СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҰБТ кезіндегі стрессті жою

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

11 сынып оқушыларына арналға тренинг. ҰБТ кезінде психологиялық стрессті жою.

Просмотр содержимого документа
«ҰБТ кезіндегі стрессті жою»

«Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені»КММ












Тренинг сабақтың тақырыбы:

«ҰБТ кезінде стрессті жою»







Педагог-психолог

М.Т.Мухаметкалиева


















2018ж


Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.

Міндеті:

  • Өзіндік сенімі болуға баулу.

  • Өзіндік бағалауын анықтау.

  • Стресті жеңуге жол көрсету

  • Оқушыларға ҰБТ-ті сенімді тапсыруға дайындау.

Сабақтың түрі:  психопрофилактикалық сабақ


Тренингтің барысы:

Психолог: Сәлеметсіздер ме? Көңіл – күйлерін қалай? Бүгінгі тақырыбымыз « ҰБТ кезінде стрессті жою » келесі жаттығуымызды бастамастан бұрын біз өзімізге ереже құрып алайық.
Ойын ережесі
– бір-бірін тыңдау
– уақыт үнемдеу
– белсенділік таныту
– достық қарым-қатынас
– жағымды эмоция тудыру
 Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат,  міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын!

  1. «Ойландыратын жағдай» бейнебаяны

  2. «Мамандық таңдау» тесті

  3. «Шынымды айтсам» жаттығуы

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.

Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.

Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөзді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.

Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, тест, емтихан, туралы ойлансам....

Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда....

Шынымды айтсам, мен алдағы тест, емтиханда болатын стрессті ұмытқанда....

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде....

Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойлағанда....

Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда....

Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде....

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда....

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда....

Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде....

Талдау:

Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

Топ қатысушылары туралы жаңа бір-бір нәрсе білдіңіздер ма?

Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңызға қандай?

  1. «Ашулы қарлар» жаттығуы

Мақсаты: бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа шығару.

Нұсқау: Оқушылар қазір біз сіздермен өте бір қызықты жаттығу өткіземіз , ол үшін сіздер берілген қағазды ақырындап бумаждай бастаймыз, енді біраз тезірек бумаждаймыз, қаттырақ бумаждай бастаймыз. Енді осы қағаздан түйір жасаймыз. Ал енді оқушылар қазір біз сіздермен 2 топқа бөлінеміз, осы қағаз түйірлерін біз қазір бір- бірімізге лақтырамыз, яғни қай топта қағаз түйірлері көп болса сол топ жеңіліп қалды. Ал, кәнекей бастайқ!

Жақсы рахмет! Қай топта қағаз түйірлері көп? Қайта шеңберге турамыз.

Кері байланыс: Қағазды бумаждағанда қандай сезімде болдыңыздар? Ал қағаз түйірдерін лақтырғанда қандай сезімде болдыңыздар?

Яғни сіздердің барлық ауыртпалықтарыңыз осы қағазбен кетті.

  1. « Ну ормандағы жаңбыр » жаттығуы
    Нұсқау: Қанекей, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасында қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталады, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды. Сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты.
    Талдау : Сіздер осындай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз ? 
    Жағымды болды ма ? 
    Әлде, тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма ? 
    Өз сезім күйлеріңізбен бөлісіңіздер

  2. «Өрмекші торы» жаттығуы

Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады. 
Қажетті құрал: түрлі – түсті жіп орамы.
Нұсқау: Барлықтарың ортақ шеңберге отыруларыңды өтінемін. Мен сендерге өте қызық бір ойынға қатысуды ұсынғым келіп отыр. Біз қазір бір-бірімізді біріктіретін үлкен өрмекшінің торын құрамыз. Сонымен қатар әрқайсымыз жолдастарымызға деген мейірімді ойлар мен сезімдерді көрсете аламыз. Қазір мен сендерге ойынның жүргізілу тәртібін айтамын.
Жіп орамының ұшын бірнеше рет алақанда ораймыз да орамды оқушылардың біріне көрсетесіңдер . Сендер менің не істегенімді көріп тұрсыңдар “өрмекші торында” келесі болатын оқушыны таңдадым. Орамды біреуге бергеннен соң “Қанат (Ғалым, Берік) сен, маған ұнайсын себебі ...- деп ойынды жалғастырасың мысалы, мен былай айтамын “Қанат! Сен маған ұнайсың себебі сабақ басталмас бұрын сен маған сыныптың есігін аштың”. Оған айтылып жатқан сөздерді тыңдап болған соң, Қанат өрмекшінің торы тартылып тұруы үшін, өз алақанын жіппен орайды. Содан соң орамды кімге берерін Қанат ойлап шешуі керек. Орам келесі қатысушыға келгенде Қанат ойыншыға былай дейді: Ұлжан сен маған ұнайсың, себебі сен маған кеше математикадан қиын тапсырманы шешуге көмектестің”. Бұл адам сізді немен қуантқалы отыр немесе сіз не үшін алғыс білдіргіңіз келетіні туралы айта аласыз. Осылайша біздің ойымыз әрі қарай жалғасады. ... Орамды беріп жатқанда сізге не айтқанын жақсылап есте сақтаңыз.
Ойын барысында барлық оқушылар орамды алып шығуын мұқият қадағалаңыз. Егерде кейбір балаларда алғашқыда “сен маған ұнайсың, себебі ...” деген дәйексөзді айту қиындық тудырса, оны “маған... ұнайды” деген сөздермен ауыстыруға мүмкіндік беріңіз.
Бірте-бірте “өрмекшінің торы” өсіп толықтырылады, соңғы орамды алған бала оны кері бағытта жинай бастайды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию. 
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық. 
7. Хат  тренинг

М а қ с а т ы :оқушылардың қарым – қатынасын жақсарту, бір – бірін жақын танып білу.

Бірінші тапсырма:Ең алдымен бір бет парақ ал, сол параққа өзіміздің аты – жөнімізді толығымен жазамыз.

Екінші тапсырма:Психолог парақтарды жинап алып

бір – біріне таратады. Енді алдарыңызға түскен оқушының  жақсы қасиеттерін жазыңыздар.

Үшінші  тапсырма : Психолог парақтарды жинап алып  бір – біріне таратады.Енді алдарыңызға түскен оқушының  жаман қасиеттерін жазыңыздар.

Төртінші тапсырма : Психолог парақтарды жинап алып  бір – біріне таратады.Енді алдарыңызға түскен оқушының  сыртқы бейнесіне қарап болашығы қандай болмақ.

Бесінші  тапсырма : Психолог парақтарды жинап алып  бір – біріне таратады. Енді алдарыңызға түскен оқушының  ортамен деген қарым – қатынасы қандай ?

Алтыншы   тапсырма : Психолог парақтарды жинап алып  бір – біріне таратады. Енді алдарыңызға түскен оқушыға жақсы тілек жазамыз.


Қорытынды

-Сізге тренингте не ұнады?

- Не ұнаған жоқ?

-Өзіңді жақсы түсіне алдыңыз ба?

-Тренинг сабақ керек пе, стресстен жоюға көмек болды ма?



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!