СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану ҰОҚ болашақ жоспары. 1 сәбилер тобы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сәбилер тобына арналған ҰОҚ болашақ жоспарлары. жаратылыстану.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану ҰОҚ болашақ жоспары. 1 сәбилер тобы.»

Таным білім саласы Жаратылыстану бөлімінің ортақ тақырып бойынша жылдық перспективалық жоспар

І сәбилер тобына арналған

№ р/с

Айы

Ортақ тақырып

Апталық тақырып

Бөлімі

ҰОӘ тақырыбы

ҰОӘ

мақсаты

Міндеті

Сағат саны

Күні

1

Қыркүйек

Менің балабақшам

Менің балабақшам

(I-апта)


Балабақша ауласына серуен.




Табиғаттын маусымдық өзгерістерін білу

Балабақша ауласында өсетін өсімдіктердің маусымдық өзгерістеріне назар аудару.

1



2


Менің достарым

(II-апта)


Мысық пен ит – біздің кішкентай достарымыз.

Үй жануарларын ажыратып, атай білу (мысық, ит).


Жануарлардың ерекшеліктерімен, жүру тәртібі, адам өмірімен байланысымен таныстыру


1




3

Менің сүйікті ойыншықтарым

(III - апта )



Гүлзарларға саяхат.




Гүлзарлар туралы білім беру.


Гүлзарда өсіп тұрған гүлдермен таныстыру, гүлдің сабағы, жапырағы, гүлі бар екенін көрсету. Түстерді бекіту.

1




4

Жиһаздар

(IV - апта )



Ағаш және оның бөліктері



Өсімдік әлемі туралы түсінік беру


Ағаштар туралы білімдерін кеңейту, ағаштың құрылымы туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорын молайту

1




1

Қа зан

Менің отбасым

Менің отбасым. Ата-аналар еңбегі

(I-апта)



Гүлді суаруға анамызға көмектесеміз (үлкендермен біріккен іс - әрекет).




Бөлме өсімдіктерімен танысу(фикус).


Бөлме өсімдіктерінін атын атауды және көрсетуді үйрету (фикус). Табиғатты тануға деген ықыласын дамыту. Қарапайым еңбек дағдыларына тәрбиелеу.

1




2

Біздің көше

(II - апта )



Жемістер



Жемістер туралы қарапайым ұғымды қалыптастыру


«Дүкен» сюжетті – рөлдік ойын. Балаларды жемістермен таныстыру (жидектер, алмұрттар). Балаларды жемістерді ажырата білуге үйрету. сөйлеу мәнерін, сұрақтарға жауап беру ептілігіне үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


1




3

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

(III - апта )



Көкөністер




Көкөністер туралы қарапайым ұғымды қалыптастыру


Балаларды көкөністермен таныстыру (қияр, қызанақ, сәбіз). Қайда олар өседі, қандай түстен, қандай пайда әкеледі деген түсініктерді дамыту. Табиғатқа деген қызығушылыққа тәрбиелеу.


1




4



Алтын күз

(IV - апта )



Алтын күз

Күз – жыл мезгілі туралы ұғымды қалыптастыру


Әр түрлі формасы бар әр түрлі ағаштардың жапырақтары туралы табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы қарапайым ұғымдарды балаларға түсіндіру.


1




1

Қараша








Дені саудың - жаны сау

Өзім туралы

(I - апта )



Судың қасиеті (сараптама)




Су туралы ұғымды қалыптастыру


Судың қасиеттерімен таныстыру. Барлық тіршілік иесі үшін судың маңыздылығы туралы ең алғашқы ұғымдарды нақтылау.

1




2

Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

(II - апта )



Табиғатта жаман ауа – райы жоқ



Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы ұғымды қалыптастыру

Табиғаттағы және ауа – райындағы өзгерістерді байқау. Ауа – райы құбылыстарына оларға деген адамдардың қарым – қатынасына назар аудару (жаңбыр – дымқыл, плащсыз және етіксіз қыдыруға болмайды; жазда ыстық күннің сәулесі түскенде панама киеді; қыста суық болғандықтан адамдар тондарын, шарф, жылы етіктерін, теріден тігілген бөріктерін және т.б. киеді).

1




3

Өзіңе және өзгелерге көмектес

(III - апта )



«Зообақ» экологиялық ойын.




Жабайы жануарлар туралы білу


Әр түрлі иллюстрация пайдаланып, жабайы жануарлармен балаларды таныстыруды жалғастыру; әр түрлі жануарлар, әр түрлі климаттық жағдайда өмір сүретіндігін балаларға түсіндіру керек (ақ аю – солтүстікте, түйе – шөл далада).

1




4

Біз күштіміз, ептіміз

(IV - апта )



Жануарларға қамқор боламыз.



Табиғат бұрышында мекендеушілер туралы ұғымды қалыптастыру.


Балаларды теңіз шошқасымен, оның сырт бейнесімен, ерекше сипаттарымен таныстыру (кеміргіштер – інге, өмірге жаттыққан, құрлықтағы жануарлар); теңіз шошқасы немен қоректенеді (шөппен, көкөністермен).

