СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Заттардың өзара орналасуы" ҚМҰҚ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: қызығушылығын арттыру, зейінділікке тәрбиелеу

2.Дамытушылық – развивающая:  Айналадағы заттардың орналасуын түсіндіру.

Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Оң –сол, алды –артын ажыратуды үйрету. Өзіне қатысты кеңістікті бағдарлау дағдысын дамыту. Заттардың орналасқан орнын үстінде, астында, алдында, артында, жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта т. б. ұғымдар арқылы айта білуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Заттардың өзара орналасуы" ҚМҰҚ»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Тақырыбы/Тема: «Заттардың өзара орналасуы»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: қызығушылығын арттыру, зейінділікке тәрбиелеу

2.Дамытушылық – развивающая: Айналадағы заттардың орналасуын түсіндіру.

Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Оң –сол, алды –артын ажыратуды үйрету. Өзіне қатысты кеңістікті бағдарлау дағдысын дамыту. Заттардың орналасқан орнын үстінде, астында, алдында, артында, жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта т. б. ұғымдар арқылы айта білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: өрнек салынған парақша, ойыншықтар, математика дәптері

Көптілділік/Полиязичие: оң жақта – спарва - to the right, сол жақта – слева - left, алдында – впереди - front, артында –сзади - rear


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Балалардың назарын топтағы заттардың орналасуына аудару.

Бөлмедегі заттарды атап, олардың орналасқан жерін бір - бірімен салыстыра отырып, ажырату. Мысалы: тақта төменде, шкафтар жоғарыда, терезе сол жақта, есік оң жақта орналасқан.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

1) Ойын: «Көршіңді тап».

2) Ұғымдарды меңгерту үшін «Ол жерде не жатқанын тап» ойыны ойналады. Шарты: Заттың қасиетін сипаттайды. Шшартты белгілер бойынша затты тауып, оның орналасқан орнын сипаттау керек.

3) Көрінісі аяқталмаған плакат пен суретші жұмысы ілінеді. Төменде күн, өзен, шырша, т. б. бейнеленген.

4) «Кімнің қайда тұрғанын тап»

Әртүрлі заттар мен ойыншықтарды пайдалана отырып, қайсысының қайда орналасқанын анықтайды. Мысалы: түлкі қуыршақтың алдында, қуыршақ қоянның оң жағында т. с. с.

Көптілділік: оң жақта – спарва - to the right, сол жақта – слева - left, алдында – впереди - front, артында –сзади - rear

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.

5) «Не өзгерді?»

Үстелдің үстінде бірнеше зат жатыр. Балалар заттың қалай орналасқанын естеріне сақтап қалады. Содан кейін көздерін жұмады. Сол кезде бір - екі заттың орны ауыстырылады. Мысалы: мысық қоянның оң жағында тұрды, қазір сол жағында.

6) «Өз өрнегің туралы айтып бер»

Әр балада өрнек салынған парақша бар. Оң жақтағы жоғары бұрышта – шеңбер, сол жақтағы жоғары бұрышта – шаршы, сол жақтағы төменгі бұрышта - доғал, ортада - үшбұрыш тұр.

Жеке жұмыс: Айлин шаршыны оң жақтағы шеңбермен ауыстыр.

7) Дәптермен жұмыс.

1 - тапсырма. Сурет бойынша сұрақтар қойып, балалар жауабы тыңдалады.

- Доптың қасында неше құс бар?

- Орындықтың астында, қыздың алдында неше құс бар?

- Ит қай жаққа жүгіріп барады?

- Ұшақ қай жаққа ұшып барады?

2 - тапсырма. Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал.

- оңға қарай - төмен қарай

- солға қарай - жоғары қарай

Бір нүкте – бір торкөзге, екі нүкте – екі торкөзге жылжиды.

3 - тапсырма.

Үстелге 2 - 3 фигура қойылады. Содан кейін олар бір - бірінің үстіне қойылады. Төмен, орта, жоғары сөздерін дұрыс түсінгенін тексеру. Бұл фигураларды бір - бірінің үстіне қойғанда қандай сурет шығады?

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз бүгін қандай ұғымдарды қайталадық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

- Балаларды мадақтау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!