СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көпмәдениетті білім беру саласындағы ойын педагогикасы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Көпмәдениетті білім беру саласындағы ойын педагогикасы»

Көпмәдениетті білім беру саласындағы ойын педагогикасы

Игропедагогика в поликультурной образовательной сфере


Аннотация

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, көпмәдениетті білім беру үрдісінде тұлғаны тәрбиелеу маңызды. Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда дамуда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көптілді меңгерген, көпмәдениетті тұлға қалыпастыру алға қойылған мақсаттардың бірі. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қызмет адамның бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге көмектесуі қажет. Сол көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыра отырып бірнеше тілді меңгеруде әртүрлі ойындарды қолдану оқушы білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.

Кілт сөздер: Көптілділік, көпмәдениетті білім беру, ойын педагогикасы, педагогикалық әдіс-тәсілдер, көпмәдениетті тұлға.


Көптілділік-көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі. Қарым-қатынас жағдайында шетел тілдерінде сөйлей алатын, түсінетін және қолдана алатын адамды көптілді адам деп айтуға болады. Көптілділік ұлттардың өзара түсініктері мен әріптестігіне, туған тілдерінің дамуы мен байытылуына, сонымен қатар адамның жалпы мәдениетінің жоғарлауына әсер етеді. Тарихта көрсетілгендей ғылым, білім және мәдениеттің танымал өкілдері тек өз туған тілін білуімен ғана шектелмеген. Кең әрі бай көптілділік кеңістігі ұлттың өмірлік күшінің, оның шығармашылық потенциалының айқындалуы болып табылады.

Туған тілді шетел тілімен қоса оқыту практикасы мен ғылыми зерттеулерге сүйенсек, тілдердің өзара байытылуы мен оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына деген оң әсер еткенін дәлелдейді.

Көптілді білім беруді іске асырудың негізін қалаушы идеялар мәдениетаралық қарым-қатынас мән мәтінінде:

  • оқушылардың сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес әртүрлі тілдерді қолдануға ынталандыру;

  • мәдениетаралық қарым- қатынас машықтарын қалыптастыру;

  • тіл арқылы тұрақты білу стратегиясы, нақты мәдениеттердің ерекшеліктері және олардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктері;

  • оқушылардың мәдениеті өзге сұхбаттасушыларымен бірыңғай кеңестік құру қабілеті;

  • мәдениеттердің айырмашылықтары туралы білім мен машықтардың негізінде орын алып жатқандардың маңызы;

  • көптілді білім беру сабақ және сабақтан тыс қызмет арқылы іске асыру.[1]

Көптілді, көпәдениетті үйрену қиын да, қызықты жұмыс. Бүгінгі күннің талабы ұстаздарға жаңа технологиялық әдіс-тісілдерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру болып табылады. Мектепте жаңа технологиялар арқылы көптілділікті үйретудің сапасы мен мазмұны артады. Көптілді оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Шетел тілі пәні бойынша оқушы ережелерді жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгеру тиімді болып табылады.

Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады. Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В. Занковтың айтуынша, сабақтағы ойын элементтері оқу процесіндегі зерттеушілікті көруге көмектеседі, оқуышалардың білімін кеңейтуге, шығармашылық ізденімпаздығы мен зерделілігін арттыруға және оқуға деген ептілігін қалыптастыруға қызығушылығын және ынтасын арттыруға септігін тигізеді [2, 15б].

Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру- мұғалімдердің алға қойған мақсаты. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-озық технологияларды жетік игеріп, оны өз тәжірибесінде күнделікті қызметінде пайдалана білу. Сондай озық технологиялардың бірі, әрі бірнеше тілді меңгеруде әртүрлі ойындарды қолдану оқушы білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?

  • Қисынды ой-қабілетін дамытады

  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

  • Сөздік қоры баийды, тілі дамиды

  • Зейіні қалыптасады

  • Байқампаздығы артады

  • Өзара сыйластыққа үйретеді

  • Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

  • Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

  • Сабаққа қызығушылығы артады.[3]

Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданған жөн. Олар: «Синтаксистік касса», «Сөйлем қуаласпақ», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім болам?», «Асауды ұстау», «Аударыспақ», «Вагондарды құрау», «Қай әріп жоғалды», «Лоторея ұту», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар

Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. «Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).

«Кедергіден өту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.

«Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.

«Алтын айт» ойыны. Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.

Сабақтан тыс уақытта қимыл-әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. «Туған күні», «Ақ терек, көк терек», «Ақ тоқаш», «Айға ұшу», «Кім болам?» сияқты ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды.[4]

Сонымен қатар білім беру және оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылар алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар лйнай отырып, сол туындаған проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Біздің үйіміз» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.[5]

Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.

Мұндай жағдайда педагогтың кәсіби шеберлігі әрбір сабақта ерекше маңызға ие бола бастайды. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қызмет адамның бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге көмектесуі қажет.

Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар қойылады:

- жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;

- мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көұлтты еліміздің өмір жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір сапаларын арттыру;

- еліміздің білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, көпмәдениетті және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да көпмәдениетті тұлға: өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін; жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын; дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс. Үш тілде білім беру-көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Және де сол білімді жетілдіруде ойын әдістерін қолдану озық технологиялардың бірі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1 Көпмәдениетті білім беру үрдісінде тұлғаны сыни тұрғыдан тәрбиелеу// https://infourok.ru/kpmdenietti-bilim-beru-rdisinde-tlani-sini-tridan-trbielleu-3486079.html

2 Адамтаева Г.А. Бастауыш сыныпта қолданылатын ойын түрлерінің маңызы // Бастауыш мектеп. - 2012 - №2 ақпан.

3 Михайленко, Т. М. Игровые технологии как вид педагогических технологий/Т. М. Михайленко. — Текст: непосредственный//Педагогика: традиции и инновации: материалы I Междунар. науч. конф. (г. Челябинск, октябрь 2011 г.). — Т.1. — Челябинск: Два комсомольца,2011.—С.140-146.

4 ХАЛЕЛОВА Ш.Д. Ойын технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігн арттыру

5 Махсотова А. Т. Ойын технологиясы арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!