СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білімді ұрпақ, мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                Білімді  ұрпақ,  мемлекетіміздің тірегі,

                                          тәуелсіз еліміздің  болашағы

 

 Құрметті оқушылар!

 

  ХХІ ғасыр- руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры. Қай  қоғамның да тұрақты  дамуында  мәдениеттің  алар орны зор екенін  алға  тартсақ, біздің  рухани – мәдени   тынысымыздың  өзекті  мәселелерінің  бірі – бұл кітапхана.

Қазіргі  таңда  жан- жақты  білім және  тәрбие  беретін мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы болып табылады.

   Тәуелсіз Қазақстанның  келешегі  жас ұрпақты тәрбиелеп  отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектептегі кітапхана да  сол міндетті орындайды.

Бүгінгі  шәкірт – ертеңгі  ел тұтқасы  дегенді ескерсек,  жас ұрпақтың сапалы  білім алуына,  тәрбиелі,  жан- жақты  болып қалыптасуына  кітапхананың қосар үлесі  зор.

   Елбасымыздың  Жолдауында  көрсетілген  жаңа   қоғамды   Қазақстанды қалыптастыруда  үштұғырлы  тіл  саясатын  қолдана  отырып, оқушыларды  мәдениетке, ата- баба салтына , әдет- ғұрыпқа, өз ұлтының  құндылықтарын игеруге,  халықаралық  қатынас   мәселелерін  түсінуге  дайындау   керектігі кітапханашылар  тарапынан   ескерілетін  басты   мәселе.

   Еліміздің  тарихында  болып жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы  жаңа  бағыттар  бастауыш сыныптардан бастап ағылшын тілін  меңгеруді  талап етіп отыр. Бұл уақыт  талабы. Бұл талапқа   да бірден – бір атсалысатын орын –кітапхана табылады.  

  Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жас ұрпақтың өскелең талабын қанағат-тандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда,   жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екендігін ұғындыру.



 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Ел деп жариялануына биыл 27 жыл толуына орай  кітапханада өткізілетін іс - шаралар  жоспарланып отыр. Бұл іс – шаралардың  мақсаты  мен идеологиялық  маңызы  Еліміздің Тәуелсіз 27 жылдық тарихи жолын, оның заманауи экономикалық, әлеуметтік және саяси хал-ахуалын ашып көрсету. Елімізде болып жатқан жаһандық өзгерістерді, бағдарламалар мен реформаларды қолдау.

«Ықылым заманнан бері атам қазақ «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөзді қолданып келді. Қазақтың бұл сөзінің өзектілігі бүгінгі күні айрықша болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заманға айналды. Елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда екенін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Сол білімді әжетке жаратып, тұрмыс игілілігіне пайдалана білсек қана өзге жұрт бізді бағалайды. Инемен құдық қазғандай күрделі, орасан қажыр қайратпен, ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір жоқ мына заманда. Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтары-мыздың алдаспаны», - деді Н.Назарбаев

 Жаңа  ғасыр білім беру  жүйесіне  бұқаралық ақпарат құралдарының  еркін енуін жүктеп отыр. Мектеп кітапханалары  шәкірттерге  сапалы білім беруде, тәрбиелік шаралады  өткізуде, оқырмандармен және мұғалімдермен қарым- қатынаста болады. Мектеп кітапханасы алдына  қойған міндет оқушыларды  оқу  мәдениетіне  кітапқұмарлыққа, білімпаздыққа тәрбиелеу.

  Осы  орайда  айта кететін   жайт  біздің   кітапханамыз  заман  талабына  сай  жабдықталған. Бүгінгі  күндері  830  оқырманы бар кітапханада оқырмандарды  кітап оқуға  баулып, көркем шығармалардың  кереметтігін сезініп, дүние-танымын арттыруда  түрлі іс  -  шаралар   жүргізілді. Соның   бірі  «Ғасыр  ақыны»  байқауы М.Мақатаевтың туғанына  85 жыл толуына орай  4-9 сынып оқушылары арасында   ұйымдастырылды.  Іс  -   шараға  «Алаш»   сыйлығының  иегері, ақын  О. Асқар келіп қатысты. (Бұл іс –шара газет бетінен жарық көрген.)

Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті 30 елмен қатарлас болу үшін  білімді ұрпақ қалыптастыру. Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдардай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.

  Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор.

 Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымызың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ .

Кітапхана  - біздің  рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз.сондықтан біз, мектеп кітапханашылары білімнің  бастауы –кітап дей отырып, кітап мәртебесін көтерумен  мектептегі  жаңалықтың жаршысы, елімізде  болып жатқан елеулі  оқиғаларды  насихаттаушымыз. «Кітап  - адамның өмірлік серігі» деген қағиданы  үнемі  жадымызда  ұстасақ  ұрпағымыз білімді, білікті   болып қалыптасуына  жол ашылары  сөзсіз. Кітап  - құнды  қазына . Осы  қазынадан  нәр алып, оны  бойына  сіңіре білер ұрпақ  Тәуелсіз еліміздің ертеңі. Жас ұрпақ- мемлекеттің  ертеңгі тірегі, еліміздің  болашағы.  Олар тарихты  жасайды.  Олар да ертең  ұрпақ тәбиелейді. Сол себепті  білімді, тәрбиелі азамат болып шығуына ықпал жасау керек.

 Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқан  балалар өте бақытты деп ойлаймын.Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін.  Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін - өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу - танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға жетелейді.   Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.   Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе - жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту арқылы олардың бойынан: - адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды - белсенділікті, қабілетті тұлғаны - жоғары мәдениеттілікті көре аламыз Сондықтан  кітапханашы жаңашыл, жан - жақты болу керек.

  Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

 Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

 

Просмотр содержимого документа
«Білімді ұрпақ, мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы»

Білімді ұрпақ, мемлекетіміздің тірегі,

тәуелсіз еліміздің болашағы



Құрметті оқушылар!



ХХІ ғасыр- руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің рухани – мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – бұл кітапхана.

Қазіргі таңда жан- жақты білім және тәрбие беретін мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектептегі кітапхана да сол міндетті орындайды.

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел тұтқасы дегенді ескерсек, жас ұрпақтың сапалы білім алуына, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуына кітапхананың қосар үлесі зор.

Елбасымыздың Жолдауында көрсетілген жаңа қоғамды Қазақстанды қалыптастыруда үштұғырлы тіл саясатын қолдана отырып, оқушыларды мәдениетке, ата- баба салтына , әдет- ғұрыпқа, өз ұлтының құндылықтарын игеруге, халықаралық қатынас мәселелерін түсінуге дайындау керектігі кітапханашылар тарапынан ескерілетін басты мәселе.

Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар бастауыш сыныптардан бастап ағылшын тілін меңгеруді талап етіп отыр. Бұл уақыт талабы. Бұл талапқа да бірден – бір атсалысатын орын –кітапхана табылады.

Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жас ұрпақтың өскелең талабын қанағат-тандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда,   жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екендігін ұғындыру.





Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Ел деп жариялануына биыл 27 жыл толуына орай кітапханада өткізілетін іс - шаралар жоспарланып отыр. Бұл іс – шаралардың мақсаты мен идеологиялық маңызы Еліміздің Тәуелсіз 27 жылдық тарихи жолын, оның заманауи экономикалық, әлеуметтік және саяси хал-ахуалын ашып көрсету. Елімізде болып жатқан жаһандық өзгерістерді, бағдарламалар мен реформаларды қолдау.

«Ықылым заманнан бері атам қазақ «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөзді қолданып келді. Қазақтың бұл сөзінің өзектілігі бүгінгі күні айрықша болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заманға айналды. Елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда екенін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Сол білімді әжетке жаратып, тұрмыс игілілігіне пайдалана білсек қана өзге жұрт бізді бағалайды. Инемен құдық қазғандай күрделі, орасан қажыр қайратпен, ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір жоқ мына заманда. Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтары-мыздың алдаспаны», - деді Н.Назарбаев

Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне бұқаралық ақпарат құралдарының еркін енуін жүктеп отыр. Мектеп кітапханалары шәкірттерге сапалы білім беруде, тәрбиелік шаралады өткізуде, оқырмандармен және мұғалімдермен қарым- қатынаста болады. Мектеп кітапханасы алдына қойған міндет оқушыларды оқу мәдениетіне кітапқұмарлыққа, білімпаздыққа тәрбиелеу.

Осы орайда айта кететін жайт біздің кітапханамыз заман талабына сай жабдықталған. Бүгінгі күндері 830 оқырманы бар кітапханада оқырмандарды кітап оқуға баулып, көркем шығармалардың кереметтігін сезініп, дүние-танымын арттыруда түрлі іс - шаралар жүргізілді. Соның бірі «Ғасыр ақыны» байқауы М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай 4-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Іс - шараға «Алаш» сыйлығының иегері, ақын О. Асқар келіп қатысты. (Бұл іс –шара газет бетінен жарық көрген.)

Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті 30 елмен қатарлас болу үшін білімді ұрпақ қалыптастыру. Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдардай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.

Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор.

Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымызың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ .

Кітапхана - біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз.сондықтан біз, мектеп кітапханашылары білімнің бастауы –кітап дей отырып, кітап мәртебесін көтерумен мектептегі жаңалықтың жаршысы, елімізде болып жатқан елеулі оқиғаларды насихаттаушымыз. «Кітап - адамның өмірлік серігі» деген қағиданы үнемі жадымызда ұстасақ ұрпағымыз білімді, білікті болып қалыптасуына жол ашылары сөзсіз. Кітап - құнды қазына . Осы қазынадан нәр алып, оны бойына сіңіре білер ұрпақ Тәуелсіз еліміздің ертеңі. Жас ұрпақ- мемлекеттің ертеңгі тірегі, еліміздің болашағы. Олар тарихты жасайды. Олар да ертең ұрпақ тәбиелейді. Сол себепті білімді, тәрбиелі азамат болып шығуына ықпал жасау керек.

Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқан балалар өте бақытты деп ойлаймын.Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін - өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу - танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға жетелейді.
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.
Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе - жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту арқылы олардың бойынан:
- адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды
- белсенділікті, қабілетті тұлғаны
- жоғары мәдениеттілікті көре аламыз
Сондықтан кітапханашы жаңашыл, жан - жақты болу керек.

 Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!