.Салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік,темекі 
шегу, нашақорлық, ЖҚТБ- АҚТҚ ауруларының 
адамға,қоғамға тигізетін кері әсерлерін білдіру. 
2. Оқушылардың дербес жұмыс істеуін,сөйлеу қабілетін 
дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірлесу, 
өз ойларын ашық айта білуге білімдерін дамыту;
3.Жат әдеттерден аулақ болуға, салауаттылыққа 
тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру 
және оны жүйеге келтіру сабағы

Сабақты ұйымдастыру формасы: Сот сабақ

Әдісі: Рольдік ойын 


Пәнаралық байланыс: биология, химия, құқық,тарих.

Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар, сабаққа қажет киім үлгілері.


Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу, оқу құралдарының әзірлігін тексеру. Сынып оқушыларын мынадай рөлдерге бөлу: сот,сот кеңесшілері,қорғаушы,айыптаушы,жәбірленушілер,айыптылар,куәгерлер,психолог,милиция,сот хатшысы. 

ІІ.Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушылар, өткен сабағымызда біз темекінің, ішімдіктің, есірткінің денсаулық үшін қауіптілігі жайлы сабақ өткенбіз. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті наша, темекі, арақ сияқты зиянды заттар бар екені белгілі. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың – жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке орай, адамзатпен ХХІ-ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі ішімдік, темекі, нашақорлық, ЖҚТБ ауруы бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқын осындай келеңсіз істен аулақ болсын деп еліне, халқына арнап 2030 жылғы бағдарламасының бір бөлімін денсаулыққа арнаған. «Арақ ішпе, темекі тартпа, аурудың алдын ал, спортпен шұғылдан»-деген.Елбасының жолдауда көрсеткен өзекті мәселелерінің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Соған орай, біз өткен сабағымызда адамзатқа жат қылықтар туралы мағлұматтар алған болатынбыз. Енді осы алған білімдерімізді тиянақтау үшін осы сабағымызды сот үдерісіне арнаймыз. 

