СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құрастыру. Ашық сабақ ТАҚЫРЫБЫ: Көңілді қуыршақтар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

құрастыру пәнінен даярлық топта өткен ашық сабақ. оқу мен оқыту барысында жаңа технологияны пайдаланып құрастырылған.

Просмотр содержимого документа
«Құрастыру. Ашық сабақ ТАҚЫРЫБЫ: Көңілді қуыршақтар.»

Зерттеу әдісі – баланың өзінің шығармашылық зерттеу ізденісінің арқасындағы танымдылық жолы. Оның негіз- гі құраушылары – проблемаларды айқындау, болжам жа- сау және қалыптастыру, бақылау, тәжірибе, эксперимент және осылардың негізінде пайымдау мен қорытынды жасау. Зерттеу әдісіндегі қиын әдістерді оқыту мен қолдану ақиқат пен қорытындыға сүйенеді. Педагогтің қолданатын зерттеу әдісі: – дербес ойлану; – басқа адамдардан сұрау; – кітаптардан қарау; – теледидардан қарау (бейнетаспадан қарау); – тәжірибе жасау; – компьютерден ақпарат алу; – бақылау жасау, байқап қарау; – телефон арқылы достарыңнан, таныстарыңнан, туыс- тарыңнан сұрап білу. Бақылау – құрастыру жаңа білім алудың ең қызықты және лайықты әдісі. Жұмыс барысында бақылауға арналған әртүрлі құралдарды пайдалануға болады: лупа, бинокль, телескоп, микроскоп, түнде көретін құралдар т.б. Дыбысты ажырататын құралдарды пайдалануға да болады. Бақылау жасауда қандай құралдарды пайдаланатыныңды ойланып ал. Әдістердің алынуы нақты мүмкіншіліктерге тәуелді бо- лады. Көбірек мүмкіншіліктер болса, анағұрлым зерттеу жұмысы қызықты әрі тәрбиеленушілер іс-әрекетте белсенді болады. «Құрастыру» әдістемелік нұсқауының мазмұнын меңге- руге, қажетті сабақта берілетін түсініктер мен тәжірибелік дағдылардың (жобалау, зерттеу, коммуникативтік, өмірлік) меңгерілуін қамтамасыз ететіндей құрастырады.

Бұл дағды- ларды атап айтсақ:

• сұрақтар қоя білу, оларға жауап беру, әлеуметтік мазмұндағы сұрақтарды зерттеп, жауап беру;

• туыстық байланыс жүйесінде отбасының басқа мүше- леріне қатысты өз орнын анықтау;

• тұтыну заттарына деген өз қажеттілігінің құрылымын 10 анықтау және олардың келу жолдары; • жолда жүру ережелерін, жаяу жүргіншілердің қоз- ғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін білу;

• жұмыста қолданылатын материалдың не үшін пайдала- нылатынын қарапайым түрде сипаттай білу;

• қолданбалы өнер түрлеріндегі бұйымдарды дайындаудың бастапқы дағдыларын білу;

• құрастыру ҰОҚ-де еңбек іс-әрекетінің маңыздылығын түсіну, еңбектің негізгі мақсаттарын білу;

• сәндік-қолданбалы өнердің пайда болу тарихы туралы әңгімелей білу;

• түрлі материалдарды, тәсілдер мен құралдарды пайдала- на отырып, алынған ақпаратты таныстыру (ұсыну) және талқылау;

• зерттеулерге қатысу, тәжірибелер жасау, қолжетімді ресурстарды пайдаланып материалдардың қасиеттерін анықтау тәсілдерін негізге ала отырып сұрақтарға жауап беру;

• тұсаукесер жасай білу, көптің алдына шығып сөйлей білу, сөз таластыра білу арқылы сауатты сөйлеу.

