Қысқа мерзімді сабақ жоспары
1
Білім мекемесі
Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі
Мұғалімнің рефлексиясы
2
Мұғалім
Серкебаева Л. Б.
3
Сыныбы
4 «А»
4
Пәні
Әдебиеттік оқу
5
Тақырыбы
Мұхтар Әуезов.Жетім.
6
Мақсаты
«Жетім» әңгімесін оқып, әңгіменің негізгі идеясын ашу, өз ойларын жинақтап, қорытынды жасауға үйрету. Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығын оқып тану.
7
Міндеттері
Мәтінді оқыту (мәнерлеп, сауатты оқу)
Сұрақ- жауап арқылы мән-мәтіндегі негізгі идеяны анықтау.
Топтық жұмыс арқылы ынтымақтаса отырып, жұмыс жасауды үйрету.
8
Күтілетін нәтижелер
Мәтіннің идеясын түсінеді, түсініп оқуға үйренеді;
Мәтінді оқи отырып көз алдына елестету қабілеттері дамиды, сын тұрғысынан ойлай отырып, өз ойларын еркін жеткізе алады, топпен ынтымақтаса жұмыс жасайды.
9
Сабақта қолданылатын модульдер
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, АКТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытудағы басқару және көшбасшылық
10
Сабақтың типі
Аралас сабақ
11
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер, құралдар
Постер, «ыстық орындық» әдісі, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түртіп алу әдісі, эссе жазу.
Мұхтар Әуезовтің суреттері, плакаттар, кесте, қазақ фильмдер жинағы «Жетімдер», «Ана», «Жетімнің монологы» дискілер.
12
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс әрекеті
13
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бәрін ұғып алыңдар,
Әр сөзге зер салыңдар.
Сабаққа керекті оқу-құралдарын алу
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылар шеңбер құра отырып, бір-біріне жақсылық тілейді.
14
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын пысықтау
М.Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
-М.Дулатовтың өмірі туралы не білесіңдер?
-Қандай еңбектері бар?
Өлеңді жатқа айтады. Берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді.
Оқулықтағы сұрақтар және мұғалім дайындаған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады.
15
Жаңа сабақ
Сергіту сәті.
Кәне балалар орнымыздан тұрып, көзімізді жұмып елестетіп көрейікші:
Тіршілікке қажетті жағдайларға нелер жатады? (ауа, қорек, су,жарық,жылу)
Иә, бұларсыз өмір жоқ, ал сендер үшін сол күндей ыстық, ауадай қажет жан ол кім? (Ана)
Аналарын жандарыңда, яғни сендер бақытты балаларсыңдар. Ал ата-анасы жоқ балаларды қалай атайды? (Жетімдер)
Олай болса экранға назар аударайық.
( «Жетімдер» фильмін көрсету)
-Бұл фильм қалай аталады?
-Балалар бұл фильмді көргенде қандай сезімде болдыңдар?
-Фильмді көргендерің бар ма?
-Фильмдегі балалардың тағдыры қандай?
Бүгінгі сабақта біз Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесімен танысамыз. (Алдын ала берілген тапсырма бойынша автор туралы оқушылардың дайындаған рефератын оқыту.)
Оқулықпен жұмыс:
2. Сөздік жұмыс:
Жетім-қорғансыз, панасыз, ата-анасы жоқ, жалғыз.
Қиянат-әділетсіздік, зорлық, өктемдік.
Қаға беріс-шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.
Оқулықпен жұмыс.
3. Әр топтан оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
4. Оқиға желісі бойынша мәтінді мазмұндау.
5. Сұрақ-жауап әдісі арқылы мәтінді талдау.
- Жападан-жалғыз келе жатқан бала кім?
- Қасым жеті түнде неліктен жалғыз жаяу келе жатты?
- Қасымның тағдыры неге қиын болды?
- Табиғат балаға қалай көрінеді?
- Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген?
- Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің?
- Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің?
- Әңгіме неліктен жетім деп аталған?
Дәптермен жұмыс. Тапсырмалар;
1-топ. Исаға мінездеме беріңдер.
2-топ. «Жетім» сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.
