Ұйымдастыру Психологиялық дайындық: (шеңберге тұрғызу) Көңіл-күйлерің қалай? (басбармақ көрсету) Сабаққа дайындықтарың қалай? - Тамаша! Сабақты бастаймыз ба? -Бастаймыз!!! Топтық жұмыс Әр топтағы балалар бой-бойымен сапқа тұра қалайық? Сіздер қатарға осылай тұру үшін қандай заңдылыққа бағындыңдар? Бойдың ретіне қарай, ең ұзыны алдында болады т.с.с. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбыда сандар мен заттар қатарындағы заңдылықтар туралы болмақ. Оқу мақсаты: 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ ондықтар мен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар , символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды: Жетістік критерийлері: Сандар қатарындағы заңдылықтарды анықтап үйренесің. Тілдік мақсаттар: заңдылық Сендер қандай фигураларды көріп тұрсыңдар? Олардың түстері қандай? Тағы нені көріп тұрсыңдар? Ендеше заңдылықты сақтай отырып, дөңгелектер тізбегін жалғастырыңдар (әр топ өз жауабын айтады) Заңдылық-бұл кез келген заттардың немесе сандардың белгілі бір ретпен орналасу ережесі Топтық жұмыс. Бұршақтардан заңдылықты сақтай отырып моншақ тізбегін құрастыр. Бағалау Әр топ бірін-бірі бағалайды. |