СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Т?рт т?лік мал жайында?ы ?ле?-жырлар

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы   3

Т?рт т?лік мал жайында?ы ?ле?-жырлар.

 

Ма?саты

Т?рт т?лікті? т?лдері ??лын, бота?ан, ?оша?ан, б?зау?ан ?ле?дері туралы т?сінік алады, шапша? м?нерлеп о?у?а да?дыланады, тілін с?здік ?орларын дамытады

Жалпы ма?сат

  •  

К?тілетін н?тиже

О?ушыларды шы?армашылы? ?абілеттерін жетілдіру ж?не оларды? шы?армаменж?мыс істей білу да?дыларын одан ?рі дамыта білді;

7 модульді? ?олданылуы

АКТ”, “О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер”, “О?ыту ?шін  ба?алау ж?не о?уды  ба?алау”, “Сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету”,  “О?ытуды бас?ару ж?не к?шбасшылы?”.

 

?олданылатын ?діс-т?сілдер

Кім жылдам, Кім ал?ыр, Ойлан бірік. б?ліс,Дебат,

?олданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, та?та, стикерлер, ноутбук

?йымдастыру кезе?і

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг

Барлы? о?ушыны орта?а шы?арып ше?бер ??р?ызамын.

  С?лемдесемін. Сыныпта?ы о?ушыларды? келген-келмегендерін т?гелдеймін.

Топ?а б?лдіремін.

?алай отыратынды?тарын т?сіндіремін.

Алтын ереже ??руды? жолдарын айтып т?сіндіремін.

М??аліммен с?лемдеседі.

Ше?бер жасап бір-біріне жылы с?здер айтты.

Сыныпты? топ басшысы жо?тарды айтады.

Т?рлі т?сті ?а?аздарды алып сол бойынша топ ??рып орындарына отырады.

Саба??а кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шы?ады. Оны та?та?а шы?ып А1 форматта?ы ?а?аз?а жазады.

Саба? кезе?дері

Тапсырма

М??алімні? іс-?рекеті

О?ушыларды? іс-?рекеті

Білім

 

?ызы?ушылы?

тарын  ояту

«Кім жылдам» 

С?ра?тар слайдта ?р  топ?а    

?йге берілген тапсырманы с?ра?-жауап ар?ылы диалог?а т?сіру

,Слайда ?й тасырмасын ?айталау ?а с?ра?тар жасалып, интерактивті та?тада к?рсетіледі.

М??алім берген тапсырманы орындау Слайдта жазыл?ан барлы? ?айталау с?ра?тары мен тапсырмалар интерактиті та?тамен беріліп, ?р топ ?з білгендерін, білетіндерін сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы на?ты д?лелдермен жауап береді

Т?сіну

«Кім  ал?ыр» ?дісі

 

Жа?а саба?ты бастамас б?рын ой ?оз?ау ма?сатында о?ушылар?а с?ра? ар?ылы ?ткен  та?ырыпты еске  т?сіруге байланысты бірненше с?ра?тар дайындау

О?ушыларды? м?нда?ы ма?саты берілген с?ра?тар?а жауап беріп, ?з ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен ж?мыс жасау

?олдану

«Ойлан бірік. б?ліс

» ар?ылы та?ырып?а  ?атысты та?ырыптар ?олдану

Та?ырыпты? ма?анасы мен идеясын ашып т?сіну  ?шін ?р топ?а тапсырма беріледі, ?р топ ?з тапсырмасын орында?ан со? екінші топ?а ?сынады

Берілген тапсырманы уа?ытылы орындау, с?ра?тар?а на?ты жауап беру керек.Тапсырмаларын бір –біріне к?рсету ар?ылы ой б?ліседі, та?ырыпты? ма?анасын аша отырып ?зара топпен талалдайды

Сергіту с?ті

«Балапандар биі» атты жатты?у жасау

О?ушылармен бірге сергіту с?тін жасау

Интербелсе?ді та?тада?ы бейнероиктегідей жатты?улар жасайды.

Талдау

Топпен ж?мыс  «Дебат» ?дісі

Т?рт т?лік 

Топтар?а жа?а та?ырып бойынша ж?не ?ткен саба?ты толы? ме?герту ма?сатында тапсырмалар беріледі.С?ра?тар мен ?осымша тапсырмалар жа?а мта?ырып бойынша, саба?ты ?алай т?сінгендігін  тексеру ж?не ж?мыс істеу

Берілген тапсырманы уа?ытылы орындау, топпен тапсырмаларды тал?ылау, ?р топтан о?ушыорта?а шы?ып ?з ойын ж?не пікірін б?гінгі  та?ырып бойынша жеткізу, талдау ж?не ба?алау, тапсырмаларды орынату

Берілген с?ра?тар ар?ылы топтар бір-біріне с?ра? ?ою ар?ылы диалогке т?седі.

