СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жамбыл Жабаев және оның поэтикалық дәстүрлер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная статья рекомендованна учителям казахской литературы. Статья раскрывает поэтические традиции написания стихотворений и поэм талантливым акыном казахского народа Жамбыла Жабаева.

Просмотр содержимого документа
«Жамбыл Жабаев және оның поэтикалық дәстүрлер»

ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕР


Сәрсенбаева Айсұлу Бахтияровна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Лисаков қаласы

Қазақстан

zhumabaeva1977@1977


Аннотация

Өзектілігі: Қазіргі қоғамда болашақ ұрпақтың басты проблемаларының бірі отансүйгіштік сезімін, Отанға, туған жерге, туған халқына деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу мәселесі болды. Жамбыл Жабаевтың шығармаларында өз халқына деген патриоттық және махаббат идеялары жатыр. Көрнекті ақынның шығармаларын зерттеу жас ұрпақты тәрбиелеуге негіз бола алады.

Мақсаты: Жас ұрпақтың назарын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына аудару, ақынның шығармасын зерттеуге және оның шығармалары арқылы қазақ халқының тарихы мен патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Түйінді сөздер: шығармалар, тарих, образ, музыка, халық.

Аннотация

Актуальность: В современном обществе одной из главных проблем будущего поколения, стала проблема вспитания чувства патриотизма, уважения и любви к Родине, родной земле, родному народу. Идеи патриотизма и любви к своему народу заложены в произведениях Жамбыла Жабаева. Изучение произведений выдающегося поэта могут быть положены в основу воспитания подрастающего поколения.

Цель: Привлечь внимание молодого поколения к творчеству Жамбыла Жабаева, вызвать интерес к изучению произведению поэта и через его произведения воспитыватьчувства патриотизма и истории казахского народа.

Ключевые слова: произведения, история, образ, музыка, народ.


Annotation

Relevance: In modern society, one of the main problems of the future generation has become the problem of fostering a sense of patriotism, respect and love for the Motherland, native land, native people. The ideas of patriotism and love for one's people are embedded in the works of Zhambyl Zhabayev. The study of the works of an outstanding poet can be the basis for the education of the younger generation.

Purpose: To attract the attention of the younger generation to the work of Zhambyl Zhabayev, to arouse interest in studying the poet's work and through his works to educate the feelings of patriotism and the history of the Kazakh people.

Keywords: works, history, image, music, people.


Жамбыл Жабаев — шығармашылық өмірінің соңғы он жылында бүкіл жер шарын шарлап өткен қазақ халқының әлемдегі ең танымал ақыны. Оның шығармалары көптеген тілдерде аударылып, жарық көрді, ол туралы көрнекті жазушылар, ақындар мен ғалымдар жазды (М. Шолохов, М.Эуезов, Н.Тихонов, К.Симонов және тағы басқалары), ол оқулықтар мен хрестоматияларға, түрлі энциклопедияларға, азаматтық тарих және көпұлтты кеңестік әдебиет тарихы бойынша зерттеулерге кірді, оның шығармалары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әдебиеті тарихында, қазақ әдебиеті тарихында талданды.

Жамбылға өлеңдері мен поэмалары арналды, ол туралы әңгімелер, очерктер мен киносценарийлер жасалды, музыкалық шығармалар жазылды, оның өлеңдеріне музыка жасалды, жеке әндері (музыкамен) жазылып, зерттелді, концерттерде орындалды. Баспасөзде өмірі мен қызметі, оның жеке шығармалары, сондай-ақ Кеңес жазушыларының шығармашылығындағы, қазақ поэзиясындағы және өнердегі Жамбыл бейнесі туралы мақалалар жарияланды.

Жамбыл Жабаев өзінің ұзақ және жемісті ғұмырын отансүйгіштікке, бекзаттыққа, құқық ісіне адалдық пен әділдікті жырлауға арнады. Қазақ ақынының талантын ақынның көзі тірісінде-ақ жоғары бағалаған. Қазір Жамбыл Жабаевтың өлеңдері 50-ден астам шет тілдерінде шырқалып жатыр. Ақынның шығармашылығы бүгінгі күнге дейін өзектілігін сақтап келеді.

