СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біз тұратын қала» (сурет бойынша әңгіме құрау)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біз тұратын қала» (сурет бойынша әңгіме құрау)»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біз тұратын қала» (сурет бойынша әңгіме құрау)

Мақсаты: Сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылықтарын арттыру. Қаланың көрікті орындарын ретімен сипаттап, әңгіме құрастыра білуге үйрету. Өз мекеніне, қаласына  деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Мнемотехника әдісі арқылы қаланың көрікті орындарын ретімен сипаттап, әңгіме құрастыра білуге үйрету.

Көрнекіліктер:  түрлі – түсті қарындаштар, үлгі суреттер, слайд, таратпа құралдар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы кезең

-Балалармен сәлемдесу. Шаттық шеңбері

Балабақша туған үйің секілді,

Балаларға толы іші қашанда.

Бәріміз де – сен де, мен де, басқа да,

Қалаймыз біз бір тобасы болуды!


- Оқу қызметімізді бастамас бұрын слайдқа назарларыңды аударыңдар.

- Мына бейнероликте сендер нені көрдіңдер?

-Балалар, сендердің осы тұрып жатқан елді мекендеріңіз қалай аталады? 

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, біз Дендер ауданында тұрамыз. Яғни, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті.


-шаттық шеңберіне тұрады. -назарларын бейнероликке аударады.



–Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті жайлы бейнероликті көрдік.


Ұйымдастырушы-ізденуші кезең

- Балалар, бүгін біз «Қатынас» білім беру саласы бойынша Сөйлеуді дамыту оқу қызметінен сендерге туып өскен  жеріміз, қаламыз жайлы әңгімелесетін боламыз. - Балалар, сендер білесіңдерме, Қазақстан  Республикасының көптеген қалалары мен  ауылдары бар.  Сол қалада  сендер сияқты бақытты балалар  тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін  мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен біз тұратын қала жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.

Суретпен жұмыс - Біз Қазақстан Республикасының Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті.

тұрамыз. Ауданымызда мектептер және бала-бақшалар, кітапханалар, ескерткіштер көп. Біздің ауданымызда атақты жерлестерге арналған ескерткіштер, аудан көшелерінде неше түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп. Мына суреттерге қарап облысымызда,ауданымызда қандай ғимарат екенін есімізге түсірейікші. 
  • Балалар мынау Атырау облысы. Атырау облысының қандай әдемі екенін қараңыздаршы. Жайық өзені бар.

  • Неше түрлі зымыраған көліктер.

  • Бұл музей- музейде ата- бабаларымыздан қалған ескі заттарды осында сақтайды екен, көрдіңдерме? Музейдің іші өте әдемі екен.
  • Бұл –мәдениет үйі. Мәдениет үйінде көптеген қойылымдар, ән кештері өтеді. 
  • Қаламыздың орталық алаңы.

  • Бұл – аурухана. Мұнда ақ халатты дәрігерлер жұмыс жасайды. Ауырған науқастарды емдейді.

Дидактикалық ойын: «Менің мекенжайым» -Біздер әртүрлі көшелерде тұрамыз. Мәселен, мен Б.Момышұлы көшесінде тұрамын. 
Ал сендер қай көшеде тұрасыңдар?  -Біздің ауданымызда қандай ғимараттар бар екен? 

Суреттерді қолымызға алып, ауданымызға қатысты ғимараттарды, ауданымыздың байлықтарын өзге суреттерден ажырата білу.

-Балалар, шаршаған боларсыңдар, қане, бойымызды бір сергітіп алайық. (слайдқа назар аударып, қимылды қайталайық)

Сергіту сәті

Көше бойы келеміз,

Онда не бар көреміз:

Автобекет, дүкендер,

Мұражай мен әуежай.

Барлық үйлер сәулетті

Біздің қала әдемі!


Шығармашылық сәт

«Менің қалам» тақырыбына сурет салу ұсынылады.

-мұқият тыңдап отырады.













-суретке назар аударып, мұқият тыңдайды.





-жайық өзені



-көліктер


-музей




- мәдениет үйі



- аурухана







-өздері тұратын көшенің атын атайды.








-Өлең жолдарын бірге айтып, мазмұнға сай қимылдап,

сергіту сәтін жасайды.




-«Менің қалам» тақырыбында сурет салады.


Рефлексивтік кезең

«Сұрақтар»

Сұрақтар қойып, оқу қызметін талдап қорытындылау. -Бүгінгі оқу қызметінде не жайлы әңгімелесті? -Біз тұратын қалада қандай ғимараттар бар екен? -Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Балаларды мақтап, мадақтау.

-қойылған сұрақтарға жауап береді.


-ауданымыз жайлы

-мұражай, мәдениет үйі, саябақ, аурухана.

-ия, ұнады

 

Күтілетін нәтижелер:

Түсінеді: өз мекен-жайы мен тұрғылықты қаласының атын, ондағы мәдени орындары туралы түсінеді;

Қолданады: қаланың көрікті орындарын сипаттап, әңгіме құрастыруда ғимараттардың атауын қолдана алады.






Скачать

© 2020, 968 4

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!