СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ұлы ұстаз ұлағаты" Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ұлы ұстаз ұлағаты" тақырыбында Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналып өткізілді.Дөңгелек үстелге Қостанай қаласынан арнайы ақын-жазушылар шақыртылды.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлы ұстаз ұлағаты" Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған»

Тақырыбы:

Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты дөңгелек стол

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына 
мектептер ашқан алғашқы ағартушы ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру.Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету. Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру қабілеттерін дамыту.


Көрініс:Дала шам шырағы.

Қолында кітабы, көзі жұмулы, ойға шомған Ыбырай отыр. Шам жарығы түсіп тұр, ортаға анасы шығады.

Ана: Құлыным, анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсын деген. Анаңның жалғыз тілегі ...... Орындаймысың қарағым.

Ыбырай: Анашым, анашым-ау сенің тілегіңді орындамағанда кімнің тілегін орындамақпын, анашым! Әрине, орындаймын анашым.

Ана: Менің тілегім көптің тілегі, сол көптің ауыр жүгін арқалаймысың ,қарағым.

Ыбырай: Анашым, анашым-ау сен үшін барлық азапқа әзірмін, анашым.

Ана: Ендеше тыңда балам бір жол бар алыс, алыс та болса жақын. Енді бір жол бар жақын, жақын да болса алыс. Осының қайсысын қалар едің құлыным?

Ыбырай: Анашым, анашым-ау өзім үшін жақынын қалар едім, ал бір сен үшін, ал бір сен үшін алысын қаладым. Сен үшін алыстың азабын тартуға әзірмін, анашым.

Ана: Мынау орамалдың шетінде қадалған алтын ине бар. Алыс жолдың азабында алдыңда әлі талай шөлдер тұр, сол кезде инемен құдық қазсаң алдыңнан зымырап аққан мөлдір бұлақ пайда болады, құлыным. Сол бұлақтың нәрімен ем дарыған еліңепейішке сен де жетерсің. Алтын инеге абай бол. Кекшіл болма, көпшіл бол! Бағың ашылсын, құлыным! Қош, қош сау бол құлыным.

Ыбырай: Құдайым-ау түсім бе, әлде өңім бе?Анашым, анашым-ау әлде маған берген аяның ба Анашым.Анашы бұл маған алдыңда ақ жолға баста тілегің болсын. Осы алтынинемен құдық қазсам да, алдымда білім бұлағыммен сусындатарсың дегенің бе анашым. Анашым .... қош.....

(свет жанады)

Осы кезде Ыбырай «Кел балалар, оқылық» өлеңін айтып шығады.Балалар оны қайталайды. Ыбырай қоңырау соғады.

(Сахна сыртынан- Ерназар)

Қағылды зор қоңырау, күмбірледі,

Аралап айлық жерді, күндік жерді.

Ілесіп сол қоңырау үніменен

Қазақтың даласына білім келді.

Кім қаққан аты-жөні қоңыраушының

Даланың дүбірлеткен қойнау үнін

Қалың ел, қара қазан, сары баланың

Қашанғы арын, қамын ойлаушы кім?

Сол сұрақ қоңырауға қосып үнін

Бар қазақ аспанында ұшты бүгін.

«Ыбырай!», «Ыбырай!» деген жалғыз есім,

Туған жер, жақсы ауасын құшты бүгін.





Фанфары:

1-жүргізуші:

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық

Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар!

19 ғасырдың 60 жылдарында өмір кешкен қазақ халқының адал перзенті,ұлттың мақтанышы, қазақ педагогика ғылымының негізін салушы, сөз зергері,аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері – Ы.Алтынсариннің аты берілген, «Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебіне » қош келіпсіздер!


2-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме,қадірменді әдебиет сүйер қауым! Халқымыздың ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, ел игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында шолпан жұлдыздай жарқырап әлем көгіне шыққан, ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемел тұлға- Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Ұлы ұстаз ұлағаты» тақырыбындағы дөңгелек үстелді бастауға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші: «Ұлы ұстаз ұлағаты» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің алғашқы сөзін-білім бөлімінің бастығы Оспан Қойшығара Әміржанұлына береміз.

(Қонақтармен таныстырады.

