СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жа?а жыл ересек топтарда. Сценарий Нового года встарших группах

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а жыл - жа?а ба?ыт пен жа?а ?уаныш, армандар мен тілектерді? орындалар уа?ыты. Ал балалар ?лемі ?шін ол ?те ба?ытты кез, уа?ыт. Балаларды? Аяз атадан ж?не А?ша?ардан к?ткен сыйлы?тары, олардан к?ткен кездегі ба?ытты ша?тарын к?зге елестету ?рбір ?лкен кісіні? ж?регіне жылу ?ялатады. Ал осы мерекені? балаба?шада д?рыс ?туі ?шін сценарий орынды ж?не ерекше болуы керек. Мені? авторлы? туындым сіздерге ?найтын шы?ар

Просмотр содержимого документа
«Жа?а жыл ересек топтарда. Сценарий Нового года встарших группах»





«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК










Тақырыбы: « Жаңа жылда – Жаңа бақыт »



(Балалар орталығының ересек «Балапан» тобына арналған

Жаңа жылдық сценарий конспекті)











Тобы: ересек «Балапан»






Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова







Рудный - 2015



«Жаңа жылда – Жаңа бақыт»

Жаңа жылдық сценарий конспекті.

Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова.

Мақсаты: балаларды жаңа жыл мерекесімен, кейіпкерлермен, түрлі ойындармен, әндер және билермен таныстыру.

Зал мерекеге сай безендірілген.

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар - дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған балаларды шақырайық.

Үнді видиосы №1 + жалпы би арқылы балалардың залға кіруі.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Біздің Жаңа жыл

шыршасына қош келдіңіздер! Сіздерге осы жаңа жылда зор денсаулық, мол бақыт және ашық аспан тілейміз. Бүгінгі біздің жаңа жылымыз Үндістан елінде сияқты өтеді. ( Үнді видеосы №2)

Жүргізуші: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар

Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар

Ал мынау мәңгі бақи жаңа дүние

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар


Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп

Жаңа жылда жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып

Құттықтау сөз.....

Көңілді музыка әуенімен Алдар көсе келеді...

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын

Шайтанды да алдадым

Алдау деген түк емес

Мыстанды да алдаймын

Еее... туу... алыста болайын деп жатқан Жаңа жыл мерекесіне қалай жетсем екен? Мыстанның алдап сыпыртқысын алып алу керек еді. Оны қалай алдасам екен? (Сол кезде яга – га музыка әуенімен Мыстан ұшып келеді)

О, өзі келді, бәрекелді!

Мыстан: сенсің бе Алдар?

(Алдар екі қолын қосып ішіне қарап тұрады)

Алдар: Иә, Мыстан кемпір мазалама мені.

Мыстан: Не болыпты? Нестеп тұрсың?

Алдар: Ой, мына сиқырлы тесіктен жаңа жыл мерекесі қалай өтіп жатқанын көріп тұрмын.

Мыстан: ей, Алдеке, мені жаңа жылға ешкім шақырған жоқ, берші маған, менде көрейін!

Алдар: Ал, жарайды, көрсең көр.

(Алдар Мыстанға тесікті көрсетеді, Мыстан тесікке қарап тұрғанда Алдар сыпыртқысына мініп музыка әуенімен ұшып кетеді)

Мыстан: Ей, Алдар мені алдап кеттің ғой! Мен саған көрсетейін Жаңа

Жылды! (Ашуланып кетіп қалады)

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әр қанаттан кең алқапқа жарайды

Хор әні: «Жаңа жыл»

(Қарақшылар билеп, айқайлап шығады)

Қарақшылар биі

Атаман: еее... бауырларым, ақша табу қиынға түсіп баражатыр. Оңай ақшаны қайдан табамыз екен?( Зал бойы жүріп адамдардың бас киімдерін шешіп жүреді)

1- қарақшы: оу, бұл ауылда кімді тонаймыз? Бәрі өздеріміз сияқты.

2- қарақшы: Ей, тоқтаңдар! Осы ауылда бір Джипті көрдім. Сол Джиптің иесі бай шығар. Соны тонайық.