1




1

Желтоқсан

« Менің Қазақстаным»

Астана Отанымыздың жүрегі

(I - апта )



Үй жануарлары

(сиырлар мен ешкілер)




Үй жануарлары және олардың төлдері туралы ұғымды қалыптастыру


Үй жануарларымен (сиыр және ешкі) олардың сырт бейнелерімен, өзін ұстау ерекшеліктерімен таныстыру, сиыр мен ешкіні салыстыру (несімен ерекшеленеді, несімен ұқсайды); Үй жануарлары қыста төлдейтіндігін балаларға түсіндіру.Танымдық қызығушылығын дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

1




2

Туған өлкем

(II - апта )



Табиғат біздің туған үйіміз




Туған жердің табиғаты туралы ұғымды кеңейту


Ауа – райы жағдайын атау және анықтау, табиғатқа қол жетімді формада және іс жүзінде көмектесуге үйрету. Білімқұмарлығын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Табиғаттағы тәртіп ережелерімен таныстыру.

1




3

Тәуелсіз Қазақстан

(ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер)

(III - апта)



Қыс қызығы...!




Табиғаттың қысқы құбылыстары туралы ұғымды қалыптастыру.


Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді балалардың бақылай білуіне үйрету (қар жауып тұр, аяз, суық жел соғып тұр). Жадысын, сөйлеу мәнерін, ойын дамыту. Табиғат құбылыстарына деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

1




4

Тарихқа саяхат

(IV - апта)



Қардың қасиеті.



Тәжірибелік – сараптамалық қызмет арқылы қар туралы қарапайым білімді қалыптастыру.


Қардың қасиеттері туралы түсінік беру. Қардың кез – келген жылу (жарық) көздерінің әсерінен еритіндігі туралы түсіндіру. Тәжірибелік – сараптамалық қызметке деген қызығушылыққа тәрбиелеу

1




1

Қаңтар

« Табиғат әлемі »

Ғажайып қыс

(I - апта )



Орманды мекендеушілер.



Ормандағы жануарлардың өмірі, олардың қысқы мезгіліне қамдануы туралы ұғымды балаларда қалыптастыру


Суреттерден таныс жабайы жануарларды табу және тани білуді балаларға үйрету. Қыс мезгілінде орманда жануарлар қалай өмір сүретіндігін, немен қоректенетіндігін түсіндіру. Олар қандай дыбыс шығаратындығын, қалай қозғалатындығы туралы білімдерін дамыту.

Жабайы жануарларға деген қамқорлық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

1




2

Жануарлар әлемі

(II - апта )



Жабайы жануарлардың төлдері




Жабайы жануарлардың төлдері туралы балалардың білімдерін қалыптастыру


Жабайы жануарлардың төлдерімен балаларды таныстыру, картинкадағы жануарларды тани білуді үйрету. Зейін, сөйлеу мәнерін дамыту. Қоршаған әлемге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

1




3

Айналамыздағы өсімдіктер

(III - апта)



Қанатты достар





Құстар туралы жалпы ұғымдарды қалыптастыру (торғай, қарға)


Балабақшаның ауласына ұшып келетін құстармен таныстыру. Құстардың дене бітімін зерделеу; Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табуды балаларға үйрету; Сөйлеу мәнерін, жадыны, зейінді дамыту. Құстар әлеміне деген қызығушылыққа тәрбиелеу

1




4

Құстар – біздің досымыз

(IV - апта)



Құстарды бақылау




Құстарды олардың ұяларын білу (торғай, қарға)


Балаларды құстармен таныстыруды жалғастыру: құстарды, олардың ұяларын бақылау (ән салады, ұшады, шоқиды, су ішеді). Құстарды қоректендіруге балаларды үйрету. Құстарға деген ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу

1




1

Ақп ан

«Бізді қоршаған әлем »

Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары)»(I - апта )



Балықтардың өмірі





Аквариумда мекендеушілеріне қызығушылықты қалыптастыру


Аквариумдағы балықтармен таныстыру. Балықтарды бақылауды үйрету. Балықтардың дене мүшелерін атау және ажыра білуге үйретуді дамыту.

1




2

Көліктер

(II - апта )



Үй құстары: әтеш, тауық, балапан





Үй құстарымен балаларды таныстыру: әтеш, тауық, балапан


Үй құстарының атын атау және тани білуге балаларды үйрету. Олардың дыбыстарын, әдеттерін, алмастыру ептілігін дамыту. Олар немен қоректенетіндігіне түсінік беру. Үй құстары туралы қамқорлықтарын көрсету ықыласына тәрбиелеу

1




3

Электроника әлемі

(III - апта)



Аула сыпырушының еңбегін бақылау





Үлкендердің еңбегі туралы білімдерін кеңейту


Сұраққа толық сөйлеммен жауап беру ептілігін қалыптастыру. Аула сыпырушы мамандығын құрметтеу қарым - қатынасына, бақылау үдерісінде үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас дағдысына тәрбиелеу.

1




4

Мамандықтың бәрі жақсы

(IV - апта)



Менде не бар?