1.Ақын, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры - Серікбай Оспанұлы

2.Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Ыбырай Алтынсарин мұраларын зерттеу орталығының маманы - Қуаныш Орманов

3.Жазушылар одағының мүшесі,филология ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры - Нағашыбай Мұқатов)

Келген қонақтармен бірге дөңгелек үстелге Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары-

Мектеп директоры- Ибраева Айгүл Аронқызы

Аудандық білім бөлімінің әдіскері –Қоқасова Нұрзила Қанағатқызы

Сонымен қатар, осы мектепті бітірген Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Жалғас Бекзат,

Жарқын болашақ олимпиадасының «Сөз шеберлері» номинациясының облыстық кезеңінде 3 орын жүлдегері,қазіргі уақытта Қостанай әлеуметтік Университетінің 1 курс студенті,биылғы оқу жылында өткен Мистер КГУ байқауының бас жүлде иегері – Ғалым Жанайдар және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысып отыр.

2- жүргізуші:

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа

заманның  өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған  көрнекті тұлға. Ыбырайдың ізбасарлары ретінде ағартушының зор талантын, жан-жақты  терең білімі мен қайрат-жігерін , ұлы мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында, қадірменді қонақтарымызбен бірге «Ұлы ұстаз ұлағаты» тақырыбындағы дөңгелек үстелді өткізіп отырмыз.

1- жүргізуші:

Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.Олай болса, Ыбырай атамыз туралы презентацияға назар аударыңыздар.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар,бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылар , Даңқты бабамыз, әрі жерлесіміз Ы.Алтынсариннің өмірі, өскен ортасы жайлы өз ой-пікірлеріңізді айта отырыңыздар,

Қонақтар сөйлейді...............................................................................................................

(Өмірбаяны мен отбасы, туған-туысқандары)

Мадина: Сәлеметсіздер ме, құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылар! Ия Ыбырай атамыз бұрынғы Торғай облысы,Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге келіп, 3 жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болғаннан кейін, тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады. Балғожа би Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылатын мектепке Ыбырайды жаздырып қояды.Сол мектепке Ыбырай алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады. Ол уақытын жан-жақты білім алуға ерекше ынтамен кіріседі.Атасы Балқожа Ыбырайдан көп үміт күтеді, сол себепті ,Үміт еткен көзімнің нұры балам (өлеңін айту)

Жаныңа жәрдемберсін құдайтағалам;

Атаң мұнда анаңмен есен - аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;

Ата - анаң өнер білсең асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің.-деп немересіне ақыл өсиет айту арқылы , көп үміт күткенін жеткізеді.

Балғожа Жаңбыршин жүзбасы, Қыпшақ руының ұзын тармағын басқарған Торғай, Тобыл және Аят өзендері аралығында көшіп қонған Орынбор шекара комиссиясының пікірінше, ол «адамдарды басқару жағынан да, жалпы орда істері жөнінен де өз руластары алдында өте беделді болған.

Ол ұзақ уақыт Орынбордағы погран (шекара) комиссиясы қол астында, қыпшақ старшина болып қызмет істеген, патша үкіметінен шен-шекпен алған ірі феодалдың бірі, яғни белгілі би, ірі бай болған кісі.

Ерке:Мадинаға қосар болсам, Балғожа би немересі Ыбырайды жасынан-ақ адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып жүріп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, атасын жерге қаратпай, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленеді. Оның бұл турашылдық шешендік қасиеттері Торғайда сот істерін жүргізген кездерінде айқындала түседі.

«Іздегенге сұраған» дегендей, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Сонымен бұл мектеп Орынбор қаласында ашылған екен.





2-жүргізуші:Рахмет, сіздерге оқушылар!

Серікбай аға, бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбын «Ұлы ұстаз ұлағаты» деп, сіздің 2014 жылы шыққан кітабыңыздың желісінде алып отырмыз.Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына, ұстаздық жолына талдау жасалып,жан-жақты баға берілген, әдебиет,мәдениет тарихынан алатын орнын көрсеткен еңбектің бірі. Ыбырай бабамыз өмір сүрген заман қандай еді? Осы жайында өзіңіз айтып өтсеңіз?....

1-жүргізуші:Ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы жайында мектеп оқулығында айтылғанымен, отбасы туралы толық мәлімет берілмеген, сондықтан да отбасы жайында да білгендеріңізді айта отырыңыздар?

