СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Тиімді презентациялау әдістері. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысы»

Категория: Экономика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Тиімді презентациялау әдістері. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысы»»

Сабақтың тақырыбы: «Тиімді презентациялау әдістері. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысы»

Сабақтың тақырыбы: «Тиімді презентациялау әдістері. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысы»

Жоспары: 1. Презентацияның құрылымы мен әдістері; 2. Көпшілік алдында сөйлеудің негізгі дағдылары;

Жоспары:

1. Презентацияның құрылымы мен әдістері;

2. Көпшілік алдында сөйлеудің негізгі дағдылары;

1 сұрақ . Презентацияны дайындау кезінде мыналарды есте ұстау қажет:

  • Презентацияңыздың мақсаты – сіздің жобаңызды инвестордың қаржыландыру;
  • Инвестордың жобаңыз жайындағы пікірін өзгертуіңіз керек (егер ол осы күнге дейін жобаңызды тиімсіз деп ойласа, оның пікірінің дұрыс еместігіне көзін жеткізуіңіз қажет);
  • Инвесторыңыз жайлы толық мағлұмат болуы керек (жынысы, жасы, білімі, дүние танымы, жобаңызға деген көзқарасы және т.б.).
  • Жобаны қорғау барысында қатысушылар өз жобасының толық презентациясын жасауы қажет. Төмендегі бөлімдерден тұрады:

1) «Басталуы» бірінші блогы

Бұл бөлімге компанияңыздың атауы, аты-жөніңіз бен лауазымыңыз, пошталық мекен-жайы, электрондық поштаның мекен-жайы мен телефон нөміріңіз және жобаңыздың тақырыбы енеді. Алғашқы сәттен бастап-ақ инвесторға жағымды әсер қалдыруға тырысыңыз, өйткені екінші рет мұндай мүмкіндік болмайды! Ол үшін аудиторияға инвестордың назарын аударатын сұрақ қоя аласыз.

2) «Проблема және оның шешімі» екінші блогы

  • Бұл бөлімде қазіргі таңда кездесетін мәселені ашуға тырысыңыз. Нақты проблеманы ашып көрсетіңіз. Егер барлығын өз қалпында қалдырса, ол қандай қауіп төндіруі мүмкін? Сіздің нақты қандай мәселені шешкіңіз келеді? Көпшіліктің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыра аласыз? Инвесторлар өніміңіздің адамдарға көмектесе алатынына сенуі керек. Сіздің жоқ мәселені ойдан шығармай, нақты бар проблеманың шешімін ұсынуыңыз керектігін естен шығармағаныңыз жөн.

3) «Проблеманың мәні» үшінші блогы

  • Өзіңіздің басты мақсатыңызды, туындаған қажеттіліктерді қалай қанағаттандыратыныңызды егжей-тегжейлі түсіндіріңіз. Инвесторлар сіздің не сататыныңызды және оның қалай жұмыс істейтінін анық түсінулері тиіс, алайда мәселенің техникалық қырсырына қатты беріліп кетпеңіз. Тек түпкі мән-жайын ғана айтыңыз.

4) «Процес технологиясы» төртінші блогы

  • Жұмыстың қалай ұйымдастырылғаны, наныңыздың құрамын ерекшелейтін құпиясы туралы айтып беріңіз. Мәтіннің аз, фотосуреттер, диаграммалар, сызбалар мен кестелердің көбірек болғаны дұрыс. Инвесторды идеяңызды техникалық жағынан іске асыра алатындыңызға бір слайдпен ғана сендіруіңіз керек.

5) «Бизнес-модель» бесінші блогы

  • Қалай өмір сүретініңізді айтып беріңіз: сізге кім төлейді, өніміңізді кім таратады, алатын табысыңыз туралы.

6) «Сатып алушыларға қатысты жоспар» алтыншы блогы

  • Тұтынушыларды қалай табатыныңыз жайлы, маркетингтік саясатыңыз туралы айтып беріңіз. Стратегияңыздың тиімді және сенімді екендігіне, сонымен қатар кедергі туындаған кезде жоспарыңыздан бас тартпайтыныңызға инвесторды сендіре біліңіз.

7) «Бәсекелестер» жетінші блогы

  • Негізгі қатысушылар, қазіргі таңдағы олардың алатын орны сияқты нарықтағы жағдай туралы толық баяндаңыз. Осы жерде жобаңызды барынша асыра сипаттағаныңыз жөн, алайда ешкімді де кемсітіп көрсетпеңіз: әлеуетті инвесторлар бәсекелестеріңіздің кемшін тұстарын емес, сіздің жұмысыңыздың қаншалықты жақсы екендігін білгісі келеді.