(Сол кезде мыстан келеді)

Мыстан: Оңай ақша тапқыңыз келе ме?

2- қарақшы: Мыстан, бізге бір жұмыс тауып бергің келіп тұр – ау деймін?

Мыстан: иә, сендерге бір жұмыс бар. Егер сол жұмысты келістірсеңдер сендерге көп ақша беремін.

3 – қарақшы: ол қандай жұмыс?

Мыстан: сендер қандай мейрам болып жатқанын білесіңдер ме?

Қарақшылар: жоқ.

Мыстан: Жаңа жыл мейрамы. Бәрі де Жаңа жыл шыршасына жиналып Аяз ата мен Ақшақарды күтеді.барлығы қуанышты мейрам өткізеді. Ал біздерді шақырған жоқ. Сол себептен жааңа жыл мейрамын болғыызбайық. Сендер аяз ата мен Ақшақарды ұрлап алып кетіңдер.

Қарақшылар: Кеттік... кеттік...музыка әуіенімен кетіп қалады

Қазақ тіліндегі тақпақтар айтылады.

Самира

Жаңа жыл жаңа қадам жаңа бағыт

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт

Келіп міне жатырмыз аңқылдасып

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары

Он екіні күтер, қалмай тағаттары

Ғасырдың он алтыншы жылы келді

Құстай ұшып қырау шалған қанаттары

Сабина

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Асыл

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын


Айлана

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп


Ж.Аружан

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып

Қайда қызық думан болса

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды


Асылбек

Құтты болсын жаңа жыл барша қауым

Құтқа оранған кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан таң шапағын


Нұрсұлтан

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата – әже, әке – шеше

Құтты болсын жаңа жыл


Жаналия

Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып кемеге

Міне бүгін ән салдым

Араластым биге де

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау қарлы шың


Шыңғыс

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер

Шырша сәнін көріңдер

Әсем әнмен би билеп

Күй жырларды көріңдер

(Сол кезде Алдар көсе сыпыртқымен ұшып келеді де әнін айтады)

Алдар: Мен Алдармын, Алдармын

Шайтанды да алдадым

Алдау деген түк емес

Мыстанды да алдадым

Жүргізуші: Біздің мейрамымызға қош келдіңіз, Алдеке! Кімді алдадым деп айттыңыз?

Алдар: оу, мыстанның өзін алдап, сыпыртқысымен ұшып келдім. А, айтпақшы, ол өте ашулы болды. «Жаңа жыл шыршасына ешкім

шақырмады» - дейді.

Жүргізуші: Сен мыстанды алдадың, ал кесірі бізге тимейді ме?

Алдар: Ол жағын білмеймін, мен өзім концерт көруге келдім. Бастайық!

(Столды алып жайғасып отырады)

Жүргізуші: Ал ендеше бастайық. Ортаға...

Сол кезде мыстан келіп: ал ортаға мен шығамын. Мені шақырмаған соң өзім келдім. Ал алдармен басқаша сөйлесемін...Алдар қайда...Қашып кетті.

Жүргізуші: Мыстан апа ашуланбаңыз. Бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алыңыз.

Мыстан: Менде сендерге айтатын бір жаңалығым бар. Сіз күтіп жүрген Аяз ата мен Ақшақарды мен ұстап отырмын.

Жүргізуші: Оныңыз қалай? Аяз атасыз мереке қалай өтеді. Қанекей, балалар, мыстан ападан жақсылап сұрайықшы.

Балалар хормен:

Қардан аппақ әдемісіз мыстан апа

Шашың күміс жылтыраған мұздай апа

Келіп қосыл арамызға, қарсы аламыз

Сіз боп, біз боп жаңа жыл салтын апа.

Мыстан: Жарайды, жарайды, ал сендерде маған беретін сыйлық тарың бар ма?

(Сол кезде көңілді музыка әуенімен Шаварати шығады)

Үнді биі: Гүлсезім билейді

Шаварати : О, мыстан, не шу шығарып жатсың? Саған сыйлық берсем Аяз ата мен Ақшақарды жібересіңбе?

