СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

К дыбысы және әрпі

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

К дыбысын  сөз, сөйлем ішінде анық айтылуына дағдыландыру.

- сөздерді буынға бөлу;

- сөздің бірінші дыбысын ажырату;

- к әріпі таңбасымен таныстыру.

 

Просмотр содержимого документа
«К дыбысы және әрпі»

Пән: Тіл кемшіліктерін түзеу.

Дефектолог -логопед: Мухаметова А.М.

Сабық тақырыбы: К дыбысы-әрпі

Сабақтың мақсаты :

К дыбысын сөз, сөйлем ішінде анық айтылуына дағдыландыру.

- сөздерді буынға бөлу;

- сөздің бірінші дыбысын ажырату;

- к әріпі таңбасымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

  1. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау. /а,у,ә,п,т/.

  2. К дыбысымен таныстыру, К дыбысымен буын , сөз айтқызу.

  3. Бүгін біз тағы да бір дыбысты дұрыс айтуға үйренеміз. Ал қандай дыбыс екенін келесі тақпақты тыңдап айтасыңдар.

Күз, көз, көз,

Күш, кеш, кеш,

Кір, кер, кер,

Күл, кел, көл,

Кілең, қысқа сөз.

Кім оқиды тез?


-Дұрыс балалар. Бұл тақырыпта әр сөздің басында К дыбысы естіледі. Бүгінгі танысатын дыбысымыз – К дыбысы, балалармен бірге айту /хормен және жеке, жеке айтқызу/.

К дыбысының артикуляциясы. К дыбысы дауыссыз дыбыс, ол өлеңдетіп, созылып айтылмайды, аузымызда кедергі кездеседі. К дыбысын айтқанда ерніміз ашық, тісіміз алшақ салынған, тіл ұшы төменгі тістің жанында , бірақ тіске тірелмейді, алдыңғы және ортаңғы тілдің арқасы төмен, артқы жағы сәл жоғары көтеріліп, жұмсақ таңдайға тіреледі. /Балалар өз айналарына қарап, К дыбысын айтады/.

Ойын. «Қандай дыбыс шығарады?».

Логопед: Балалар серуенге шыққанда /суреттерді көрсетіп тұрады/ алдарынан тауық шығып дауыстады. Кім біледі тауық қандай дыбыс шығарады? /балалар ко- ко- ко/. Балалар әрі қарай кетті, ол тауық қытқылықтады./қыт-қыт/, сосын әтеш кездесті. Бізді көріп қалай айқайлады /ку- ка- ре- ку- ку/. Балалар орманға дейін жетті, онда көкектің даусын естіді. Кім біледі көкек қалай дыбыстайды? /ку- ку/. Жидек теріп жүргенде , балалар көлбақаның даусын естіді /ква-ква/. Балалар серуендеп, үйге келді. Балалармен қайталап, қандай дауыстар естігенін /ко-ко, қыт - қыт, ку- ка- ре- ку, ку- ку- ква/ еске түсіру.

К дыбысын басқа дауыссыз дыбыстардың арасынан танып алу.

Сендердің құлақтарың тыңдай біле ме? К дыбысын естісеңдер қолдарыңды көтеріңдер к, п, т, к, л, д, м, к.

К дыбысымен сөз айту. «Не өзгерді?» ойынын ойнайды , тақтада мынау сөздердің /көбелек, кірпі, күрек, көйлек, кітап/ суреттері тұр. Логопед суреттерді қарап, есте сақтауын өтінді. Сосын балалар көздерін жұмады. Логопед суреттердің орнын ауыстырады.

Дем алу кезеңі. Ырғақты жаттығу.

Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Ойын «Сөзді аяқта».

Балалар шеңберге тұрады, логопед шеңбердің ортасына сөздің 1-ші буынын айтады, ол бала сөзге 2-ші буынды қосып сөзді аяқтайды. /көйлек, кі- тап, кем- пір, кө- пір, ки- но/.

Сюжет бойынша сөйлем құрастыру.

- Мынау көл. Көл жағасында көк шөп өсіп тұр. Күләш пен Кәмилә көбелек қуып жүр.

Сөйлем неше сөзден құралғанын талдау. Сөйлемдердің әр түрлі болатынынына назар аудару /ұзын, қысқа/.

К әріп таңбасымен таныстыру.

К әріпін жазғызу.

Сабақты қорыту.

- Бүгін қандай дыбыспен таныстық? /К дыбысы/.

К дыбысы бар қандай сөздерді айттық?

К дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!