СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тестовые задания для 11 класса

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный тест позволяет проверить уровень знаний в 11 классе по казахскому языку

Просмотр содержимого документа
«Тестовые задания для 11 класса»

1.Тарихи сөздердің қатарын анықтаңыз.

А) Қызыл отау,отарба.

В) Дулыға, дәрмен.

С)Қызыл әскер, тиын.

Д)Барлаушы, ауыл маңы.

Е)Жоқшылық, жорға.

2. Біріңғай қысаң дауысты дыбыстардан тұрған сөзді табыңыз.

А) Жастық.

В) Жүріс.

С) Қазына.

Д) Жасанды.

Е) Қасен.

3. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.

А) Бат-ыр-бек.

В) Бақ-ыт.

С) Қаз-ір-гі.

Д) Қау-ын.

Е) Құ-рақ.

4. Қос сөзді табыңыз.

А) Қолды болу.

В) Қолы босады.

С) Қолды қолымен.

Д) Қол үзді.

Е) Қолы қысқа.

5. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А) Маған шаңқ етті.

В) Табанынының астындағы қар шықыр-шықыр етеді.

С) Артына жалтақ-жалтақ қарап кете барды.

Д) Екеуі де өзге дыбыс шығармай, олжасын қорқ-қорқ асайды.

Е) Берісе қоймаспын дегендей, ырылдап тұрып айбат шекті.

6. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Әдептілік деген не

В) Тіл- сарқылмас ғылым

С) Бақыт деген немене

Д) Досым, маған көмектесіп жібер

Е) –Е,бәрекелді, жаным

7. «Жүзі ашық» тұрақты тіркесінің баламасын ажыратыңыз.

А) Бітімі жақсы, тұлғалы.

В) Жылы жүзді, жайдары.

С) Жүрегі жылы, қайырымды.

Д) Таразысы тең ақыл иесі.

Е) Жүзі сұлу,келбетті.

8. Түбір сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Нұрлы, ана.

В) Әке, әсемпаз.

С) Өнерпаз, білгіш.

Д) Бала, дос.

Е)Білім, ілім. 1.

9. Зат есіммен тіркесіп, күрделі бастауыш болып тұрған көмекші есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Әдептіліктің алды- абайлап сөйлеу.

В) «Лұқпан хакім мың жыл жасапты»деген сөз ел арасына өте ерте кезден тараған екен.

С) Толғанғанда айтатын нәрселерін толғаушы тысқары ғаламнан алмай, ішкері ғаламнан алады.

Д) Абай дәуірі- саяси-әлеуметтік, мәдени және экономикалық жаңа қатынастар дәуірі.

Е) Басың-ақыл, іші- үміт,

Аяма елден сыйыңды.

10. Қатыстық сын есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жаман достан жақсы қасты айыра біледі.

В) Әкесінің айтқанына көнді.

С) Өнерлі өрге жүзер.

Д) Мұндай ескі әдіспен заман бекінісі алынбайды.

Е) Атой салған қалың топты көріп, көбінесе қаша жөнеледі.

11. Біріңғай толықтауыш қызметіндегі сан есімді анықтаңыз.

А) Қазақ фольклорын зерттеген ориенталист-ғалымдардың ішіндегі екі есім ерекше аталады.

В) Тың жерден кен тауып келгендерге Ушаков бір-бір қой береді.

С) Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды.

Д) Мақта жинау науқанына екінші, үшінші курс студенттері тартылды.

Е) Бесті,жетіні екі рет үшке көбейтіңдер.

12. Дұрыс жазылған есімдігі бар қатарды көрсетіңіз.

А) Кей бір жағдайлар.

В) Еш кімді байқамады.

С) Еш қашан кешікпеді.

Д) Еш қайда бармады.

Е) Әрбір азамат.

13. Бұйрық райдың өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз.

А) Заттануында.

В) Құрамды жұрнақтардың жалғануында.

С) Өнімсіз жұрнақтардың жалғануында.

Д) Түбір күйінде қолдануында.

Е) Ерекше жіктелуінде.

14. Үстеу қатысқан тіркесті табыңыз.

А) Шалқасынан құлады.

В) Ардақтысынан айырылды.

С) Өмірден түйді.

Д) Анасынан білген.

Е) Әкесінен үйренді.

15. Қай сөйлемде «да»бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

А) Омар(да) әлі үн жоқ.

В) Кенесарының дала(да)отырғанына едәуір мезгіл өткен.

