СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Желтоқсанда азаттықтың таңы атты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарға арналған Тәуелсіздік күніне ашық тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Желтоқсанда азаттықтың таңы атты»


Тақырыбы: «Желтоқсанда азаттықтың таңы атты»

Сыныбы: 3

Өтетін орыны: Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты, 2-кабинет

Уақыты: 07.12.2016 жыл

Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Отан – Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

Көрнекілігі: видеоролик, презентация, т.б.

(Музыка ойнап тұрады, жүргізушілер ортаға шығады)


1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.

Бүгін біздің «Желтоқсанда азаттықтың таңы атты..» атты тәрбие сағатымызды көруге қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

Добро пожаловать к классному часу посвященный к двацатипятилетию независимости Республики Казахстан

3- жүргізуші:

Today a free state, Kazakhstan. It is not easy to independence.welcome to the open for the 25-th anniversary of the so «Желтоқсанда азаттықтың таңы атты» lesson.

1-жүргізуші: тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: Мы – дети величественных гор и безбрежных степей. Здесь зарождались, крепли сотни и сотни поколений казахов. Здесь наши славные предки не раз возвышали знамия своей государственности, которую признавали ближние и дальние государства.

3-жүргізуші:

Born in this country, do not we living in a dream.

2-жүргізуші:

Биыл Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл, ал желтоқсан оқиғасына 30 жыл болды. Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.


3-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

1-жүргізуші:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жанған алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


  1. Хор: «Азаттық таңы»


1-жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталды. 16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

3-жүргізуші:

Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда болған құрбандарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.


Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу.


1-Жүргізуші:

Рахмет! Ендігі кезекте оқушылардың өлеңдеріне береміз.

1-оқушы:

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

2-оқушы:

Желкеге тиді сілтіген күрек, қамшылар

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар!

3-оқушы:

Қақап күннің ызғары

Сұйектен өтіп кеткен күн

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қарға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

4-оқушы:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы күн

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

5-оқушы:

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым

Тәуелсіздік билігі қолға қонған

Тәңіріне желтоқсан шуақты күн!

6-оқушы:

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастардың жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым

7-оқушы:

Первое счастье – мое – это мой народ

Если он есть, значит живу и я

Ему отдаю стихов своих сотовый мед

Дороже золота эта светлая радость моя!

8-оқушы:

Второе счастье – это родной язык

Сердце гранитное словом я размягчил,

Все потому, что народа я ученик

Он меня правде и доброте научил

9-оқушы:

Третье счастье мое – Родина мать,

Кто-то за Бога стоит, за Родину – я

Разве погасший очаг может вновь заплыть?

Друг, приходи, возьми огонь у меня.

10-оқушы:

Три счастья мои на ладони моей лежат

Кто может сравнить со мной, поди разузнай!

Три солнца в безоблачном небе моем горят

Под ними Арка, Алатау, Атырау, Алтай

11-оқушы:

Kazakhstan

Kazakhstan is my country

Kazakhstan is my land

I live here with my friends

12-оқушы:

Motherland

One among many countries

Native land mother

Native land universe

Native land Kazakhstan

13-оқушы:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – Желтоқсан

Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан!

1-жүргізуші:

Ерлігіне қуанам да, сүйінем

Қайрат аға рухыңа мен иілем

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам

Әділ жанның қазасына күйінем!

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар!


  1. Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»


2-жүргізуші:

Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

3-жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.


  1. Ән:


1-жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

2-жүргізуші:

Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды

Қазақ елі көкке жетті көк туың

Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!

Бірге:

Өзіңдікі – елің де,

Өзіңдікі – жерің де

Өзіңді сезін бақытты

Тәуелсіздік төрінде!

1-жүргізуші: Қазірде біз егемен, байтақ, дамушы мемлекеттер қатарындамыз. Оған дәлел, біздің жетістіктеріміз. Ол спортта болсын, өнерде болсын, тіпті білім саласы мен медицинада болсын өз нәтежиесін көрсетуе.

2-жүргізуші: Да, Акерке, я с тобой полностью согласен. Все мы с высоко поднятой головой, гордо можем сказать, что мы живем на этой прекрасной стране под названием Казахстан.

3-жүргізуші:

Let the survival of the country forever independence. Stay healthy bye!

1-жүргізуші: Осымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Желтоқсанда азаттықтың таңы атты..» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көптен-көп рахмет!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!