ҰОҚ жоспарлауда бұл жастағы тәрбиеленушілерге іс- әрекеттің көптүрлілігі, олардың жиі ауысуы міндетті болып табылады. Нәтижеге бағытталған дамыту мен тәрбиенің, оқытудың нәтижеге бағытталған әдістері мен технологияла- рын қолдану ынтымақтастық пен ортақ шығармашылық пен бірлескен іс-әрекет нәтижесіне жетуге болады. 6–7 жастағы тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің нәтиже- лерін бағалау үшін формативті бағалау қолданылады. Мұндай бағалаудың көмегімен педагог жасаған заттарының бағытының дұрыстығын тексереді, тәрбиеленушілерді ма- дақтау, қол жеткізген нәтижелерін мақтау арқылы олардың оқудағы жетістіктерін бағалайды. Тәрбиеленушілерге жұл- дызшалар, гүлдер, көбелектер, бақалардың бет-бейнесі т.б. тақырыптар мазмұнына сәйкес суреттер ұсынып, смайлик- тер арқылы көңіл күйлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салады. Педагогтің тәрбиеленушілермен ұтымды кері байланысын қамтамасыз етеді:

• тәрбиеленушілердің ҰОҚ белсенді қатысуы, заттарды жасауға деген қызығушылығы мен икемділігі;

• бағалау нәтижелерін ескере отырып, іс-әркет барысына түзетулер енгізуі;

• бағалаудың тәрбиеленушілердің өзін сыйлауы мен қызығушылығын оятуға терең әсер ететінін мойын- дау, бұл өз кезегінде мектептегі оқу мотивін арттыруға маңызды әсер етеді;

• тәрбиеленушілердің білімдерін өз бетінше бағалай алула- ры, бір-біріне деген жағымды эмоционалдық көңіл күй сыйлай алуы және нәтижеге қол жеткізудегі өз ойын жет- кізе алуы;

• ұсынылған материалды педагог тек қана іс-әрекетте тәжірибелік тұрғыдан жасатып қана қоймай, оның тәрбиелік маңызына, рухани тәрбиенің бала сана- сына сіңірілуіне жанды білім ретінде өмірлік дағды қалыптастыруға баса назар аударуы қажет.

«Құрастыру» оқу-әдістемелік кешенінің құрамына тәр- биеленушілерге арналған әліппе-дәптер кіреді. Әліппе-дәп- терде берілген материалдар танымдық, зерттеушілік сипатқа ие және дидактикалық қағидаларды ескере отырып берілген: көрнекілік, жүйелілік, табиғатпен және күнделікті өмірмен өзара байланысты болу.

Әліппе-дәптерде қолданылатын материалдың қасиеттерін анықтауға арналған тапсырмалар жинақталған. Тапсыр- малар аясы өте кең: олар тәрбиеленушілердің ойлауын, талдау жасай білуін, қорытынды жасауын белсендіреді, жүйелік ойлауды дамытады. Алғашқы іс-әрекет барысын- да педагог тәрбиеленушілерге тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай жылжи отырып орындауға көмектеседі бір- тіндеп тәрбиеленушілерге өз қызығушылықтарын қанағат- тандыруға және өз деңгейіне сай тапсырма таңдауына мүмкіндік беріледі.

Әдістемелік нұсқау тәрбиеленушілердің жаңа әрекетке «жеңіл» бейімделу қызметінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бұл авторларды пәндік оқыту әдісінің барлық жетіс- тіктерін қолдана отырып, нақты пәнді оқытуда мыналарға ерекше көңіл бөлуге итермелейді:

– материалдарды зерделеу, қауіпсіздік және еңбек мәде- ниетін қалыптастыру, құрастыру техникалары мен тәсілдерін меңгерту, жұмыс кезеңдерін жоспарлау, шығармашылықпен дербес әрекет ету, тұсаукесер және жұмысты бағалай алуға;

– табиғи және жасанды материалдарды ажырату, қа- сиеттерін атау, заттарды ортақ белгілері бойынша топ- тау, геометриялық фигураларды сипаттау және салысты- ру, қолданылу аясы мен құрылуы арасындағы байланысты орнатуға көңіл бөлуге;

– материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезін- де техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, еңбек пен шығармашылыққа арналған құралдарды дұрыс қолдану, үшкір және өткір заттар, жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіру және жобаны ұжыммен бірлесіп жа- сау, команда үшін маңызды екенін білуге;

– құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану, құрылыстың қарапайым сызбаларына бағдарлану, жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыру, өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу, өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалай алуға бағыт беруге;

– көрнекі-бейнелі ойлауды осы жастағы тәрбиеленушілерге басымдылықпен қолдану, ойынмен оқыту әдістерін мақсатты түрде кіргізу, бұл мектепалды даярлық тобында өте маңызды әдіс болып қала беруге;

– әр баланың жетістіктерге қол жеткізуіне жағдай жасау- ды қамтамасыз ететін және жеке қарқынды іс-әрекетпен айналысуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға көңіл бөлінеді.

