СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жақсылық жасауға асығайық!" мерекелік кеш сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақпан айында өткен "Жақсылық жасауға асығайық" тақырыбында мерекелік кеш сценарийі. 

Просмотр содержимого документа
«"Жақсылық жасауға асығайық!" мерекелік кеш сценарийі»

Жалпы білім беретін Томан бастауыш мектебі













«Жақсылық жасауға асығайық....»

Мерекелік кешінің сценариі






Жауапты: Жекшимова А

Темирова Б

















2018 жыл


Тақырыбы:

Мақсаты:

- оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.


І жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ағайын! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт қауым! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – қайырымдылық, жомарттық, кең пейілділік. Әр адам бір-біріне жанашыр қамқор болу, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы


ІІ жүргізуші:

Болашақта еліміздің өркендеуі үшін білімді жастар керек екенін ескерсек, оларға дұрыс нұсқаушы боп, ісімізбен тәлім-тәрбие беріп, олардың жүрегін жылулық пен мейірімділікке толтырсақ, ертеңіміз үшін алаңсыз өмір сүруге болады. Республика көлемінде, жыл сайын өтетін, дәстүрлі «Қамқорлық» акциясы аясындағы «Жақсылық жасауға асығайық!» мерекелік кешіне қош келдіңіздер!


І жүргізуші:

Бүгінгі келіп отырған ауыл тұрғындарына ықыласымыз бен алғысымыз шексіз! Себебі, олардың барлығы да «қайырымдылыққа» үлес қосып келіп отыр.


ІІ жүргізуші:

Абайдың 14-інші қара сөзінде «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық акциясын өткізуге мұрындық болған Жанаргүл Серікқызына сөз береміз


Алғашқы сөз: Жанаргүл Серікқызы

  1. Ән: «Әке-ана» орындайтын Нағим Іңкәр


І жүргізуші:

Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу-жомарттық.

  1. «О доброте» музыкалық қойылымымен 4-сынып оқушыларын қарсы алайық


ІІ жүргізуші:

Сара Алпысқызы Назарбаева «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Сара анамыз «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді адами құндылықтарға, ізгілікке баулыған тұлға.


  1. Сара анамызға арналған өлеңдерге жол берелік.

Айбекқызы Айзада

Саясат Диляра

Нағим Іңкәр

  1. Ән: «Анажаным» орындайтын Адильбекова Нурай (бейнебаян Сара Назарбаева)

  2. Би: «Шашу» орындайтын «Ритмика» би тобы


І жүргізуші:

Балаларды қорғау керек бәрінен,

Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен

Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,

Жан жуағы, мейірім, бақыт, қуаныш

Балаларға бөлінбесін алалап


  1. Ән: «Балалық шақ» орындайтын Мұратқали Каусар (бейнебаян)

  2. Би: «Қуыршақтар» орындайтын ШО тәрбиеленушілер

ІІ жүргізуші:

Күлімдеген күн мейірімді

Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

Таза мөлдір су мейрімді!

Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!


  1. Ән: «Туған жер» орындайтын 2 – сынып оқушылары

  2. Би: «Спорт» орындайтын 1,2 сынып оқушылары

І жүргізуші:

Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Баланың бас ұстазы ата-ана

Өмір бойы сүйіп өтер балапанын

Бір саған сенім артар балапаның

Бір сәтке ұмытармын қиындықты

Сипаса маңдайымнан алақаның


  1. Ән: «Әже» орындайтын Жетпісбай Ұлдана

  2. Би: «Әжемнің сандығы» орындайтын Мұратқали Каусар

ІІ жүргізуші:

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, қолымыздан келген көмегімізді аямайық ағайын!


  1. «Мейірім» музыкалық қойылым. Орындайтын 2-сынып оқушылары.

  2. Би: «Гимнастикалық би» орындайтын 4-сынып оқушылары

  3. Ән: «Тұлпарым» орындайтын Нағим Заңғар

І жүргізуші

Біз тілейміз бар бөбекке,

Бақытты ғұмыр сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын, күлгенін.

Сусынымыз қанады,

Өнер, білім нәрімен.

Әлемдегі баланың,

Дос боламыз бәрімен.

Өміріміздің жалғасы, жанымыздың бөлшегі, бақытымыздың кілті – балаларымыз. Оларды рухани азықтандыру біздің парызымыз.


  1. Би: «Испан биі» орындайтын 3 – сынып оқушылары

  2. Ән: «Күзгі қайың» орындайтын Нағим Іңкәр және Хамидулла Арсен

ІІ жүргізуші

Қайырымды бола білу үлкен іс,

Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.

Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,

Біле білсең, өзің үшін ол жеңіс


І жүргізуші

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмытылып тұрайық!!!

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі –

дей келе, «Жақсылық жасауға асығайық!» мерекелік кешін аяқтаймыз. Бір-бірімізге жасайтын жақсылығымыз арта берсін!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!