 

Жина?тау

Шы?армашылы? тапсырма

«Та?ырыпты біз  былай т?сінеміз» (кітап,суретпен ж?мыс, жина?тау, ба?алау)  (5 мин

М??алім жа?а та?ырып?а байланысты тапсырма ?а?аздарын таратады

О?ушыларды? ма?саты берілген с?ра??а ?з ойларын  ?а?аз?а жазып береді

Ба?алау

?зін-?зі ба?алау (2 мин)

Ба?дарша, ба?алау пара?шалары

Ба?алау пара?шасы мен ба?алау шкаласын тарату

?зін ?зі топпн ба?алайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

О?ушылар?а стикер толтыруды ?сыну

?сыныл?ан стикерді толтыру

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Т?рт т?лік мал жайында?ы ?ле?-жырлар»


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ


Жиренбаева Улжалгас Серикбаевна

З.Космодемьянская атындағы № 23 мектеп-лицей


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөздерінен кейін ұстаздық қызметімнің жүгі ауыр екенін тағы да бір ұғынғандай болдым. Тіл маманы ретінде ең алдымен олардың тіл үйренуге деген қызығушылығын басты назарда ұстауым керек.Бала күнделікті қайталаулар мен жаттанды әдістерден жалығуы мүмкін.Бұл баланың қызығушылығын төмендетуге әкеліп соқтырады.Сондықтан да әрбір сабақ бір-біріне ұқсамайтын, жаңалыққа толы болуы қажет. Білімнің өзі әр бес жылда жаңарып отырады десек, сол жаңашылдықтан құр қалу менің азаматтық, ұстаздық парызыма жатпақ емес. Жаңашылдыққа мойынсұнбау – заман талабына сай келмейді. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген К.Д.Ушинскийдің даналығы сөзіме дәлел болады. Мұғалімге кәсіби шеберлік сабақ беру үстінде жинақтала бермек. Демек, әр сабағымыз кішігірім жаңалық болмақ. Сол әрбір жаңалық оқушыны да, мұғалімді де алға қарай жетелеп, оқушының шығармашылығын шыңдаса, мұғалімнің кәсіби өсуіне септігін тигізеді. Себебі мұғалім өмірінің мәні-оқушылар. Оқушыларым өзге ұлт өкілдері болғандықтан, менің ең бірінші міндетім – оларға мемлекеттік тілді меңгерту, дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен лексикалық тақырыптарды оқыту.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін үнемі сабақтарыма кіріктіруімнің мақсаты – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту арқылы, өзім де сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылардың нәтижесі мен жетістіктеріне қол жеткізу.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.[1. 49]

Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының басым көпшілігін өз сабақтарымда қолданып келемін.Оқушы мен мұғалім стратегияларды жетік меңгеріп, дұрыс түсінгенде ғана жұмыс нәтижелі болмақ.Сабақтың барысына, тақырыптың өзектілігіне, жұмыс ыңғайына қарай стратегияларды да өзгертуге болады. Оқушыға тиімдісін, оқушы шығармашылығын шыңдап, танымдық қабілетін көтеретін, логикалық ойлау жүйесін дамытатын әдістерді қолдану- жемісті еңбектің кепілі. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасының өзі сабақтың өн бойын үш кезеңге бөліп арастырады.

1-кезең - Қызығушылықты ояту.

2-кезең – Мағынаны ажырату.

3-кезең – Ой-толғаныс.[2]

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушыларға бұрынғы алған білімдері мен жаңа білімді байланыстыруға мүмкіндік туады. Осы ретте «Ассоциация» әдісін жиі қолданамын. Мәселен, «көктем» сөзіне ассоциативті қатарды сын есімдермен жаздырып, сол сын есімдермен әңгіме құрауға тапсырма беремін. Оқушылардың ой жүйріктігінде сөз жоқ. Кейбірі тек көктемгі табиғатты суреттеп қана қойса, қайсыбірі шағын әңгіме жазуға тырысады. «Ассоциация» әдісін сөзбен ғана емес, суретпен де сөйлетуге болады. 9-сыныпта өткен «Ұстаз бен шәкірт» тақырыбында «байлық» сөзіне ассоциясия жасауды тапсырдым. Бірақ енді әңгіме жазуға емес, сурет салу керектігін жеткіздім. Оқушылаурдың бірі ұшақ, әдемі үй, банкноттарды салса, біреулері кітап, отбасы суреттерін салған. Осының өзінен әр оқушының өзіндік пікір бар екенін, өзіндік «мені» қалыптасып келе жатқанын байқау қиын емес. Мұнан өзге «Кластер» әдісінің де қызығушылықты оятуға, сабақта қарастырылғалы тұрған тақырып жайлы не білетінін, не айта алатындығын анықтауға бастама болары анық. «Отбасы бақытының қағидалары» тақырыбындағы сабақта миға шабуыл ретін жасалған «Бақытты отбасы» кластерінің сәтті шыққанын айтқым келеді.