2. Сот үдерісі
Жүргізуші: Біздің халқымыз өте еңбекқор, кеңпейіл, ата-бабасын, үлкенді сыйлаған. Күнделікті адал еңбектің арқасында күн көрген. Егінші егінін еккен, малшы малын баққан, етікші етігін тіккен. Ал, ұста болса, ол да өз ісімен айналысқан. Ауыл адамдары бір-бірімен тату-тәтті өмір кешкен. Ата-анасы тату болған. Ол кісілердің он, тіпті одан да көп балалары болған. Ауыл ақсақалдарын сыйлап, балаларға қамқорлықпен қарап, аялап, мәпелеген. Осындай тату-тәтті отырған ауылға алыстан Бүлдіргі деген бір саудагер келіпті. Ол ауылды қақ жарып өтетін соқпақ жолға түсіп алып:
О, халайық, халайық,
Мына ыдысты қарайық
Керемет күшті қасиет
Бар ыдысты алайық
Ыдыс емес, ол сиқыр, 
Өзіңді баурап алады.
Бар тірлікті ұмытып, 
Жанды азапқа салады.
Ауыл адамдары ештеңе түсінбей, әлгі ыдыстан ала бастайды. Саудасы жүрген Бүлдіргі саудагер әндетіп ауылға жиі келіп тұратын болыпты. Сол Бүлдіргі саудагердің келгенінен бастап, ауыл адамдарының берекесі кетеді. Тату-тәтті отбасында ұрыс-керіс шығып, әкесі баласын орынсыз жәбірлейтін болыпты. Малшыны ұйқы басып, жайып жүрген малынан айырылады, егіншінің жаздай еккен егінін жинай алмай рәсуә болып қар астында қалады. Міне, осындай қасыретке тап болыпты, несібелерінен айырылыпты. 
Сонда, оқушылар, бұған кінәлі Бүлдіргі саудагер оның сатып жүрген ыдысының ішіндегі қандай зат, айтыңдаршы?
Оқушылар хормен: арақ
Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар балалар.Бұл ыдыстың ішіндегі әзәзіл сусын-арақ еді.
Осындай жағдай сол кезден бастап талай баланың, ананың көз-жасы болып тамған. 
Оқушылар, Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД адамдарға опасыздық пен бақытсыздық алып келуде, осыған ашынған халық оларды әділ сотқа беріп, қылмыстық іс қозғау керек деп арыз түсірді. Қазір соттың жүрісін тыңдайсыздар. 
Хатшы: Тұрыңыздар, сот келеді. 
Сот: Отырыңыздар. Басты сот талқылауын ашық деп жариялаймын. 
Сотталушылар: Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД бойынша қылмыстық ісі қаралады. 
Сот: Хатшы, осы қылмыстық іске кімдер келіп отырғаның баяндаңыз. 
Хатшы: Сот процесіне қатысушылар:сот кеңесшілері, жәбірленушілер(қоғам ішіндегі экология,мәдениет,демография),айыпталушы қылмыскерлер 1.Арақ.2.Темекі.3.Есірткі.4.СПИД),айыптаушы(прокурор),қорғаушы(адвокат)
Айыптаушы:- Бүгінгі сот процесінде қаралатын мәселе ХХ ғасырдың басты кеселдерінің бірі болған және ХХІ ғасырдың басты індеттерінің біріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі, СПИД- ВИЧ ауруы.
Қылмыс толық дәлелденген. Сот алдына айыпталушы қылмыскерлерге қарсы арыз беруші, жәбір көруші қоғамды шақырамыз.
Сот:- Жәбір көруші қоғам! Сот алдындағы айыпталушы қылмыскерлердің Сізге қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз?
Қоғамдағы экология саласы:- Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттар тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде.
Қоғамдағы демография саласы:- Дүние жүзіндегі қандайда болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне қылмыскерлер орнында отырған темекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ-АҚТҚ жұқпалы ауруының кері әсері тиюде. Қаншама адамдар бұл қылмыскерлермен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда.
Сот:- Қорғаушы мен қылмыскерлерден жәбірленуші қоғамның оларға таққан айыбымен келісе ме, жоқ па соны сұрайды.
Қорғаушы:- Жәбірленушінің менің қорғаушыларыма таққан айыптарымен толық келіспейтінімді мәлімдеймін. Себебін толық түсіндіру үшін айыпкерлердің өзіне сөз берілуін сұраймын. 
