СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ЖАЗБА КЕҢЕСІ «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасына консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Тақырыбы: «Р» дыбысын қоюға арналған жаттығулар жиыны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:  «Р»  дыбысын қоюға арналған жаттығулар жиыны.

            Тема: Комплекс упражнений для постановки  звука Р.

 

              «Р» дыбысын айту үшін тілдің барлық бұлшықеттері мен тыныс шығару ағымының күшіне бағытталған күрделі жұмыс қажет. Тілге қажетті қозғалыстарды және тыныс шығару ағымын келесі жаттығулар қалыптастырады.

                            «Тілімізбен таңдай қағу» жаттығуы

Жаттығу мақсаты: Тіл бұлшықетін нығайту және тілдің жоғары көтерілуін қалыптастыру.

Жаттығуды орындау барысы: Ауызды ашып, тілдің ұшымен таңдай қағу.

Әдістемелік бағыты:

1. Жаттығу бастапқыда баяу темпінде орындалады, сосын тезірек.

2. Астыңғы жақ қозғалмауы тиіс, тіл ғана жұмыс жасайды.

3. Егер бала таңдайын қаға алмаған жағдайда, «Конфетті таңдай арқылы сору (Присоси конфетку)» жаттығуын орындаймыз.

4. Бала таңдай қағу барысында тіліміз таңдайға толық жабысып жиберіліп қағылуы тиіс, дұрыс орындалуын қадағалау.

Просмотр содержимого документа
«ЖАЗБА КЕҢЕСІ «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасына консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Тақырыбы: «Р» дыбысын қоюға арналған жаттығулар жиыны.»

Бекітемін:

ШҚО ББ «Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ меңгерушісі _________Мехова Л.С.

Утверждаю:

Заведующая КГУ «Кабинет психолого-педагогической

коррекции г. Риддера» УО ВКО _________Мехова Л.С.



ЖАЗБА КЕҢЕСІ

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасына консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша


ПИСЬМЕННАЯ РЕКОМЕНДАЦИЯ

По оказанию государственной услуги « Оказание консультативной помощи семьям, воспитывающим детей с ограниченными возможностями».



Дата /Мерзім: __________________

Время /Уақыт: __________________

ФИО ребенка /Баланың аты-жөні, тегі: __________________


Тақырыбы: «Р» дыбысын қоюға арналған жаттығулар жиыны.

Тема: Комплекс упражнений для постановки звука Р.


«Р» дыбысын айту үшін тілдің барлық бұлшықеттері мен тыныс шығару ағымының күшіне бағытталған күрделі жұмыс қажет. Тілге қажетті қозғалыстарды және тыныс шығару ағымын келесі жаттығулар қалыптастырады.

«Тілімізбен таңдай қағу» жаттығуы

Жаттығу мақсаты: Тіл бұлшықетін нығайту және тілдің жоғары көтерілуін қалыптастыру.

Жаттығуды орындау барысы: Ауызды ашып, тілдің ұшымен таңдай қағу.

Әдістемелік бағыты:

1. Жаттығу бастапқыда баяу темпінде орындалады, сосын тезірек.

2. Астыңғы жақ қозғалмауы тиіс, тіл ғана жұмыс жасайды.

3. Егер бала таңдайын қаға алмаған жағдайда, «Конфетті таңдай арқылы сору (Присоси конфетку)» жаттығуын орындаймыз.

4. Бала таңдай қағу барысында тіліміз таңдайға толық жабысып жиберіліп қағылуы тиіс, дұрыс орындалуын қадағалау.

«Конфетті таңдай арқылы сору жаттығуы»

(Упражнение «Присоси конфетку»).

Жаттығу мақсаты: Тіл бұлшықетін нығайту және тілдің жоғары көтерілуін қалыптастыру.

Жаттығуды орындау барысы: Жалпақ тілді төменгі ерінге қою. Тілдің ең шеткі жағына ирис конфет бөлігін қою және балаға жоғары тістердің арғы жағындағы таңдайға конфет бөлігін жабыстыруды сұрау қажет.

Әдістемелік бағыты: Тек қана тіл жұмыс жасауын және төменгі жақ қозғалыссыз болуын қадағалау. Ауызды 1 1,5 см артық емес ашу. Егер төменгі жақтар қозғалып қатысатын болса, таза сұқ саусақты түбір тістер жағына қойып, жаттығуды бастапқыда баяу, кейін ақырындап жылдамдату қажет.

«Тәтті тосап» жаттығуы

Жаттығу мақсаты: Тілдің жалпақ алдыңғы жағының жоғарыға қозғалысын қалыптастыру.

Жаттығуды орындау барысы: Аздап ауызды ашу және тілдің жалпақ алдыңғы жағымен жоғарғы ерінді жалау, жан-жағына емес, тек тілімізбен жоғарыдан төменге қарай жалау. .

Әдістемелік бағыты:

1. Тек қана тіл жұмыс жасауын және төменгі жақ қозғалыссыз болуын қадағалау.

2. Тіл жалпақ болуы тиіс, шет жақтары ауыз бұрышына тіреледі.

3. Егер жаттығу орындалмай жатса, «Тілді жазалау» жаттығуына оралып тілімізді дайындау. «Тілді жазалау» жаттығуы (Тіліміз төменгі ерінде. Баяу ПЯ…ПЯ…ПЯ….буындарын айту). Бұл жаттығу барысында тіліміздің босаңсу жағдайын ұстап жасаған жеңіл болып келеді.