Жамбыл Жабаев отаршылдық саясаттың және жергілікті бай-болыстардың қанауында қасірет шеккен халқының ауыр халін көріп өсті.

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,

Қамыққан қанды жасты жанды көрдім.

Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,

Қойнында Алатаудың зарды көрдім.

дейді ақын сол кездегі жағдайы туралы.

Жамбыл байлардың, болыстардың халыққа жасаған қиянатын, парақорлығын аяусыз әшкерелеп отырған. Бұл оның «Мәңке туралы», «Есенәлі мешкейге» тағы басқа өлеңдерінен айқын көрінеді.

Жамбыл жарлары елінің өмірбаян тарихымен тығыз байланысты. Ақын халқының басынан кешкен оқиғаларды қолма-қол өлең етіп жырлаған. 1916 жылғы Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс Жетісу өлкесін де қамтиды. Халық Ресей отаршыллық саясатына қарсы көтеріліс жасаған кезде, Жамбыл халқымен бірге болады. Ақын ел басына түскен ауыр күндерде оларға күш беретін, патша саясатын әшкерелейтін өлеңдер шығарады. «Патша әмірі тарылды», «Халық кегі», «Зілді бұйрық», «Халықтың еркікетті басынан», тағы басқа өлеңдері соның дәлелі. «Патша әмірі тарылды» дейтін өлеңінде 1916 жылы патшаныңон тоғыз бен отыз бір жас аралығында қазақ жастарын солдатқа алу туралы жарлығына наразы болған халықтың мұңын айтады:

Көген көзді қосақтап,

Қалай қиып береміз?

Көздің жасы моншақтап,

Көңіл шер боп өлерміз.

Ал «Зілді бұйрық» өлеңінде Жетісудағы көтерілістің оқиғалары, оған басшылық еткен адамдардың аттарын нақты аталып, патшаның қарулы әскерімен болған ұрыста халықтың қырғынға ұшырағаны суреттеледі:

Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып,

Көксеген азаттықтың соғысында, -

деп, ел билеуші отаршылдарға, болыстарға қарсы бағытталған көтерілістің мақсатын айтады.

Жамбылдың әдебие мұрасындағы ақындар айтысы – қазақ әдебиетінің айтыс саласының мақтанышы. Жамбыл айтыстарының мазмұны бай, тілі көркем. Ол Құлмамбет, Досмағамбет, Сарбас, Бөлтір сияқты көптеген атақты ақындармен айтысқан және айтыстың бірде-бірінде жеңілмеген.

Айтыс – қазақ халқының аса құрметтейтін сүйікті сөз өнері. Онда ақындар тапқырлық, білімділік, сөзге шешендік танытады. Ақындар айтысына қатысушы екі ақын да өлеңді қолма-қол сауырыпсалып айтып, бірін-бірі жеңуге тырысады. Сондықтан айтысқа қатысқан ақын өз атағын шығару үшін бар өнерін салған.

Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы – үздік айтыс ретінде бағаланады. Үлкен бір жында Құлмамбет тоғыз ақынды қатар жеңіп, Жамбылды айтысуға шақырады.

Өлеңші толып отыр көбелектей,

Тоғыз ақын толғанып төңіректей.

Тоғыз тұрмақ ақының он бір болса,

Немене бәрінді де басып өтпей.

Айтыста өзін мақтап, қарсыласын кеміту – жеңудің бір әдісі. Сондықтан Құлмамбет өзінің шыққан елінің байларын мақтап, Жамбылды «кедейсің» деп кемітеді. Оны «болғанда мен – ақсұңқар, сен – бір тауық» деген сияқты образды сөздермен білдіреді. Алайды Жамбыл Құлмамбет екпінінен тайсылмайды:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сарандар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай жөніңе қайт, -

деп, қайырымсыз байларды айтпай, елді қорғаған байларды, «ел бірлігін сақтаған адамдықты айт» деп, Құлмамбеттің бетін қайтарып тастайды. Жамбыл Сұраншы, Саурақ сияқты елін жаудан қорғаған батырларды ардақ тұтып, өзінің Құлмамбеттен парасатының биік екенін танытады.