Мыстан: Енді оны қандай сыйлық алғанымызға қарай көрермін. Сен айтпақшы кімсін?

Шаварати: мен Үндістаннан келген Шаварати Құдайымын.(Видео Будда туралы)

Шаварати: Менде сиқырлы айна бар, қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып сиқырлы сөзді айтсам болды, не көргің келсе, соны көруге болады.

Мыстан: (Ойланып, ойланып) Шыршалардың биін көргім келеді, ал көрсетші.

Шаварати: Айнам менің, айнам

Жан жағыңды жайнат

Шыршалардың өнерін

Осында әкеп сайрат

Суф – суф – суф.

(Музыка қосылып Шыршалар биі биленеді)

Шыршалар биі

Мыстан: О, мынау тамаша екен. Ал енді орыс тілінде ән айтқызып бере аласыңба?

Шаварати : Айнам менің, айнам

Жан жағыңды жайнат

Орыстардың әнін

Осында әкеп сайрат

Суф – суф – суф.

Ән: «К нам приходит новый год» хор әні.

Орыс тіліндегі тақпақтар:



Азамат

Мы много споём тебе песенок,

Мы праздник отпразднуем весело,

Пусть в памяти нашей останется

Зелёная ёлка-красавица.


Самира

Наша елка вся в игрушках
И шары на ней висят!
Наша елка с Новым Годом
Поздравляет всех ребят!


Нұрсұлтан

Кто пришел?
Что принес?
Знаем мы:
Дед Мороз,

Дед седой,
С бородой,
Он наш гость дорогой.
Он нам елку зажжет,
С нами песни споет.


Жандос

Под Новый год, как в сказке,
Полным-полно чудес.
Спешит на поезд ёлка,
Покинув зимний лес.
И ярко светят звёзды
И водят хоровод.
Под Новый год, под Новый год,
Под Новый, Новый год!


Асылбек

Смешинки, как снежинки
Всю ночь летят, летят.
И песенки повсюду
Весёлые звучат.
Насвистывает ветер,
Метелица поёт
Под Новый год, под Новый год,
Под Новый, Новый год!




Диана

Ну и елка, просто диво,
Как нарядна, как красива.
Ветви слабо шелестят,
Бусы яркие блестят
И качаются игрушки -
Флаги, звездочки, хлопушки.
Вот огни зажглись на ней,
Сколько крошечных огней!
И, верхушку украшая,
Там сияет, как всегда,
Очень яркая, большая, Пятикрылая звезда.


Ерасыл

на свете так бывает
что только раз в году
на елке зажигают
счастливую звезду
звезда горит не тает
блестит прекрасный лед
и сразу наступает
счастливый НОВЫЙ ГОД!


Бекарыс

С Новым годом! С Новым годом!
Поздравляем всех ребят.
Пусть для нас сверкает елка,
Песни весело звенят!

Ж.Аружан
Здравствуй, елочка лесная,
Серебристая, густая.
Ты под солнышком росла
И на праздник к нам пришла


Алихан

Новый год встречаем,
Ёлку украшаем,
Вешаем игрушки,
Шарики, хлопушки.

Мыстан: керемет, керемет. Ал енді ағалшын тіліндегі би өнерін көргім келеді.

Шаварати :Айнам менің, айнам

Жан жағыңды жайнат

Ағылшындардың рэбін

Осында әкеп сайрат

Суф – суф – суф.

Мыстан: Ай, тамаша, ризамын, ризамын. Мен Аяз атаны өзім алып келемін. (Мыстан айнаны алып кетеді)

Жүргізуші: Ал балалар, Шаваратиға рахмет айтайық.

Балалар: рахмет.

Шаварати: Ал балалар, енді бір ойын ойнап жіберсек! Қасықпен «Қар тасу» ойыны.

(ойынның шартын айтып ойын ойнатылады)

Жүргізуші: Рахмет, рахмет, Шаварати.

Жүргізуші: Балалар, Аяз ата келіп қалған шығар. Бәріміз шақырайық!