Сот: Қазір қылмыстық істі баяндаймыз.. 
Сотталушылар тұрыңыздар. Өздеріңізді таныстырыңыздар. 
Менің атым – Арақ, Египетте дүниеге келдім. 
Менің атым – Темекі, Америкада дүниеге келдім.
Менің атым – Есірткі, басқа ештеңе де есімде жоқ. 
Менің атым- СПИД, Мені Африкада негрлер арасында тараған деген болжам бар.
Сот: Сотталушылар тұрыңыздар, нақты сот құрамына сенесіздер ме ?
Сотталушылар: (Орындарынан тұрып) Сенеміз.
Сот: Не үшін айыпталып отырғандарыңызды білесіздер ме? Кінәларыңызды мойындайсыздар ма? Темекі, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?
Темекі: Жоқ, мойындамаймын.
Сот: Есірткі, сіз кінәңізді мойындайсыз ба? 
Есірткі: Жоқ, мойындамаймын.
Сот: Арақ, сіз кінәңізді мойындайсыз ба? 
Арақ: Жоқ, мойындамаймын.
Сот: СПИД, сіз өз кінәңізді мойындайсыз ба?
СПИД: Жоқ мойындамаймын.
Сот: Сонымен, арақ, темекі, есірткі, СПИД мойындамады, осылардың қайсысынан бастасақ.Онда бірінші темекіден бастайық. Қарсы емессіздер ме? 
Айыптаушы: Мен келісемін.
Сот: Темекі, сіз өз кінәңізді неге мойындамадыңыз, өзіңізді қорғау үшін қандай дәлеліңіз бар? 
Темекі: Мен өзімді айыптымын деп есептемеймін.Мен де әріптесім арақ сияқты көптеген адамдарға жұмыс берудемін.Мені жарнама жасамаңыздар. Тартпаңыздар.
Сот: Сұрақтарыңыз бар ма? 
Қорғаушы: Темекі, сіздің кесіріңізден үйлер, егістік, ормандар өртенді дейді, сол шын ба?
Темекі: Жоқ, бұл өртке менің ешқандай да қатысым жоқ, мені тартқан кісі тартып болып, жанымды көзіме көрсетіп аяғымен мыжып, құмға көміп, көзімді құртты.
Айыптаушы: Темекі, сіздің құрамыңызға химиялық заттар кіреді екен.Никотин деген уың адам ағзасын әбден бүлдіріпті. Осыны қалай түсіндіресіз?
Темекі: Адамдар менің құрамымды, никотиннің адамға зиян екенін біле тұра жолағанына мен де таң қаламын. Мен өз түтінімінің құрамын ешкімнен жасырған жоқпын. Бәріңіз де білесіздер.
Ана: Менің кәмелетке толмаған баламды неге кәніктірдің?
Темекі: Маған жолама деп тәрбиелеу қажет еді.
Сот: Темекі, сізге көптеген кінәлар тағылып отыр, алдағы уақытта не ойыңыз бар?
Темекі: Мен ешкімге зиян келтірейін деп бұл өмірге келгенім жоқ. Жоламасын маған.
Сот: СПИД, сіз өз кінәңіз жайында не айтасыз?
СПИД: Менің жұқпалы вирус екенім де, ХХ-ХХІ ғасырлардың басты дерті екенім де рас.Бірақ мен өздігімнен тарамаймын.Мені тарататын-адамдар.Сондықтан, мен өзіме тағылған бірқатар айыптармен келісе алмаймын.
Сот: Есірткі, сіз өз кінәңізді неге мойындамайсыз?
Есірткі: Апиынды адамзат ертеден қазірге дейін адам бойындағы кейбір дерттерге шипа ретінде қолдануда.Адамдар жаман қасиетіме жоламай, тек жақсы қасиетімді ғана пайдалансын.
Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?
Қорғаушы: Есірткі, сіз әлгі азамат қайтыс болған күні қайда болдыңыз?
Есірткі: Қайтыс болған адамға ешқандай да қатысым жоқ, ол адам қайтыс болатын күні бір тиыны да болмай мені сатып ала алмады, берекесі кетіп шыдамай, біреудің қалтасына түсіп еді, ол біліп қойып, тепкілеп жатқан, сол тепкіден кеткен болар.
Айыптаушы: Есірткі, сіздің кесіріңізден адамдар дауасыз дерт, ғасыр індеті СПИД-ті жұқтырды.Осыған не дейсіз? 
Есірткі: Мені бір шприцпен барлығы салады, одан шамды өшіріп, ойларына келгенін істеді. Адамдар, ақылға келіңіздер дер едім
Куәгер: Мені еліктірдің, аяғы СПИД ауруын жұқтырдым.Кінәңді мойындап, адамзатқа жолама!
Есірткі: Жолама есірткіге деп анаң талай айтқан шығар, кінә өзіңде.
