СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Классный час. Алматы - красивый город

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Классный час. Алматы - красивый город»

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Алматы сән және дизайн колледжі



«Бекітемін»

Директордың тәрбие-ісі

Жөніндегі орынбасары

________________Омарова К.Н.

«____»_____________2019 ж.



СЫНЫП САҒАТЫ





Тақырыбы Жаса, жайна, гүл қалам!


Дайындаған: 18-5 тобының жетекшісі

Кокимбекова Г.Д.







Алматы, 2019

Жаса, жайна, гүл қалам!



«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал бағдарламаның мәні неде?



Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді. «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».

Иә, бірінші мәселе бойынша көптеген қалаларда тазарту жұмыстары мен қаланы таза ұстау акциялары жалғасын тауып кетті. Мәселен Алматы қаласы бұрыннан «Біз таза қала үшін» ұранына ту етіп келсе, еліміздегі ең таза қалалардың көшін Орал сынды қалалар бастап тұр. Бұл бағдарламаның тек қана айтылып емес, жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек».

Шет елде тарыдай шашырап жүрген қазақ азаматтарының басын бір Отанға жинау, олардың келуін қамтамасыз ету жұмыстары да басталып кетті. Көші қон жұмыстары оң шешімін беріп, елге оралып жатқан қандастарымыздың саны жыл сайын артпаса, азайған емес. Қазірдің өзінде шетте жүрсе де, ел үшін қам жеп, қазақтың атын шығарып, туын желбіретіп жүргендері қаншама?!

«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс». «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».

«Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады». Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек. «Туға жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету – басты парыз.

Алматы – қып-қызыл апортымен аты шыққан әсем қала. Ол кез келген адам жанына рахат сыйлап, адамды өзіне әсем дігімен баурап алатын мәдени орын дарымен де көрікті. Жері қандай байтақ болса, жаны да сондай дархан қала, жұмақ қала десек те артық емеc Туған жердің түтіні ыстық» демекші, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналып, талай жастың көкірек көзін ашып, талантты тау тұлғаларды тәр бие леген, алақанға салып әлдилеген – Алматым менің «Алматы… Алматы дегенде көз алдыма әсем де, ару биік таулары, мұнартқан Алатаудың бауырында жатқан түнгі Ал маты елестейді. Өйткені, Алматы Алатаудың ару қызы іспеттес. Сол Алатаудың етегінде жасыл кілемдей болып төселіп, жасыл желектер көмкерілген. Әсіресе, түнгі Алматы жақұт шамдарын жаққанда, тіпті, құлпырып кетеді. Әсіресе, көзге оттай басы латын ақ шамдары маған аппақ арманға алып ұшатын ақ қанат тардай көрінеді. Мен осы қалада туып-өстім. Алматы менің – сүйікті қалам. Мен – Алматымен мақтанамын, марқаямын. Өйткені, біреуді қолтығынан демеп, арманын – асуларға, биіктерге жеткізген қала. «Онсыз да ғажайып әсем көркімен кісіні баурап алатын Алматы, күннен-күнге құлпырып, жайнай түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екеніне ешкімнің күмәні жоқ. «Таланттар далада туып, қалада өледі» демекші, өнер мен білімнің қайнап жатқан ордасы, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналған, талай жастың көкірек көзін ашуға жол нұсқаған, талай қайраткерлерді, талантты тау тұлғаларды тәрбиелеген, аялы алақанға салып әлдилеген сұлу қала – Алматы.

Әсем қала, ару қала-Алматы!

Алматы – менің сүйікті қалам. Әдемі көркімен, жанға жайлы ғимараттарымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар,сірә! Алатауы айқара ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Онсыз да әсем әнмен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Алматы - үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Табиғаты да өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын,жүрген жерін таза ұстап, Табиғат - Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Алматы қаласының болашағы өзіміздің қолымызда!





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!