СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект урока по казахскому языку, тема "Астана"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока по казахскому языку по теме Астана для учащихся шестого класса

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку, тема "Астана"»

Сабақтың тақырыбы: Астана



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен сабақты сұрау,Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту.

Міндеттері: Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айтуға дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Жаңа сөздерді меңгерту, дұрыс сөйлеуге, сөйлем құрай білуге, сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру және өз беттерінше жұмыс істей білуге үйрету.

Тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, отансүйгіш ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: біріккен сабақ

Сабақтың формасы: топтық, ұжымдық, жекелей.

Сабақтың әдісі:Сөзжұмбақты шешу, Өлең оқу, мәтінмен жұмыс , түсінгендрін айту, , сұрақ-жауап, , жаңа сөздер, сөйлем құрау , кестені толтыру ,т.б.

Көрнекі құралдар: Кітап , сиқырлы қоржын, теледидар, ноутбук, кеспе қағаздар, тест парақшасы, дәптер.сдайд.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Бүгін кезекші кім?

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық

Күлімде , күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ !



І. Үй жұмысын тексеру

Қазақстанның қалалары



«Сиқырлы қоржын» -берілген тапсырмаларды орындау.

  1. Мәтінді әңгімелеу

  2. Диалог құру

  3. «Қалалары» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

  4. «Қалалары» сөзін септеу.

  5. « Қалаға бара жатырмын» деген сөйлемді келер шақта жіктеу.

  6. Сергіту сәті


ІІ. Жаңа сабақпен танытыру

Астана

  1. -Сабақтың тақырыбын білу үшін біз сендермен сөзжұмбақты шешуіміз керек. Сөздерді аударады)



1. Век 4. Народ

2. Мавзолей 5. Реки

3. Независимый 6. История ( Астана деген сөз шығады)



2.-Қазақстанның бас қаласы қай қала?

3. «Астана» өлеңі оқылады

Астана –арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл боп,

Мен үлкен болғанда да.

Астана-сұлу қала,

Біз оны анамыздай,

Сүйеміз шынында да.

( Т. Молдағалиев).

4. Видиоролик «Астана»


5. Слайд көрсетіледі



6. Оқушыларды 2 топқа бөлу (Топ басшыларын сайлап алу, оқушылар өздерін- өздері бағалайды)

І топ- «Білім тобы»

Ұраны: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

ІІ топ- «Еңбек тобы»

Ұраны: Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Топ ережесі

1.Бір-бірінің сөзін бөлмеу.

  1. Кезекпен сөйлеу.

  2. Сыпайы болу.

  3. Бір-біріне көмектесу.

  4. Ортақ шешім қабылдау.

7.Жаңа сөздер

Өзеннің жағасында – на берегу реки;

Сарайы – дворец;

Бас – главный;

Әйгілі – известно;

Танымастай өзгерді – изменилась до не узнаваемости;

Тұрғын үйлер – жилые дома;

Ұлт өкілдері тұрады – живут представители нации;

Болашағы – будущее;

Гүлденеді – процветает;

Өзгерді – изменилась;

Салынды – построили;

Білдіреді –показывает;

Құндылық – ценность.

8. Тапсырмалар

1.Астана қаласы тақырыбына кластер жасау.

2.Сөздермен сөйлемдер құрастыру.

9. Астана. Мәтінмен жұмыс (мәтінді оқып, негізгі ойын анықтау).

  • Біздің еліміздің бас қаласы-Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Астана –болашағы үлкен қала. Ол-әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Өзеннің оң жағалауында-бұрынғы қала. Ол да жеңіл жаңарып жатыр. Екінші жағалауында-жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихынан, мәдениетінен, халықтың салт-дәстүрлерінен мәлімет береді. Мондай-ақ ТәуелсізҚазақстанның күш-қуатын, асыл құндылықтарын көрсетеді. Біздің еліміз ұщін ең қымбат құндылық –Қазақстан халықтарының ынтымағын, бірлігін бейнелейтін құрылыстар да бар.

  • Астана қаласы-жаңа Қазақстанның белгісі. Елімізде 6 шілде Астана қаласының күні деп белгіленген.

10 . Мәтін бойынша , сұрақтарға жауап беру.

  • Астана туралы не білесіңдер?

  • Астана қаласында болдыңдар ма?

  • Астана қаласы қандай орталыққа айналды ?

  • Астана қаласының болашағы қандай?



11. Шашылған сөздерді, жинау.

  • Көрікті ,Астана , қала. Жағалауында, орналасқан, өзеннің.

  • Көрінісі, жалпы,қаланың, жаңа.

  • Бас, мемлекетіміздің, қаласы, біздің, Астана.

  • Әйгілі, аты , Астананың , әлемге.

10. Кестені толтыру.

11. Бес жол өлең.

12. Тест. ( Бірін- бірі тексереді)

13. Сурет салу.



ІІІ. Үйге тапсырма: Астана, әңгімелеу, эссе жазып келу. 166,167 бет

ІV. Рефлексия

Ұнаса менің сабағым,
Рахмет айтып қоштайық,
Ертеңгі күнгі сабақты
Көңілмен бастайық.

V.Багалау: Оқушылардың білімін бағалау.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!