Куәгер: Көкемнің ажалына мына тұрған үшеуің де кінәлісіңдер. Үшеуіңнің кеселдеріңнен қаншама орман өртелді, айыптарыңызды мойындаңдар.
Сот: Есірткі, Сіз осындай адамға қайғы-қасірет әкелуге не себеп болды?
Есірткі: Менде ондай жаман ой болған емес, өздері кінәлі.
Сот: Арақ, сіз айыбыңызды мойындамадыңыз, ал бізге соны нақты баяндаңыз.
Арақ: Мен ешқандайдай да өтірік қоспай ағымнан жарылайын.Осы адалдығым үшін жеңілдік болар деген үміттемін.Құрметті сот мүшелері, өзіме тағылған айыппен толық келіспеймін.Менің қоғамға пайдалы жақтарым да бар.Мысалы, мені өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамы қоғам мүшелерін, яғни 1023 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 
Аруақ /куәгер/: Менің өліміме арақ тек сені кінәлаймын.
Арақ: Өзің ғой, менсіз тұра алмаған.
Сот: Арақ; сіз адамға неліктен қас болдыңыз?
Арақ: жүзімді ашытып шарап, одан арақ алып, жарнама бересіздер, бұл теріс жарнама.Не істесеңіздер де, ойлап істеңіздер.
Сот: Жауап алып болдық, енді сот талқылауына көшеміз.Айып сұрау ретінде мемлекеттік айыптаушы прокурорға сөз береміз.
Қорғаушы: (орнынан тұрып) Мен осы төрт айыпкерлерді де адамзат баласына қастандығы үшін ең ауыр жаза қолдануды өтінемін. Темекі тартқан 13 жастағы бала өкпе рагінен қайтыс болды, есірткі адамды жындандырып, СПИД жұқтырды, арақ өлтіріп тынды.Айтқан айыптарымның бәріне толық дәлелдер, эксперт қорытындылары бар.
Сот: Жәбірленушілер, сіздер осы төрт бұзақыға қандай жаза қолдануды қалайсыздар? Нақты фактімен дәлелдеңіздер.
Інісі: Мен көкемнің өлімін осы ушеуінен көремін.Көлік жүргізуші жол тәртібін сақтамай тапа-тал түсте машинамен көкемді қағып кетті. Арақ ішіп, тартатынын тартып, рөлге отырған. Қамқоршымнан айрылдым, ақылшымнан айрылдым . Бұлардың бәріне де ең ауыр жаза қолданылсын.
Ана: Балам оқу озаты еді. Қалай осы темекімен достасты, сабақ ұқпайтын, жарыстарға қатыса алмайтын әлжуаз болып қалды. Кішкене жүгірсе ентігіп, жөтелетін.Темекі, жалғыз баламның өмірін қидың, балам өкпе рагіне шалдықты. Енді жалғызымнан айрылдым, мен үшін өмірдің мәні де, сәні қалған жоқ. Шаңырағым ортасына түсті. 
Куә орманшы: Төртеулеріңнің бастарың біріксе, жүрген жерлеріңді жайпап жүресіңдер. Табиғаттың жауысыңдар. Қанша орман, егістік, үйлерді өртеп, адамдарды бақытсыздыққа ұшыраттыңдар.
Сот: Аруақ. Сіз соттан араққа қандай жаза қолданса деп ойлайсыз?
Аруақ: Мен бұл өмірден өткен пендемін, өзім туралы айтайын.Бақытты едім. Балам, үйім бәрі-бәрі бар еді.Жұбайым да, мен де ғалыммын. Міне, осындай бақытты өмірімді сырып қойып, әзәзіл арақтың жетегінде кеттім. Ішпе деген ешкімді тыңдамадым. Емдетейік деді, ауру емеспін дедім. Жылдар өтті. Анам бұл өмірден өтті. Жұбайым мен балам мені тастап, шетелге жұмыс істеуге кетті. Көрсін, жалғыздықтың қандай екендігін, сонда ақыл кіріп, қояр арақты деген ғой. Сонымен жалғыз қалдым. Үйде ешкім жоқ, арақ тіптен басынып, үйдің бір кілтін сұрап алды. Олар кеткен күні арақтың бірнешеуі келіп тоқым қақтық. Күнде арақпен құшақтасып, ұйықтап жүрдім. Ақша бітті, енді үйдегі заттарды сатуға көштім. Бірде араққа қатты тойып ұйықтадым.Сол ұйқыдан оянбадым. О дүниеге аттандым. Осы көрші көрінбейді ғой деп көршілер милиция шақырып есікті бұзып ашып, маған аса бір жиіркенішпен қарады. Мен өз өлімімді арақтан көремін. Құрысын арақ, міне осылайша қор болып, қадірімді кетірдім. Айналайын балаларым, жоламаңдар араққа, араққа, араққа


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!