Хормен: Аяз ата, Ақшақар – 3 рет

Аяз ата: амансың ба ұлдарым

Амансың ба қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай әсем билерің

Аталарың сендерге

Асау желмен алысып

Шаршап келді алыстан

Қаршақыз бен ескі жыл

Олар да жүр қасымда

Өздеріңдей балалармен

Сағынысып табысқан

Жүргізуші: Тербеген сағынышпен талай үнін

Жаңа жыл жар лебінен тарайтын үн

Балалардың жанарында жаңа жыл бар

Дәл әсем әнді шырқайтұғын

Хор әні: «Влесу родилась ёлочка»

Жүргізуші: Жаңа жылда көңілді болу керек

Келесі биді тамашалайық демек

Би: дикарлар(жабайылар) биі

Жүргізуші: Жаңа жыл – ақ ниеттің алаулары

Жаңа жыл – тарихтардың тараулары

Жаңа жыл – жалындаған алқызыл нұр

Сенімен мен көтерген жалаудағы

Оу, балалар, біраз ойнап көңілімізді көтердік, бірақ осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?

Ақшақар: балалар, барлығымыз қосылып Жаңа және ескі жылды шақырайық!

Хормен: Ескі жыл...Жаңа жыл...

Залға көңілді музыка әуенімен Қой және Мешін келеді.

Жүргізуші:
Келді міне Жаңа жыл аппақ болып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып,
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып
Жүздерінен қуаныш нұрын төккен
Балбұл жанған беттерін аяз өпкен
Айналайын балалар қарсы алыңдар
Жаңа жылды асыға көптен күткен.

Жаңа МЕШІН жылы сөйлейді
Армысыздар балалар
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық Жақсылыққа бағыт алған
Мешінмін мен Жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Жаңа жылдың мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта
Бақыт жолды қолдаймын

Жүргізуші: Амансың ба Жаңа жыл.

Биылғы келген жыл - Мешін жылы

Келген қадамың құтты болсын

Сен келген жыл бақыт жылы болсын

Береке – бірлік, татулық ырыс жылы болсын

Халықтар достығы нығая берсін!


Би: «Мешіндер»

Мешін: Осындай өнерлі балаларды тәрбиелегендеріңіз үшін ата-аналар сіздерге рахмет айта отырып, өз елімнен әкелген тәтті бананандарымды тарту етемін.

Ақшақар: Аяз ата, ескі жылды шығарып салайық

Аяз ата: Дұрыс айтасың! Ал сен Ескі жыл, сен құтты жыл болдың!

Біз ризамыз саған, Ескі жыл Қой! Біз сенімен қоштаспаймыз, тағы да кездесеміз! Ал сау бол Ескі Қой жылы!

Ескі жыл:Қой

Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.

Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Мына келер жылға тілегім.

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың.
Хош сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Хормен: Сау бол ескі жыл

Жүргізуші: Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп

Мен жаңа жылдарыма қол созамын

Әлемге жаңа жылдар тілеп тұрып

Би «Жеті лақ»

Жүргізуші: Ал енді кешімізді жалғастырайық.

Алдарыңызда балалардың ағылшын тіліндегі тақпақтарын қарсы алыңыздар.

Самира

It’s getting new year
So let’s help Santa pack!
And all the toys for girls and boys
Into his great big sack.


Итс геттинг ню е

Соу летс хелп санта пак

Энд ол зе тайс фо гелс энд бойс

Инто хиз грид биг сак


Талант

Jingle bells, jingle bells, джингл бэлс джингл бэлс
Jingle all the way. Джингл ол зе вэй



Гүлсезім

I am a fairy doll on the New year.
Boys and girls come and look at me!


Ай эм э фэри дол он зе ню е

Бойс энд гелс кам энд лук эт ми





Сабина

Look at me, see what I can do.
Then all of you can do it too!