Манар апай:Ыбырай 1864 жылы Сырдария облысы (қазіргі Қызылорда облысы ) Перовский уезіне қарасты Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаныс атты қызына үйленеді. Айғаныс өзі оқымаған адам болғанмен, Ыбырайдың шығармашылық жұмысына барлық уақытта да жағдай жасап отырды.

Ыбырайдың жанұясында көпке дейін бала болмайды, сондықтан ол қазақ арасында жиі кездесетін салт бойынша інісі Оспанның Хамитбек деген баласын алып тәрбиелейді. (ол алты жасында қайтыс болады).

Ыбырайдың тұңғыш баласы Абдолла , Әбдірахман деген екінші ұлы, Шарипа атты қызы болады. Балалары Әбдірахман мен Шарипа жас кезінде ауырып қайтыс болған екен.

Әкесінен жастай қалған Абдолла ұзақ уақыт оқи алмай, шаруашылықпен айналысады.

Нағима Абдоллақызы — Ыбырай Алтынсариннің жалғыз немере қызы. Нағима атасын көрмесе де, Айғаныстың көзін көріп өскен.

Нағима Ыбыраева Қостанай облысы Талапкер ауылында дүниеге келді. Нағима бала кезінде атасы Ыбырай ашқан Қостанайдағы мектепте үш жыл оқиды. 11 жасында анадан айырылады.

2-жүргізуші: Жігіттің үш жұрты –өз жұрты,нағашы жұрты, қайын жұрты болатыны белгілі, осы Ыбырай бабамыздың нағашы жұрты туралы да айта отырып, Торғайдан мектеп ашқанда да осы нағашы жұртына арқа сүйеген дейді, осы жөнінде не айтасыздар?

Сағира апай : Ыбырайдың нағашы жұрты туралы айтар болсам, Ыбырайдың нағашылары – елін, жерін жатжерлік басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан, әскери «Тархан» атағын қазақта тұңғыш алған асқан батыр, мәмілегер Жәнібек Қошқарұлының ұрпақтары. Жәнібектің тұңғышы Дәуітбай әкесі сияқты жау жүрек, хас батыр болған адам. Жәнібек қайтыс болғаннан кейін соғыс министрлігі алқасының 1759 жылғы жарлығымен «Тархан» атағы Дәуітбайға көшіріледі. Дәуітбайдан 9 бала, солардың бірі – Мұса, Мұсадан- Шеген. Шегеннен жеті ұл, екі қыз туады. Сол қыздың бірі – Айман Ыбырайдың анасы еді.

2-жүргізуші: Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт – бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Есімдері мен еңбегі баршаға қымбатты, халқымыздың тұңғыш энциклопедист ғалымы Шоқан Уәлиханов, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев осындай жұлдызды есімдер Ия, бүгінгі дөңгелек үстел барысында.қазақтың дара ақыны Абайды айтпау мүмкін емес. Қазақтың қос алыбы бірін-бірі білген бе?Абай мен Ыбырай үндестігі жайында не айтасыздар????

Айгүл Ароновна:.......................................

1-жүргізуші: Рахмет сіздерге, Халқын қалтқысыз сүйген, сол кездегі аянышты халіне күйінген, болашағына зор үміт артқан Ыбырай атамыздың өміріне, шығармашылық жолына және ғылыми жетістіктеріне шолу жасау және қазіргі уақыттағы қазақ жастары үшін Ыбырай Алтынсарин қалдырған өсиетінің өзекті болып табылатынын көрсету, біз үшін үлкен мәртебе, олай болса, кезекте Ыбырай атамызға арналған бейнематериалға назар аударыңыздар.

(Бейнематериал көру)

2-жүргізуші:Бейнебаянда көргендеріңіздей Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: «Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен?» - деп Ыбырай Алтынсарин армандаған болатын.

1-жүргізуші: Ия , дұрыс айтасыз, Әуел бастан – ақ Ыбырайдың бар ынтасы халық ағарту жұмысы болады. «Ыбырай ылғи оқу жұмысымен айналысуды, қазақ халқын ағарту жұмысына ат салысуды көксейтін. Бұл оған рахат сияқты көрінетін» - дейді досы Ильминский. Осы Ыбырай атамыздың, Ұлы ағартушының қызметі , қай жерлерде мектеп ашқаны,және қалай ашқаны жөнінде не айтасыздар?????