8) «Команда» сегізінші блогы

  • Командаңыздың басты тұлғалары: басқарушы, наубайшылар, сатушы-кассирлер туралы баяндап беріңіз. Егер инвесторларыңыз болса, олар туралы да айтуды ұмытпаңыз. Барлығын тізбелеп айтудың қажеті жоқ, ең басты адамдарды және олардың осы жобада жасап жатқан қызметтері туралы айтсаңыз жеткілікті. Ең мықты аргумент – олардың тәжірибесі. Егер олардың аты-жөндерін көпшілік білмесе, қамығудың қажеті шамалы: егер сіз Facebook немесе YouTube арналарының негізін қалаушылардың бірі болсаңыз, онда қаржыландыру көздерін іздеудің де керегі болмас еді. Бұл кезеңдегі мақсатыңыз – өзіңіз қызмет ететін нарық саласын игеру үшін тәжірибеңіз бен біліміңіздің жететінін көрсету. Әркімнің-ақ осал тұстары болады - мінсіз стартаптар болмайды, ең бастысы кемшіліктеріңізді көріп, оларды барынша дұрыстау болып табылады.

9 ) «Қаржы» тоғызыншы блогы

  • Алдағы үш-бес жылға арналған жоспарыңызбен бөлісіңіз, әлеуетті табысты ғана емес, сонымен бірге сату коэффициенті немесе жарнаманың тиімділік көрсеткіші сияқты маңызды ақпарат туралы баяндаңыз. Сатудың ұзақ мерзімді циклдары мен маусымдық факторлар туралы айту- ды да естен шығармаңыз. Инвесторлар болжамдарыңызға негіз болған факторларды түсінулері керек, бұл сандар өте маңызды ақпарат.

10) «Алғашқы қадамдар» оныншы блогы

  • Бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстарыңыз бен жобаңызды қалай жүзеге асыратындығыңыз туралы, алғашқы жасаған қадамдарыңыз жайлы айтып беріңіз. Кез келген бизнесті дамыту үшін мынадай сұрақтар жиі қойылады: «Біз қазір қай жердеміз?»,
  • «Біздің қайда болғымыз келеді?», «Оған қалай жетеміз?». Инвестордан алатын ақшаны қалай жұмсайтыныңызды түсіндіріңіз. Жағымды динамиканы толық суреттеңіз. Кедергілер мен проблемаларды қалай шешетініңізді көрсетіңіз. Жобаңыздың келесі түйінді кезеңіне қол жеткізу үшін қанша ақша керек екенін нақты айтыңыз. «Жалпы жобаға» емес, нақты келесі кезеңге қажет соманы көрсетіңіз және бұл кезеңнің нақты мақсаттарын айқын түсінуіңіз керек. Егер сізде қажетті түсінік болмаса, ешкім инвестиция бермейді. Сіз «ақша сұрамайсыз», сіз инвестициялық мүмкіндікті іздеп жүргендерге оны ұсынасыз. Сондықтан қанша ақша керектігін, бұл ақшаның жобаңызды қай деңгейге жеткізетіндігін (мысалы, «прототип құру»,
  • «сата бастау» және т.б.), сонымен бірге осы ақшаның орнына инвесторға не бе- ретіндігіңізді нақты тұжырымдаңыз. Жалтару сөздеріңіз («бұл жөнінде жеке айтамын», «мен бұл туралы көпшілікке жария еткім келмейді») бизнестегі шеберлігіңізді көрсетпейді, олар сіздің нені және не үшін сұрап жатқаныңызды түсінбейтіндігіңізді айқындайды.

11) «Байланыс деректері» он бірінші блогы

  • Болашақ инвесторыңыз презентацияңыздан кейін сұрақ-жауап сессиясы барысында сізбен сөз таластырғысы келмейтін шығар. Инвесторыңыз дәл сол сәтте сізден ештеңе де сұрамауы мүмкін, ол аудиторияда өте қатты және кейде әділетсіз «қыспаққа» алынған жағдайыңызда сізді жай ғана бақылап отырады. Бұл инвесторға өзіңізбен кейін ыңғайлы уақытта және қолайлы жерде тілдесуге мүмкіндік беріңіз, соңғы слайдта аты-жөніңіз, телефоныңыз, e-mail, Skype, әлеуметтік желідегі аккаунт, WhatsApp немесе Telegram сияқты ірі әріптермен және анық жазылған байланыс деректеріңіз болсын. Көпшілікке барлығын қарап алуға, жазып алуға және суретке түсіріп алуға уақыт пен мүмкіндік беріңіз, слайдты жаппаңыз, проектор мен экран арасында тұрып алмаңыз. Өзіңізге дұрыс email мекенжайын ашып алыңыз, ал [email protected] немесе [email protected] секілділер керемет презентациядан алған әсерді бүлдіруі мүмкін.

