СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

« Атажұрт» – тарихи танымдық интелектуалдық сайыс.

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

               « Атажұрт» – тарихи танымдық интелектуалдық сайыс.

Сабақтың мақсаты: 1.    Білімділік: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен тақырыптарын қайталай отырып, тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу; 2.    Дамытушылық: Тарихқа оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық, зерделілік қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту; 3.     Тәрбиелілік: «Өз  тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды» , — (Н.Назарбаев) дегендей ел тарихына құрметтеушілік сезімін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«« Атажұрт» – тарихи танымдық интелектуалдық сайыс.»

« Атажұрт» – тарихи танымдық интелектуалдық сайыс.

Сабақтың мақсаты: 1.    Білімділік: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен тақырыптарын қайталай отырып, тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу;
2.    Дамытушылық: Тарихқа оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық, зерделілік қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту;
3.     Тәрбиелілік: «Өз  тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды» , — (Н.Назарбаев) дегендей ел тарихына құрметтеушілік сезімін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сайыс формасы:  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы негізінде.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер

Жоспары:

1.    «Бәйге» бөлімі
2.    «Көкпар» бөлімі
3.    «Ғажайып алаң» бөлімі
4.   «Ғажайып жетілік» бөлімі

5.    «Жорға» бөлімі

Барысы:

І жүргізуші: Жас достар! Кең байтақ туған жерімізде VI ғасырдан  ХХ-шы  ғасырға дейін уақыттағы тарихи оқиғалар, шежіре туралы жыл бойында таныстық. Міне, бүгін осы білімімізді зерделей келе, Қазақстан тарихынан  «Ең білгір» оқушыны анықтауымыз керек.

ІІ жүргізуші: Олай болса,  бәріңізге жалпы   5 сұрақ беріледі. Білетіндеріңіз қолдарыңыздағы жалаушаны жылдам көтерулеріңіз қажет. Сұраққа дәл, жылдам жауап берген оқушы ғана додаға қатысады.

І жүргізуші:  Құрметті сайыскерлер, ойларыңызды жинақтап, «Білімді мыңды жығар» дегендей  білгендеріңді салмақтап, дұрыс жауап береді деген ойменен сайысымызды бастаймыз.

ІІ жүргізуші: Сайысымыздың бірінші бөлімі – «Бәйге». «Бәйгеде» сіздердің әрқайсысыңызға 5 сұрақтан қойылады Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Әділқазылар алқасы есептейді.Әр дұрыс жауап 1ұпаймен есептеленеді.

І жүргізуші: 1 – ші сайыскерге сұрақтар:
1. «Қазақ» атауының біржола этникалық сипатқа ие бола бастауы қай ғасыр ? (ХҮ ғ ІІ жартысы)
2. Дешті Қыпшақ үшін «Сауда аймағы» болған  қала? (Сығанақ)
3. Түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы  ?  (Теле)
4. Түрік қағанаты екіге бөлінген жыл ?  (603ж)
5. «Жеті Жарғы» заңы бойынша кімдер қылмыстық жауапқа тартылмаған?
(13 жасқа толмағандар)

ІІ жүргізуші: 2 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. 1456 жылы Қазақ хандығының негізін салушы  хан? (Керей)
2. Орхон – Енисей, Талас – Шу өзендерінің бойынан табылған түрік жазбалары?                                                  («Күлтегін», «Тоныкөк»)
3. Жамбыл қаласының батысында 18 км жерде орналасқан кесене?
(Айша — бибі)
4.«Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегінің авторы? (М.Қашқари)
5. ХVІ ғ басында Қасым ханның тұсында халықтың саны қаншаға жеткен
(1 млн)

І жүргізуші: 3 – ші сайыскерге  қойылатын сұрақтар:
1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық  мемлекет? (Түрік қағанаты)
2. «Түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазумен  жазылған теңгелер табылған қала? (Тараз)
3. Сары  және қара түргештердің арасындағы күрес қанша жылға созылды? (20 жылға)
4. Математик, философ,  ғалым Отырар қаласында дүниеге келген?
(Әбу Насыр әл — Фараби)
5.    «Даналық кітабы» еңбегінің авторы (Қожа Ахмет Иассауи)

