СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тиімді оқыту әдістемелерінің өзектілігі - тәжірибеде

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңда білім беру мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды, білім берудің жаңаша үлгісі қалыптасты.Білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың  тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы  тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу  жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу,жеке, жұппен,топта жұмыс  жасай білу,оны  тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді әдіс-тәсілдерді( бірлескен оқу, моделдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары)  қолдану. Жаңартылған білім мазмұнын игеруде жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, көркемдік талғамын арттыруда, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ізгі  мінез-құлық, биік адамгершілік ұлттық қасиеттерін , білімді, сауатты, өз ойын  еркін  әрі  шебер жеткізе білетін ,сыни тұрғыдан ойлай алатын , мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда  қазақ тілі  мен әдебиеті  пәнінің  атқаратын міндеті мол,орны ерекше.           

Просмотр содержимого документа
«Тиімді оқыту әдістемелерінің өзектілігі - тәжірибеде»

Тиімді оқыту әдістемелерінің өзектілігі - тәжірибеде


Қазіргі таңда білім беру мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды, білім берудің жаңаша үлгісі қалыптасты.Білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу,жеке, жұппен,топта жұмыс жасай білу,оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді әдіс-тәсілдерді( бірлескен оқу, моделдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану. Жаңартылған білім мазмұнын игеруде жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, көркемдік талғамын арттыруда, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ізгі мінез-құлық, биік адамгершілік ұлттық қасиеттерін , білімді, сауатты, өз ойын еркін әрі шебер жеткізе білетін ,сыни тұрғыдан ойлай алатын , мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің атқаратын міндеті мол,орны ерекше.

Бүгінгі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, жаңа технологиядарды меңгеру.Жаңартылған білім мазмұны аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушының тұлғасын қалай қалыптастырам? Неге үйретуім керек? Қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануым керек?деген сұрақтар туындайды. Сұрақтардың шешімін сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерінен табуға болады.Сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың кез келген бөлімінде (қызығушылық ояту,мағынаны ашу, ой толғаныс) қолдана беруге болады.

Қызығушылықты ояту барысында оқушы бұрынғы білетініне жаңа білімді ұштастыра алады. Үйренуші жаңа ұғымдарды тұсініктерді ,бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады. Мәселе жайы оқушы не білетінін анықтаудан басталады. Осы кезеңде тиімді «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «INSERT» әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.

Мағынаны ашу барысында - оқушылар «INSERT», «РАФТ», «ПОПС формуласы», «Синквейн»т.б әдістерді пайдаланады. «РАФТ», «ПОПС формуласы», «Фишбоун» ( Балық қаңқасы) «Ротация» әдістерін пайдаланған кезде балалар өз ойын білдіреді, дәлелдейді.

Ой толғаныс кезеңінде өзіне, басқаға сын көзбен қарауға, баға беруге үйренеді.Өз ойларын, пікірлерін айта алады. Оқушылар бір-бірімен ой алмастырады. Осы кезеңде тиімді «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі»сияқты стратегиялар сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай қолданылады.

Ж.Аймауытовтың «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытатын нәрседе бір жаңашылдық болу керек » деген сөзінде үлкен мән жатыр. Әрбір оқушы сабаққа келгенде, жаңа білім алып шығумен қатар , өзінің белгісіз қырларын танытуы тиіс. Сонда ғана сабақ мақсатына жетеді.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында келесі белсенді әдістерді қолдануға болады.

  1. «Сөздіктің көмегімен сөздік қорды байыту»

Сөз

Сіздің ойыңызша, оның мағынасы қандай?

Сөздіктегі анықтамасы

Сөзді пайдалана отырып,құрылған сөйлем






  1. «Сөзді тап» - оқушы бір сөзді алып, сосын сөздің өзін атамастан, ол туралы басқа сөздерді айтады.Топтағы қалған оқушылар неғұрлым жылдамырақ сол сөзді табулары тиіс.