С) Балабектің қуанышын(да) шек болған жоқ.

Е) Ағаштың түбіне сүйеп қойдым(да), үйге кірдім.

16. Меңгеріле байланысқан есімді сқз тіркесін табыңыз.

А) Мәдени мұра.

В) Қайырымды бол.

С) Кішіге үлгі. 2.

Д)Үлкенді сыйлау.

Е) Ел құрметі.

17. Зат есімнен болған мекен пысықтауышты анықтаңыз.

А) Саябақта, су жағасында, көшеде көп кездестік.

В) Болыс қарамағынан қоныс алған жұрт қатігез аға сұлтаннан зар жылады.

С) Сол күні Ақбілек көп қасқырмен соғысты.

Д) Күздігүні бір тайпа ел екі бөлініп көшіпті.

Е) Қазынам толы болса, халқыма бөліп бермеймін бе?

18. Атаулы сөйлемді белгілеңіз.

А) Шаңқай түсте шаршап әрең келдік.

В) –Жаңбыр басылды ма?

С) Таспен ұрғанды аспен ұр.

Д) Дала. Егін даласы.

Е) Ойын-той басталды.

19. Қыстырма сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А) Па, шіркін! Дауысы дауыс-ақ екен!

В) Тыңда, дала, Жамбылды!

С) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.

Д) Мә, мынаны қарай тұр.

Е) Мінезі де, түрі де-бәрі өзім.

20. Қатыстық сын есімді антонимді белгілеңіз.

А) Өмірдегі адамдықты,адалдықтытеріп ал,

Қалғандарын құлан жортпас құла дүзге лақтыр.

В) Інім айтса бас изедім,ағам айтса қош көрдім.

Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім,қош көрдім.

С) Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,

Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.

Д) Адалсың ба, қолыңды бер, сенен тәлім алайын,

Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан,ағайын.

Е) Қайғылы, қуанышты қайран күндер,

Қалай да мен сендерді ұмытпаспын!

21. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол бүгін алдында анталап тұрған ағайынның көңілін босатпай бекіте сөйледі.

В) Жас кезімде сезімтал,өнерпаз, жақсы деген жігіттерім мен қыздарым қазір мүлде өзгерді.

С) Құлазыған жазық далада аппақ қардан өзге ештеме көрінбейді.

Д) Тұнық, мөлдір суда балықтар ойнап жүр.

Е)Отансыз бақыт жоқ, әркімнің де тамыр жаяр топырағы- туған жері.

22. Салалас құрмалас сөйлем болмайтын өатарды табыңыз.

А) Музыка- жүрек тілі, ол- сезімдер мен көңіл –күй әлемі.

В) Музыканы халық тудырады, суреткерлер оны тек музыкалық аспаптармен орындауға бейімдейді.

С) Біздің халық суат басын былғамай, бастауларын аршып, құдықтарын тазалап, үйлерінің маңын таза ұстайтын.

Д) Ән-халық үні,жыр- оның шындығы, оның ойы мен сезімі.

Е) Халқымыз әнді өмір айнасы деп бекер айтпайды, ән-халықтың рухани байлығы.



3.

23. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасқан түрін табыңыз.

А) «Өркенің өссін, қарағым»,-деді әкем.

В) Тіл жөнінде Ғ.Мұстафин: «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы- ой»,-дейді.

С) «Менің ойлайтыным- бәрінен бұрын өз жұмысымның жайы,-деп жазды Хемингуэй, -содан соң жанұямның қамы ».

Д) Ол Сүйіндікке қарап: «Тоқтат,аналарыңды!»-деп ақырып қалды.

Е) Ілияс өнер құдіретін пір тұтып, былай деді: «Күй, сені жақсы көркем жаным сүйіп».

24. Үтір қойылмайтын орынды анықтаңыз.

А) Одағай сөздерге.

В) Сөйлемді ықшамдап қолданғанда.

С) Қыстырма сөздерден кейін.

Д) Бірыңғай мүшелердің арасында.

Е) Қаратпа сөздерге.

25. «Шешен сөз» ұғымын термин ретінде тұңғыш қолданып, ғылым ретінде зерттеген ғалым мен

Е) еңбегін белгілеңіз.

А) С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті».

В)А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш».

С)Ә. Бөкейханов «Би һәм биләк ».

Д) М. Әуезов «Әдебиет тарихы».

Е) Шәкәрім «Би һәм билік туралы».




























4.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!