ІІ жүргізуші: 4 – ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Қазақ жүздерінің құрылуы туралы жазған ғалым? (Шоқан Уәлиханов)
2. Батыс Жетісуды  құтты мекен ете отырып, Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ хандығының ұлттық туын тіккен жер? (Қозыбасы)
3. Көне түрік әліпбиі қанша әріптен тұрады?                                (35)
4. Бірнеше рудан құралған арысты басқарған кім?                              (би)
5. ХІҮ – ХҮ ғ сәулет өнерінің басты бір ескерткіші -Ұлытаудағы кесене
(Алаша хан кесенесі)

І жүргізуші: 5 – ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы шыққан қазақ тайпаларының басын қосып, Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударған (Керей, Жәнібек)
2 Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаған Қарлұқ қағаны?
(Сатұқ хан)
3.«Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады? (12)
4.    Қазақтар үшін астрономиялық сағат (Жетіқарақшы)
5.    «Шежірелер жинағының» авторы? (К. Жалаири)

ІІ-жүргізуші.6-шы сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)
2. Қазақстанның 1920 ж астанасы (Орынбор) 
3. Кенесары көтерілісі (1837-1847) қай жылдарда болды.
4.Қазақстан Республикасының халық саны (15 млн жуық) 
5.Қазақ халқының бес арысы қашан аяқталды? (1988) 
І-жүргізуші. 7-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Қазақ даласындағы қызыл керуен, экспедициясын кім басқарды? (Ә. Жангелдин) 

2. Қай жылы Қазақстан астанасы Алматыға көшірілді. (1920) 
3. Өртенген самолетін жау танкілерінің ортасына бағыттаған батыр. 
4.1916 жылы Верни уезінің ханы болып кім сайланды.(Бекболат Әшекеев)

5.Қазақстанның батысындағы өзен.(Жайық)
І-жүргізуші. 8-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1.Қазақстанның оңтүстігіндегі шеткі үстірт (Шардара)
2. Ақтабан щұбырынды жылдары ( 1723-1728) 
3. Қазір дүние жүзінде қанша қазақ бар. (15 млн) 
4. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс (1836-1838) 
5.Конституция бойынша, халық атына билік жүргізу құқығы кімдерге берілген. 
(Президент Парламент)

ІІ-жүргізуші.9-шы сайыскерге қойылатын сұрақтар қойылатын сұрақтар:

1.1992 ж наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды. (БҰҰ) 

2.Қазақ АКСР-ін құру туралы декрет қашан шықты.(1920 26 тамыз) 
3.Кеңес Одағының батыры атағына үш рет ие болған. 
4.А. Имановтың әскери кеңесшісі көтерілісшілерді қарумен қамтамасыз еткен. (Ә. Жангелдин)

 5.. Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен.(Ертіс) 
І-жүргізуші. 10-шы сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Таза малмен айналысатын шаруашылық? (КӨШПЕЛІ)

2. Ұлы Отан соғысы аяқталды (1945ЖЫЛЫ)
12. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша (АННА ИОАННОВНА)
13. Абылай ханның өмір сүрген жылдары (1711 – 1781ж)
14. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар (КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК)
15. 16 желтоқсан – (ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ)
Ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.

ІІ жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Көкпар» деп аталады. Интерактивті тақтада сандар жазылған ұяшықтар орналасқан. Ұяшықтар  сайыскерлердің қалауы бойынша ашылады. Дұрыс жауап берген оқушыға ұяшықтағы ұпай беріледі.




І жүргізуші:

20    20    20
30    30    30
40    40    40
20/1 – Батыс Түрік қағанатының  астанасы (Суяб)
20/2 – «Кодекс куманикус» қай тілде жазылған? (Қыпшақ)
20/3 – Құдықтардың үстіне салынған  құрылыс (Сардоба)

ІІ жүргізуші:

30/1 – 960 ж Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялаған хан (Мұса)
30/2 – ҮІ – ІХ ғасырлар аралығы Қазақстан тарихында қандай кезең деп аталды? (Ерте орта ғасырлар)
30/3 – «Оғызнама» әдеби шығарманы ХҮІІ ғ толық жазған? (Әбілғазы)

І жүргізуші:
40/1 -  1150 – 1155ж билік құрған тұсында халық санағы жүргізілген хан?
(Иле хан)
40/2 — Өзінің жазбаларында қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіргендігін жазған еврей саяхатшысының есімі
(Питахья)
40/3 – «Құтағду білік» еңбегінің авторы Ж. Баласағұнға берілген атақ?
(Ұлы хас — хажип)

Ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.