  2. «Джиксо карточкалары» - оқушылар сөздерді анықтамаларымен қосады.

  3. «Лоторея барабаны» - оқушы сөзді суырып алып шығады да, ол туралы не білетінін айтады.

  4. «Сөзді бейнеле» - Қатысушылар жәшіктен сөзді алып шығады да, 30 секунд бойы топтың басқса мүшелері үшін оның суретін бейнелейді.

  5. «Сөздік бинго» - мұнда мұғалім анықтаманы оқиды, ал оқушылар өз карточкаларынан сол анықтаманы білдіретін сөзді белгілейді.

Өтілетін тақырыпты болжауда «Сурет галлереясына саяхат», «Әуен тыңдау » әдістері тиімді.

Жаңа тақырыпты меңгертуде келесі әдістерді жүйелі қолдануға болады.

«Ойлан, жұптас, бөліс», «ДЖИГСО» әдістері оқушыларға ойларын жинақтауға, жұпта бөлісуге , топқа шығып сөйлеуге көмектеседі.

«Фишбоун» - балық қаңқасының басына тақырыпты, денесіне кілтті ақпаратты, құйрығына қорытындыны, идеяны жаздыруға болады. Бұл әдісті топтық тапсырмаларды орындату үшін қолданған дұрыс.

«Артығын алып таста» әдісін қолданғанда , оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын көрсетеді. Қай сөз немесе сурет тақырыпқа қатысты емес екенін анықтайды.


Аласа

Пәкене

Кіші

Пәс

Бағалы

Қымбат

Құнды

Маржан

Көп

Үлкен

Мол

қыруар

Қатігез

Қас

Жау

дұшпан

Синонимдік қатарға кірмейтін сөзді алып тастайды.

«Ыстық орындық» әдісінде 1 минут ішінде оқушылар қойған сұрақтарға жауап береді. Қате жауап берсе, күйіп кетеді.

РАФТ әдісінің тапсырмалары оқушылардың өз пікірлерін ашып көрсетулеріне ,зерттеп отырған ақпарат мазмұнына қатысты өз идеяларын айқындауларына жағдай жасайды.Оқушы қандай да бір нысанды алып, сол рөлге еніп,өз ойын жазады.

Р (рөл) - оқушы

А (аудитория)-Махамбет

Ф (форма) - Хат

Т(тақырып)- Ризашылық

Түртіп алу(Инсерт) - оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегияларының бірі.Оқығанын түсінуге ,ойын білдіруге, өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Бұл стратегия бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – «білемін», - -«мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа ақпарат», ?- «мені таң қалдырады»белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

V білемін

- білмеймін, мен үшін түсініксіз

+ мен ұшін жаңалық,жаңа ақпарат

? мені таң қалдырды

7- сыныпта «Қыз Жібек» жырына жасалған «Түртіп алу» кестесінің үлгісі


V

-

+

?

Білемін

Білгенім

Мен үшін жаңалық

Таң қалдырды

«Қыз Жібек» жыры - ХVII ғасырдағы лиро-эпостық жыр. Қыз Жібек пен Төлегеннің қосылмағанын, бұл жырдың ең көркем жырлардың бірі екендігін

Бұл жырдың Батыс Қазақстандағы Жайық өзенінің бойында болғандығы.1934жылы «Қыз Жібек» операсы жазылып, 1970 жылы режиссер С. Қожықовтың «Қыз Жібек»фильмін түсіруі

2007 жылы Юнеско «Қыз Жібек»жырының 1508жылы жазылғаны жайлы ғалымдардың дәлелін қабыл алып, аталған жырдың 500 жылдығын атап өтугешешім шығарғандығы

«Қыз Жібек»жырында Жібектің бейнесін суреттейтін 16 көріністің орын алуы. Қазақ қызының бейнесінің соншалықты кең ауқымды, әсерлі суреттелуі.Жібек бейнесі мені таң қалдырды.


