СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Зерлі тақиядан киелі кимешекке дейін"

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Просмотр содержимого документа
«"Зерлі тақиядан киелі кимешекке дейін"»

Кисымова Светлана Михайловна

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы Көпжасар ауылы

«Д Нұрпейісова атындағы жалпы орта

білім беретін мектебі» КММ

мектеп директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

/ұялы тел.ном. 87774680381/


Тақырыбы: «Зерлі тақиядан киелі кимешекке дейін»

Мақсаты: Елбасы Н Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан айқын көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды жаңғырту, Оқушылардың бойындағы ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Сыныбы: 8-11 сынып қыз балалары

Өтілу формасы: дөңгелек үстел

Шақырылған қонақтар:

Гумарова Рысқаным - «Ақ әжелер әуені» ансамблінің мүшесі

Әсет Жұбанышқызы – зейнеткер асыл әже

Алма Нәсенқызы-әйелдер кеңесінің төрайымы

Алма Сатқанқызы – ауылдық кітапхана меңгерушісі

Алмагүл Сәуірбайқызы – ата-аналар алқасының төрайымы





Барысы:

-Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, шақырулы қонақтар! Наурыз мерекесі қарсаңында сіздермен жүздесіп, ұмыт қалып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, ұлттық сананы ояту мақсатында Елбасы Н Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан айқын көрініс тапқан ұлттық салт-дәстүрімізді, тіліміз бен музыкамыз, жөн-жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз мәңгі бойымызда қалуы тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері , ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды.Сондықтан жас ұрпақ санасына туған халқына, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында «Зерлі тақиядан киелі кимешекке дейін» тақырыбымен оздырылғалы отырған дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Жүргенде жанымды арбап жыр бұлағым,

өтіпті зымыраумен сұңғыла күн.

Бүгінде армандаймын бір көруді

анамның сыр шертіскен құрбыларын.

Ұқсайды өмір кейде түстенгенге,

адамға оны бөгер күш берген бе?

Бір сәлем берсем-ау деп асығамын

анамның қолынан шәй ішкендерге.

Баяғы келіншектер жүзі еліктей

жүр ме екен әлі күнге тізе бүкпей?

Көздері сиреді ме олардың да

анамнан қалған күміс білезіктей?...

Қою шәй, тамызары шырын қаймақ,

күлгенде жанарлардан Күн райлап,

Талықсып жалғыз аяқ, түйе сауып,

жүретін едіңдер-ау құлын байлап.

Аялап ата-енені гүл ғып керім

білмедім дәл сендерше кім күткенін...

Жалғыз өз үйің емес, ертеменен

аштыңдар бар көршінің түндіктерін.

Өсіріп ұл мен қыздың тау ғып бәрін,

бұл күнде жүрсіңдер ме саулық та мұң?

Қорқамын көзден ұшып барады-ау деп

сендердің ардай аппақ жаулықтарың.- деп Фариза апамыз жаулықтың қадірі мен қасиетін жырға қосқан екен

-Қазіргі уақытта әйелдердің бас киіміне қатысты дау-дамай көп. Бір анығы, қазақ әйелдері жалаңбас, шашын жайып жүрмеген. Бірақ тұмшаланып оранбаған. Қазақ әйелдері киген бас киімдер жас шамасына қарай, әлеуметтік жағдайына қарай ерекшеленіп отырған.

Бүгінгі дөңгелек үстелге 8-11 сыныптың қыз балаларын қатыстырып отырмыз. Олай болса сіздерге сұрақ

1.Қыз балалар мен әйел адамдардың ұлттық бас киімдерін білеміз бе?

2. Ол бас киімдердің бір-бірінен ерекшелігі қандай?

3.Қазақ әйелдері арналған бас киімдері туралы тереңірек білгілерің келе ме?

Ендеше оларға тоқталып өтер болсақ: Тұлымшағы желбіреген қыз ең алдымен тақия киеді. Тақия- қазіргі кезде қолданыстан шықпаған баскиім. Қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелермен, маржан тастармен әшекейленетін болған.Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған.Осылай әсемдеп тігілген тақия өте сәнді көрінген.

Олай болса зерлі тақия киген 5сынып оқушысы Бақтығали Нұржаханды бүгінгі дөңгелек үстелімізідің тақырыбына орайлас Мұқағали Мақатевтың «Ақ кимешек» өлеңімен ортаға шақырайық.

Бөрік –сырты мақпал пүліш не барқыт сияқты қалыңдау, қымбат бағалы матамен тысталған, төбесі биік, жиегін қымбат аң және мал терілерімен көмкерген бойжеткен қыздардың салтанатқа киетін баскиімі.