Лук эт ми си ват ай кэн ду

Зен ол оф ю кэн ду ит ту


Камила

oh, what fun it is to ride о ват фан ит из ту райд
In a one-horse open sleigh ин э ван хорс опен сла


Жасмина

Bells on bobtail ring, бэлс он бабтайл ринг

making spirit bright мэкинг спит брайт

What fun it is ват фан ит из


Dashing through the snow, дэшинг трау зе сноу
In a one-horse open sleigh, ин э ван хоурс опен сла

The snowflakes are falling зе сноуфлакс а фэллинг
By one’s and by two’s. бай ванс энд бай твус


Айлана

New year new year ню е ню е

Will bring us grifts вил бринг ас грайфс


Oh, new year, new year о ню е, ню е
You give us so much pleasure ю гив ас соу мач плизэ


Jingle bells, jingle bells, джингл бэлс джингл бэлс
Jingle all the way. Джингл ол зе вэй
Oh, what fun it is to ride о ват фан ит из ту райд
In a one-horse open sleigh ин э ван хос опен сла


There is snow on the plants зери из сноу он зе плантс
And snow on the trees. Энд сноу он зе триз


And snowflakes all around me энд сноуфлакс ол эраунд ми
Like many white bees! Лайк мэни вайт бис


Snow, snow, snowman grow. Сноу сноу сноуман гроу
Oh, the sun – snowman, run о зе сан- сноуман ран


I’m a little snowman white and fat.
Here is my pipe and here is my hat

Айм э литл сноуман вайт энд фат

Хи из май пип энд хи из май хат

Жүргізуші: Мерекеміз – Жаңа жыл

Тойында қызық думан бар

Жаңа жыл – бұл жаңа өмір

Сайраңда туыс туғандар

Осылай басты қосайық

Ашық боп аспан әрдайым

Тыныштық тойын жасайық

Бейбітшілік - береке бола берсін мереке дей отырып

Аяз ата сіз балалармен бір ойын ойнатам деп едіңіз ғой?

Ойын Аяз ата ойнатады.

Ойын: «Сиқырлау»

Жүргізуші: Жайраңдап жаңа жыл келді

Бар аймақ жаздай түрленді

Қуаныш май гүліндей төрге сыймай

Көңілдер жас үмітпен гүлденеді.

Ақшақар, сіз бағана балаларға бір жақсы би әкелдім деп едіңіз ғой?

Би: «Жаңа жыл сыйлықтары»

Жүргізуші:

Жыл бойы бақыт бақша жаз гүлденсін

Жемісі қуаныштың үзілмесін

Сүйсініп ерлігіне азаматтың

Сүйікті ұлым десін, қауым десін

Хормен:

Асыға күткен жаңа жыл

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа заман жаңа ойлар

Кел жаңа жыл жаңа жыл

Хор Әні: «Топ басайық»

Аяз ата: Балалар, біз Ақшақар екеуміз тамаша демалдық, ойнадық, ән айтып, би биледік, біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер әрі қарай жалғастыра беріңдер, ал біз аттанайық.

Жүргізуші: Аяз ата сіз қайда барасыз? Балаларға деген сыйлығыңыз қайда?

Аяз ата: ойбай, қызым ай біздің дорбамыз қайда?

(сырттан Аяз ата деген дауыс шығады)

Музыка әуенімен сиқырлы дорба жүгіріп келеді.

Аяз ата: сен қайда жүрсің? Бізбен бірге болуың керек қой.

Дорба: мен де қыдырып, көңіл көтерейін деп едім, ел аралап қыдырып келдім, мен жай дорба емеспін сиқырлы дорбамын.

Аяз ата:Сиқырлы болмақ түгіл қандай болсаңда .Менің балаларға деген сыйлықтарым қайда?

Дорба: Білмеймін,білмеймін деп залды айналып жүгіреді.Аяз ата оның соңынан қуады. Қапшық залдан шығып кетеді, ал Аяз ата соңынан қуып кетеді, де қапшықты көтеріп әкеледі.

Аяз ата: балалар, міне менің сыйлығым.

Аяз ата мен Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!

Хормен: Сау болыңыздар, Аяз ата мен Ақшақар!

Жүргізуші: осымен жаңа жыл мерекесі аяқталды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Ал қазір балаларға би кеші болады.

Музыка ойналып барлығы суретке түседі.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!