СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Даярлық топ. Сабақтар топтамасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

даярлық топ балаларына математика, вариатив, ағылшын тілі пәндерінен жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтар жинағы берілген

Просмотр содержимого документа
«Даярлық топ. Сабақтар топтамасы»

Математика

13 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің оқу құралдарым. 1-ден 20-ға дейінгі сандар.


Мектеп/МҰ: «Өндіріс орта мектебі»КММ

Саны:

СЫНЫП-ТОП: мектепалды даярлық

Педагогтің аты-жөні: Сеилханова Ж.С.


Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар:


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.

0.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.


Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер: --20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.


Көпшілік тəрбиеленушілер: -заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.


Кейбір тəрбиеленушілер: -заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың реттік нөмірін атайды. заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың реттік нөмірін атайды.


Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту: -өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология: бір.., жиырма?

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

– 11-ден 20-ға дейінгі сандардың атауы қалай пайда болатынын түсіндір.

– Қалай ойлайсың, не үшін санай білу керек?

– Қандай сандар екітаңбалы сандар деп аталады?

Жазу: түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын жүргізу.


Алдыңғы білім

Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог мектеп құралдарының əрқайсысы қандай жұмыс атқаратыны туралы баяндап береді.

Өзектендіру.

Педагог балаларға 20-ға дейін санамақ-əнді орындауды ұсынады.



Компакт-диск, 20-ға дейін санамақ-əн


Ортасы 5–15 мин

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Педагог электрондық жиынтық полотномен жұмыс ұйымдастырады. Балалар бір стақанға 10 зат жинайды, 10 санының үлгісін шығарып қояды, екінші стқанға 2 зат жинап, үлгісін шығарады. Санды атап, санның жазбасын шығарады.

(Ө) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1- тапсырманы орындауды ұсынады. Балалар қалып қойған санды 1-ден 20-ға дейінгі сандар тізбегінде дұрыс тəртіппен жапсырады. Əрбір екінші қарындашты сары түске бояйды


Жаңалық ашу.

(Ө) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі №2 тапсырманы орындауды ұсынады. Педагог бірінші стақанда қанша қарындаш бар деп сұрайды. Балалар санау арқылы санын анықтайды. Балаларға тағы бір қарындаштың суретін салып, қарындаштардың санын санау ұсынылады. Педагог стақанда қарындаштар қанша болды деп сұрайды. Осы тапсырманың арқасында балаларды «келесі сан» жəне «бір санға үлкен сан» деген ұғымдарды қалыптастыруға дайындайды. Осындай əрекеттер мен талқылауларды балалар қалған екі жағдайда өз бетінше жүргізеді.

Балалар егер тағы 1 қарындаш қосса, стақандағы қарындаштардың саны қалай өзгеретінін, əрбір нақты жағдайда сол саннан кейін қандай сан келетінін түсіндіреді.


Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)



Əліппе-дəптер.





Əліппе-дəптер.













16–25 мин

Жаңаны қолдану.

(Ж) Балалар саусақтың ұсақ моторикасын дамытуға арналған 3-тапсырманы орындайды, торкөздер бойынша бастырып сызады.


4-тапсырмада балалар цифрды оған тиісті нүктелер санымен біріктіреді.


Түсті жолақтағы қайталанатын 10 нүктенің жəне ақ жолақтағы көбейіп отыратын нүктелер санының мұндай бейнесі балаларды сандарды разрядты қосылғыштарға бөлу ұғымының қалыптасуына дайындайды. Ақ жолақтағы көбейіп отыратын нүктелер саны балаларды «келесі жəне алдыңғы сан» ұғымының қалыптасуына дайындайды.


Əліппе-дəптер.







Əліппе-дəптер.






Рефлексия 26–30



Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді:

егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады.

Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.



Əліппе-дəптер




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!