СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Интерьерге арналған сәнді бұйым жасау 8 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Интерьерге арналған сәнді бұйым жасау 8 сынып»



Бөлім:

Үй мәдениеті

Педагогтің аты-жөні:

Сейтқасымова Гүлдана

Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицей

Күні:


Сабақ 29

Сыныбы:8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.6.4-Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар, өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру

8.2.5.3- Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау.

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақтың мақсаты:

  • Әр түрлі технолоияларды пайдаланып, өнер материалдарын өз бетінше анықтайды, таңдайды және біріктіреді.

  • Интерьерге арналған сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіруді орындау.

  • Бұйымды жасау үшін қолданылған идеялар мен тәсілдерді бағалау

  • .Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1 кезең

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, назар аударту, оқушыларды түгелдеу.

ЖҰМБАҚ ОЮ” тәсілімен топқа бөлу

Әр топқа топ атауы жазылған оқушы санына сәйкес 4-5 бұрышты пирамидалар қоямын. Бұл жердегі “композиция” топтың атауы, 1 саны – сол топтың бағалау пирамидасындағы оқушының өз оюларын жапсыратын меншікті қабырғасы. Сол нөмір арқылы сабақ соңында меншікті қабырғасынан ою түстері арқылы әр оқушының жетістігін көре аламыз.

«Пирамида» бағалау әдісі

Сабақ кезеңдеріндегі бағалау критерийімен таныстыру

Дискрипторлар:

1. Бұйымдар дайындау эскизімен танысады олар туралы мағлұмат алады.

2. Сәндік бұйымдарды өз талғамымен орындайды.

3. Өзіндік пікір қалыптастыра алады.

Ою түстеріне қарай оқушы белсенділігін көріп отырамыз.

Тапсырманы толық орындамадым.

Тапсырманы белгілі бір деңгейде орындадым.

Тапсырманы өте жақсы орындадым.

Оқушы таңдап алынған оюдың сыртында “Композиция” -1, “Интерьер” -3, “Декор” -4 деп жазылып тұрады. Оқушылар оюда жазылған атаулар бойынша топтарға отырып, пирамидадағы сандар бойынша өз бөліктерін меншіктейді, сосын сол бөліктеріне сабақ барысында бағалау процестерін жүргізеді.

Топты бағалау Оқушылар оюлардың түстерінің қанықтылығына байланысты сабақтың 3 кезеңінде 3 оюдан жинап, оларды әр кезең соңында топ пирамидасындағы өз бөлігіне жапсырып отырады.

Пирамидаға жасырылған қызыл оюдың санының көптігіне байланысты жеңімпаз топты да анықтап алады.

Жеке оқушыны бағалауПирамида қыры топтағы бала санына сәйкес болады, сабақ кезеңдері бойынша оқушы жинаған оюлар түсіне орай оқушы өзін өзі бағалайды

Мақсаты: Оқушылардың ұйымшылдығы артады, бәсекеге қабілеттілік дағдыларын дамытуға бағыт алады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылардың барлығы бағалауда қамтылады, сабаққа деген қызығушылығы нығаяды, алдына мақсат қояды.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға әділ бағалау еркіндігі беріледі.

.

3-2 қызыл ою жинаса -9-10, 1 қызыл, 2 қанық көк– 8, 3 қанық көк ою жинаса -7, 1 ашық көк, 2 қанық көк ою жинаса – 6 ұпай алады.



Оқулық, жұмыс дәптерлері,

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


Сабақтың ортасы

7 минут

Өткен сабаққа шолу.

«Жылжымалы текшелер»

1 - сұрақ Интерьерлік сәндік бұйымдар дегеніміз не?

2 - сұрақ Қандай интерьерлік сәндік бұйымдарды білесіңдер?

3 - сұрақ Бұйымдарды көркемдеп әрлеу үшін қандай фурнитураны қолданамыз?

4 - сұрақ Қазіргі заманғы интерьерлік бұйымдардың кең тараған түрі

5 - сұрақ Абстракт дизайн қай ғасырға тиесілі?

6 – сұрақ Қалдық заттарды интерьерде пайдаланудың тиімділігі?

7 – сұрақ Сәндік декор табақшаларының түрлерін ата?

8 – сұрақ Декупаж сәндеудің қандай түрі?

Оқушылар текше ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтарға дұрыс

жауап беру арқылы жаңа тақырыптың негізін ашып алады.

С ұрақтарға жауап берулеріне қарай оюдың түсіне сәйкес таңдап алып, пирамиданың астыңғы бөлігіне жапсырады



Жаңа сабаққа кіріспе

5 минут



Бейнебаян

3 минут

Сұрақтардың астынан шыққан табақша суреттер келесі тапсырмаға нұсқау болады.

Интерьере арналған сәнді табақшалар жасау

Мұндай сәндік табақшалар кез-келген бөлмедегі интерьерде үйлесімді көрінеді.

Қабырғаға сәндік табақтардан композиция жасау қалай дұрыс?