Нуржамал апай, Сағира апай:

2-жүргізуші: Рахмет, Педагог – жазушының ізденіске, күреске толы өмірінің баршамыз үшін, әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін ғұмырын халыққа арнаудың өшпес өнегесін танытқаны біз үшін үлкен мәртебе, олай болса, кезекті тамаша әнге берейік

Облыстық жас жол қозғалыс инспекторларының слетінде «Менің жасағым» әні номинациясы бойынша 2 жүлделі орын, халықаралық «Золотой микрофон» конкурсының дипломанты Рамазанов Ерназарды «Өткен күндер» әнімен ортаға шақырайық.



2-жүргізуші: Рахмет Ерназар, өнерің өрге жүзсін. Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалары еді.

2-жүргізуші: Ол төл туындыларын жазғанда да, орыс және Европа халықтары әдебиетінен аудармалар жасағанда да бір мақсатты қатты ұстанды, ең алдымен ол туындылардың балалар ұғымына сай, олардың қиял – ойын шарықтататындай тағлымды да қызықты болуына баса назар аударады.

Енді осы Ағартушының шығармашылығы жайында не айтасыздар, жалпы, Қазақ хрестоматиясын жазудағы мақсаты қандай болды?







Нурзила:Ыбырай әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы.

Ыбырай әңгімелері кітапта «Төл әңгімелер», «Аударма сипатты әңгімелер» деп жеке екі бөлімге бөліп берілді. Сондай – ақ «Ыбырай Алтынсарин жинаған ауыз әдебиеті үлгілерінен» және «Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер» деген бөлімдер де бұрынғы басылымдарда болмаған тың материалдарды қамтыған екен.

Нуржамал апай:Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Өлеңдері». Бұған Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енген.

Екінші бөлім – «Төл әңгімелері» - деп аталды да, бұған жазушының хрестоматия – оқулыққа арнап жазған төл туындылары жинақталған.

Үшінші бөлім – «Аударма сипатты әңгімелері». Бұл бөлімде ағартушының орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған туындыларынан, сондай – ақ орыс және Европа халықтары әдебиеті мен фольклорынан өзінше әңгімеленген шағын әңгіме, мысалдары жинақталып берілді. Ыбырай Алтынсариннің орыс авторларынан алған әңгіме, көркем шығармаларын қазақшалауында ерекшеліктері бар. Ол әңгімелерді аударғанда Ыбырай Алтынсарин барлық жерде түп нұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды мақсат етіп қойған. Кейде тақырыбын, кейде сюжетін, кейде баяндау әдәсін өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне жақындатып, қазақ балаларына түсінікті баяндауды негізге алған.

Жанайдар, Нурзила:«Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары» - деп аталатын төртінші бөлім оның ел аузынан жинап, сұрыптап, алғаш рет «Қазақ хрестоматиясында» жариялаған мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер орын алды.

Бесінші бөлім – «Оқу – ағарту мәселелері жайында жазбалары» деп аталынып, бұған Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы оқу – ағарту жайы мен оны өркендетуге қатысты жазбалары жаңа материалдармен толықтырылып енгізілген.

Алтыншы бөлім – «Хаттар». Мұнда Ыбырайдың қызмет бабына және

тағы басқа жағдайларға байланысты Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге, А.А.Бобровниковке, орыс – қазақ мектептерінің оқушылары, өзінің әріптестері А.А.Мозохинге, Ф.Д.Соколовқа жазған хаттары іріктеліп берілді. Ыбырай Алтынсариннің бұл хаттары ол қайтыс болғаннан кейін профессор Н.И.Ильминский құрастырып, 1891 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. «Воспоминания об И.А.Алтынсарине» - деген естелік кітапта алғаш жарияланған болатын.(хаттарынан үзінді оқу)

1-жүргізуші: Ия , Ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде қазақ балаларына “Кел, балалар, оқылық” деп жар салудан тынбаған, сол арқылы қазақ балаларының надандық қамытын киюіне жол бермеген бірден-бір тұлға болып қала бермек.