3-топ. Қасымға хат
4-топ. Авторға хат (Оқушылардың жазбаларын тыңдау)
Көбелек тұрып ертемен, күлімсіреп керілді.
Бір шықпен бетін жуды, екі шыр айналды.
Үш дегенде жерге жетті
Төрт дегенде ұшып кетті.
Ең бір жақының
Оқушылар проектормен фильм тамашалайды.
Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен бірге болжау.
Автордың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы не білеміз?
Оқушылар автордың өмірбаянына шолу жасап, танысып, мәтінді тізбектеп оқыды.
Мұхтар Әуезов (1897-1961). Семей облысында, Абай ауданында туған. Шебер жазушы.«Абай жолы» романын жазған. 2–3 сыныптарда «Әбілмансұр», «Бала Абай», «Әке арманы», «Боран», «Кешкі дөң басында» атты шығармаларымен таныстық. Мұхтар Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеуші, драматург және қоғам қайраткері. Ол Абайтану ғылымының негізін сала отырып, қазақ әдебиеті тарихына орасан қызмет сіңірді. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы – ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра. Балаларға арналған шығармалары да баршылық, мысалы: «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т.б.
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес» - деген екен Мұхтар Әуезов.
Мәтінді оқушылар талдайды.
Әр топ мәтіндегі өз бөліктерін мәтінге сүйене отырып, өз сөздерімен әңгімелейді, бір-бірінің ойын жалғастырады, толықтырады.
Мәтінді тізбектей оқу барысында, оқушылар қаламмен өздеріне мағынасын түсінуге қиын соққан сөздердің астын түртіп сызып отырады.
Оқушылар «Жетімнің монологын» тыңдайды және талқылайды. Әр топ оқушысы шығады.
Бұл монологтың бүгінгі тақырыпқа қатысы не?
Бүгінгі әңгімедегі жетім мен қазіргі тыңдаған монологтағы жетімнің ортақ тілегі, қалауы не?
Олар адамдардан не күтеді?
Критерийлер:
1. Мазмұндылығы;
2. Сауаттылығы;
3. Сөйлемдердің байланысы
16
Жаңа сабақты бекіту
Әр топқа тапсырма №1:
Мұғалімнің сөзі:
Қазіргі таңда ата-анасы жоқ балаларды үкімет қамқорлығына алып, арнайы балалар үйіне алады. Дегенмен, балалар үйінде қаншама жағдай жасалынса да ата-ананың мейірім шуағына ешнәрсе жетпейді.
Әр топқа тапсырма №2:
Табиғат құбылысы мен баланың көңіл-күйін салыстыр, несімен ұқсас?
Оқиға желісі немен басталды? | Әңгіме қалай аяқталды? |
Әңгіменің идеясы қандай? |
Қасымның өмірден көрген қиыншылығынан басталды | Қорқыныштан жүрегі жарылған Қасымның өлімімен | Жетім көрсең жебей жүр демекші, жетімдерге көмектесу, мейірімсіздіктен аулақ болу. |
Табиғаттағы өзгеріс | Баланың көңіл күйі |
1. Қалың қара бұлт 2.Бұлт жиі-жиі күркіреп,күн жарқылдайды; 3.Ымырт жабылып, қас қарайған шақта | 1.Жалғыз жаяу бала 2.Түсі де, көңілі де қартайып, жүдеп 3.Жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп.. |
17
Бекіту.
Үнтаспадан «Ана» өлеңін тыңдау.
Бала үшін анасының қасында қара су ішкенге не жетсін!
Ал балалар, елімізде жетімдер саны азаюы үшін қандай тілек айтасыңдар?
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.
Оқушылар хормен ән айтады.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.
17
Бағалау
Бағалау формативті
Топ басшылары тобындағы оқушылардың жауаптарын бағалайды.
18
Кері байланыс
Екі жұлдыз, бір тілек.
Тақырыпты түсінгенін оқушылар қол шапалақ арқылы білдіреді.
19
Үйге тапсырма
1.Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
2.Дәптерге кестені толтыру.
Оқушылар үй жұмысын жазып алады.