«БББ кестесі»стратегиясы – БББ (білемін,білдім, білгім келеді ) деген сөздерден алынған. Оқушы әр бөлікті , мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтырып отырады.Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға , сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді.

«Екі жақты түсініктеме күнделігі». Бұл әдісті қолданудағы мақсат – оқушыға тақырыпты меңгертіп, мәтіннің әсер еткен тұсы мен өз пікірін жаза білуге баулу.

Мәтіннің қатты әсер еткен тұсы

Менің пікірім


Нені еске түсіреді?

Себеп-салдары қандай?

Қандай сұрағың бар?



«Венн диаграммасы» стратегиясының мақсаты - салыстыру,пайымдау,айырмашылық пен ұқсастықты табу.Бір-біріне айқасқан екі шеңбердің екі жағындағы шеңберлеріне салыстырылған екі заттың өзіңдік ерекшелігі жазылады да, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады.







Өмірбаяндық график. Әдебиет сабағында ақын-жазушылардың өмір жолын меңгертуде оқушылардың өздеріне «Өмірбаяндық график» жасатсақ, оқушылардың есінде ол жылдар ұзақ сақталады және жылдарды ретімен қою арқылы ол қаламгердің өмір жолы туралы білімін жүйелейді. М.Әуезовтің өмір жолына «Өмірбаяндық график» түзу үшін 1897-1961 жылдар көрсетіледі.Оқушы графикке жылдарды жазып қоймай,әр жылға түсініктеме беріп өтуі тиіс.



1897 жылы 28қыркүйекте М.О.Әуезов Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келді.

1908-1913 жылдары Семейдегі орыс гимназиясында, кейін мұғалімдер даярлайтын семинарияны бітіреді.

1923 жылы Ленинград университетінің филолгия факультетіне түседі.

1930 жылы Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге тұтқындалады.

1945 жылы Қазақ КССР ҒА-ның мүшесі болды.

1949жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1959жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.

1961жылы қайтыс болды.

Кейіпкерлер сөйлейді.Қазақ әдебиеті сабақтарында көркем шығарманың мазмұнын,құрылымын, кейіпкерлер іс-әрекетін талдау үшін бұл әдістің тиімділігі зор. Бұл жұмыс Кім?Қайда?Қашан? деген сұрақтар аясында жүргізіледі. С.Мұратбековтың «Жусан иісі»шығармасы бойынша

  1. «Желкең қиылғыр-ай! Соғыс аздай , бұл атысып ойнау дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын азба,ей! »(Кім айтты?Көшеде ары-бері өтіпжатқан кемпір-шалдар. Қашан айтты? Балалар көшеде атыспақ ойнап жүргенде. Қайда айтты?Ойын даласында)

  2. «Аянның әжесі өліп қалыпты»Кім айтты?Балалар.Қайда айтты?Дөң басында сырғанақ теуіп жүріп. Қашан айтты? Аянның әжесі қайтыс болғанын ести сала)

Қалыптастырушы бағалауды «Кофе таяқшалары», «Қар кесегі», «Конверт-сұрақ», «Қара жәшік», «Алтын сандық» әдістерін қолданып ұйымдастырған тиімдірек болады.

Рефлексияда жиі қолданылатын әдістер : «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бес саусақ әдісі», «Аяқталмаған сөйлем», «Мұғалімге жеделхат» т.б

Мектепте бұрынғыдай мұғалім 45 минут бойы сөйлеп,дайын білімді бермейді, оқушыларды өз бетімен ізденуге ,шешім қабылдауға , ойын айтуға үйретеді.

Оқытудың тиімді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке итермелейтін әдістер.Оқытудың тиімді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқушыларға білім беріп қана қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің , шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.

Қытай философының «Маған жай айтсаң –ұмытамын, көрсетсең – есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң - үйренемін» деген даналығын басшылыққа аламыз.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!