СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жинтық бағалау 1 сынып бойынша

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді
  1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
  1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату.
  1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу.

Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді

Просмотр содержимого документа
«Жинтық бағалау 1 сынып бойынша»

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Спорт – денсаулық кепілі

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа деп бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. «Бірінші байлық - денсаулық» немесе «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, жан мен тән саулығын қоршаған ортада дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.

  1. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың қанша түрінен жаттығу жасау керек?

А) 35

В) 33

С) 31

Д) 32



  1. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.

р/с

Ақпараттар

дұрыс

бұрыс

А

Спорттың қандай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты.



В

Н.Назарбаев спортты бірнеше түрге бөлген.



С

Денсаулық - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.



  1. Спортпен айналысудың денсаулыққа пайдасы бар ма?



4.«Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі қандай?













Оқылым :Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Менің Отаным - Қазақстан

Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері – қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан. Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көптеп саналады. Айталық, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырар, Сауран, Сығанақ, Шымкент, Тараз, Түркістан сияқты қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары болған. Қазіргі кезде ғалымдар Арал теңізі маңынан, Маңғыстау түбегінен, Астана жанынан көне қалалардың орындарын табуда. Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам». Алматы маңындағы Есік обасынан табылған «Алтын адам» көне дәуірлерде Қазақстан жерінде жоғары өркениеттің болғандығын көрсетеді.

Қазақстан мәдениетінің басты ошағы – Алматы қаласы. Мұнда Абай атындағы опера және балет театры, М.Әуезов атындағы қазақ драма театры, цирк және орыс, неміс, ұйғыр, корей театрлары жұмыс істейді. Әлемге белгілі «Медеу» мұз айдыны – халқымыздың мақтанышы.



  1. Көне қалалар ненің орталығы болған?

  2. «Алтын адамның» табылуының дәлелі не?

3№Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбына сәйкес келеді? А) Денсаулық - зор байлық.

В) Айлалы батыр алдырмас.

С) Туған жер - алтын бесік.

Д) Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

  1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.

а. ежелгі

ә. мұра



  1. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.

Оқиғалар

Реті

Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам».


Қазіргі Қазақстан мәдениеті жаңа заманға сай мәдениет пен өнерді қалыптастырған.


Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр.


Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көп.




Жазылым

Компьютердің пайдасы мен зияны тақырыбында эссе жазыңыз. Жазылым мазмұнында сын есімдерді қолданыңыз (60-80 сөз).

Айтылым

Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут). «Компьютердің тілін табу − өнер»

Тірек сөздер: компьютер, тәуелділік, әлеуметтік желі, зиян, жылдамдық, ақпарат



Балл қою кестесі Тыңдалым, айтылым

Дағды

Жауап

Балл

Жалпы балл

Тыңдалым

В

1

5 балл

А,С

1

1

Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек.

1

«Қазақстан - 2030» стратегиялық

бағдарламасының басым бағыттарының бірі - халықты салауатты өмір салтына ынталандыру.

1

Оқылым

Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары болған.

1

Алтын адамның табылуы Қазақстан жерінде өркениеттің болғандығын дәлелдейді.

1

5 балл

С

1

А. ежелгі-көне

В. мұра-жәдігер

1


Оқиғалар

Реті

Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам».

3

Қазіргі Қазақстан мәдениеті жаңа заманға сай мәдениет пен өнерді қалыптастырған.

4

Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр.

1

Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көп.

2


1



10 балл

Жазылым

Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5

Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.

Ойын жүйелі түрде жеткізеді.

Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

2

Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

Барлығы 30 балл




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!