СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ж?рек ?антамырлары ж?йесіні? аурулары ж?не оларды? алдын алу»

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

б

Саба?ты? та?ырыбы: «Ж?рек ?антамырлары ж?йесіні? аурулары ж?не оларды? алдын алу» 

Саба?ты? ма?саты: білімділік: ж?рек ?антамыр ж?йесі ауруларымен таныстыру. Зиянды заттарды? ж?рек ?антамыр ж?йесіне ?сері туралы білімдерін ке?ейту.  Дамытушылы? :О?ушыларды? ?ан кету т?рлері ж?рек ?антамырларын ажырата білу, оларды? алдын алу, к?мек к?рсету икемділіктерін дамыту. А?паратты? о?ыту ??рылдарымен ж?мыс жасау ?абілеттерін ке?ейту.  Т?рбиелік: Салауатты ?мір-салтына жа?ымды к?з?арас пен о?ан ?мтылу, ?з денсаулы?ымен бірге ?згелерді? денсаулы?ына деген жауапкершілікке т?рбиелеу. 

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, компьютер, П?наралы? байланыс: информатика, ?дебиет, математика

Саба?ты? т?рі: ?орытындылау саба?ы

Саба?ты? барысы:  1. ?йымдастыру.  Саламатсы?дар ма! Мен сіздерге мынадай к??іл-к?ймен келдім. (к?нді к?рсету)  Слайд 1 Ал сіздерді? к??іл-к?йлері?із ?андай?  О?ушылар?а карточкалар (к?н, б?лт, б?лт арасында?ы к?н) таратыл?ан. ?р о?ушы ?зіні? к??іл-к?йін білдіретін карточканы к?тереді.  ?ане балалар б?гінгі саба?ымыз?а то?талмас б?рын алды??ы ?ткен саба?тар?а шолу жасайы?. Біздерде б?гін сайыскер 3 топ білім сына?ынан ?теді.  І топ – «Артерия» тобы  ІІ топ – «Вена» тобы  ІІІ топ – «Капилляр» тобы.

2. ?й тапсырмасын с?рау.   

Просмотр содержимого документа
««Ж?рек ?антамырлары ж?йесіні? аурулары ж?не оларды? алдын алу»»

Сабақтың тақырыбы: «Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу» 

Сабақтың мақсаты: білімділік: жүрек қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру. Зиянды заттардың жүрек қантамыр жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту. 
Дамытушылық :Оқушылардың қан кету түрлері жүрек қантамырларын ажырата білу, олардың алдын алу, көмек көрсету икемділіктерін дамыту. Ақпараттық оқыту құрылдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту. 
Тәрбиелік: Салауатты өмір-салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер,
Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет, математика

Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы

Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру. 

Саламатсыңдар ма! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету) 
Слайд 1 Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай? 
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді. 
Қане балалар бүгінгі сабағымызға тоқталмас бұрын алдыңғы өткен сабақтарға шолу жасайық. Біздерде бүгін сайыскер 3 топ білім сынағынан өтеді. 
І топ – «Артерия» тобы 
ІІ топ – «Вена» тобы 
ІІІ топ – «Капилляр» тобы.

2. Үй тапсырмасын сұрау. 
Білім сынағы түрлі кабинетерде өтеді.

Слайд 2 «Танысу» кабинеті Әр топ қарсылас топтың бірінен бір оқушыны жеке шақырады. Ойынның аты «Сен бізді білесің бе?» Шақырылған ойыншы сол топтың атына анықтама беріп кетеді.

Слайд 3 «Терминдер» кабинеті 

Донор,тромбоциттер,

миокард,эритроциттер,

гемоглобин,жүрек.

Слайд 4 «Нақты сандар» кабинеті 
5л 
75-80 рет 
120/80 
60-70 
250-300

3. Жаңа сабақ. 
(Теориялық бөлім) 
Слайд 5 – сабақтың тақырыбы «Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу»

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бәріңізге мәлім. Ал жүрек қантамыр жүйесінде ең бастысы – жүрек. Олай болса ақын ағамыз Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» өлеңін тыңдайық.

Оу, ием менің, 
Өзіңнен бұрын жаралғам 
Алдымен менмін 
Сонан соң – сенсің жаралған 
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың 
Аяқ пен қолың – 
Барлығы менен нәр алған.

Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің 
Бәріне көндім 
Қателігіңді түзеттім. 
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа 
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім

Жалындым саған жақыны бол деп баршаның 
Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым 
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден 
Ал, енді маған демалыс берші шаршадым.

Қақың жоқ сенің фдем алуға да, осқпауға 
Қарсы барамыз оттарға, әрі оқтарға 
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге 
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға! 

Слайд 6 . Жүрек - қантамырлары жүйесінің аурулары. 
• Гипертония-қан қысымының үнемі немесе жиі көтерілуі 
• Жүрек инфаркті - жүрек бұлшықетінің жансыздану аймақтарының әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы 
• Атеросклероз – қанды өткізу қуыстарының тарылуы мен қызметінің бұылуынан болатын артериялық қан тамырларының созылмалы ауруы. 
• Жүрек ақаулығы –жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қан тамырларының құрылысындағы ақуалықтар

Слайд 7. Жүрек – қантамырлары ауруларының себептері

 
Слайд 8. «Бағдаршам» кабинеті Ауырып ем іздегенше.... 
Қызыл (слайд 9 ) 
Есептеп шығар 
Адамның жүрегі минутына 60-70 рет жиырылады. Бұл уақытта жүрек өзінен 4 литрден астам қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне қанша литр қан өтетінін есептеп шығар. 
Сары (слайд 10) 
Темекі шегуге қарсымыз!!! Жарнама тақтасын әзірлеу 
Жасыл (слайд 11 ) 
Жолдастарыңды салауатты өмір – салтына шақыр. 
«Буриме» өлең жолдары. 
...................................................... жатпаңдар 
...................................................... тастаңдар 
...................................................... жадырап 
...................................................... бастаңдар. 
Сіздер қозғалыстың қажет екендігіне көз жеткізіңіздер. Енді бәріміз сергіту сәтін ұйымдастырайық. 
Сергіту сәті: 


Слайд 12. Пайдалы кеңестер 
Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдарлың құрамында алма, апельсин, лимон ынды жемістер бар. Мсыалы алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдіің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақартса цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып,серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін 

5.Балаларды бағалау. Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын 
«5» - апельсин - тәтті 
«4» - алма – қышқыл 
«3» - лимон – ащы 
6. Қорытындылау. 
Слайд 13 Қорытынды «Жүректерден жүректерге» 
Сонымен балалар, бүгін қан айналым жүрек тақырыптарын қорытындыладық. Бәріміздің деніміз сау, жүрек соғысымыз қалыпты болсын деп қолдарыңыздағы жүрекшеге бір-бірлеріңізге тілек жазып қалдырыңыздар.









 


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!