СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жапалақ" жапсыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қағазды қолмен жұлмалап қию әдісін бекіту.                    2.Дамытушылық-развивающая: Техникалық құралдарды ұқыпты пайдалануға  дағдыландыру                                                                                                                             3.Оқыту-обучающая: Қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«"Жапалақ" жапсыру»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспек организованной учебной деятельности в старшей группе.


Өткізу күні/Дата проведения: 25.04.2018ж

Тәрбиеші/ Воспитатель: Хамитбекова Н.Б

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.

Пән/Предмет: Жапсыру.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Барлық мамандықтар маңызы.»

Тақырыбы./Тема:. «Жапалақ.»

Мақсаттары/. Цели:

1.Тәрбиелік-воспитательная: Қағазды қолмен жұлмалап қию әдісін бекіту. 2.Дамытушылық-развивающая: Техникалық құралдарды ұқыпты пайдалануға дағдыландыру 3.Оқыту-обучающая: Қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар/пед. технологий: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: желім, қыл қалам, желім қоюға арналған ыдыс, қағаз қалдықтарын салатын қорап, таза шүберек, баспа қағаздары, фломастер болуы керек.

Көптілділік: дос – друг, құс-птица, жапалақ-сова

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық
Балалардың көңілін суреттегі құстарға аудара отырып, олардың түр – түсін, дене тұрқын (басы, денесі, құйрығы, қанаты, аяғы, ағаш басында қонақтап отырғанда торғайдың қанаттарының жиналатыны, ұшқанда жайылатыны) анықтап алады.

Бүгін отырған және ұшқан торғайдың бейнесін қағаздан қиып, жапсыратындықтарын айтады.

Презентация Құстар.ppt суреттері бойынша әңгімелейді.


2.Негізгі бөлімі

Ғажайып сәт:

Балалар сиқырлы баққа барғыларың келе ме? Олай болса сиқырлы баққа барайық. Балалар сап түзеп жүред.

Біз келеміз адымдап

Жол ізімен арындап

1,2,3,4

Қолды жоғары көтеріп

Биіктерге жетеміз

Үп-үлкен боп өсеміз.

-Балалар міне сиқырлы баққа да келдік. Қандай керемет бақ, балалар сендерге ұнайды ма?

Адемі, түрлі-түсті құстардың суреттерімен таныстыру. Жапалақ құсқа ерекше тоқталып, қысқаша мәлімет беру. Жапалақтар Антарктидадан басқа әлемнің барлық жерлерінде кездесетін жыртқыш құстар тобына жатады. Жапалақтардың көбі түнде белсенді, олардың үлкен баңырайған көздері және имек тәрізді тұмсыңтары болады. Жалпы, жапалақтарды екі топқа бөледі, олар — кәдімгі жапалақтар және құмайлар. Кәдімгі жапалақтардың шамамен 122 түрі, ал құмайлардың 12 түрі белгілі

Көптілділік: дос – друг, құс-птица, жапалақ-сова

Ойын: «Қандай құстың дауысы?»



Бүгін отырған жапалақтың бейнесін қағаздан жұлмалап қиып, жапсыратындықтарын айтамын.

Сергіту сәті:

Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы
Ортан терек жалғасы
Шылдыр шүмек кезекші
Кішкентай шынашақ
Жұмыс істеу барысы

Жұмыс барысы:

Жұмыс барысын түсіндіру. 
-Жұмысты бастамас бұрын қолымызды жұмысқа дайындап алайық. Массаж доппен жаттығу жасау. 
1. Балалар, бірінші біз қоңыр түсті қағазды кішкентай бөлшектерге бөлеміз. Ол бізде жапалақтың денесі болады
2. Фломастермен көзін, және аяғын саламыз

3.Қиындылардан бұрыштап аяғын, тұмсығын, ал дөңгелектеп көзін қияды;

Балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау. 
Жұмысты аяқтау. 

3.Қорытынды:

Сабақ соңында балалар жұмыстарын қызықтап, көрмеге қояды.

«Құстар – біздің досымыз» атты тақырыпқа әңгіме құрастырады.

Жапалақтың түсі қандай?
Қайда саяхат жасадық?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, қатыспағандарды ынталандыру

Жарайсыңдар, балалар!








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!