СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жангабаева Камчат Жаксылыковна

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

открытый урок по русскому языку дошкольникам

Просмотр содержимого документа
«Жангабаева Камчат Жаксылыковна»

Ю дыбысы мен әрпі

Жарияланды 13-05-2015, 15:30 Категориясы: Бастауыш сынып

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек аулы,

№ 31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Ботагоз



Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі (слайдымен)

Сабақтың мақсаты: Ю дыбысы мен әрпін таныту; оның қосарланған дыбыс екенін ұғындыру; әріптің жазылу емлесін меңгерту; сөздерді жүргізе әрі дұрыс оқуға үйрету; ойлау қабілетін, сөйлеу тілін, белсенділігін дамыту.

Оқыту нәтижелері: Ю дыбысы мен әрпін таниды; оның қосарланған дыбыс екенін біледі; әріптің жазылу емлесін меңгереді; сөздерді жүргізе әрі дұрыс оқуға үйренеді; ойлау қабілетін, сөйлеу тілін, белсенділігін дамытады.

Негізгі дерек көздер: Оқулық, слайд - суреттер, смайликтер, әріп үлгісі, жазу үлгісі, жазу дәптері №2, электронды оқулық, тапсырмалар парағы

Сабақтың түрі: Аралас

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін өзі тану



Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс - әрекеті:

І. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгелдеу

3. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

4. Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Бестік болсын бағамыз, Өнер - білім көп оқып,

Білімнен бақыт табамыз. Өсе берсін санамыз

5. Жемістер арқылы «Алғырлар, тапқырлар, талаптылар, білімділер, ақылдылар» тобына бөлу.



ІІ. Өткенді пысықтау:

Білу 12 мин

Слайд: «Қоянның ормандағы саяхаты. Өз үйіне оралу үшін Қоянға көмектесу». «Кірпінің тапсырмасы»:

1. «Ой қозғау». Сұрақ - жауап арқылы жұмыс:

1 - топ: - Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?

2 - топ: - Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

- Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?

3 - топ: - Буын дегеніміз не? Ата, қала сөзін буынға бөл

4 - топ: - Я қандай дыбыс? Оның басқа дыбыстардан қандай айырмашылығы бар?

5 - топ: - Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата

2. Слайд: «Түлкінің тапсырмасы». Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу:

1 - топ: Ұ немесе ү; 2 - топ: Ү немесе і; 3 - топ: П немесе б; 4 - топ: Ы немесе і; 5 - топ: К немесе г.

3. Слайд: «Қасқырдың тапсырмасы». Өткен сабақты бекіту.

Электронды оқулықтан тапсырма орындау, тексеру:

1) - Я дыбысы туралы не білдік?

2) Көп нүктенің орнына а, я әріптерінің тиістісін қойып жаз: т... с, тақи..., шорт... н, са... бақ, ғ... сыр, бо... у, си..., ж... рыс.

3) Суреттегі заттардың атын жазу: пияз, аяқ, ұя, Аяз ата, аялдама.

4) Суреттерге қарап, атауында я әрпі бар сөздерді ата.



ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну 6 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Слайд: «Аққудың тапсырмасы». Жұмбақ шешу:

Орманнан, жалпақ даладан Кіп - кішкене арадан

Бал іздеп бір аң жортады. Үп - үлкен боп қорқады.

- Аю туралы не білесіңдер?

3. Слайд: «Аюдың тапсырмасы».

Ю дыбысы мен әрпін таныту жұмысы:

1) Ю әрпін көрсету: баспа және жазба түрі.

2) Ю дыбысын артикуляциясына сәйкес дұрыс дыбыстатып, айтқызу.

3) Ю дыбысының қосарланған дыбыс екенін түсіндіру: й + у = ю

4) Ю дыбысы қандай сөздерде кездеседі?

5) Қорытынды жасау:

Ю – дауысты дыбыс; сөздің соңында кездеседі, й мен у - дың қосарлануынан жасалған дыбыс.