  • сәндік плиталардың түсі бөлменің ішкі бөлігіне қайшы келмеуі керек;

  • өнімдерді мөлшерге (үлкенден кіші) сәйкес орналастыру динамика, симметриялық орналастыру - консерватизм және қатаңдық сезімін береді;

түс шешімі және орындау стилі бөлменің басқа аксессуарларында қайталануы керек.


Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ашып алады.





Интерьерге арналған сәнді табақшалардың жасалу жолдары туралы бейнебаянмен танысады






Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасаудың жаңа дизайндары, сәнді бұйымдар дайындау эскизімен танысады олар туралы мағлұмат алады.





Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.


Критерийі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Бағалау пирамидасына жапсыратын түрлі түсті оюлар

Слайд

Сәнді табақшалар және оның фотосуреттері

Жасалу жолдары

пластиналар (рельефті жоқ

(түсті қағаздар және ПВА желімі, қағазбен жұмыс істеудегі құрал-жабдықтар.

Топтық жұмыс


10 минут

Қабырғаға арналған табақшалар

Қабырғаға сәндік тақталарды өз қолдарымен жасауға, мысалы, декупаж жасауға арналған күрделі әдістер бар. Осы мақсатта қарапайым табақшалар да, мөлдір шыны да жарайды - сызба сырт бетінен қолданылады. Декор үшін, сіз маталарды, фотосуреттерді, журналдардан, ашықхаттарды немесе майлықтарды суреттеуге пайдалана аласыз. Соңғы нұсқасы егжей-тегжейлі қарастырылады.

Дайын суреттердің дизайндарынан композиция құрастырып, жаңа нобай үлгісін топта қарастырады.

Өз идеяларын топтастырады.

С абақтың 2 кезеңі бойынша бағалау пирамидасына оқушы деңгейіне сәйкес оюлар жапсырылады.

https://www.youtube.com/watch?v=DWysE0u_kZ0

https://www.youtube.com/watch?v=YDRPEXGOtJU


Жұптық жұмыс


10 минут

Тәжірибелік жұмыс. Таңдалған интерьер стиліне сәйкес сәндік бұйым эскизін салу.

Тәжірибелік жұмысты жеке немесе жұппен орындауға болады.

Тапсырма дескрипторларын талқылау.

  • интерьер стилі, сәндік бұйымды орналастыру үшін орын мен жай таңдалған;

  • сәндік бұйымның түрі анықталған;

  • пішіні мен түстік гаммасын үйлестіріп, оны интерьерге орналастырып, интерьерге арналған сәндік бұйым эскизін орындаған;

  • материалдар атаулары аталған;

  • бұйым дайындауға арналған техника таңдалған.


Эскизге материалдардың атауы мен олардың болжаулы түсін енгізеді. Сәндік бұйым жасау техникасын жазады.

Оқушылар сәндік бұйым жасалатын интерьер, бөлме стилін, оған сәндік бұйымды орналастыру тәсілі мен орнын (қабырғаға ілінген, полкада орналасқан және т.б.) таңдайды. Сәндік бұйым түрін анықтайды, яғни сәндік табақшасының нобайын салады. Бұл ақпараттарды эскиздің жоғарғы жағына жазады.

Сәндік бұйым эскизін салады. Алдымен еркін масштабта нобай дайындауға, сонан соң бұйымның пішінін, өлшемі мен түстік гаммасын анықтай отырып, болашақ жұмыстың эскизін форматта орындауға болады. Эскиз композиция элементтерінің өзара байланысын көрнекі түрде көрсетеді.

дискриптор

Тапсырманы толық орындамадым.

Тапсырманы белгілі бір деңгейде орындадым.

Тапсырманы өте жақсы орындады

Оқушылар өз реттілік нөміріндегі оюлардың түстері бойынша ұпайларын есептейді.

3 -2 қызыл ою жинаса -9-10, 1 қызыл, 2 қанық көк– 8, 3 қанық көк ою жинаса -7, 1 ашық көк, 2 қанық көк ою жинаса – 6 ұпай алады.


https://www.youtube.com/watch?v=D1SSsh-jbGg

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.


Рефлексия.

Сұрақтарға жауап беру:

- Мен осы сабақтан не түсіндім?

- Қандай сұрақтар түсініксіз болды?  

- Мен нені білуім керек?

Үй тапсырмасы

Сәндік бұйым жасауға арналған материалдар мен құралдардың тізімін жасаңдар. Келесі сабаққа қажетті материалдарды әкеліңдер.

Оқушылар өздерінің эскиздерін таныстырады, дайындауға кететін уақытты тиімді жоспарлау үшін шығармашылық идеяларын, материал таңдау және дайындау техникасын талқылайды, эскиздеріне өзгерістер енгізуіне болады.


Сабақтың 3 кезеңі бойынша бағалау пирамидасына оқушы деңгейіне сәйкес оюлар жапсырылады, ұпай санын есептеп, оқушыларды бағалаймыз.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!