СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану ғылымдары пәндер апталығының жабылу салтанатты жиыны

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Апталықты қорытындылау,жүлделі орын алған сыныптар мен оқушыларды марапаттау

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану ғылымдары пәндер апталығының жабылу салтанатты жиыны»

МИФ апталығының жабылу салтанаты



Ашылу әуені ойнайды. 
1- Жүргізуші 
-Уа, халайық, халайық, 
Бәріңе жар салайық. 
Дарындылар елінде 
Тапқыштардың тілінде,

Батыл қадам бастайық 

Осылайша шабытпен 

Апталықтың қорытынды,
Сап түзеуің бастайық. 



2-жүргізуші

Внимание! Внимание! 
Ко всем сидящим в этом зале 
В сей час мы дружно обращаемся 
В последний день физматовской недели 
Давайте напоследок пообщаемся. 

1- Жүргізуші 

 Барлықтарыңызды математика, физика және информатика  апталығының қорытынды сап түзеуімен құттықтаймыз! Апталықта бәрі де болды – ашық сабақтар, жарыстар, ... Тамашалап, белсенді атсалысып, білімді жастар екенімізді көрсете білдік.

2-жүргізуші:Поздравляем всех с оканчанием недели математики,информатики и физики.Были проведены открытые уроки,внекласные часы в которых вы приняли активное участие,показали свои знания,интеллектуально грамотна отвечали на поставленные вопросы.Благодарим вас за участие!

1-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық. 
ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ. 
«Информатиктер» тобы! 
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым! 
Құтқарып ауыр бейнеттен 
Техниканы үйреткен 
Роботтай – адамды 
Тіл бітіріп сөйлеткен 
Компьютер емей немене 
Білмегенді білдірген 
Өлшеп киім кигізген 
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене 
Бәріңіз маған қараңыз! 
Ойынымызды бастайық 
Алуан түрлі ойларды 
Ортамызға тастайық. 
Информатика пәнінен 
Көрсетіп біздер батырлық 
Ой толғалық жүйелі 
Таңдайымызға татырлық 
«Физиктер» тобы 
Уа, халайық, халайық! 
Бәріңе жар салайық! 
Бүгінгі кеш төрінде, 
Физика елінде, 
Физика тілінде, 
Есеп шешіп жарысып, 
Жұмбақ шешіп аңдысып… 
Шабыттасып шалқысып, 
Есеппен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық, 
Жұмбақ шерді шашайық. 
Ат салысып аянбай, 
Бар өнерге басайық. 
«Математиктер» тобы 
Ғылымдардың патшасы атанған, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 
Жасықтан емессің сен қаталдансың 
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 
Нағыз пән математика атанғансың 
Жас достар, 
Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы 
Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 

1-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, математика, физика және информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік! 


2-жүргізуші

О, математика земная, гордись прекрасная, собой.

Ты всем наукам мать родная и дорожат они тобой.

Твои расчёты величаво ведут к планетам корабли.

Не ради праздничной забавы, а ради гордости Земли!

 

В веках овеяна ты славой, светило всех земных светил.

Тебя царицей величавой недаром Гаусс окрестил.

Строга, логична, величава, стройна в пролёте, как стрела

Твоя не меркнувшая слава в веках бессмертье обрела



1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға «Математикалық ертегі» ұсынамыз. Қарсы алыңыздар! 

Математикалық ертегі:
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты.  Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт.  Сонда:
– Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
– Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
– Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
– Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
– Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
– А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.
– Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен  сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.
– Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.
– Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
– Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
– Сағат неше болды?- деп сұрайды.
– Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
– А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? Сонда әженің 2 немересі есептерді шығарады

Кейін сандардың бәрі былай деп оралады:
Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.

1-жүргізуші 

Аттас заряд тебіледі
Аттас еместер келіседі
Ох! Бұл физика заңдылығы
Ендеше достар әрқашанда ақылдармен бөліседі.
 Физика жақын туыс мына бізге
Қозғалыс, энергия, қуат, күш те
Біздерсіз есептелуі мүмкін емес
Жария қылып айтайық мұны бізде..

2-жүргізуші:И так друзья,на сценеКанат Ерлан с песней «Физика»

1-жүргізуші

 Жиналған ылғи дарындар, 
Жүректе от, көздерінде жалын бар. 
Фигуралар тобын халайық, 
Қол соғып қарсы алайық. 

  Үшбұрыш:
Мен үшбұрышпын,
Ылғи үштен түрамын.
Үш қабырға, үш төбе,
Үш бұрын болып құрамым.

Төртбұрыш:
Мен төртбұрышпын,
Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас,
Бірақ одан ірімін.

Тіктөртбұрыш
Математиканы білместерге
Құбыжық болып көрінем.
Бар бұрышым тік болса,
Тік төртбұрыш деп аталам.

Параллелограмм
Қарам-ақарсы қабырғам,
Параллель әрі тең болса.
Іргелес жатқан бұрыштар.
Бірінен бірі кем болса.
Қосындысы бірақ та,
180- қа тең болса,
деп аталам!