4. Оқулықпен жұмыс. Слайд - баған түрінде берілген сөздерді оқу, сурет арқылы мағынасын ашу, дыбыстық талдау жасау: аю, ою, ию, ұю, үю.



Сергіту сәті1 мин

Өлең айту, қимыл - қозғалыс жасау:

Аспанды бұлт қаптады,

Жаңбыр жауды.

Жел тұрды.

Күн ашылды,

Шақпақ шақты,

Жердің шаңы басылды.



Талдау және қолдану 5 мин

Слайд: «Тиіннің тапсырмасы».

Жазу дәптерімен жұмыс:

1. Юю әрпінің жазылу емлесін түсіндіру, тақтаға жазып көрсету.

2. Ю әрпін ауада жазу, бастыра жазу, өз бетінше әріпті жазу (2 қатар), сөздерді жазу: Юю, аю, ою.



Оқулықпен жұмыс. 10 минут

1. «Таңқурай мен қорбаңбай» өлеңімен жұмыс:

1) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

2) Сурет бойынша мазмұнын талдау.

3) Хормен жүргізе әрі мәнерлеп оқуға жаттықтыру.

4) Өлеңді 1 қатардан тізбектеп оқу

2. Бағандағы сөздерді 2 сөзден бірнеше оқушы тізбектеп оқу



І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау 6 мин

1. Слайд: «Көбелектің тапсырмасы».

Суретке қарап, сөздің жекеше және көпше түрін айту:

Аю – аюлар, тиін – тиіндер, түлкі – түлкілер, аң – аңдар.

2. Слайд: «Құстардың тапсырмасы»

«Не артық?» ойыны.

3. Слайд: «Жолбарыстың тапсырмасы»

1) Суреттегі қай заттың атауында ю дыбысы бар?

(Күн, аю, гүл, тиін, ою, көбелек)

2) Көп нүктенің орнына и, у, ю дыбыстарының тиістісін қойып, сөзді оқы: т... ін, с... ық, қо..., аза..., са... да, б... ік.

3) Сұрақ - жауап арқылы жұмыс:

- Ю әрпі туралы не білдік?

\/. Бағалау1 мин

1. Сабақ бойында формативті бағалап отыру.

2. Қоян аңдардың тапсырмаларын орындаған сендердің көмектерің арқылы өз үйіне оралды.

\/І. Рефлексия1 мин

1. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

2. Қай тапсырма қиын болды?

3. Қай тапсырма оңай болды?



Гимназиямыздың жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Бейсембекова Тұрсын Мұстафақызы 1"Ә" сынып оқушыларымен "Юю дыбысы мен әрпі" атты ашық сабақ өткізді.



Сабақтың тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі.



Сабақтың мақсаты:



1.Оқушыларды Юю дыбысы және ерпімен таныстыру. Юю дыбысының артикуляциясының дұрыс қолданып, Ю дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстың бас әрпі және кіші әріптерін көрсету және таныстыру.



2. Әріптердің дыбысталу ерекшелігіне қарай отырып, ішіндегі орнын анықтау дағдыларын дамыту. Юю дысының й және у дыбыстары түрінде естіліп жазуда Юю әрпімімен таңбалану ерекшелігін сөздерге дыбыстық талдау жасай отырып, оқушылардың өздеріне аңғарту. Дауысты дыбыстың шартты белгісін қолдана отырып, Юю дыбысының буындағы орнын анықтату. Мәтінді мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.



3.Аңдардың тіршілігі, олардың пайдасы туралы әңгімелесе отырып, оларды қорғау, Қызыл кітап туралы әңгімелеу, аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.



Көрнекілік: А – дан Я- ға дейін кестесі әліппе бет, әріп үлгісі жазылған кесте, дауысты дыбыстар үйшігі, «Құстар әліппесі» суретті кітапшасы «Аңдар альбомы», аю, қоян, тиін, түлкі суреттері.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ



Әдістері:сұрақ-жауап, түсіндіру , ертегіге негізделген түсіндірме сабақ, ойын сабақ.



Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі



- Амансың ба, Алтын күн,



- Амансың ба, Көк аспан,



- Амансың ба, достарым,



- Амансыздар ма , қонақтар,



Сабағымызды бастайық,



Жамандықты тастайық



- Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйіміз жасқы, қазір сабағымызды бастаймыз.



ІІ Үй тапсырмасы бойынша жүргізілетін жұмыстар:



1. «Сыйлық» мәтінді тізбектеп оқу.



2. Оқыған мәтіндер бойынша сұрақ қою, жауап алу.



ІІ Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар:



1. Жұмбақ шешу.



Балпаң-балпаң басады,



Қыр-жотадан асады.



Паналайды үңгірді,



Іздемейді тасаны.



(АЮ)



«Аю»сөзіне дыбыстық талдау жасалды. Өздеріне таныс емес дыбыс аталып, оның дауысты екендігін анықтап, дыбыстың орнына ю әрпінің таңбасын қойып, ю әрпінің жазылу емлесімен таныстыру. Бас әрпі, кіші әрпі ,баспа түрі, жазба түрімен таныстырып, қызыл сандыққа салу. Ю дыбысының орнына й және у дыбыстарының естілетінін аңғарту. Жазуда й және у дыбыстарының орнына ю әрпі жазылатынын түсіндіру.



Ю дыбысының артикуляциясына сай дыбыстатып, бірнеше рет қайталату керек.



- Ю қандай дыбыс?- Ю дауысты дыбыс.



- Оны қалай ажыраттыңдар? – Созылып айтылады. Өз алдына буын жасай алады.



ІІІ Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы сөздерді тұтас оқу.



Аю, ою, ию, ұю, үю



Тақтамен жұмыс: Юю –ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп , Ю- дың бас және кіші әрпінің жазылуын көрсету. 3, 4 оқушыға жазғызу.



Дәптермен жұмыс: Ережені еске түсіру.



1,2,3 Бойға жинап күш,



Қолға қалам аламыз,



Сауатты етіп жазамыз.



Юю –ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп , Ю- дың бас және кіші әрпінің элементтерімен таныстыру. Ауада жаздыру. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады. Суреттерге сәйкес ю әрпін жазады. Қай жерде келетінін айтады.



Әдемі жазған оқушылардың жұмысын мадақтап, үлгі ету.



Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,



Құлпынайы көп екен



Теріп-теріп алайық,



Себеттерге салайық



ІV Оқулықпен жұмыс.



«Таңқурай мен қорбаңбай» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқуы.



Сөздік жұмыс жүргізу: ию – майыстыру сөздерімен алмастырып түсіндіру.



Ұю – сүттің ұюы сөзімен алмастырып түсіндіру.



б) Тақырыппен жұмыс:



1. Іштей оқу



2. Хормен оқу



3. Тізбектеп оқу.



в) оқыған өлеңдер бойынша сұрақтарға жауап алу.



- Не қызарып пісті? – Таңқурай қызарып пісті.



- Не теріп жүр қалдырмай? - Теріп жүр аю қалдырмай.



- Нені өзім егіп ем? - Көшетін өзім егіп ем.

- Немен суды сеуіп ем? - Шелекпен суды сеуіп ем.

V Дәптермен жұмыс.

аю, ұю, оюсөздерін жалғастырып жазу.

Тіл дамыту жұмыстары.(аң-аңдар, аю-аюлар, тиін-тиіндер, түлкі-түлкілер)

Қорытынды: - Не үйрендік? Не білдік? - Ю- қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде келеді? Оюдың қандай түрлерін білесіңдер, ою не үшін қажет? Оюға байланысты не білесіңдер?



Үйге тапсырма: «Таңқурай мен қорбаңбай» өлеңін мәнерлеп оқып келу.



Мадақтау.

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы



Жалпы білім беретін №9 орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:



Салимбаева Сауле Какитаевна



1 сынып Сауат ашу.



Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі



Сабақтың мақсаты:



1.Өтілген Ю дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап,мәнерлеп оқи білуге ,мазмұнын түсіне білуге үйрету.



2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.



3. Аңдарды қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі:



Ю ю әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.



Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.



Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:



түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.



ІІ . Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

– Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

– Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

– Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

– Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

– Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.

– Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

– Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.

-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

–Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?

-Зат есімнің неше түрі бар?



– Зат есімнің 2 түрі бар.



-Атап айтыңдар?



-Жекеше түрі,көпше түрі.



-Жекеше түрінің сұрақтары?



-Кім? Не?



-Мысал келтір.



-Көпше түрінің сұрақтары?



-Кімдер?Нелер?



-Мысал келтір.



-Көптік жалғауларын айт?



-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.



-Диалог дегеніміз не?



Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.



-Мәтін дегеніміз не?



-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.



-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.



-Ол не деп аталады?



-Тақырып.



-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?



-Ю дыбысымен таныстық.



-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс)



-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?



-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)



-Ю дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің аяғында)



– Ю дыбысына қатысты сөздер ойлату.



-Ю әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



-Жер-су,кісі аттары қалай жазылады?



ә)оқулықпен жұмыс.96,97-беттер.



«Сұр қоян», «Жақсы көрем» өлеңін жатқа сұрау.



б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.



Ұя баян ояу сия мая



Ұят қоян бояу қия жая



Оят шаян баяу мия сая



а ю қо ю құ ю сү ю е се ю а за ю



о ю қи ю тү ю кү ю үл ке ю кө бе ю



Теріп оқу.



*Буын санына байланысты оқу.



*Әріп санына байланысты оқу.



*Екі буынды сөздерді оқу.



*Үш буынды сөздерді оқу.



ІV.Сергіту сәті.



Көк аспанға қараймын,



Кеткен құсты санаймын,



Үшбұрыш болып тырналар,



Көк жүзінде сырғанар.



в) Тақтамен жұмыс.



Дыбыстық талдау:Қою,түю,құю,көбею..



V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.



VІ.Қайталау сабақ.



1. Оқулықпен жұмыс.



«Жарыс» мәтінімен жұмыс .



Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.



Іштей оқу.



Хормен оқу.



Тізбектеп оқу.



Оқу түрлері:



*Теріп оқу.



*Автор сөзін тауып оқу.



*Лепті сөйлемді тауып оқу.



*Үш сөзден тұратын сөйлемді оқу.



*Төрт сөзден тұратын сөйлемді оқу.



*Бес сөзден тұратын сөйлемді оқу.



*Алты сөзден тұратын сөйлемді оқу.



2.Сұрақ-жауап:



-Мәтінде нелер туралы айтылады ?



-Қасқыр аңдарға не деді?



-Аңдар қалай тұрды?



-Нелер жарыса жөнелді?



-Аю ненің ұясын бұзып кетті?



-Аралар не істеді??



-Ол неліктен тез жүгірді?



-Аю қалай жүгірді?



-Аю мәреге нешінші болып келді?



VІІІ.Сергіту сәті.



Аспанға қарап ай көрдім,



Төменге қарап жер көрдім.



Оңға, солға бұрылып,



Егеменді ел көрдім!



ІХ.Дәптермен жұмыс.



Қолға қалам аламыз,



Әдемі етіп жазамыз.



3.Әдемі жазу минуты.



Қию



6.Дыбыстық талдау.



Қию—қи-ю,2 буын,4дыбыс,3әріп,2 дауысты дыбыс,1 дауыссыз дыбыс.



қ-дауыссыз,қатаң дыбыс.



и-дауысты,жіңішке дыбыс.





и-дауысты,жіңішке дыбыс.





ю





у-дауыссыз,үнді дыбыс.





Х.Сергіту сәті:



Бір, екі, үш



Бойға жинап күш.



Қолға қалам алайық,



Әдемі етіп жазайық.



4.Сөздік диктант.



Ою,аю,түю,сүю,күю.



ХІ.Қорытынды:



Сұрақ-жауап:



–Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?