2-жүргізуші: Міне,Оның осы қанатты сөздері әлі де өз күшін жойған емес. Сондықтан, Ыбырай атамыздың ісін жалғастыратын, арманын орындайтын біздер үшін осы жолдан өту үлкен құрмет және зор міндет екенін де айта кеткен жөн , ендеше ,келесі кезекті мектеп оқушыларына Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін оқуға берейік .

ПИРАМИДА болып шығып өлең оқиды.

1-жүргізуші: Ұлы ағартушы туған халқының тамаша болашағына сенгенін бүгінгі ұрпақтан да көруге болады..

Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің әңгімелерінен дайындалған көрінісін тамашалаңыздар....

(ӘҢГІМЕЛЕРІНЕН КӨРІНІС...)



1-жүргізуші: Рахмет , балалар! Өздеріңіз тамашалағандай, Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер – білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Сол арманына күрес арқылы, өрісі биік таланты арқылы жеткенін оның тәлім –тәрбиесі мол шығармаларынан да көруге болады.

2-жүргізуші: Әңгімемізді одан әрі жалғастырайық, Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық – педагогикалық, аудармашылық қызметтері жайында да айта отырыңыздар.

Айгүл Ароновна:Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Орта мектептерге арналған Қ.Жұмалиев пен С.Мұқанов, С.Исмаиловтың әдебиет кітаптарында Ыбырай Алтынсарин шығармалары талданып, олардың мазмұны мен мақсаты, идеясын ашып көрсетуге алғашқы талпыныс жасалады. Тарихшылардың ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.

Жалпы алғанда Бекежан Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми – көпшілік еңбек жариялайды. Соның ішінде Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағын қазақ және орыс тілінде дайындайды. Екінші кезең 1957 жылы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағы жарық көргеннен кейін, Бекежан Сүлейменовтің осы тақырып бойынша зерттеуді тереңдетіп, түрлі қырларын кеңейткендігімен ерекшеленеді.

Манар апай:Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 – ға жуық ғылыми, ғылыми – көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып Ыбырай Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде танытқан зерттеуші еді. Сондай – ақ Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес қосқан. Профессор Ә.Ламашев ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: «Алтынсариннің мұраларын іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес қосты. Ол Ленинград, Москва, Қазан, Орынбор, Чебоксары және республикамыздың бірнеше қалаларындағы архивтерде, кітапханаларда болып, мол материалдар жинады. Солардың негізінде Ыбырай Алтынсариннің 1943, 1948 жылдары баспадан шыққан «Таңдамалыларын» қайта қарап, толықтырып, алғы сөзбен түсініктеме жазып, 1955 жылы ұсынды. Академиялық үш томдығын орыс тілінде жариялады.»

Нұржамал апай:Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім – тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді... Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек» - деп жазған еді,ал Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың», - деген Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі» - деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.

Мадина:Ыбырай Алтынсариннің төл туындыларымен қатар көптеген аудармалары да бар.

Халықты сауаттандыру, сана – сезімін ояту, рухани өмірін дамыта түсу мақсаттарында жазған хрестоматиясында Ыбырай Алтынсарин орыс тіліндегі әртүрлі оқулықтардан сырттай үлгі алумен тынған жоқ. Осы іздену үстінде ол орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы жазушылары мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерін қазақ даласына алып келді; оларды қазақ тіліне аударып, дала өміріне сіңістірді.

2-жүргізуші: Көп-көп рахмет сіздерге, Кезекті Ы,Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің шәкірттерінен құралған «Көркемназ» би тобына беріп, содан кейін әңгімемізді жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға, «Қазақ биі »

2-жүргізуші: Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Яғни, ағартушы ұлы ұстаз еңбегінің Қазіргі уақытпен үндестігі қалай жандануда деп ойлайсыздар?

Нұржамал апай:..............................

1-жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин қалдырған мәдени мұра бүгінгі өскелең оқушы қауымның қолына жеткенше талай кезеңді басынан кешірді. Соның нәтижесінде оның жас ұрпақ, жаңа қауымға қалдырған мұрасы қандай жағдайларға душар болғанына қарамастан ескірмей, өшпей бүкіл асыл қасиеттерін өз бойында сақтап, уақыт, дәуір сынынан толық өтіп біздің бақытты заманымызға жетті.

2 жүргізуші: - Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен ізбасарлары туралы не айтар едіңіздер?