Батыр Саурақ, Сұраншы жауда өлген,

Халық үшін шейіт боп жанын берген ...

Қалың қазақ құрметпен соңына ерген ...

Мақатаған байларыңның оңғаны жоқ,

Төңіректің төрт бұрышын жалмап өлген, -

деп, халықтың ақысын жеген байларды мақтамай, еліне қамқор ерлерді құрметтеу керек екенін айтады. Айтыста Жамбыл жеңеді.

Жамбыл жырлары отансүйгіштік рухқа бай. Ақынның Отанды, елді, туған жерді ардақ тұтып, оны сүюге шақыратын жырларының ішінде дастандары ерекше көзге түседі. Ол Жетісу аймағын жаудан қорғаған Өтеген, Сұраншы, Саурық сияқты батырлар туралы бұрыннан айтылып келе жатқан аңыздардың негізінде «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» және тағы басқа дастандар шығарған.

«Сұраншы батыр» дастанында он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығының езгісінде болған Қазақстанның оңтүстік аймағын Патшалық Ресейдің жаулап алып, отарына айналдырған тарихи шындық суреттеледі.

Тап осы қарсанда Ресей әскерінен бұрын елді талап, олжа алуға Қоқан ханы да ұмтылады:

Қоқанды құртқан Құдияр...

Қазақты барып талайық,

Патшадан бұрын алайық

Деген мақсат ойында.

Сөйтіп өзінің отансүйгіштік мүддесін Жамбыл қай жырында болсын жоғары қойып жырлайды. Бұл – ақынның Кеңестік дәуірдегі жырларына да тән сипат болып табылады.

Халқын сүйген Жамбыл кеңестік тәртіптің орнауын «ел жағдайы жақсы болса екен» деген арманының орындалуы деп қабылдайды. Жетпістен асқан шағында Жамбыл домбырасын қайта қолға алып, қоғамдық өзгерістерді зор шабытпен жырлайды.

Халық үшін төсеп өтер өле-өлгенше,

Ағарған сақалы мен шашын Жамбыл,

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл, -

деп, ақын халқының арманын, мүддесін өлеңіне арқау етті.

Ақынның отансүйгіштік рухы оның Отан соғысы жылдарында шығарған өлеңдерінде жалғасын тауып, әлемге жайылды. Мысалы, «Ленинградтық өренім» атты өлеңінде соғыс қасіретіне берілмейтін халықтың асқақ рухын көрсетеді.

Жасылған жоқ салтанат,

Болуға жаудың ермегі.

Жауда қалып Ленинград,

Жасалған жоқ көнгелі, -

деп, қаланы жаудан қорғаушылардың намысын оятады.

Жамбыл үшін кең-байтақ Отан – біртұтас ұғым. Отанның кез келген бұрышы ақынға өзінің туған жеріндей қымбат:

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағындай көремін.

Көпіріне қарасам,

Көмкерген су көлемін.

Өркеш-өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім.

Ақынның Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне толы «Төлеген ер», «Ата жаумен айқастық», «Москваға», «Алатауды айналсам» және тағы басқа жырлары халықтың ерлік рухын көтеріп, оның жауды жеңуге деген сенімін арттыруға бағытталды.

Ақын 1945 жылы дүние салды. Ақын мұрасы қазақ халқы үшін әрқашан да қымбыт. Оның ақындық еңбегі кезінде аса жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Жамбыл шығармалары орыс тілі арқылы бүкіл әлемге тарап, ақын «ХХ ғасырдың Гомері» атанды.







Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Тараз Жамбыл облысы энциклопедиясының» С.Үмбетов, Б.Ақпаев, Б.Аяған.

2. Қазақстан тарихы Алматы, 2002ж. Авторлары:Иген Хасенұлы, Нәзира Дүйсенбаев

3. Тәуелсіздік толғауы 2002ж Астана Авторлары:Ержұман Смайыл, Рысбек Сәрсенбайұлы

4. Тарихи тұлғалар 2012ж. Авторлары Б.Тоғысбаев, А.Сужикова, Б.Шәкиева





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!