-К қандай дыбыс?



-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІ.Бағалау. Мадақтау.



ХІІІ.Үйге:98-бетті оқу. «Жарыс» мәтінін оқу,жаттау,жазу.Сөздерді дәптерге көшіріп ,буынға бөліп жазу.





Ш Қ О Күршім ауданы, Н.Островский атындағы

№4 Күршім орта мектебі мектепалды

даярлық тобының тәрбиешісі.

Алтай Қайнар.



Сабақтың тақырыбы: ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсатыБілімділік: Оқушыларға ю дыбысы мен әрпін одан әрі түсіндіру,ю әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.

Дамытушылығы: ю дыбысы мен әрпі арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін танымдық іс — әрекеттерін, шығармашылығын сөздік қорларын ,буын туралы түсінігін кеңейту,





Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа Отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа,



сауаттылыққа, жануарларды қорғауға дағдыландыру.



:



Көрнекілік: ю дыбысының баспаша, кеспе әріптер қалтасы, ойыншықтар, жұмбақ, аюдың суреті, бағанадағы сөздердің суреттері, алфавит, текшелер,слайд.



Оқыту әдісі: Түсіндіру, ізденушілік, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік,



Кітаппен жұмыс,шығармашылық,жұмбақ.



Сабақ жоспары:



I. Ұйымдастыру кезеңі:



а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ә) Үлкенге де сіз,



Кішіге де сіз,



Сәлем бердік сіздерге,



Құрметпенен біз.



— Балалар, біз бүгін топ болып хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз.Бақта аңдар, құстар болады.Оларды арнайы торда күтіп өсіріледі.бақтағы аңдар бізге тапсырмалар береді,соны біз орындауымыз керек, орындамасақ бізге ренжиді.қане тапсырманы орындауға дайынбыз ба? Автобусқа отырып, хайуанаттар бағына барып саяхат жасайық.



-Балалар қараңдаршы мынау қандай аңдар?



-Жақсы ендеше солардың тапсырмасын орындайық.





Қасқырдың мынандай тапсырмалары бар екен соны орындайық.





Ой қозғау



а) Дыбыс деген не?



ә) Әріп деген не?



б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?



в) Ю дыбысы қандай дыбыс?.





Енді аюдың тапсырмасын орындайық.



а) « Сөз ойла ,тез ойла» ойыны



а) ю дыбысынан келетін сөздер айту:



ә) ю дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.



Аю ,Юра ,Қою, Құю,Ою,Көбею,Оюлау.



б) Ю дыбысын әр топтан 3 – 4 баладан оқыту.



Аю



Юля



Ою



юбка



қою қою





Қию





Құю



. Енді қоянның тапсырмасын орындайық



Хормен оқу,жеке оқу.



О-ю, о-ю, и-ю,қо-ю,жа-ю,то-ю,ты-ю,сы-ю,қы-ю,



-Той-то-ю Тый-ты-ю Сый-сы-ю



-Қой-қо-ю Қый-қы-ю Ки-ки-ю



-сой-со-ю Жый-жы-ю Ти-ти-ю





.

з) Сергіту сәті. Мынау менің жүрегім,



Бәрін өзі басқарған.



Мынау басым ақылды,



Бәрін өзі атқарған.



Мынау менің оң қолым,



Мынау менің сол қолым,



Бәрін өзі жасаған.



Енді түлкінің тапсырмасын орындайық.



«Шығармашылық жұмыс» бөлімі. Көктемнің суретіне қарап сөйлем құрастырыңдар деген тапсырма беріп отыр.





Қазір қай мезгіл?



– Көктем.



Көктемнің қай айы?



– Сәуір.



Аптаның қай күні?



Сәрсенбі.





—Көктем келді .Қар еріп жатыр.Құстар ұшып келді. Т.б.





Арыстанның тапсырмасы . «Репусті шеш» бөлімі. .



Күй, май,айна,тай, қара





Өте жақсы балалар.. «Қай дыбыстан басталады» ойыны.