«Тілді жалпақ қылу» жаттығуы.

Жаттығу мақсаты: Тілді бос тыныштық қалпында ұстауды қалыптастыру.

Жаттығуды орындау барысы: Күлімдеу, ауызды ашу, тілдің жалпақ алдыңғы жағын төменгі ерінге қою, осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру қажет немесе 1-ден 10-ға дейін санау.

Әдістемелік бағыты: ерінді күлімдеу барысында қатты созуға болмайды, кернеу болмауын қадағалау. Жоғарғы еріннің қозғалмауын қадағалау.

Тіл алдыға қатты созылмай, тек астыңғы ерінді ғана жабуы тиіс. Тілдің шет жақтары ауыздың бұрыштарына тіреледі. Егер бұл жаттығу орындалмай жатса, «Тілді жазалау» жаттығуына оралуымыз тиіс.


«Күркетауық» жаттығуы.

Жаттығу мақсаты: Тілдің жоғарыға көтерілу мен оның алдыңғы жақтарының қозғалысын қалыптастыру.

Жаттығуды орындау барысы: Ауызды ашу және тілді жоғарғы ерінге қою. Тілдің жалпақ алдыңғы жақтарымен ерін бойынша алға-артқа қозғалысын жасау, сипалау сияқты тілді еріннен үзбей жасауға тырысу. Бастапқыда баяу қозғалыстарды жасау, кейін қозғалыс жылдамдығына дауысты қосып БЛ..БЛ…БЛ…БЛ… - деп айту қажет (күркетауықтар сөйлесу үстінде).

Әдістемелік бағыты: Астыңғы жақ пен ерін қозғалыссыз қалып, тек тілдің ғана қозғалуын қадағалау.

«Сылақшы» жаттығуы

Жаттығу мақсаты: Балаға тілін жоғары көтеруге үйрету.

Жаттығуды орындау барысы: Күлімдеу, ауызды ашу және қатты таңдайды тілдің ұшымен алға-артқа қарай қозғалысын жасап сипалау.

Әдістемелік бағыты: Ерін және астыңғы жақ қозғалыссыз болуы тиіс. Тіліміз жоғарғы тістердің ішкі жақтарына жетуі керек және ауыздан шықпауын қадағалау қажет.

«Кімнің тісі таза» жаттығуы.

Жаттығу мақсаты: Тілді жоғары көтеруін қалыптастыру және оларды басқаруды үйрену.

Жаттығуды орындау барысы: Ауызды ашу және тіл ұшымен жоғарғы тістердің ішкі жақтарын тазалау, тілмен ары-бері қозғалыстар жасау арқылы. Әдістемелік бағыты: Ерінмен күлімдеу, жоғары және төменгі тістер көрінуі тиіс. Тілдің ұшы сыртқа шықпауын әрі ішке қисаймауымен қоса, жоғарғы тістердің түбірінде болуын қадағалау. Төменгі жақ қозғалыссыз, тіл ғана жұмыс жасалуы тиіс.

«Барабаншылар» жаттығуы.

Жаттығу мақсаты: Тілдің ұшының бұлшықеттерін нығайту, әрі жоғары көтерілу мен оларды басқару икемін қалыптастыру.

Жаттығуды орындау барысы: Күлімдеу, ауызды ашу және тілдің ұшымен жоғаргы тістерге тигізіп Д..Д..Д.. соғу. Бастапқыда Д дыбысын баяу айту, кейін жылдамдығын тездету арқылы орындалады.

Әдістемелік бағыты: Ауыз жаттығу барысында ашық болуы тиіс, ерін күлімдеу қалпында, төменгі жақ қозғалыссыз, тіл ғана жұмыс жасайды. Д дыбысы нақты анық болуын қадағалау. Тілдің ұшы оралмауы тиіс.

Д дыбысын айту барысында ауыздан шығатын ауа ағымы сезілуі тиіс, ол үшін ауызымызға қағаз кескіні немесе салфетканы әкелу арқылы көруге болады. Жаттығуды дұрыс орындау барысында қағаз кескіні немесе салфеткамыз итерілетін болатынын көруге болады.

Құрметті ата-аналар!

Балалардың дыбыстарды дұрыс дыбыстауын қалыптастыру үшін келесі ережелерді ұстану қажет:

1.Артикуляциялық жаттығуды күнделікті қайталау қажет

(15-20 мин.)

2.Артикуляциялық жаттығуды міндетті түрде айна алдыңда

орындау қажет және қосымша қолдың ұсақ моторикасына арналған түрлі жаттығулармен жалғастырған жөн.

3.Қосымша қажетті дыбысты айту барысында, дыбыстау – анық, дұрыс айтылуы керек, әрі дыбыстарды дыбыстау барысында дауыс күшін түрлі деңгейге келтіріп айтылған жөн (ақырын, қатты, сыбырлап, қатты дыбыстау….).

Сіздерге сәттілік!.

Тексерілген: әдіскер__________ Ф.И.О. Проверено: методист__________ Ф.И.О.

Материалды дайындаған мұғалім-дефектолог ______ Дюсенова Г.Ж.

Материал подготовлен учителем–дефектологом ______ Дюсеновой Г.Ж.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!