СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Еңбекті қорғау саласындағы құқық негіздері

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдық мәселелеріне еңбек қорғау заңдылықтары, өндірістік жарақаттарды зерттеу, тіркеу мен сараптау, еңбекті қорғау бойынша стандарттар мен ережелерді өңдеу, қызметшiлерге жұмыс қауiпсiздігі әдiсін үйрету, техникалық қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылаулар, т.б. кіреді.

Просмотр содержимого документа
«Еңбекті қорғау саласындағы құқық негіздері»

СМЖ.08.ӘН.03

4 қосымша


МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

Оқу сабағының жоспары

теориялық оқыту

Сабақ тақырыбы: Еңбекті қорғау саласындағы құқық негіздері

Модуль /пән атауы: КМ10 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану Электротехника және электр жабдықтары

Педагог Хайруллин Бейбит Маликович дайындады

2023 жылғы «04» қараша

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: ҚТ-141.1

Сабақтың түрі: теоия

  1. Мақсаты, міндеттері

Оқыту мақсаттары: Электротехниканың негізгі заңдылықтарымен танысу, және ғимараттар мен құрылымдарда қолданылатын негізгі электржабдықтарының жұмыс принциптерімен танысу

Сабақ мақсаты: білім алушылардың электр техникасының теориялық негіздері туралы ұғым қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, топтасып шешім қабылдауға дағдылау


  1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

Бағалау өлшемдері: ұғымдарды, шамаларды, заңдарды біледі, құбылыстарды топтастыра алады

  1. Қажетті ресурстар АРМ, сабақ жоспары

  2. Сабақтың барысы


Станцияларда өңдірілген электр энергиясы тұтыну аймағына өзара байланысқан беріліс, тарату

және түрлендіруші электр қондырғылар жүйесі арқылы жеткізіледі.

Электр энергиясын беру бірнеше жүз вольттан мыңдаған вольт кернеуде әуе электр беріліс

желілері арқылы жүзеге асырылады. Жүйелік әуе тораптары арқылы электр энергиясы

35,110,150,220 кВ және одан жоғары номинал кернеу шкаласындағы кернеулермен жеткізіледі.

Электр энергияны қабылдау және тарату қондырғылары Тарату құрылғылары (РУ) деп аталады.

Олар коммутациялық аппараттардан, құрама және жалғанатын шиналардан, көмекші

құрылғылардан (компрессорлы, аккумуляторлы және т.б.), сонымен қатар сақтандырғыш

құрылғылардан, автоматикадан және өлшеуіш аспаптардан тұрады.

Тарату құрылғысына (РУ) қоректендіру орталығы (ЦП), тарату пунктері (РП), тарату желілері

(РЛ) жатады.

Қоректендіру орталығы деп электр станцияның генератор кернеулерін тарату құрылғылары РУ

немесе энергетикалық жүйенің реттеуші жүйесі бар, берілген нақты ауданның тарату желісі

қосылған,төмендеткіш қосалқы станцияның екінші ретті кернеуін тарату құрылғысы РУ аталады.

Тарату пунктері деп электр энергияны бір ғана кернеуде (түрлендірусіз) қабылдап, тарата алатын

өндірістік кешендер немесе қалалық электр желілерінің қосалқы станциялары аталады.

Таратушы деп қоректендіру орталықтары (ЦП) мен тарату пунктерінен (РП), сонымен қатар

ауқымды электр қондырғыларынан қоректенетін бірнеше трансформаторлы қосалқы станция

желілерін атайды.

ІІІ. Сабақтың соңы (15 мин)

Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдық мәселелеріне еңбек қорғау заңдылықтары, өндірістік жарақаттарды зерттеу, тіркеу мен сараптау, еңбекті қорғау бойынша стандарттар мен ережелерді өңдеу, қызметшiлерге жұмыс қауiпсiздігі әдiсін үйрету, техникалық қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылаулар, т.б. кіреді. Өндірістік санитария деп жұмысшыларды ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге әкелетін факторлар, сонымен бірге зиянды өндірістік факторларлардың мөлшерлі әсер ету деңгейіне дейін төмендетілетін немесе сақтап қалатын, техникалық құралдар мен ұйымдастыру шаралар жүйесін айтады. Химиялық зертханалар жағдайында өндірістік санитария міндетіне кәсіби уланудың алдын алуды ескерту, жұмысшыларды улы және ушықтыратын заттардың әсерінен, өндірістік шаңдардан, ионданатын сәулелерден, шулардан және басқа да зиянды факторлардан сақтау, ауадағы зиянды заттардың шекті концентрациясын анықтау мен өндіріс орындарындағы ауаны бақылау, жеке қорғаныс құралдарын тасымалдау мен өңдеу, жылыту мен желдеткіш жүйесі, рационалды жарықтандыру және т.б. кіреді. Еңбек гигиенасы – медицина саласында профилактикалық өңделген ғылыми негізді, жоғары жұмыс қабілетімен қамтамасыз етуді, тәжірибелік шаралар және кәсіби аурулардың алдын алуды ескеру мәселелерін шешеді. Қауіпті өндірістік факторлардың зияндыларынан айырмашылығы адам жарақаттанғанда, күйіп қалғанда денсаулықтың лезде нашарлауына алып келеді. Жұмысшыларды ондай қауіпті өндірістік факторлардын қорғау техника қауіпсіздігі жүйесіне тапсырылған.

Өндірістік жарақат түрлерін жазыңыз



3.2 Үй тапсырмасы

1. Конспект толтыру

2. Материалға байланысты баяндама жасау


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!