СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Аққала» – ермексаздан мүсіндеу. 1 сынып

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Аққала» – ермексаздан мүсіндеу.

Просмотр содержимого документа
««Аққала» – ермексаздан мүсіндеу. 1 сынып»

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Мүсін

Сабақтың тақырыбы:

«Аққала» – ермексаздан мүсіндеу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.4.1 Жұмысты орындау мүсін мен техникасының түрлерін білу.

Сабақтың мақсаты:

Мүсін түрлерімен танысу.

Ермексаз жолағын белгілі бір бөліктерге бөлу туралы білім алу.

Жапсырмалау және құрастыру тәсілдері туралы білім алу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Оқушыға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Мүсіндеу – көлемді бұйымдар жасалатын бейнелеу әрекетінің бір түрі. Мүсіндеу арқылы саусақтардың икемділігі, сондай-ақ баланың сөйлеу, ойлау, логикалық қабілеттері артады.

Мүсіндеу материалдарының кейбір ерекшеліктері бар, мысалы, ермексаз кеппейді, онымен жасаған жұмысты кез келген уақытта түзетуге болады.

Ширату жаттығуын орындайды. Бейнежазбаны көргеннен соң, сабақтың мақсатын болжайды.

Мұғалім сабақтың басында оқушыларға жұмысын қалай көрсетуді және оны қалай талдауды түсіндіреді.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер


11-20 мин




Ортасы



21-40 мин




Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

«Ермексазбен жұмыс жасау» видеоролигін көру.

Мүсіндеу тәсілдері. Ермексаздан мүсін жасау үшін оның домалақтау, шиыршықтау, жаныштау, созу, тегістеу және т.б. негізгі тәсілдерін үйрену керек. Оларды білсең, қажет пішіндерді жасап, жұмыс істей аласың.

Домалақтау. Ермексаздың бір бөлігін екі алақанмен ширатып, дөңгелек пішінге келтіреміз.

Шиыршықтау. Дөңгелек ермексазды жұмыртқа немесе цилиндр пішінге келтіру. Екі қолды бір-біріне көлбеу ұстап, шиыршықтаса, ермексаз жұмыртқа қалпына келеді.

Жаныштау. Ермексазды тандыр нан немесе диск пішініне келтіру үшін оны алақанмен үстелдің үстінде қатты жаныштау керек.

Шымшу. Үлкен пішінді бұйымның ұсақ бөлшектерін шығаруда қолданылатын әдіс.

Созу. Ермексазды қолмен созып, қажет пішінге келтіру. Тегістеу. Ермексаздан жасалған бұйымның артық бөлшектерін саусақ немесе кескішпен алып тастау үшін қолданылатын әдіс.

Кесу. Ермексазды кескішпен бірнеше бөліктерге бөлу. Тілу. Бұйымға қайшымен тілік жасау. Бұл әдіспен шөп, кірпінің инесі, құстың қауырсынының кескінін шығаруға болады.

Біріктіру. Бөлшектерді бір-біріне қатты күш салмай жапсыру. Балаларға бұл тәсілдердің бәрін бірден айтуға болмайды

Шығармашылық жұмыс.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

–ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу;

-бөліктерді алақан арасына салып домалақтау;

— үлкен бөлігі-астына, ортаншы бөлігі ортасына, кіші бөлігі үстіне қою;

— -бөліктерді біріктіру, қолын таяқшалардан жасау; Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі. «Аққала» –досына ат қойдыру.


Оқушылар өз жұмыстарын көрсете отырып, жеткізейін деген ойларын айтады, жұмысының нәтижесін бағалайды, мұғалім мен оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

Дискриптор

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

«Ермексазбен жұмыс жасау» https://youtu.be /4FBqK2AvQE U

40-45 мин

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

«Досың кім?» ойыны.

Аққала неше бөліктен тұрады?

Мұрнын, көзін неден жасайды?

Түстері қандай?

Аққаланы неден жасайды?

Жұмыс орнын тазалау.

Ойынға қатысады. Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді. Үш бөліктен тұрады. Сәбізден, көмірден жасайды. Қызғылт сары, қара. Қардан жасайды

Оқушылар мүсіндеген заттары бойынша білгендері мен үйренгендерін қорытындылайды.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!