СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Викторина "Саяхат" 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок-викторина "Саяхат" в 4 классе.

Просмотр содержимого документа
«Викторина "Саяхат" 4 сынып»

Қазақ тілі сабағы

Сынып: 4

Тақырыбы: Викторина: «Зоопаркке саяхат»

Білімділік мақсаты: Қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерін жүйелеп, өзіндік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлау қабілеттерін арттырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;

Дамытушылық мақсаты: Түрлі тәсілдер арқылы балалардың байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойларын ауызша да, жазбаша да жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Тілдік қорларын байыту;

Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырмалар арқылы оқушыларды мейірімділікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу.Аңдарға,құстарға деген сүйіспеншілік арттыру.

Түрі: Білімділер сайысы,викторина,ашық сабақ

Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар,суреттер, сызбалар,слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу.Кезекшімен сөйлесу.

1. Бүгінгі сабақтың түрін, мақсатын айту, оқушыларды топқа бөлу

2. Өтілетін жұмыстың жоспарымен таныстыру.

«Зоопаркке саяхат» викторинасы (сайысы) төмендегідей жоспардан тұрады:

1. Таныстыру

2 «Сөз тапқанға …»

3 «Ойлан тап»

4 «Сен білесің бе?»

5. «Кім жылдам?»

6. «Сыңарын тап»

7. Ойын ойнау «Кесек қар»

8. «Әңгіме кұрастыру»

Мұғалім сөзі: Қазақ тілі - өміріңде, өлеңде,

Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.

Қазақ тілі болашаққа жетелеп,

Өз білімдерін балалар сабақта көрсетді.



І. Таныстыру

(әр топ өздерін таныстырады)

І топ: «Барыс» тобы

ІІ топ: «Жолбарыс» тобы

ІІІ топ: «Сұңқар» тобы

ІІ. «Сөз тапқанға…»

(Екі топтан үш оқушыдан шығады. Әр оқушыға әріптер таратылып беріледі.

Сол әріптер бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

«Б»

- Сен бүгін мектепке бардың ба? (Бардым)

-Қандай аңды білесің? (Барыс)

-Өзенде, көлде нелер бар? (Балық)

- Досыңның аты кім? (Боря)

- Жазда қайда болдың? (Барнаулда)

«А»

- Қыста балалар не істейді? ( Астанаға барады)

- Үйіңде неше жан бар? (алты)

- Қандай кітап оқыдың? (Алдар көсе)

- Шешеңнің аты кім? (Аня)

- Қандай құсты білесің? (Аққу)

«Т»

- Қандай қысқы киім бар? (Тон)

-Сенің досың кім? (Тарас)

- Қай қалада болдың? (Тараз)

- Оған немен бардың? (Трамваймен)

-Қандай құсты білесің? (Тотықұс)

«Ж» - Математика сабағы қандай? (Жақсы) (1,2,3 топқа)

- Ұлдар көйлек кие ме? (Жоқ)

- Атың кім? (Жора)

- Фамилияң кім? (Жиров)

-Қандай аңды білесің? (Жолбарыс)



ІІІ. «Ойлан, тап!»

(Екі топқа бірдей «Зоопаркке саяхат» деген сөздер беріледі. Сол сөздерден 3минут ішінде мағыналы бірнеше сөздер табу керек.)

Сергіту сәтін жасау.

ІV. «Сен білесің бе?» Викторина сұрақтары.

(Сегіз ұяшық беріледі.Екі топ кезектесіп аша отырып жасырынған сұрақтарды шешеді)

1 Ең биік жануар? (Керік)

2.Алматы зоопаркінде қандай жануарлар бар? (Жолбарыс,керік,ақ аю,үнді пілі,ақ аю,маймылдар т.б.)

3.Ең үлкен жануар? (Көк кит)

4.Ең кішкентай құс? (Колибри)

5.Жолбарыс қандай аң? (Күшті,жыртқыш аң)

6. Пілдің Отаны қай елдер? (Африка мен Үндістан)

7.Ақ аю неше жыл өмір сүреді? (40-50)

8.Түйе не жейді,неше күн суішпей жүре алады? (45)



V. «Кім жылдам?»

(Екі топқа ортақ сұрақтар қойылады. Білетін топ жылдамдық танытып, жауап беруі керек.)

1.Балықтың 5-6 түрін атап атаңдар.

2.Балықтар қай жерде мекендейді? (Өзенде,көлде,теңізде,мұхитта,аквариум)

3.Ең әдемі құстар?(Аққу,тотықұс,қырғауыл)

4.Ең үлкен құс? (Африкалық түйеқұс)

5.Ең ірі тасбақа қай жерде? (Малазияда)

6.Пілдің салмағы неше тонна? (9)

7.Түйенің сүті? (Шұбат)

8. Ең ірі маймыл... (Горилла)

9.Ең ірі көбелек? (Агриппина)

10.Ең жүйрік (Гепард)



VІ. «Сыңарын тап»

Сызбада берілген сөздердің сыңарларына стрелкамен апару арқылы сөздерді табыңдар. Қай сөз қай сөздің сыңары?

Біріншісі-Піл,жолбарыс,керік,тасбақа,көк кит,арыстан,қоян,түлкі,қасқыр,тиын.

Екінші сыңары – Үлкен,жыртқыш,кішкентай,жүйрік,биік,айлакер,қорқақ, алып,ірі,күшті,

VІІ.Ойын ойнау «Кесек қар»

VІІІ. «Кысқаша әңгіме құрып айту» (жануарлар,құстар,балықтар туралы)

Сабақты бекіту:

Рефлексия: Бүгін сабақта не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

Бағалау: баға және жұлдызша беру.

Үй жұмысы: Өткен модульді,сөздерді қайталау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!