Бөрік киген қазақ қызының үлгісінде 9 сынып оқушысы Махамбетова Фаризаны халық әні «Әгугай-ай» әнімен ортаға шақырамыз

Қазақ ғұрпында қыз өз теңін тапқаннан кейін салтанатты түрде ұзатылады. Қыздық дәуреннің белгісі болған тақия шешіліп, орнына сәукеле киеді. Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім.

Сәукеле киген 9 сынып оқушысы Гумарова Гүлназды көпшілікке танымал Роза Әлқожаның айтып жүрген «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен қарсы алайық.


Одан кейін жас келін түскен жерінде бір жылға дейін желек жамылып жүретін болған. Желек- жас келіншектер басына жамылып жүретін шәлі орамал. Кейде желектің күнделікті тұрмыста қолдануға ыңғайлы үлгілерін де пайдаланған.

Келіншек балалы болған соң жаулық тартады. Жаулықты ақ түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді.Аналарды ардақтағанда «ақ жаулықты» деп дәріптеуі содан болса керек. Орамал тартқан келіншек үлгісінде бүгін біздің ортамызда мектебіміздің ата-аналар алқасының төрайымы, үш баланың асыл анасы Алмагүл апаны шақырған болатынбыз.

Жасы егделенген әйелдер иекті айнала, маңдайды жауып тұратын етіп, матадан тігіп, жиегін астарлап кимешек киетін болған. Кимешекті жас ерекшелігіне қарай көркемдеген. Жасы егделенген әйелдердің ою-кестесі жеңіл, сары,ақ жіппен сырылалды. Жастау әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленген. Кимешек киген асыл әже үлгісінде ауылымыздың «Ақ әжелер әуені» ансамблінің мүшесі Гумарова Рысқаным әжені шақырған едік.

Қазіргі таңда ұлттық киімдерді тек Наурыз мерекесінде ғана іздейтін әдетіміз бар.Олардың ерекшелігін білмей қалай болса солай тұтыну белең алды. Осы айтылған ұлттық бас киімдерді күнделікті өмірде сәукеле, тақия, бөрік киіп жүрмейтініміз айдан анық. Алайда бүгінде көпшілік орындарда, көшеде, үйде басына қазақы әдеппен орамал тартып жүретін әйелдерді өте сирек кездестіреміз. Жалпы «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші ..... 50-ден асып, 60-70-ке келген аналарымыз да орамал тарту сән емес деп жалаңбас жүретінін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Әрі қарай әңгімемізді осы орамал төңірегінде өрбітсек деп отырмын. Олай болса шақырылған қонақтарға сауал қойғым келеді.

1.Бас киімге байланысты қандай ырым-тыйымдар бар?

2. «Орамал тон болмайды, жол болады» деп жатады, осы сөздің мағынасын ашып берсеңіздер

3. «Ақ жаулықты» ана деп неге байланысты айтылады? Кез-келген баласы бар ананы «ақ жаулықты ана» деп айтуға бола ма?

4. «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріп берсеңіздер қыздарымызға.

Бүгінгі қонақтарымыздың ішіндегі Рысқаным әжеден «Ақ әжелер әуені» ансаблінің мүшесі ретінде бір ән сұраймыз.

Орамал – жаны нәзік жаратылған болмыс иелерінің басындағы байрақ. Ол туралы біз не білеміз? Жаңа ғана орындалған Халық арасындағы «Әгугай-ай» әнінде «Қыз Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау, Орамалы тұрады бес жүз жорға деген сөзінен қазақ бастағы орамалды қаншалықты бағалағанын аңғартса, Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Әже туралы әнінде» немересі әжесіне «Менің жаным жаулығыңа түюлі» дейді. Халық арасында кең тараған әндерден де аналарымыздың аппақ арындай болған ақ орамалды қаншалықты әспеттегенін аңғару қиын емес.

Қазақта «Әйел орамал тақпаса арын ұмытады, күйеуінің барын ұмытады, шашы тамаққа түседі, үйіне келген қонақтың назары түседі» деген сөз бар. Негізі орамал – ана екеніңді, біреудің жары екеніңді, ақ-адал ниетпен аттаған шаңырағың бар екенін білдіретін белгі.

Жалпы, қазақта орамалдың қадыр-қасиетін ұқтыратын әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылар баршылық. Солардың бір мысалы ретінде араша үшін ортаға орамал тастау ишарасын айтуға болады. Араға орамал тастау ғұрпы көбіне қыз, жесір дауы орын алып, екі рулы елдің арасы бүлінуге шақ қалған кездерде болған. Бұдан бөлек басқа да келеңсіз жағдайлардың кесірінен туындаған ағайын арасындағы тартыс кезінде сыйлы аналар тараптарды арашалап, бейбіт келісімге, мәмлеге келуге шақыру мақсатында орамалын ортаға лақтырған. Ал ананы сыйлайтын, орамал қасиетін бағалайтын ер азаматтар әлгі орамалды аттап өтуді ар санап,оның киесінен тайсақтап,қара күшке емес, сөзге жүгініп, келісімге келген. Әрі бармай-ақ өзіміздің Орал қаласындағы 1991 жылы қазақтар мен казактар арасындағы келіспеушілікті тоқтату мақсатында Айсұлу Қадырбаева бейбіт келісімге келтіру мақсатында орамал тастаған деседі. Өз кезегінде бұл әрекет екі жақтың да сабасына түсуіне септігін тигізген.