Заттардың атауы қай дыбыстан басталатынын айт. Дыбысты сәйкес суретпен үзік сызықтар арқылы біріктір.



Ананас,уық,ыдыс,орындық,ұя.



Ою,инелік, із,әтеш,егеу,үтік.





Сергіту сәті: Би « Қаражорға» .



8.Жұмбақты шеш.



Жазда қаңғиды,



Қыста қалғиды.



(Аю)



Аюда бар,



Айда жоқ.



Оюда бар,



Ойда жоқ. (ю )



Қортынды.



-Бүгін біз балалар қайда бардық?



-Қандай дыбыспен таныстық?



-Ю дыбысы қандай дыбыс?



-Ю дыбысы сөзде қалай орналасады?



-Дыбыс, әріп, буын дегеніміз не?



Бағалау.



Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.Геометриялық фигуралар арқылы бағалаймын.



Сауат ашу сабағында Я, Ю дыбыстарын оқытудың ерекше тәсілі

Сауат ашу сабағында Я, Ю дыбыстарын оқытудың ерекше тәсілі

Ынтасыз оқыған оқушы қанатсыз құспен тең.

Саади

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған ашық сабақ жоспары кейбір дыбыстарды бастауыш сыныпта дәстүрлі оқыту әдістерінен айрықша сабақ түрі яғни, ертегі сабақ түрінде өткізуге болатынын дәлелдей түседі.



Пәні: сауат ашу

Сынып:1 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Яя», «Ю» дыбыстары мен әріптерін қайталау.

Сабақтың мақсаты:

• Қосарланған дыбыстар мен әріптерін қайталау;

• Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

• сабаққа қызығушылығын ойын арқылы дамыту, сөздік қорын ұлғайту;

• еңбексүйгіштікке, әдептілікке, достық қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сауалнама, түсіңдіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, оқулық, дәптер, Яя, Ю дыбысы бар сөздердің суреттері; слайд, үйшік ертегісі.



Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Сабақтың барысы: Бір, екі, үш сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз, сабақты біз бастаймыз

I. ¥йымдастыру кезеңі: : «Балалар бір-біріне, жылы күлкісін сыйлау».

II. Өткен сабақты қайталау:

Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақты есімізге түсірейікші.

-Қандай әріптермен таныстық?-Я, Ю әріптері

-Қазақ тілінде неше әріп бар?-42 әріп

–Неше дыбыс бар?- 40 дыбыс бар.

-Неше белгі бар?-екі белгі бар.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?- екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыстар.

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?- Жуан және жіңішке.

- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?- Үшке бөлінеді.Қатаң, ұяң, үнді дыбыстар.



Мұғалім: Ерте-ерте ертеде деп не бесталушы еді балалар ? – ертегі.

Ал ендеше экранға назар аударайық!

1- слайд : - Мынау қандай ертегі деп ойлайсыңдар?-үйшік ертегісі.

Ерте-ерте ертеде орманда бір үйшік болыпты. Балалар ол жай ғана үйшік емес, сиқырлы үйшік екен.Қасынан өтіп баражатқан тышқан үйшікті байқап қалып, үйшіктің есігін қағады. Тық-тық мұнда кім тұрады деп сұрайды? –ешкім жауап қатпайды.

Бірақ балалар сиқырлы үйшіктің есігі ашылмайды. Балалар тышқан мына тапсырманы орындаса ғана сиқырлы үйшіктің есігі ашылады екен.

Балалар тышқанға көмектесеміз бе?-Иә





2- слайд: Құрамында Я, Ю дыбысы бар сөздерді атаңдар?

Жарайсыңдар балалар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар, тышқан сендерге рахмет айтып жатыр.Енді тышқанға сиқырлы үйшіктің есігі ашылды.Үйшікке тышқанды орналастырамыз.



3- слайд: Орманда серуендеп жүрген бақа сиқырлы үйшікті көреді.

