СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жұлдызым менің жоғары" психологиялық тренинг.

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын,қызығушылықтарын арттыру.

Просмотр содержимого документа
«"Жұлдызым менің жоғары" психологиялық тренинг.»

«Әуезов атындағыорта мектебі» КММ









Тренинг тақырыбы:



«Жұлдызым менің жоғары»

(Мамандық таңдауға арналған тренинг)







Ұйымдастырған, педагог психолог: Мырзабаева Г.Т.

























Бекітемін:

Мектеп директоры:

Мырзабаев Б.Н.

«Жұлдызым менің жоғары»

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру;

Өткізілу формасы: топтық, ойын.

Көрнекілігі: жіп, қоржындағы мамандықтар, бірнеше мамандықтың құралдары бар адам суреті, аспан әлемі мен жұлдыздар.

Сабақ барысы

Ұйымдастырушы: балғындар бүгінгі мектеп түлегі, ертеңгі елдің тірегі сендерсіңдер. Бүгінгі қоғамда әр жанның алар орны бөлек. Сондықтан бүгін сен таңдаған мамандық ертеңгі елге пайда әкелуі тиіс. Сондықтан мен сендерге «Жұлдызым менің жоғары» атты мамандық жарысын өткізгелі отырмын. Мамандық таңдау - өте жауапкршілікті және жауапты іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қоғамның ілгері дамуына мамандық иелерін жоғары кәсіби білікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілігі мол, өз маманының иесі болатын мамандықты толық игеру олай болса мамандықтырды талдап таңдайық.

«Мамандықтар» ойыны

Мақсаты: дүние жүзінде қандай мамандықтар барын білу.

Ойын тәртібі: Жіптің ұшын бір ойыншыдан бастап беріп бір мамандықты айтады, мамандықтың мағынасын да айта өтсе болады, ойыншы бастаған мамандық келесі адам бастағанда сол сөздің соңғы әріпінен басталатын мамандықтан бастау керек.

«Баяғыда ... болыпты» ойыны

Мақсаты: Мамандықтың шығу жолын, пайдасын білу.

Ойын тәртібі: Берілген мамандықтар ішінен бір мамандық тандап алып мамандықтың қалай пайда болғаны туралы аңыз тәрізді қылып шағын әңгіме жазу.

«Суреттегі мамандық» жаттығуы

Мақсаты: бір адам бірнеше мамандықты игере алатынын көрсету.

Ойын тәртібі: Суретте берілген адам қай мамандықтың иесі екенін, бойында қанша мамандықтың барын анықтау.

Сәби үшін өмір дегеніміз – аса зор тәжірбие алаңы ғана.

«Ең, ең, ең ...»

Мақсаты: Мамандықтардың қандай екенін анқтау.

Ойын тәртібі. Бастаушы оқыған ең, ең дегенге қосылған сөзге байланысты мамандықты атау.

Ең «ЖАСЫЛ» мамандық

Ең «ТӘТТІ» мамандық

Ең «ШАШТЫ» мамандық

Ең «ЖАҒЫМСЫЗ» мамандық

Ең «БАЛАЛЫҚ» мамандық

Ең «КҮЛКІЛІ» мамандық

Ең «ЖАБАЙЫ» мамандық

Ең «БИІК» мамандық

Ең «МЕРЕКЕЛІ» мамандық

Ең «БАҚЫТТЫ» мамандық

Ең «ҚАТТЫ» мамандық

Ең «ЖУАС» мамандық

Ең «АЛТЫН» мамандық

«Мамандықтың бәрі жақсы» пікірталас

Мақсаты: болашақ қандай да болмасын мамандық иесі атанатын оқушылардың, қай мамандықтың болмасын жақсы екенін көрсету. Оған еңбек етіп талаптансаң ауырлығы ұмытылатынын түсіндіру.

«Мен таңдайтын мамандық» жаттығуы

Мақсаты: өзінің болашақта ойланып таңдап мамандығын ашып айту.

Жаттығу тәртібі: Болашақта қандай мамандықты иеленгісі келетіні туралы айтып. Қолына берілген жұлдызды аспан әлеміне жапсыру.

Қорытынды:

«Егемен елімнің ертеңі» деп

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма

Жұлдыздарың биіктен көрінсін, игілікті мамандық иесі болыңдар.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!