Жануарларды және олардың ерекше сипаттарын атау


Жануарлардың кейбір дене мүшелерін атау және ажырата білуді үйрету (тұмсығы, құйрығы, табаны (аяғы). Картинкадан тауып алып, қандай жануар екендігін атауды үйрету. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

1




1

Наурыз

« Салтт ар мен фольклор »

Ертегілер Елінде. Театр әлемі

(I - апта )



Ойын ситуациясы

«Тығылған суретті тап»




Өсімдіктерді қалай өсіру керектігі туралы білімді қалыптастыру


Пиязды баданадан өсіріп шығару мүмкіндігімен балаларды таныстыру. Атыздарға пиязды егуге балаларды тарту. Еңбекке деген қызығушылыққа және оған қатысу ықыласына тәрбиелеу.

1




2

Өнер көзі халыкта

(II - апта )



Ауылдағы әжемде




Үй жануарлары туралы ұғымдарды бекіту


Балаларды үй жануарларымен, олардың төлдерімен таныстыру, білімін кеңейту. Сөйлеу мәнерін дамыту, тақырып бойынша сөзікті жандандыру. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


1




3

Қазақстанның салттары мен дәстүрлері

(III - апта)



Көктем келді!




Көктемнің белгілерін сипаттау туралы білімдерін қалыптастыру


Табиғаттағы көктемдегі өзгерістер туралы балаларға түсіндіру. Көктемнің белгілерімен таныстыру: күн сәулесі жарқын шығады, қар ериді, шатырдан тамшылар тамшылайды. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

1




4

Нұр төккен, гүл көктем

(IV - апта)



«Көктем, көктем, көктемгі күндер...!»





Көктемнің белгілері туралы білімді қалыптастыру


Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсінікті кеңейтуді жалғастыру. Табиғат құбылыстарына деген қызығушылықты қалыптастыру.

1





1

Сәуір

«Біз еңбекқор баламыз»

Еңбек бәрін жеңбек

(I - апта )



Қар ериді



Тірі табиғатпен салыстыру


Сөйлеу мәнерін, кеңістіктегі ой - өрісін дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

1




2

Ас атасы - нан (II - апта )



Нан қайдан келеді




«Нан» деген ұғыммен таныстыру


Нан дегеніміз не, оны қалай өсіреді деген түсініктермен балаларды таныстыру. Танымдық қызығушылығын дамыту. Нанға деген ұқыпты қарым -қатынасқа тәрбиелеу

1




3

Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі

(III - апта)



Жәндіктер




Тірі табиғаттың өкілдерімен, жәндіктермен таныстыру


Жәндіктерді бақылауға, басқадай тірі тіршіліктерден жәндіктерді ажырата білуге балаларды үйрету. Танымдық қызығушылығын дамыту. Жәндіктер әлеміне деген позитивті сезімге тәрбиелеу.

1




4

Аялайық гүлдерді

(IV - апта)



Бәйшешектер



Көктемгі алғашқы гүлдерді білу (бәйшешектер)


Гүлдің құрылысы туралы түсінікті қалыптастыру. Оларды басқа гүлдерден тани білу және ажырата білуге үйрету. Эстетикалық қабылдауын, сұрақтарға жауап беру ептілігін дамыту. Білімқұмарлыққа тәрбиелеу.

1




1

Мамыр

« Әрқашан күн сөнбесін »

Достық –біздің тірегіміз (халықтар достығы)

(I - апта )



Мында да, анда да бақбақ гүлдеуде




Бақбақ туралы ұғымды балаларда қалыптастыру


Қоршаған табиғаттың әсемдігіне эмоционалды қабылдау ықыласын дамыту. Көктемгі гүлдер жайлы білу.

1




2

Отан қорғаушылар (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері)

(II - апта )



Құммен танысу




Тәжірибелік – сараптамалық қызметке қызығушылықты қалыптастыру.


Құмның қасиетімен балаларды таныстыру: құрғақ сусымалы, дымқыл – формасын жақсы сақтайды. Дымқыл құммен іс - әрекет жасау (формаларды пайдалану). Сөйлеу мәнерін, жадыны, зейінді дамыту. Өлі табиғат құбылыстарына деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

1




3

Мен жасай аламын

(III - апта)



Бөлме өсімдіктері




Табиғат бұрышындағы өсімдіктермен балаларды таныстыру


Бөлме өсімдіктерінде тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі бар екендігін – олар тірі тіршілік иесі екендігі туралы балаларда түсінік қалыптастыру. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күтуге балаларды үйрету. Өсімдіктерге деген ұқыпты, жинақы қарым – қатынасты дамыту. Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу.


1




4

Көңілді жаз

(IV - апта)



Армысың жаз!




Өлі табиғат құбылыстары туралы ұғымды қалыптастыру


Табиғаттағы маусымдық тән өзгерістермен таныстыруды жалғастыру (ашық күн сәулесі, адамдардың киімдеріне көңіл аудару). Танымдық қызығушылығын дамыту. Өлі табиғат құбылыстарына деген позитивті сезімге тәрбиелеу.

1





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!