ІІ-жүргізуші.Ең көп ұпай жинаған 6 қатысушы қалады.

Келесі кезеңіміз III – «Ғажайып алаң»

Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәнінен, Қазақстанның мәдениеті, спорты және музыка саласынан сұрақтар беріледі.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын!

Ғажайып алаң

қазақ тілі мен әдебиеті

тарих

география

Мәдениет

спорт

музыка

10

10

10

10

10

10

20

20

20

20

20

20

30

30

30

30

30

30

40

40

40

40

40

40

50

50

50

50

50

50


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша

10 ұпай- Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? Түркі тілдер тобына

20 ұпай – Жазба әдебиетінің негізін салушы? Абай

30 ұпай - Тіл білімінің негізін салушы? Ахмет Байтұрсынұлы

40 ұпай – «Құтдадұғу білік» кімнің еңбегі? Жүсіп Баласұғн

50 ұпай – «Түркі тілінің сөздігі» кім құрастырды? Радлов

Тарих пәні бойынша

10 ұпай – Мұсылман мәдениетінің орталығы? Түркістан

20 ұпай – Тұмар патша қай тайпаның қызы? Сақ

30 ұпай – Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы? Жетісу

40 ұпай – Қырғыздың «Манас» дастанын алғаш рет кім зерттеген? Шоқан

50 ұпай – Конститутция неше бөлімнен тұрады? 98 бөлімнен

География пәні бойынша

10 ұпай - Қазақстандағы ең тұщы көл? Алакөл

20 ұпай – «Екінші Швецария» атанған жер? Бурабай

30 ұпай – Қазақстанда неше қорық бар? 10 қорық

40 ұпай – Арал теңізінің қасындағы қорық? Барсакелмес

50 ұпай – Шәкен Аймановтың туған жері? Павлодар облысы


Мәдениет саласы бойынша

10 ұпай – Парижде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» әндерін орындаған әнші? Әміре Қашаубаев

20 ұпай – Тұңғыш көркем фильм? Амангелді

30 ұпай - Тұңғыш спектакль? Еңлік –Кебек

40 ұпай – Алғашқы қазақ балеті? Қалқаман- Мамыр

50 ұпай - Тұңғыш қазақ балеті қай жылы қойылды? 1938 жыл

Спорт саласы бойынша

10 ұпай – Қазақ халқының ұлттық ойыны? Тоғызқұмалақ

20 ұпай - Спорт алғашқы қай елде пайда болды? Грекия

30 ұпай – Күрестен олимпиада чемпионы? Жақсылық Үшкемпіров

40 ұпай – Сидней олимпиадасының чемпионы? Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрахимов

50 ұпай – Күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы? Дәулет Тұрлыханов

Музыка саласы бойынша

10 ұпай-Құрманғазыдан бата алған күйші? Дина Нұрпейісова

20 ұпай-Ішекті аспаптарды ата? Домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна.

30 ұпай-Қазақ музыкалық аспаптары нешеге бөлінеді? 4 – ке бөлінеді.

40 ұпай-«Музыканың ұлы кітабы» атты еңбек кімдікі? Әл –Фараби

50 ұпай-Е. Г. Брусиловскийдің жазған операсы? Қыз-Жібек

Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.


ІІ жүргізуші: Ендігі керемет кезең «Ғажайып жетілік» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша ұпай саны аз оқушы бастап жасырын парақтарды ашады. Парақтар аясында 7 пәнге тығыз байланысты 7 сұрақ  берілген. Егер оқушы жауап бере алмаса, келесі оқушы жауап беруге болады. Сонымен бірге дұрыс жауап орысша, ағылшынша айтылуы тиіс .

Сұрақтар:

