СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

2. 1. Тәрбиелік-воспитательная: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру.

Дамытушылық-развивающая: Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.

3. Оқыту-обучающая: Уақытты бағдарлай білуді қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар/пед. технологий: денсаулық сақтау технологиясы

Просмотр содержимого документа
««Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.»»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспек организованной учебной деятельности в старшей группе.


Өткізу күні/Дата проведения: 25.04.2018 жыл.

Тәрбиеші/ Воспитатель: Хамитбекова Н.Б

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Барлық мамандықтар маңызы.»

Тақырыбы./Тема: «Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.»

Мақсаттары/. Цели:

1. Тәрбиелік-воспитательная: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру.

2. Дамытушылық-развивающая: Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.

3. Оқыту-обучающая: Уақытты бағдарлай білуді қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар/пед. технологий: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, қарандаштар, жұмыс дәптері.

Көптілділік: күн-день-day, түн-ночь-nihgt, апта-неделя, ай-месяц, кеш-вечер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Күннің көзі ашылып,
Көкте  шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
 Сәлем дейік үлкенге.
Жыл мезгілдері, ай, апта күндері туралы

түсініктерін тексеру

Ауа-райын әңгімелеу


2.Негізгі бөлімі

Ғажайып сәт:

Есік қағылып, Ересек «Жұлдыз» тобына деп жазылған арнайы Есепбике ханымнан хат келді. Тәрбиеші балаларға хаттың мазмұнын толық түсіндіріп береді.

-Балалар сіздер Есепбике ханымның мына хатта жазған тапсырмаларын орындай аласыздар ма? Балалардың математикалық түсініктерін тексеру, өткендерді қайталау.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.
1 - тапсырма. Жұмбақ жасыру

«Бұл қай кезде болады»
2 - тапсырма. « Аптада неше күн бар?»

Бір аптада неше күн бар?

Бір аптада жеті күн бар.
Апта деген атайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі - Дүйсенбі.

Екіншісі – Сейсенбі.

Үшіншісі – Сәрсенбі.

Төртіншісі – Бейсенбі.

Бесіншісі – Жұма.

Алтыншысы – Сенбі. Жетіншісі – Жексенбі.
"Апта күндері" ойыны .Мақсаты: Апта күндерін есте сақтау.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз, 
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір, 
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз, 
Гүл - гүл жайнап жанамыз.


3 - тапсырма. «Жұмыс күндері қандай?»

Жаңа тақырып: Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау: таңертең, күндіз, кеш, түн.

Ізгі сөздер

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бір жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен

«Қайырлы таң!»-деймін мен

Күндіз де елді елді елеймін

«Қайырлы күн!»-тілеймін

Үйге кешке келемін,

Недерімді білемін

«Кеш жарық!»-деп кіремін.

Көптілділік: күн-день-day, түн-ночь-nihgt, апта-неделя, ай-месяц, кеш-вечер

Дәптерді ашып, таңертең, күндіз, кеш, түн деген сөздерді бекітуге арналған 1-тапсырманы орындайық. Адамдардың таңертең, күндіз, кеш, түнде не істейтіні туралы әңгімелесіп алайық.

  • Сіздерді ата-аналарың қай кезде балабақшаға әкеліп тастайды және қай кезде алып кетеді?

  • Қай уақыттарда адамдар тамақтанады?

  • Таңғы ас – таңертең, түскі ас – күндіз, кешкі ас – кешке ішіледі. Ал түнде адамдар тамақ жемейді, түнде адамдар ұйықтайды.

3.Қорытынды:

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, бізге бүгін қонаққа кім келді?
Қандай тапсырмалар орындадық?

Біз немен таныстық?



Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспек организованной учебной деятельности в старшей группе.


Өткізу күні/Дата проведения: 25.04.2018ж

Тәрбиеші/ Воспитатель: Хамитбекова Н.Б

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.

Пән/Предмет: Жапсыру.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Барлық мамандықтар маңызы.»

Тақырыбы./Тема:. «Жапалақ.»

Мақсаттары/. Цели:

1.Тәрбиелік-воспитательная: Қағазды қолмен жұлмалап қию әдісін бекіту. 2.Дамытушылық-развивающая: Техникалық құралдарды ұқыпты пайдалануға дағдыландыру 3.Оқыту-обучающая: Қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар/пед. технологий: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: желім, қыл қалам, желім қоюға арналған ыдыс, қағаз қалдықтарын салатын қорап, таза шүберек, баспа қағаздары, фломастер болуы керек.

Көптілділік: дос – друг, құс-птица, жапалақ-сова

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық
Балалардың көңілін суреттегі құстарға аудара отырып, олардың түр – түсін, дене тұрқын (басы, денесі, құйрығы, қанаты, аяғы, ағаш басында қонақтап отырғанда торғайдың қанаттарының жиналатыны, ұшқанда жайылатыны) анықтап алады.

Бүгін отырған және ұшқан торғайдың бейнесін қағаздан қиып, жапсыратындықтарын айтады.

Презентация Құстар.ppt суреттері бойынша әңгімелейді.


2.Негізгі бөлімі

Ғажайып сәт:

Балалар сиқырлы баққа барғыларың келе ме? Олай болса сиқырлы баққа барайық. Балалар сап түзеп жүред.

Біз келеміз адымдап

Жол ізімен арындап

1,2,3,4

Қолды жоғары көтеріп

Биіктерге жетеміз

Үп-үлкен боп өсеміз.

-Балалар міне сиқырлы баққа да келдік. Қандай керемет бақ, балалар сендерге ұнайды ма?

Адемі, түрлі-түсті құстардың суреттерімен таныстыру. Жапалақ құсқа ерекше тоқталып, қысқаша мәлімет беру. Жапалақтар Антарктидадан басқа әлемнің барлық жерлерінде кездесетін жыртқыш құстар тобына жатады. Жапалақтардың көбі түнде белсенді, олардың үлкен баңырайған көздері және имек тәрізді тұмсыңтары болады. Жалпы, жапалақтарды екі топқа бөледі, олар — кәдімгі жапалақтар және құмайлар. Кәдімгі жапалақтардың шамамен 122 түрі, ал құмайлардың 12 түрі белгілі

Көптілділік: дос – друг, құс-птица, жапалақ-сова

Ойын: «Қандай құстың дауысы?»



Бүгін отырған жапалақтың бейнесін қағаздан жұлмалап қиып, жапсыратындықтарын айтамын.

Сергіту сәті:

Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы
Ортан терек жалғасы
Шылдыр шүмек кезекші
Кішкентай шынашақ
Жұмыс істеу барысы

Жұмыс барысы:

Жұмыс барысын түсіндіру. 
-Жұмысты бастамас бұрын қолымызды жұмысқа дайындап алайық. Массаж доппен жаттығу жасау. 
1. Балалар, бірінші біз қоңыр түсті қағазды кішкентай бөлшектерге бөлеміз. Ол бізде жапалақтың денесі болады
2. Фломастермен көзін, және аяғын саламыз

3.Қиындылардан бұрыштап аяғын, тұмсығын, ал дөңгелектеп көзін қияды;

Балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау. 
Жұмысты аяқтау. 

3.Қорытынды:

Сабақ соңында балалар жұмыстарын қызықтап, көрмеге қояды.

«Құстар – біздің досымыз» атты тақырыпқа әңгіме құрастырады.

Жапалақтың түсі қандай?
Қайда саяхат жасадық?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, қатыспағандарды ынталандыру

Жарайсыңдар, балалар!

























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!