Ромб
Ромбы атты бауырым,
Бәрінен де сымбатты.
Білімділер кеудеге,
Тағады заттай қымбатты.

Трапеция
Трапеция туыстың,
Ашуы мүлде тым қатты.
Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.

1-жүргізуші
Негізі бар ғылымның математика 
Жалықпай оқып үйрен тек қана 
Білімнің кілтін ашта,көзін тауып, 
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская. 
Бүгінде математика барлық жерде 
Құрылыста, техникада өндірісте 
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер, 
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер. 

2-жүргізуші: примите в подарок танцевальный номер от 5 «Ә» класса» «народный танец»

Көрініс: «Арифметикалық орта»

Екі оқушы қатысады.
Қыз: Сен не ойлап тұрсың?
Ұл: Сен білесің бе менің не ойлағанымды.  Арифметикалық орта математиктердің керемет жетістіктері емес пе? Өзің ойлап көрші, екеуміз доспыз. Жақсылық та, жамандық та екеумізге бірдей емес пе? Мысалы, бүгінгі бағаны алайық, сен «5» алдың, ал мен «1» алдым. Егер бағаларды қосып, «3»-ке бқлсек, екеуміз де 3 алдық. Қарашы, өзі қандай тамаша. Әкем де маған ұрыспайтын болды. Сондықтан жасасын арифметикалық орта!
Қыз: Бірақ, өзің әуелі менен сұрамайсың ғой, мен келісемін бе, келіспеймін бе?
Ұл: Тоқтай тұр, мені тыңда. Сен бүгін мектепке 15 минут ерте келдің. Мен болсам 15 минутқа кешіктім, енді тағы арифметикалық ортаға жүгінсек, екемізде  мектепке дәл уақытында келдік.  Керемет емес пе?
Қыз: Сен өзің тым ақылды екенсің ғой. Қап бәлем, сені үйретпесем. Сен маған магазиннен кеды әкеліп берші дейші едің ғой, мамаң ақшы беріп пе еді. Әкел, мен әкеп берейін.
Ұл: Ақша берген.
Қыз: Онда мен магазинге барып келейін, сен тағы арифметикалық ортаға есеп шығара бер.
Қыз: Мен тез оралды. Саған кеды әкелдім.
Ұл: Кәне, әкелші, көрейін. (Ашып қарап) Бұл не?
Қыз: Немене, ұнамай тұр ма? Бұл сенің кедың. Бірі 26 размер, екінші 44-і  размер, Екеуін қосып, 2-ге бөлсек, сонда 35-і сенің размерің шығады. Жасасын арифметикалық орта! Саған бұл ұнайды емес пе?



2-жүргізуші

Итак, друзья, мы многое узнали. А давайте теперь посмотрим, что происходило на этой недели и результаты нашего труда.Предоставляем слова руководителю кафедры естественных наук Кемпировой Асемгул Сайлаубековне

1-жүргізуші:Онкүндік аясында өткізілген іс-шараларды қорытындылау үшін және сыныптан тыс іс-шараларда жүлделі орын алған оқушыларымыщды марпаттау үшін Жаратылыстану ғылымдары әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Кемпирова А.С шақырамывз.

Сахнада Кеңесбай Назира мен Жаңбыршы Томирис МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)
Мектепке келдім, ұстзады көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен қрнек,  теңдеу мен бқлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмайм



1-Жүргізуші 

Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұстаз деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты
Біз тәуелсіз мемлекет  ұланымыз
Бар екпінмен самға алға, тек қана алға
Жаңа, жаңа асуларға.
Білім алып №4 орта мектебінде
Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.



2-жүргізуші

Учителю умному, стойкому,

Избравшему сложный маршрут.

Клянемся пятерками,

Что мы уважаем ваш труд.

Учитель-как будто не модно

Другие професси чтут...

Спасибо за ваш благородный

И самоотверженнй труд!



.Информатика
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың

2-жүргізуші : Сценка учеников 7 «А» класса

Информатик ағайдың жиында берген батасы:

Ортаға бір топ  оқушы шығады.  Дөңгеленіп отыра калады.  Ішінен біреуі сурылып шығып:
– Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.
–  Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін,  CTRL ALT DEL  үнемі жар болып қолдай берсін,  ENTER!



2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі жиынға жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар: 
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,

Нақты ғылымдарға орын берсең басыңнан, 
Барлық ғылым саған үйiр болады, 
Досың солар – табылатын қасыңнан. 


1-жүргізуші
Мықты болсаң – алдағыны басып оз, 
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. 
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, 
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. 
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған математика, физика, информатика пәндерін оқуда оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз! 
2-жүргізуші: Осымен «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.

Назарларыңызға рахмет, қош сау болыңыздар.

1-жүргізуші: Декада Естественных наук обявляем закрытой!!!До новых встреч !!!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!