Үйшіктің қасына келіп, есігін қағады. Мұнда кім тұрады деп сұрайды?- Шиқылдауық тышқан мен тұрамын деп жауап қатады. Бірақ есік ашылмйады. Балалар бақаға көмектесеміз бе, тапсырманы орындауға? Мүмкін сонда есік ашылып қалар.

Экранға назар аударайық.

Жоғалған әріптерді тап! Ба...н, ш...ян, ...оян, ая....

Балалар бақа сендерге рахмет айтып жатыр. Енді бақаны да сиқырлы үйшікке достарының қасына орналастырайық.



Сергіту сәті: «Көңілді күн»

4-слайд: Орманда секіріп-секіріп келе жатқан қоян үйшікті байқап қалады. Үйшіктің қасына келіп, есікті қағады. Мұнда кім тұрады деп сұрайды. Сонда, шиқылдауық тышқан мен тұрамын, бақылдауық бақа мен тұрамын деп жауап береді. Бірақ сиқырлы үйшіктің есігі ашылмайды. Балалар қоянға тапсырманы орындауға көмектесеміз бе?-Ия. Сонда ғана сиқырлы үйшіктің есігі ашылады екен.

Сөздерден сөйлем құрастыр! Ұя, қоян, балық, сырмақ.

Балалар ауызша орындайды.



5-слайд: Құйрығы бұлаңдап айлакер түлкі келеді. Балалар түлкі сендердің дәптерге қалай жазатындарыңды көргісі келеді екен. Түлкінге жазу жазып крсетейік.



Көркем жазу: Я, Ю әріптерін балаларға тақтаға жазғызу.



Сергіту сәті: «Саусақ жаттығуы»



6-слайд: қасқыр келеді.Қасқыр қандай аң? –жыртқыш, бірақ ол да басқа жануарлармен достасып, сиқырлы үйшікте тұрғысы келеді екен. Балалар көмектесеміз бе?

Мәтінмен жұмыс. Ою.



7-слайд:Қорбаңдаған аю сиқырлы үйшікті көріп, есігін қағып, сұрайды? Мұнда кім тұрады? Шиқылдауық тышқан мен, бақылдауық бақа мен, қорқақ қоян мен, қу түлкі мен, жыртқыш қасқыр мен тұрамын - деп жауап береді, бірақ есік ашылмайды.

Жұмбақ шешу:

1.Қоянда бар, түйеде жоқ.

Шаянда бар, биеде жоқ. (я)

2. Нанда бар,етте жоқ.

Айранда бар,сүтте жоқ.( н)

3. Жазуда бар,сызуда жоқ.

Жылуда бар,қызуда жоқ (ж)

Тапсырманы орындадыңдар.Рахмет сендерге балалар. Сиқырлы үйшікке барлық жануарларды достастырып орналастырдыңдар.





ІІІ. Сабақты қорытындылау (Рефлексия):

Ендеше балалар сабағымызды қорытындыылай келе балалар біз бүгін қандай әріпті қайталадық?

-Біз не білдік?

-Не үйрендік?

- Я, Ю қандай дыбыстар?-Қосарланған дыбыстар.

-Әріптерді не істейміз?-Оқимыз, жазамыз.

-Ал дыбыстарды ше?- Тек қана естиміз.

Мынау әріптің қандай түрі?- баспа, жазба түрі.

-Әріптерден не істеуге болады?- буын құрастырамыз.

-Ал буындардан ше?- сөз құраймыз.

-Ал сөздерден?-сөйлем құраймыз.



Мадақтау.

8-слайд: Ал, енді балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Мына жердегі күннің, бұлттың, жаңбырдың суреттеріне мадақтамаларыңды жапсырып, өз көңіл күйлеріңді білдіресіңдер? Тақтаға шығып кезектесіп жапсыруларыңа болады.

ІV.Үйге: я, ю дыбысы бар сөздерден схема жасау. «Ою» мәтінін оқу.







Абай қаласы №1 ЖББОМ

1 «А» сынып жетекшісі Малдыбаева Акылгул Курманиязовна






Скачать

© 2018, 277 4

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!