СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Заттардың агрегаттық күйлері

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

заттардың агрегаттық күйлері рпоррепенапа  павпрьаьрпонри иапрьамр ирпнгггггггггггг рпппппппппппппппппп панепаааааааааа пппппппнелллллл пггггггггггггггггпмиип мнанннннннннн нпеанпл аппппппппппп апргллллллллллллллл нпппппппппппппппппппгнн

Просмотр содержимого документа
«Заттардың агрегаттық күйлері»

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.1В. Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Заттардың агрегаттық күйлері

Оқу мақсаты

7.1.1.4. Заттардың әр түрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

  • Заттардың әр түрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық,газ тәріздес заттардың құрылымын түсінеді.

Бағалау критерийі

  • Заттардың агрегаттық күйлерін анықтайды.

  • Қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылысын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың тілдік дағдыларын, ойлау әрекеттерін жақсарту мақсатында пәнге қатысты лексика мен терминология ұсындым.

Қатты зат, газ тәрізді зат, сұйық зат, бөлшектердің кинетикалық теориясы, агрегаттық күй.

Диалогқа /жазылымға қажетті тіркестер

Агрегаттық күй, бұл........

Қатты заттарға мыналар жатады..........

Сұйық заттарға мыналар жатады...............

Газ тәрізді заттарға мыналар жатады............

Қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылымын ........... түсіндіреді

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыста қарым-қатынас жасау қабілеті басшылыққа алынып, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қаралады.

Пәнаралық байланыс

Физика, жаратылыстану

Алдыңғы білім

5.2А. Заттар және материалдар.5.3.1.2. Заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі







Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару, оларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Мұғалімнің/оқушының іс-әрекеттері

Ресурстар

Стол үстінде жатқан қағаздар бойынша оқушыларды тақырыпқа сай «қатты», «сұйық» және «газ» деп үш топқа бөлемін.

Үй тапсырмасын пысықтау ретінде өткен тақырып бойынша оқушылардан «Ой қозғау» әдісі бойынша химиялық диктант алынады. Бұл жерде балалардың жазылым, тыңдалым, есте сақтау дағдылары дами түседі.

  1. Құбылыстар ...... және ...... құбылыстар болып жіктеледі.

  2. Заттың агрегаттық күйі өзгеріске ұшыраса, ол ....... құбылысқа жатады.

  3. Заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілетін болса, ол ...... құбылысқа жатады.

  4. Темірдің таттануы, ол ........ құбылыс.

  5. Қар жаууы ....... құбылыс.

Осылай мен өткен сабақты пысықтап болған соң, спиральді тәсіл бойынша оқушыларға зат күйлері туралы әңгіме қозғап біртіндеп жаңа тақырыпқа көшемін.







Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы



Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға тапсырмалар беру арқылы олардың жаңа тақырып бойынша білімдері шыңдала түседі.

1-тапсырма:Джером Брунердің спиральді білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында әр топтың өз атауына сипаттамма беруі үшін «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін пайдаланып оларды постермен жұмыс жасатамын.Олар алдымен топта жұптасып, содан барып топтасып жұмыс атқарады. Сол арқылы оларды сындарлы сөйлеуге ұмытылуына, сыни тұрғыдан ойлауы мен механикалық есте сақтау қабілетін дамытуына зор ықпалын тигізеді.Сонымен қатар саралап оқыту технологиясына сәйкес бұл тапсырмалар төменнен жоғарыға қарай күрделене түседі, яғни қажеттілігіне сай олардың деңгейіне қарай беріледі.Ол үшін олар оқулықтағы осы ұғымдарды оқып шығады. Содан олар Выготскийдің теориясына сәйкес ынтымақтастық атмосферасын түзіп, олардың химиялық тілде сөйлеу қабілеттері артады. 1-топ – сұйық заттар туралы, 2-топ – қатты заттар туралы, 3-топ – газ тәрізді заттар туралы сипаттама береді. Блум таксономиясына сәйкес мұнда білу мен түсіну үдерістері орындалады.

Дескриптор.

-Сұйық зат туралы анықтама бере алады.

-Қатты зат туралы анықтама бере алады.

-Газ тәрізді заттар туралы анықтама бере алады

2-тапсырма:бұл Блум таксономиясының қолдану сатысына жатқызылады. Себебі балалар алған білімдерін одан әрі дамыта түседі, яғни қолданады. Кестемен жұмыс.

Бөлшектер теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің құрылымын, қасиеттерін атап, кестені толтырыңыз.

Заттардың агрегаттық күйлері

Заттардың қасиеттері

Бөлшектер теориясының негізгі ережелері

формасы

Көлемі

Бөлшектер ара қашықтығы

Бөлшектердің әрекеттесуі

Козғалу мәні

Орналасу тәртібі

Газ







Сұйық







Қатты














Дескриптор:

-газ тәрізді заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтай алады,

-сұйық заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтай алады.

-қатты заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтай алады.


Динамикалық үзіліс: сергіту сәті.


3-тапсырма. Эссе жазу 5 минуттық

Заттардың әр түрлі агрегаттық күйде болатынына мысалдар келтіріп, оны өмірмен байланыстырыңыз.

Дескриптор:


-агрегаттық күйлері әр түрлі заттарды өмірмен байланыстырып түсіндіре алады.

-заттардың агрегаттық күйін анықтай алады,

-қатты заттардың анықтамасын жаза алады,

-сұйық заттардың анықтамасын жаза алады,

-газ тәрізді заттардың анықтамасын жаза алады





Плакаттар






Оқулық






Сабақтың соңы

Рефлексия


Білемін

Білгім келеді

Білдім






Үйге тапсырма: заттардың агрегаттық күйлері. Тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап беру.

БББ парағы

Саралау

Мұнда мен тапсырма әдісін пайдалана отырып әрбір оқушыны оның мүмкіндігі және қабілеті деңгейінде оқытуды және оқушылардың әр түрлі топтарының ерекшеліктеріне қарай оқытуды бейімдеуді басшылыққа ала отырып, қабілеті жоғары оқушыларға алгоритмі жоғары тапсырмаларды, ал қабілеті төмен оқушыларға алгоритмі төмен тапсырмалар беремін.


Бағалау: оқушылар үнемі бағаланып отырды, осылайша алға қарай жылжу,табыстылық,жақсарту,түзетулер жүріп жатты.


Диалог және қолдау көрсету: алдын ала дайындалған сұрақтар қойып,сөзбен қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамын.

Қорытынды әдісі:

Сабақ соңында оқушы ойын жинақтап,тақырыпқа байланысты

Білетінмін,Білдім.Білгім келеді деген сұраққа жауап беріп өз ойын қортындылайды.




Бағалау кезінде оқушыларды мен әр тапсырманы орындау барысында дескриптор арқылы "Бас бармақ","Бағдаршам","Күлекештер" бойынша және де сабақ соңында кері байланыс арқылы, БББ парағын толтырту арқылы бағалаймын.

Оқушылардың денсаулық кепілін жақсарту мақсатында, шаршауын басу үшін жас ерекшеліктеріне сай ширату жаттығуларын жасатамын.









































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!