СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жапсырма қалтаны өңдеу".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қалтаның киімдегі маңызы, түрлері туралы таныстыру. Жапсырма қалтаның дұрыс технологиялық жүйелілік сақтауымен орындалуына үйрету және қауіпсіздік ережесін дұрыс қолдана алуын дамыту.                                                                                   

Просмотр содержимого документа
«"Жапсырма қалтаны өңдеу".»

Тақырыбы: « Жапсырма қалтаны өңдеу».
Сабақтың мақсаты : Білімділік мақсаты: қалтаның киімдегі маңызы, түрлері туралы таныстыру, білім беру.
Дамытушылық мақсаты: жапсырма қалтаның дұрыс технологиялық жүйелілік сақтауымен орындалуына үйрету және қауіпсіздік ережесін дұрыс қолдана алуын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: еңбекқорлық, ұқыптылық, өз өзіне талап ете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нұсқаулық карта, алжапқыш, қалталар, тігін машиналар , үтік, тегістеуші тақтай, тігін бұйымдар, қайшылар, бұйым үлгісі. Пәнаралық байланыс: математика, өзін – өзі тану


Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу;
-Сәлеметсіздер ме, балалар !
Мен бәріңізге жақсы көңіл-күй тілеймін.
-Мен саған сәттілік тілеймін!
-Мен саған шыдамдылық тілеймін!
-Мен саған шығармашылық тілеймін!
-Мен саған жақсы баға тілеймін!
-Мен саған зеректік тілеймін!
-Мен төзімділік тілеймін!


ІІ.Үй тапсырмасы.
Оқушыларды 2 топқа бөлу. Оларға тапсырма беру
І –топқа Иықты киім үлгілері беріледі
ІІ- топқа Бел бұйымдары киім үлгілері беріледі
Өткен сабақтың тақырыбын қайталау арқылы жаңа сабақ тақырыбын шешу.


IIІ. Жаңа сабақ Қалтаны өңдеу және жапсыра тігу.
Жапсырма қалтаны өңдеу үшін
• Таңдаған қалта үлгісін матадан қиып аламыз
• Кесілген пішім ішке қарай ауыз жағынан 2 см аралықта бүгіледі, ал үш жағынан 0,5 см бүгіледі
• Тегістеп үтіктейді
•Қалтаны алжапқышқа орнату үшін:
• Көйлекке қалта орнын белгілеу
• Қиып алынған қалтаны алжапқышқа белгіленген жеріне көктеп қою керек немесе ағылшын түйреуішпен екі жерден тігіп аламыз
• Қол машинасымен бастырып тігіп аламыз
• Тегістеп үтіктеледі


ІҮ.Сарамандық жұмыс. Жапсырма қалтаның өңдеу жүйесің талдау, өңдеу ретілігін көрсету
Жұмыс алдында Т.Қ ережесін қайталау.
Қалтаны астыңғы бөлігімен қосу
Қалтаны өңдеу жолдары, жұмысты орындау жүйелілігі:
Оқушыларға нұсқау карта таратылы ағымды нұсқау беру.
1. Нұсқау картаны оқу
2. Қалтаны қол тігіспен өңдеу 3. Қалтаны төменгі бөлікке көктеп тігу. Қорытынды нұсқау. Жұмыс орнын жинастыру. Заттарды өз орнына рет-ретімен салу.

Ү. Қорытынды. Өткен тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар қою.
Оқушыларға сұрақтар :
1.Қапталған қалтаны қандай қызмет атқарады?
2.Қалталардын қандай пішімдерін білесіздер? 3.Қалталар қайда орналасады? Білемін. Үйрендім. Білгім келеді

Ойын – тест.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр команда сұрақтың номерін таңдап жауап береді.Дұрыс жауап болған жағдайда экранда күлімдеген смайлик шығады, топқа бір қалта беріледі. Егер жауап дұрыс болмаса экранда көңілсіз смаилик шығады, кезек басқа топқа беріледі. Көп қалта жинаған топ жеңімпаз аталады.

ҮІ. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы . Кроссворд шешу, алжапқышты әкелу.

Жұмыс орынды жинау.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!