СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері. 7 сынып.

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Топтық жұмыс:  «Джигсо» әдісі

арқылы  топтарға есептер беріледі

5.32 Табаны ВС болатын тең бүйірлі АВС үшбұрышының периметрі 40 см, ал тең қабырғалы  ВДС үшбұрышының периметрі 45 см. АВ және ВС қабырғаларын табыңдар.

 

5.40.1 АВС үшбұрышында АВ=ВС, ВД – биссектриса. Егер  А төбесіндегі сыртқы бұрышы  -қа тең болса , онда ВСА бұрышын тап.

5.40.2 АВС үшбұрышында АВ=ВС, ВД – биссектриса. Егер АВ =5 см, АД = 2 см болса, онда АВС үшбұрышының периметрін тап.

5.42. Табаны ВС  болатын АВС тең бүйірлі үшбұрышының медианасы АN. Егер АВС  үшбұрышының периметрі 32 см, ал АВN  үшбұрышының периметрі 24 см болса, онда AN –ді тап.

Просмотр содержимого документа
«Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері. 7 сынып.»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2В Үшбұрыштар

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.3.1.23 Теңбүйірлі белгілері мен қасиеттерін қолдану


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тең бүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін ажыратады

Оқушылардың көпшілігі: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда қолданады

Кейбір оқушылар: Күрделі зерттеуге берілген есептерді шығарады


Ойлау деңгейі

Қолдану, талдау


Бағалау критерийлері


  1. Есеп шартына қарай теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін тиімді анықтайды

  2. Есептер шығарғанда қасиеттері мен белгілерін реттілікпен қолданады


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Оқушылар әр үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін ажыратады, тең тең емес екенін, «егер» сөзі арқылы түсіндіреді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: бүйір қабырғалары, табан бұрыштары, биіктік, медиана, биссектриса

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Тең қабырғалы үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш бола ала ма? Неліктен олай ойлайсың?


Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Топқа бөлу кезеңінде қазақ халқының қолөнерін, ою-өрнегін қолдану


Пәнаралық байланыс

География 6-сынып §11 Географиялық координаттар, ендік, бойлық

Технология 6-сынып Ағашты көркемдеп өңдеу. Геометриялық ою


Алдыңғы оқу


7.1.1 Үшбұрыш түрлері, үшбұрыштың биіктігі, медианасы, биссектрисасы


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Ресурстар


Сабақтың басы

10 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу (Тең бүйірлі үшбұрыштар саны нешеу?)

«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту

Өзара бағалау

Оқулық

https://www.google.kz


Сабақтың ортасы

25 мин


Топтық жұмыс: «Джигсо» әдісі

арқылы топтарға есептер беріледі

5.32 Табаны ВС болатын тең бүйірлі АВС үшбұрышының периметрі 40 см, ал тең қабырғалы ВДС үшбұрышының периметрі 45 см. АВ және ВС қабырғаларын табыңдар.


5.40.1 АВС үшбұрышында АВ=ВС, ВД – биссектриса. Егер А төбесіндегі сыртқы бұрышы   -қа тең болса , онда ВСА бұрышын тап.

5.40.2 АВС үшбұрышында АВ=ВС, ВД – биссектриса. Егер АВ =5 см, АД = 2 см болса, онда АВС үшбұрышының периметрін тап.

5.42. Табаны ВС болатын АВС тең бүйірлі үшбұрышының медианасы АN. Егер АВС үшбұрышының периметрі 32 см, ал АВN үшбұрышының периметрі 24 см болса, онда AN –ді тап.

Бағалау парағы арқылы бағаланады.

Жеке жұмыс 1-тапсырма

AC=2AB

P=20

AC, BC, AB - ?

P=35

EF:EM=3:2

EF, EM, MF - ?

KMMN=10

P=26

MK, KN, MN - ?

P=3,4

BC=1,3

AB - ?

Дескриптор

- теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;

- санды өрнек / теңдеу құрады;

- есептеулер орындайды / теңдеуді шешеді;

- есептің жауабын табады.

2-тапсырма

Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы табанынан үш есе үлкен. Периметрі 49 см. Теңбүйірлі үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.

Дескриптор

  • үшбүрыштың периметрі формуласын қолданады;

  • шарт бойынша теңдеу құрады;

  • теңдеуді шешеді;

  • жауабын табады.

3-тапсырма

АВСжәне ∆АРС теңбүйірлі үшбұрыштарының АС ортақ табаны. РВ түзуі оны О нүктесінде қиып өтеді. Дәлелдеңіз:

а) РАВ = РСВ;

b) АО=ОС;

с) .

Дескриптор

  1. теңбүйірлі үшбұрыштың белгісін қолданады;

  2. РАВ = РСВболатындығын дәлелдейді;

  3. АО=ОСболатындығын дәлелдейді;

  4. болатындығын дәлелдейді.

Оқулық

Әдістемелік нұсқаулық



Сабақтың соңы

10 минут


Берілген сөйлемдерден дұрыс тұжырымды анықтаңыз:

Егер үшбұрыш теңқабырғалы болса, онда ...

Ия

Жоқ

а) ол теңбүйірлі;



b) бұрышы 600;



c) медианасы, биіктік және биссектриса болады;



d) биіктіктері үшбұрышты өзара тең үшбұрыштарға бөледі;



f) биссектриссасы қабырғасының жартысына тең болады.



Кері байланыс«Пл юс-минус- қызықты» кері байланыс

+__________________________________________________

(сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты болды)

- __________________________________________________

(оқушыға не түсініксіз болды, қызықсыз болып көрінді)

_________________________________________________

(бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты фактілер туралы
















Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



  1. Топтауда АКТ қолдану;

  2. Үй тапсырмасын бекіту кезеңінде «Сұрақты қағып ал» әдісі;

  3. Әр түрлі типтегі күрделі есептерді шығару үшін «Джигсо» әдісі;

  4. Жеке жұмыс ретінде оқушы деңгейіне қарай тапсырмалар;

  5. Сабақты қорытындылауда дұрыс тұжырым жасау кестесін қолдану;

  6. Бес бармақ әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алу жоспарланды

  1. Өзара бағалау

  2. Бағалау парағы арқылы

  3. Дескриптор арқылы






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!