12) «Ұсыныстар» он екінші блогы

  • Сіздің презентация кезіндегі міндетіңіз жобаңызға назар аударту және қызығушылықты қалыптастыра бастау. Егер бұл міндетті ойдағыдай орындасаңыз, кейінірек инвесторлармен жоба жайында толығырақ сөйлесуге мүмкіндігіңіз болады. Егер қандай да бір ойыңыз бір слайдқа сыймай қалса, екі жолыңыз бар: оны қысқарту немесе бір слайдтың орнына екі слайд жасау.

Бұл ретте барлығын белгіленген уақытта түсіндіріп үлгеруіңіз керек. Сондықтан слайд жасаған соң тай- мермен презентацияға алдын ала дауыстап дайындалыңыз. Егер регламентке сай үлгермейтін болсаңыз, онда қандай слайдтарды соңына ауыстыруға болатынын ойланыңыз («Байланыс деректері» деген соңғы слайдтан кейінгі және қажет болған жағдайда ғана қолданылатын қосалқы слайдтар). Осы операциядан кейін презентацияның қисынды әрі түсінікті болғанына көз жеткізу үшін тағы бір рет дайындық жасап алыңыз. Егер слайдтарыңызда бос нәрсенің жазылғанына және өз жобаңызды жақсылап таныстыра ала- тындығыңызға сенімді болсаңыз, бұл – сіздің құқығыңыз, алайда ережелерді бұзу үшін оларды біліп, түсіну керектігі есіңізде болсын.

2 сұрақ.

Әрбір кәсіпкерге өз қызметінде ерте ме, кеш пе аудиторияның алдында сөйлеуге тура келеді. Бұл өз өнімінің, көрсетілетін қызметінің немесе қандай да бір идеяның презентациясы болуы мүмкін. Осыған сәйкес кәсіпкер әрқашан да көпшіліктің алдында сөйлеуге дайын болуы тиіс, өйткені бұл өзіңіз және өніміңіз туралы мәлімдеуге таптырмас мүмкіндік. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары танымал болуға, сізге және сіздің идеяңызға сенетін адамдарды тартуға көмектеседі. Егер кәсіпкердің бойында бұл дағдылар болмаса, ол қобалжып, уайымдап, жүйелі сөйлей алмайды.

Аудиторияның алдында ойдағыдай сөйлеуі үшін қажетті негізгі дағдылар:

1) Сөйлеу кезіндегі сезімталдығы мен қағылездігі. Тарихтан эмоциялары немесе қағылездігі арқасында әлемге әйгілі болған көптеген шешендер туралы білеміз. Бұл жерде сезімталдық қана емес, ал сонымен қатар:

  • аудиторияны бақылауда ұстауыңыз;
  • ым-ишарат тілін меңгергендігіңіз;
  • аудиториядағы қозғалысыңыз;
  • дауыс ырғағыңыз;
  • бетіңіздің мимикасы маңызды болып табылады.

2 ) Сөйлеу мәнері мен дауыстың қаттылығы. Тыңдаушылардың басқалардың сөйлеу мәнері мен дауыс қаттылығын қабылдауы әртүрлі болады. Сондықтан егер шешен адам ақырын сөйлесе, ал аудиториядағы адамдар қатты сөйлеуге үйренген болса, онда оған қаттырақ сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеу мәнері мен сөз қарқыны туралы да осыны айтуға болады: тез сөйлейтін адамдар сәйкесінше тез ойланады, тамақты тез жейді, шешімді жылдам қабылдайды. Олар үшін жай сөйлеу қиындау болып табылады

3) Дене тұрқы. Кез келген шешенді «Қолымды қайда қоямын?» және «Қалай дұрыс тұру керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайды. Аудиторияны тыңдаған кезде қолыңызды қатты түсірмеу керек, сөйлегенде қимыл- ишаратпен сөзіңізді жеткізу өте маңызды.

4) Паразит сөздер. Бұл ешқандай мағынасы жоқ сөздер, егер оларды мүлдем қолданбайтын болсаңыз, сөйлеу мәнеріңіз жақсарады әрі тазарады. Бұл сөздерге: «е-е-е-е», «м-м-м», «не ғой», «былай ғой», «негізі», «жаңағы»,«қысқасы», «яғни» және т.б. жатады.

5) Ойлау икемділігі. Қиын жағдайлар туындағанда, аудитория тарапынан қитұрқы сұрақтар қойылғанда және мінезі қиын тыңдаушылар болған кездегі келеңсіздіктерден шешен адамның ойлау икемділігіне байланысты оңай құтылуға болады.

6) Сөздік қор. Кейде шешен адамда жоғарыда көрсетілген қасиеттердің барлығы болса да, сөздік қорының болмауы немесе оның тым жұтаңдығы оны ыңғайсыз жағдайда қал- дыруы мүмкін.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!