Орамал ешқашан аяқасты жатпаған, оны басып кетуден қатты секем алатын болған. Жалпы киіп жүрген баскиімді ешкімге таратуға, сыйға тартуға болмайды деген ырым да бар, үйдегі адам басының саны кемиді деп есептеген. Бас киімді тебуге, лақтыруға,теріс киюге болмайды . Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеген.Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Оны таза, ұқыпты киіп, төрге, жоғарға іліп қоятыны сондықтан болса керек.

Орамал тартудың физиологиялық жағынан пайдасы мол екенін мамандар айтып келеді. «Ер адамдар көбіне көктен, әйел адамдар жерден қуат алады». Сондықтан болар, әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кір, лас қуатты жинағыш келеді. Ал тазалық жағына келер болсақ, көшеде не асханада орамал тағып жүрсең, тамаққа не болмаса үй ішінде, жүрген жеріңе шаштарың түспейді.Жалаңбас жүрген адамның шашы жер-жерге түсіп, оны адамдар басып не лас жерге түссе сол адам ауруға шалдығады екен. Қыздар келісті етіп қызыл орамал тақса, ақ орамалды тұрмыстағы адамдар таққан екен. Орамал – қазақ әйелінің қорғаны. Балада еңбек деп аталатын тас төбеміз арқылы сыртқы энергияны қабылдайды екенбіз. Яғни жалаңбас, ашық-шашық жүретін әйелдерге жаман энергия көп өтеді. Кішкентай сәбиі бар әйел жалаңбас отырып бала емізбеген, жалаңбас болса бала есейгенде мәңгүрт болады, анасынан безеді,басына шығып, аяқасты етеді деп білген. Ер адам әйел адамның бас киімін кимейді, жаулығын салмаған. Себебі рухы жасиды деп есептеген.

--Олай болса дөңгелек үстеліміздің келесі бөлімі «Зерделіден зерлі сөз» бөліміне кезек беріп шақырылған қонақтарымыздан бүгінгі тақырып аясында ой түйін сұрағым келіп отыр.

Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жобасы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз керек.Заманның сынынан сүрінбей өтіп, озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуымыз керек.

Дәстүрім бақыттың бастауы боп,

Ақ келінге ақ орамал таққызған.

Енелер бар, қасиетін ұлық еткен,

Болашақ келіндердің орамалын.



Жалау етіп жанына қуат терген,

Жақсылықтан жылы тілек, жорамалы.

Тал бесіктен тәрбиеге қуат берген,

Ғасырдайын Әжелердің орамалы.



Қорғаған берген сертін сапта тұрып,

Уәде еткен Аналардың орамалы.

Бүгінде аппақ ниет тілеп көктен,

Ақжаулықта ұрпағымның тазалығы.





Ошағыңның үмітін жағар болсаң,

Білгей жүр, береке басы-орамалда!

Өңшең өткір немелердің көзі өтпеген,

Манағы айтқан кимешек, орамалға!



Тәңірінен сауға сұрап пәк тілегі,

Отан отын өшірмеген От-Ананың.

Алаш білсін, тағылым ет Аналардың,

Некедегі құдыретті Орамалын! –дей келе бүгінгі шараға келіп, өз ойларын ортаға салған қонақтарға шексіз ризашылығымды білдіріп, «Орамал тон болмайды, жол болады» деп сыйға орамал тартамыз!

Орамал қай заманда да, қай уақытта да, қай елде де өте үлкен құрмет пен қасиетке ие болған. Және ол кез-келген қыз-келіншектің көрігіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей. Нәп-нәзік, салмағы бар болғаны құстың қауырсынындай ғана орамал,барлық аруды қорғап жүруге күші жететін үлкен қасиетке ие.Орамалды құрметтегендер мойнына салады, қадіріне жеткендер оны басына шығарады.

Заман құйынының екпінімен қазақ әйелдерінің басынан суси сыпырылып, әлдеқайда маңып бара жатқан ақ орамалға ілесіп ұлтымыздың ұяты да көзден ғайып болып жүрмесін деген мақсатта өткен «Зерлі тақиядан киелі кимешекке дейін» тақырыбында оздырылған дөңгелек үстелімізді осымен жабық деп жариялаймыз!


















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!