Айгүл Ароновна:



1-жүргізуші:

Таңбалы тарихқа зер салсақ,әдебиет, өнер, білім саласындағы біртуар тұлғалар арқылы қазақ халқының мәртебесі,мерейі өсіп,абыройы аспандады.Ол - тұңғыш  ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай Алтынсарин. Ендеше, Ыбырай Алтынсарин атына берілген қандай елді - мекендер бар, мұражайы туралы не айтар едіңіздер?

Айгүл Ароновна:елді-мекен

Манар апай:мұражай

2 жүргізуші: Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда.





1-жүргізуші:

Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.-дей отырып, мектебіміздің түлектерінің Ыбырай атаға арнаған арнауларына кезек берейік.

Бекзат: Ия , мен де Ыбырай атамыз атындағы Обаған орта мектебінің түлегі, Ыбырай атамыздың ізбасары ретінде өз шығармашылығымнан Ыбырай бабамызға арнаған өлең шумағымды оқып берейін.

Арнау оқылады. (Бекзат пен Арманбек өлең оқиды.)

1-жүргізуші:Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. 

2- жүргізуші:Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Кезекте тағы бір тамаша әнді қабыл алыңыздар.

ӘН

1- жүргізуші:Ал құрметті қонақтар, әдебиет сүйер қауым бүгінгі кешімізді аяқтамас бұрын ұлы ұстаз ұлағаты жайында бірер ауыз сөз, тілектеріңіз болса айтып кетсеңіздер!!!!

(Қонақтар сөйлейді)

2 жүргізуші: Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.

1- жүргізуші:Қазіргі өркениетті қазақ халқы не бәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады.

2-жүргізуші: Сонымен, ұлы ағартушы ұстазға арналған «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты дөңгелек үстеліміз аяқталды.

1-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық



















































































































Нұржамал апай:
Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқу- шыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін уйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды.

1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды. Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргізген үгіт жұмыстары нәтижелі болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны — бұл балалар әлдеқандай уш айдыц ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды».

1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты. Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар ұйымдастыруға ерекше күшті мән берді.
Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады.








Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.

1-жүргізуші:Өзінің ағартушылық,   педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі  мен зор талантын, жан-жақты  терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып,  оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. 





















  Серікбай Оспанұлының «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты өткен жылы жарық көрген кітабындағы «Ыбырай Алтынсарин алдымен мұғалімдік пен жазушылықты бір-біріне ұштастыра білген ұлы ұстаз. Қазақ  мәдениетінің алғашқы қайраткерлерінің бірі. Қазақ даласында бұрын-соңды болмаған жаңа үлгідегі мектеп ашып, оның өзіне ғана тән ерекшелігі бар бағдарламасын, оқу-құралдарын жазушы, шығармашылық есеп-қисабын да жүргізуші. Өзі ұстаз, өзі ұйымдастырушы. Қазақ тарихында педагогикалық ой-пікірдің негізін қалаушы» (334-б.) деген жолдар бұрыннан да айтылып келе жатқан тұжырымдарға бәлендей жаңалық әкеле қоймағандай әсер етуі ықтимал.

