Мектеп | «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектеп»КММ |
Күні | | Мұғалімнің аты-жөні | Ұлдахан П.Р. |
Сынып | 7 «А» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты / оқу бағдарламасына сілтеме / | 7.1.2.15 – элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу; 7.1.2.16 – химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық / формулалық массасын есептеу; |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар үйренеді: Валенттілік, химиялық формула, салыстырмалы молекулалық масса деген ұғымдардың анықтамасын біледі және мысал келтіріп айта алады. Оқушылардың көбісі үйренеді: Химиялық қосылыстардың формулаларын құрастыруды үйренеді, химиялық қосылыстың формуласы бойынша оның салыстырмалы массасын есептеп шығаруға дағдыланады. Кейбір оқушылар үйренеді: Химиялық формулаларды қолданып,уш және одан да көп атом түрінен тұратын заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарады. |
Бағалау критерийі | Элементтердің атаулары мен олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолданып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын анықтайды. Зат формулаласын дұрыс жаза біледі Қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептей алады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология Химиялық формула, индекс, коэффициент, с.а.м. – терминдерімен танысады, біледі. Оқытудың тілдік мақсаты: Айтылым: Химиялық формула, валенттілік, салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не? – сұрақтарға ауызша жауап береді. Тыңдалым: есептер жинағын пайдалана отырып, қосылыстар соның ішінде оксидтердің с.а.м. анықтау үшін оқушылар бір-біріне түсіндірді, тыңдайды. Оқылым: оқулықпен жұмыс жасайды, мәтінді оқиды. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Химиялық формула – заттың құрамын ... ... .... және ... арқылы шартты түрде жазу. |
Оқу дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану |
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауаптылықты еліміздің территориясында периодтық жүйедегі барлығы дерлік химиялық элементтердің кездесетініне көз жеткізу арқылы |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, ноутбук, және интернет – ресурстар т.б. |
Пән аралық байланыстар | Математика – есептеулер жүргізу |
Қосымша білім | 7.1.2.10 – салыстырмалы атомдық масса туралы мәліметтер толық біледі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері, уақыты | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут 1,5 минут 2,5 минут 6 минут | Ұйымдастыру шаралары Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық ахуал. Оқушыларға смайликтер үлестіріледі.  Оқушылар көңіл-күйлеріне сай смайликті көтереді. Бүгінгі сабақ барысындағы жақсы көңіл-күйімізбен кірісеміз. Сынып оқушыларын топқа бөлу. Топқа бөлу үшін «Дорба» әдісін пайдаланамын. Дорбаның ішінде «Валенттілік», «Химиялық формула», «Салыстырмалы молекулалық масса » сөздер жазылған парақшалар болады. Оқушылар бір-бірден келіп парақшаларды алып, топтарға бөлінеді. Нәтижесінде үш топ болады. Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат, Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат, Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адамдық, Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық деп сабағымыз басталады. Т/Ж. №1 тапсырма «Сұрақтар жаңбыры » әдісі   
? ? Үйге берілген тақырып бойынша әр топтар параққа сұрақ жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұраққа жауабын жазып, кері лақтырады. Жауабы тексереді. Кері байланыс: қол шапалақ және мұғалімнің қолдауы | смайликтер Топқа бөлу «Дорба» әдісі «Сұрақтар жаңбыры» әдісі |
Сабақтың ортасы 27 минут 4 минут 7 минут 3 минут 11 минут 2 минут | Бүгінгі тақырыпты ашу үшін « Сәйкестігін тап » әдісін қолданамын. Химиялық формула | | H2O | Салыстырмалы атомдық масса | | Н2 | Валенттілік | | H2 , AI | Салыстырмалы молекулалық массса | | 5AI2O3 | Химиялық элемент | | Н3PO4 | Коэффициент | | VII II Mn O | Индекс | | P2O5 | Тапсырманы орындаған соң бүгінгі сабағымыздың тақырыбымыз ашылады. Т/Ж. тапсырма № 2 « Бинго » ойыны 
Бинго ойыны
Топтарға бірнеше карточкадан үлестіріледі. 1 карточкада - «Валенттілік», «Химиялық формула», «Салыстырмалы молекулалық масса » - анықтамасы, мысал келтіру. 2 карточкада – Элементтер берілген, одан формула құрастыру. 3 карточкада – Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын табу. Бағалау критерийі: Бинарлы қосылыстарды дұрыс атайды Зат формулаласын дұрыс жаза біледі Заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептей алады Дескриптор: Формуласы берілген бинарлы қосылысты атай алады, Элементтік ара-қатынас бойынша зат формуласын жаза алады. Екі не одан да көп элементтен тұратын заттың салыстырмалы молекулалық формуласын есептей алады. Кері байланыс:
 Ұжымдық жұмыс. Кейс стади әдісі. Элементтерді пайдаланып, формула құрастырып, тапсырманы құрбыларыңа - арнап, хат жазып жібер. Хат былай басталып жазылады: Сәлеметсіңдер ме, мына тапсырмаларды орындап көріңдерші ...  Кері байланыс: « Баспалдық әдісі »  | Кесте «Сәйкестігін тап» әдісі Бағдаршам әдісі Кейс стади әдісі Қалта және хаттар Баспалдақ әдісі стикерлер, маркерлер |
Сабақтың аяғы 3 минут | Рефлексия Білемін, білгім келеді, түсінбедім.  Бүгінгі тақырыпқа сай оқушылардың тақырыпты меңгергені « Білемін », «Білгім келеді », « Түсінбедім » үш түсті смайликтер арқылы бағалайды. |  Білемін, білгім келеді, түсінбедім әдісі |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушылар салыстырмалы молекулалық массаларын есептеулері қажет. Оқушылар топта және өздігінен жұмыс жасайды. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Себебі тапсырмалар SMART мақсатқа сай құрастырылған. Сабақ барысында оқушыларды қолдап, мадақтап отыру үшін кері байланыстарды қолдандым - «Бағдаршам» әдісі, қол шапалақ және т.б. Сабақта қабілеті жоғары оқушыларға білімдерін тереңдету үшін, Кейс стади әдісін пайдаланып, шығармашылыққа баулыдым. | Оқушылар топтық жұмыс және ұжымдық жұмыс барысында бағаланады. Бағдаршам әдісі, Білемін, Білгім келеді, түсінбедім әдісі. Материалды меңгеру үшін «Сұрақтар жаңбыры» әдісі, «Бинго» ойыны, «Сәйкестігін тап» әдісі, «Кейс стади» әдіс-ін қолданылды. | Химия кабинеті таза, жарық және желдетілген. Оқу құралдары, қажетті құрал-жабдықтар, ресурстар өз орнында, ҚТЕ сақталған. |