1.    Технология: Қазақтар жазда ыстық өткізбейтін  бас киімді неден жасаған? (   киіз   -    войлок     -     felt)                                         10 ұпай
2.    Бейнелеу өнері: Қостөбе қаласының сарай кешенінде табылған оюланған қандай бұйымдар мол кездеседі? (саз  – глина  -clay) 10 ұпай
3.    Қазақ тілі: «Кодекс куманикус» қай тілде жазылған? (Қыпшақ – кипчак — Kipchak)                                   10 ұпай
4.    Әдебиет: Ахмет Иугнекидің «Ақиқат сыйы» дастанындағы өлең жолдарындағ қалған сөз:
«Білікті білім жинап, … етер,     (кәсіп – промысел)
Білімнің дәмін татып, …. өтер» . (Өсіп – расти — Grow)                     20 ұпай
5.    Астрономия: Қазақтар үшін «Жетіқарақшы» жұлдызы қандай қызмет атқарды?
(астрономиялық сағат – астрономические часы – Astronomical clock )
20 ұпай
6.    География: ІХ ғ аяғы мен Х ғ басында Оғыз, мемлекеті Сырдарияның қай ағысы маңында құрылды? (Орта және төменгі ағысы – среднее и нижнее течене- middle and low stream)                         30 ұпай
7.    Математика : 1643 жылы қазақ жеріне баса көктеп кірген 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы Жәңгір хан мен Жалаңтөс батырдың қанша сарбазы шайқасты? (20600-двадцать тысяч шестсот – twenty thousand six hundred)                                                                                            30 ұпай
І жүргізуші: Сонымен достар!  Біз сайысымыздың 4-ші кезеңін аяқтадық. Әділқазылар есептеген ұпай саны бойынша ұпайды аз жинаған, сыныптастарының арасынан білімі нәтижесінде озып шығып, осы кезеңге дейін жеткен 2 оқушыны ризалығымызды білдіре отырып, шығарып саламыз. Бұл оқушыларға «Сіздердің  жеңістеріңіз әлі алда! Тек оқу керек, дайындық керек» дегіміз келеді.
ІІ жүргізуші:
«Білім — өмір шырағы» — дейді, олай болса зердемізде білім шырағын жарқырата жағып, сынға дайын болайық. Әр сұраққа 1 ұпайдан.
І жүргізуші: Қатысушы 2 сайыскерге 10 – 10-нан жедел сұрақ беріледі.
1 – ші сайыскерге сұрақ:
1. Мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб — қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне қандай түсіндірме берілген? («Еркін»)
2. Қазақ халқының құрамына енген ру –тайпалар өз таңбаларын қай жерге салды? (Таңбалы Нұра)
3. Қожа Ахмет кесенесі салынған жыл? (1397ж )
4. Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірге қанша адам көшті? (200 мыңдай)
5 Қазақ хандығында ішкі- сыртқы саясатта тәртіп орнатқан, лайықты қолбасшы хан кім? (Есім хан)
6. Тәуке хан қай жылдары ел басқарды? (1680 – 1715 ж.ж.)
7. 1729 ж. Жоңғарлар жеңіліске ұшараған шайқас? (Аңырақай шайқасы)
8. Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай империяторы У. Ди 1338 ж .Батыс елдеріне аттандырған елшілік неше жылдан кейін оралды?(13 жыл. кейін)
9. «Тарих» кітабының авторы?                                          (Усман Кухистан)
10. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы?                                                (1991 ж)
ІІ  жүргізуші: 2 — сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «Қазақ» сөзі қандай мағына берген? («мықты», «берік»)
2. Ислам дінінің көрнекті өкілі, уағыздаушысы, әрі ақын? (Қожа Ахмет)
3. Қазақ хандығының құрылған жылы?                             (1455 – 1466 ж.ж)
4. Дербес мемлекет ретінде қазақтар Орта Азия мен Шығыс Еурропаға қай ханның тұсында танылды?                                              (Қасым ханның)
5. Хақназар хан қай жылдары билік етті?                      (1538 -1580 ж.ж)
6. Тәуке хан шығарған заңдар жинағы?                          («Жеті Жарғы»)
7. 1595 ж. Тәуекел ханға орыс елшілігін кім бастап келді? (В. Степанов)
8. Қазақстаның қай аймағы Ұлы Жібек Жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі болды?                                           (Оңтүстік Қазақстан)
9. Күлтөбе қай қаланың түбінде ?                                (Ташкент)
10. Қазақстанның рәміздері қай жылы қабылданды? ( 1992 ж)
І жүргізуші: Сайысымыздың нәтижесін шығарып, бағалау үшін әділқазылар алқасына назар аударамыз.
(Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды)
ІІ жүргізуші: Сонымен Жеңімпазды құттықтаймыз.
І  жүргізуші: «Білгенге : білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай,
Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай» – деген
ХХІ ғасырдың бәсекелес білім додасына әруақытта дайын болыңыздар дегім келеді. Ел болашағы сіздерсіздер! Жақсы күндерде жолыққанша. Сау болыңыздар!









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!