Жаңағы үзіндіге қарап, кітап авторы Ы.Алтынсарин туралы әу бастан айтылып келе жатқан пікірлерді жинастырып, солармен ғана тоқырап қалған екен деген тұжырым жасайтын болсаңыз, асығыстыққа ұрынасыз. Бірден басын ашып айтайық, оқырманға ұсынылып отырған осынау зерттеу Ыбырайға қатысты әр жерде шашырап жүрген деректердің бастарын біріктіріп, мүмкіндігінше жүйелеп беруді көздеген салиқалы еңбек. Ішінара бұрынғы зерттеушілердің қаламына іліне бермеген мағ­лұматтар мен фактілердің де кездесіп қалуы автор ізденісінің тереңдігін байқатса керек.
Ы.Алтынсариннің шығарма­шылық  және қайраткерлік  өмір ­жолына шолу жасай отырып, С.Оспанұлы жасаған кейбір тұжырымдардың өзі оқырман назарын аударуға әбден татиды деп білеміз. Бұл ойды дәлелдеу үшін бұрынғы ыбырайтанушылар көп тоқтала қоймаған, арнайы зерттемеген нысандарды автордың өз тұрғысында қалай тарқатып, қалай талдап бергенін тілге тиек етсек те жеткілікті болмақшы.
Әрине, ұлы ағартушы ұстаз әрі қазақ жазба әдебиетінің алғашқы өкілі жайында жазған кезде оның зерттеу еңбектерін, оқулықтары мен көркем шығармашылығын қаперге алмай, аттап өту мүмкін емес. Егер бұл айтылғандарға көзімізді жұмып қараған жағдайда ұлы тұлғаның рухани бейнесінің  жете ашылмай қалуы сөзсіз. С.Оспанұлының ұлы ұстаздың артында қалған педа­гогикалық және әдеби еңбектеріне қай­талай тоқталуының, аса маңызды деген кейбір тұстарын бүгінгі оқырманға тарата түсіндіріп беруінің себебі осындай логикадан туындайды.
Алайда оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл көлемді еңбектің негізгі ерекшелігі, басты ұстанымы Ыбырайды туыстары мен өскен ортасына, кейінгі ұрпақтары мен ұлағатты идеяларынан нәр алған белгілі тұлғаларға тоқталып өтуінде, осыған дейін күңгірт, тіпті беймәлім болып келген деректер мен мағлұматтарды тауып алып, оқырманға жарқырата ашып көрсетуінде деп білу керек. Автордың әсіресе көбірек тер төгіп, молынан ізденген тұстары да осы айтылған нысандарға тікелей қатысты.  Ізденімпаз оқырманды осы кітаптың жетектеп, тартып отыратын сыры неге байланысты екендігін анықтау үшін ұзаққа көз жүгіртіп, контекстердің астарларына, тұжырымдардың қыр­тыс­ты қабаттарына үңіліп жату шарт емес.
Автордың оқырманға нені айтқысы келіп отырғанын әр азат жолдың мағынасына, кітаптың ішкі құрылысына үңіліп, ой жүгіртіп әуре болмай-ақ, жекелеген тақырыптардың атауларынан да көруге болады.   Мысалы, «Ыбырай мен Ахмет», «Шен қумаған Шеген би», «Шетелдіктер Ыбырай Алтынсарин туралы», «Ыбырай Алтынсарин және тәжік-парсы әдебиеті», «Ыбырай және Қазан төңкерісіне дейін Торғай облысынан оқыған қазақ қыздары», «Ыбырай сатирасының ерекшелігі», «Тұңғыш дәрігер, тұңғыш дербес зейнеткер», «Нәзипа мен Мәриям», «Обаған» өлеңін кім шығарған?»  және басқа тақырыптар зерттеушілердің назарына бұрын ілінбей жүрген, арнайы қарастырылмай жүрген түрлі жағдаяттардан хабар береді.
Осы тақырыптардың әрқайсысы ұлы ағартушыға қатысты және  ол кісінің рухани жалғасы жөнінде де деректі сырлар шертеді. Ыбырай әлемі өзімен бірге бұл фәниден өте  шыққан жоқ. Ұрпақтарына аманат болып бүгінгі күнге дейін заңды жалғасын тауып келе жатыр екен. Кітап түйіп беретін тұжырымның бірі бұл бағытта айтылатын ойлардың барлығы да бос сөз емес екендігі, дәлелдерінің тиісінше жеткілікті болып отырғандығы.
Мәселен, «Ыбырай және Ахмет» атты тараудағы Алаштың атақты қайраткері Ахмет Байтұрсынов шығармашылығына ұлы ұстаздың өнегесі қалай әсер еткендігі қолмен қойғандай етіп, дәлелді түрде жеткізілген. Жеке болжам, шалағай  долбар емес, тиянағы берік дәйекті ойлар, салыстырулар мен сараптаулар нанымды болғандықтан да, еріксіз бас шұлғытады. Бұл арада  тек ұлы ағартушыны ғана емес, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын да жаңа бір қырынан көргендей боласыз.
Тек  ол  ғана  емес, ­Спандияр ­Кө­бе­ев, Бекет Өтетілеуов, Мұ­ха­мед­­жан ­Сералин және бас­қа­ла­ры Ыбырайдың ой-пікірін, идеясын жал­ғастырушы ізбасарлары екендігін дә­лелдеуде автор ешқандайда ­жа­лаң болжамға, құрғақ қиялға сүй­ен­бейді. Аталған тұлғалардың шығармашылығын талдау арқылы да рухани туыстықтың тереңдігіне, беріктігіне оқырман көзін жеткізе түседі.
Бұған дейін Ыбырайдың  ата-тегі жайында зерттеушілер  үлкенді-кішілі пікірлер айтып келгенімен, оның нағашы жұртына қатысты әрқилы мәліметтер осы еңбекте мейлінше толығырақ сөз болып отыр дей аламыз. Ұлы перзенттің арғы нағашылары ғана емес, кейінгі ұрпақтары да халыққа бір кісідей қызмет еткен азаматтар екендігін С.Оспанұлы тағы да деректерге жүгіне отырып, дәлелдеп шыққан. Басқаларын айтпағанда, Кеңес дәуіріндегі қазақ ғылымының көрнекті өкілі ­Батырбек Бірімжановтың Ыбырайдың нағашыларынан тараған ұрпақ екендігін осы еңбектен айқын танып отырмыз.
Қазақтың атақты ақын қызы Мәрия Хакімжанова­ның Ыбырайға туыс болып келетіндігінен де жалпақ оқырман осы уақытқа шейін хабарсыз келді десек, артық айтқандық емес. Білушілер болса,олардың өзі бірен-саран ғана болуы мүмкін. Ал бүгінгі оқырман үшін шынында да қызықты болып табылатын осы мәліметті С.Оспанұлы өзі ізденіп жүріп тапқан дереккөздеріне сүйене отырып, кеңінен ашып көрсетіп берген.
Қызықты оқылатын тараулардың бірі қазақ зиялыларының тарихында өзіндік орны бар атақты Нұрғали және Нәзипа Құлжановалар жайында жазылған «Азаттық үшін алысқан», «Нәзипа мен Мәриям» деп аталатын тараулар. Нәзипа Құлжанованың қазақ­тың алғашқы журналист қыздарының бірі екендігі жөнінде  айтылып жүргені белгілі. Бірақ оның жеке басы мен шығармашылығына ғылыми деңгейде қатысты арнайы жазылған еңбектер кездесе бермеуші еді. Аталған кітап сол бір олқылықтың да орнын толтыруды мақсат етіпті.








Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.


Ыбырай Алтынсарин


Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ әліпбиін жасаушы жаңашыл педагог және қоғам қайраткері. Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі Ы.Алтынсариннің 167 жылдығына арнап өткізген іс шарасы.Тақырыбы: Өнер,білім бар жұрттар.Мектеп оқушылары Ы.Алтынсаринге арнап газеттер шығарды, өз шығармашылықтары бойынша өлең шумақтарын Ыбырайға арнады.Көрме ұйымдастырды. 2011ж Обаған орта емктебінде Ыбырайға арналған апталық өтті.Апталық барысында Ғылыми практикалық конференция өтті.Конференцияда оқушылар баяндама оқыды.Тәрбиелік мәні зор Ыбырай әңгімелерінен көріністер қойылды. Ыбырай өлеңдерінен,аудармаларынан көркемсөз шеберлері анықталды.Барлық сыныптар альбом шығарып қабырға газеттерін ілді.

2014 жыл Ы.Алтынсариннің мектеп ашқанына 150 жыл толуына орай мектеп оқушылары Қостанай қаласына Ыбырай мұражайына саяхатқа барып, мұражайдың ішкі көріністерімен толық танысты. Ы.Алтынсарин ескерткіші, 1864 ж. 8 қаңтар Ыбырайдың оқушыларға сабақ түсіндіру макеті, Ұлы ұстаздың асыл мұралары, Ы.Алтынсарин алғаш сабақ берген мектеп, Ы.Алтынсарин медалімен марапатталған ұстаздар, Ұлы ағартушыдан қалған сағат,көне заттармен танысты.


Сонымен қатар ауданда Ыбырай мұраларын насихаттауға арналған ғылыми – практикалық конференция болп өтті. 11-сынып оқушысы Ғалым Жанайдар 2-орын иеленді.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған ұлттық тәрбие жүйесі бойынша мектепте жыл бойына бірнеше іс шаралар өтіп тұрады.. Мектептегі тәрбие жұмысының құрылымы, Кешенді тәрбие бағдарламасының негізгі басымдық бағыттарының бірі азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша мектеп оқушыларының жауапкершіліктері мол.











13



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!