СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ылғалды жылулықпен өңдеу терминологиясы .

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға ылғалды - жылулық өңдеу жұмыстары туралы түсінік, білім беру. Теориялық білімдерін тұрмыста, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа баулу, тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Ылғалды жылулықпен өңдеу терминологиясы .»

Сабақтың тақырыбы: Ылғалды жылулықпен өңдеу терминологиясы . Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ылғалды - жылулық өңдеу
жұмыстары туралы түсінік, білім беру.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін тұрмыста, күнделікті
өмірде қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,
ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа баулу, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: сарамандық.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, өзін – өзі тану.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын аударту.

ІІ. Үй тапсырмасы.
Қ айталау сұрақтары:
1. Ең алғаш тігін машинасының жобасын кім жасады?
2. Машинамен тоқуды ойлап тапқан кім?
3. Карл Вейзентальдың машинасы қандай, қай жылы шығарылды?
4. 1790 жылы қандай машинаға патент берілді, құрастырушы кім? 5. Тігін машиналарының «әкесі» деп кімді атаған?
6. Тігін машиналарын осы заманғы күйіне жеткізген кімдер?
7. Зингер тігін машиналары қай жылдан бастап шыға бастады?
8. Подолсьскі қаласында «Зингер» фирмасы қай жылы ашылды?
9. Киімнің тігілуіне байланысты тігін машиналары қандай түрлерге бөлінеді?
10. Сырып тігетін және жартылай автоматты тігін машиналары қандай операцияларды орындайды?


Қайталау сұрақтарының жауаптары:
1. Киім тігетін алғашқы машина жобасын ХҮ ғасырдың соңында Леонарда да Винчи ұсынды.
2. Осыдан 100 жылдан кейін, ХҮІ ғасырдың соңында ағылшын Уильям Ли әйелінің қолындағы тоқу бізінің қозғалысына мұқият зер сала отырып машинамен тоқуды ойлап тапты.
3. 1755 жылы неміс Карл Вейзенталь ортасында құлақшасы бар инемен жұмыс істейтін тігін машинасын ойлап тапты.
4. 1790 жылы ағылшын Томас Сент тәжірибеде былғары бұйымдарын оның ішінде етік тігуге пайдалануға болатын тігін машинасына патент алды.
5. 1844 - 1845 жылдары американдық Элиос Хау, Уолтер Хант тігін машинасының жұмыс істеу принциптерін пайдаланып, оған жетілдірген өзгертулер енгізді. Бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын жасап шығарды.
6. 1850 - 1851 жылдары американдықтар Ален Вильсон мен әсіресе Исаак Зингердің күш жігерімен тігін машинасы іс жүзінде осы заманғы күйіне жеткізілді.
7. 1850 жылдан бастап өз фирмасын ашып, Зингер тігін машиналары көптеп шығарыла бастады.
8. 1900 жылы «Зингер» фирмасы Мәскеу түбіндегі Подольск қаласынан зауыт ашып, шетелдерден әкелінген бөлшектерден тігін машиналарын құрастырды. Жылдық шығарылу саны 600 мыңға жетті.
9. Киімнің тігілуіне байланысты жалпы бағыттағы, арнаулы және жартылай автоматты болып бөлінеді.
10. Сырып тігетін машиналар бұйым бөлшектерін қайық тігімен қосуға арналған. Жартылай автоматты тігін машиналарын ілмектерді торлау, түймелерді қадау үшін қолданады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет.                                     Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы – шыттан, зығыр матадан, сәтеннен тіккен дұрыс. Бұл маталардан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді. Бұйым сапалы болу үшін ылғалды – жылулықпен өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Ылғалды - жылулық өңдеу кезінде қолданылатын құрал үтік. Бұйым тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп
отырады.  Ылғалды – жылулық өңдеуді әрбір тігісті орындағаннан кейін бөліктерді қосып болғаннан кейін және тігіп болғаннан кейін орындау қажет.                                                                                  