«Кілттік сөздер» немесе «Тірек сөздер арқылы әңгіме» әдісінің өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлетуге талпындыратын бірден-бірі әдіс деп айтуға болады. Айтылғалы тұрған тақырыпқа берілген бірнеше сөздерді қолдана отырып, болжап, қиялдап, өз түсініктерін шығармашылық тұрғыда жеткізеді. Осы тұста суреттер беруге де болады.

Келесі кезең, мағынаны ажыратуда тақырыптың ашылуына көмегін тигізетін әдістерді дұрыс таңдап алған жөн. Жаңашылдық деген осы екен деп, стратегияларды бірінен соң бірін қолдана беру де дұрыс емес. Ол баланы шатастырып, жалықтырып немесе толық ойлануға мүмкіндік бермеуі мүмкін. Болмаса, онсыз да сөйлеп жүрген бала тыңдалып, үлгермеуші оқушылар тасада қалып қояды. Осындай қағидаларды ескере отырып, өз сабақтарымда оқушылардың деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай стратегияларды қолдануды басшылыққа аламын.

«Кейіпкерге хат» стартегияысын екінші кезеңде жиі қолданамын. Бұл әдістің оқушының мәтінді түсініп, кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіре алған жағдайда ұтымды шығатыны анық. Алғашында хатты кейіпкерге сұрақтар жудырумен жазатын болса, уақыт өте келе кейіпкерге өз тілектерін, сол ситуациядан шуғу жолдарын, мәселенің шешемін табуға ой тастайтын сөйлемдермен жазғандары мені қуантты. Бұл оқушылардың осы стратегияны дұрыс түсініп, төселе бастағанын, сыни тұрғыдан ойлауды дамтуға жасаған қадамдарын нықтайды. «Баланың ойлап тапқан тәсілі» мәтіні бойынша бір топ «Ата-анаға хат» жазса, келсі топ «Балаға хат» жазды. Сондай-ақ сабақтарымда «Қожаға хат», «Жантасқа хат», «Атымтайға хат», «Авторға хат» сияқты хаттар жиі жазылады.

«Үш түрлі күнделік», «Қосжазба күнделігі» жаңа тақырыпты топпен талқылауға өте қолайлы деп біліемін. Мәтінде берілген оқиғалардың әсер еткен тұстары мен сол үзінділерге өз пікірлерін жазуға дағдыланады. Топта бірлесіп, ұйымдасып жұмыс жасауына мол мүмкіндік жасайды.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен еркін қарым-қатынасқа түсіп, сөйздік қорын байытып, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастырады.

Әсіресе «Т кестесі» бойынша жұмыс жасауды оқушыларым сүйіп орындайды. Екі жақты мәселені талдап, талқылағанға жаны құмар. Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасының «Жигсо», «Кубизм», «Түртіп алу», «Семантикалық карта», «Аяқталмаған сөйлем» сияқты әдістерінің оқушылардың тек логикалық және лексикалық тақырыптарды ғана емес, грамматикалық тақырыптарды да орындауда оң шешімін табуға жетелейтінін өз тәжірибемде көз жеткіздім.

Сабақты бекіту кезеңі, ой-толғаныс бөлімінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегияларының ішінен «Эссе» немесе «Еркін жазу» әдісі, «Соңғы сөзді мен айтайын», «Ыстық орындық», «INSERT» әдістерінің оқушынға сабақтан алған білімдерін қорытындылап, бекітулеріне өте қолайлы. Демек бұл кезеңде оқушылар өздерінің сол сабақтан алған білімдерін айқындап, өздеріне баға беріп, кері байланыс жасауына мүмкіндік туғызады. Сабақтың қай бөлімінде болмасын, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының тиімдісін қолдансақ, оң нәтижесін беріп отырады.

«Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек» деген Әбділда Тәжібаевтың сөздері қазіргі ұстаздарға тікелей айтылғандай. Өйткені ұстаздың шеберлігі, білімі, біліктілігі, жаңашылдығы – бәрі де ұштасып жатуы тиіс. Бүгінге дейін орындап келген басты рөлді оқушымен бөлісетін уақыт жеткендей. Олай дейтінім, қазіргі кезде сапа мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетінен көрінеді. Оқушының белсенділігімен есептеледі.

«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқытудың басты мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау. [3.52]

Осындағы қазақ тілін үйренудің сөйлесім әрекеттерінің аталған бес түрі де сыни тұрғыдан ойлауға үйрету бағдарламасымен тікелей байланысты деуге болады. Демек оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретпес бұрын, ең алдымен, ұстаздардың өздері сыни тұрғыдан ойлай алатын, жаңа инновациялық технологияларды жетік меңгерген болуы жаңа заманның басты негізі болып отыр.

Ә.Тәжібаев атқандай, өз интеллектімізді көтеріп, көзқарасымызды биіктетсек, нәтижелі еңбекке қол жеткізеріміз анық. Сонда ғана мектептен алған білімдерін күнделікті өмірде еш қиындықсыз қолдана алатын саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.

2.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы,2009ж.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. Астана 2015ж.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!