Балалар мен әйелдердің жеңіл көйлектерін әзірлеген кезде дымқыл - жылулық өңдеу едәуір орын алады және бұйымның бүкіл өңдеудің маңызы зор, ол жұмысыңның шамамен 15 - 20% - ын құрайды.
Бұйым сапасы мен оның сыртқы көрінісі көп жағдайда бұйымды тігу барысында да, сондай ақ оны ақырғы өңдеу кезінде де дымқыл - жылулық өңдеудің қалай орындалуына байланысты болды.
Дымқыл - жылулық өңдеу, негізінен, мына мақсатта қолданылады:
- бұйым бөлшектеріне көлемді - ауқымды пішім беру және әр түрлі тігіс түрлерін өңдеу;
- бөлшектерді желіммен қосу. Тұтас дымқыл - жылулық процесс екі сатыдан тұрады:
- талшықтарды дымқылмен және жылумен жұмсарту;
- алынған пішімді дымқылмен, жылумен және қысыммен бекіту.
Өңдеу процестері үтіктеу, басу және булау болып үшке бөлінеді.Үтіктелеген кезде матаның түріне байланысты қажетті температураны белгілеп, үтіктеп қыздырамыз.
– 200 С – тан жоғары емес температура (мақта – мата және зығыр кездемелер);
– 150 С – тан жоғары емес температура (жүннен жасалған және жібек маталар);
– 100 С – тан жоғары емес температура (синтетикалық мата).
Көптеген дайын бұйымдардың зат белгілерінде ылғалды – жылулық өңдеуге қажетті температура көрсетіледі. Ол үтікті қажетті температурада қыздыруға көмектеседі.    Техникалық қауіпсіздік ережесі:                             – Жұмыс барысында керекті құрал-жабдықтарды түгенде.                   – Резиналы кілемшеде тұрып, жұмыс жасауымыз қажет.
– Үтікті құрғақ қолдармен өшіріп – қосуды есте ұстауымыз қажет.
– Үтікті үтік қойғышқа қоюды ұмытпа!
– Матаның түріне қарай термореттегіш көрсеткішінің дұрыс қойылуына көз салып отыр.
– Қосылып тұрған үтікті қараусыз қалдыруға болмайды.

 Пайдалы кеңестер:

   Үтіктің беті қарайып не жырып өтуде мазаңызды алатындай болып кетсе қыруға болмайды. Қырған жағдайда сызылып, бұйымды үтіктеген кезде, бұйым бетінде жіптерін іліп алады. Мұндай жағдайда ақ қағазға ас тұзын салып, үтікті қыздырып, қағаздағы тұздың үстіне үтікті үйкелеп аламыз. Үтіктің бетіндегі қара дақтан құтыламыз.

ІV.Сарамандық жұмыс:   Алғашқы нұсқау: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Артық заттарды үстел үстінен алып тастау.
Ағымдағы нұсқау. Орындалу барысы және тексеру. 1. Жіптердің барлық қалған соңғы ұштарын алып тастаймыз;
2. Дайын алжапқышты үтіктейміз;
3. Дайын бұйымның сапасын тексереміз;
а) Сыртқы түрі таңдалған үлгіге сәйкес болу керек;
ә) Тігістің ені бүкіл ұзына бойына біркелкі болуы керек;
б) Машина тігістері тең болуы және матаның берілген жерінен белгілі бір қашықтықта өтуі тиіс;
в) Аспа бау, белдік қалталар ені ұзына бойына бірдей қалталар симметриялы болуы керек; Қорытынды нұсқау.
Жұмыс орнын жинастыру.

Эмоция тренингі. Оқушылар шеңберге жиналып, эмоция түрлерін мимикамен көрсетеді.

V.Қорытынды. 1.Дайын бұйымның сапасын қалай тексереміз?                                             2.Үтіктің қандай түрлерімен таныстық? 3.Бұйымның сапасы неге байланысты?       4.Үтікпен жұмыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелері  сақталуы керек?

VI.Бағалау. Оқушылардың жұмысын тексеру. Орындағанына қарай бағалау.

VII. Үйге тапсырма. Ылғалды жылумен өңдеуді әрі қарай үйрену, үйден матаны үтіктеп әкелу.




























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ














Сабақ жоспары




Сабактың тақырыбы: «Ылғалды жылулықпен өңдеу».








Сынып: 5 «А»

Пән мұғалімі:_______Кожина С.Б.

Машықкер:________ Есиркегенова А.С.









Астана 2017ж.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!