Әдістемелік нұсқауда берілген ұзақмерзімді жоспар – күн- тізбелік-тақырыптық жоспар мен қысқамерзімді жоспар педагогтерге «Құрастыру» ҰОҚ бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етіп көмектеседі.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаудың қызметі:

• тәрбиеленушілерді құрастыру ҰОҚ мазмұнына байланыс- ты жаңа ақпараттармен қамтамасыз ету;

• педагог ұйымдастырылған оқу қызметінің жүйелі өткізілуіне бағыт-бағдар беру;

• педагогтің және тәрбиеленушілердің проблемалық жағ - даяттарды бірлесіп шешуіне эмоционалдық мәнер беру;

• тәрбиелік дамытушылық функцияны жүзеге асыруға және тәрбиеленушілердің рухани құндылықтарды қа- былдауына ықпал ету;

• балаға мұнда берілген мәліметтер арқылы қосымша ақпарат «өндіріп алуына» көмектесу. Әдістемелік нұсқау қызықты, қысқа және қолжетімді.

Ол тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін, олардың қабылдауларының, есте сақтауларының, ойлауларының даму деңгейін ескереді, танымдық және тәжірибелік қызығушылықтарын, білім мен практикалық әрекетке деген сұраныстарын жетілдіреді, әр ҰОҚ тәрбиеленушілерге бел- гілі бір эмоционалдық көңіл күй сыйлайды, іс-әрекетке деген қызығушылығын тудырады.

Сабақтардың тақырыптары сұрақтар түрінде жасалған. Оқу және зерттеу әрекеттерінің аясында тәрбиеленушілер оларға жауап іздейді, өздігінен дербес ойланады және іс-әрекетті орындайды.

«ҚҰРАСТЫРУ» ҰОҚ-ін ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР «Құрастыру» бойынша ҰОҚ-ін жобалау алгоритмі 6–7 жастағы тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере оты- рып жасалған және ол келесі бөлімдерден тұрады: Жағымды эмоциялық көңіл күй орнату. ҰОҚ-нің басында эмоциялық көңіл күйге мүмкіндік беру қажет.

Педагогтің міндеті: тәрбиеленушілердің іс-әрекетке деген қызығушылығын ояту, жаңа білім, дағдыны қалыптастыруға бағытталған ақпарат көлемін алуға тәрбиеленушілерді жұ- мылдыру. «Құрастыру» арнайы ҰОҚ түрінде екі аптада бір рет өткізіледі. Ал бос уақыттарында тәрбиеленушілер құрылыс материалдарын еркін пайдаланып, өзіндік ойын сипатындағы іс-әрекеттерін жүзеге асыра алады.

Құрастыру іс-әрекетінің түрлері:

– арнайы үлгі бойынша және сызба нұсқалар бойынша құрастыру; – ұсынылған шарт бойынша құрастыру;

– тақырып бойынша құрастыру;

– өз еркімен құрастыру;

– конструкторлармен құрастыру;

\– табиғи материалдармен құрастыру;

– компьютерлік құрастыру, т.б.;

– қағазбен құрастыру;

– қажетсіз заттармен құрастыру болып бөлінеді.

Өмірлік дағды қалыптастыру. Мақсатты тұжырымдау. Педагогтің міндеті: құрастыруға арналаған материалдар- мен іс-әрекетті ұйымдастыруда мәселенің шешімін бірге, топтаса іздеу жағдайын орнату. Тәрбиеленушілерге олар үшін жаңа жағдайды игеруге мүмкіндік беру, ойландыру, орында- лу ретін түсіндіру, іс-әрекетке қызықтыру, бірлескен іс-әрекет нәтижесіне жетуге бағыт беру.

Құрастыру ҰОҚ-нің бұл кезеңінде тәрбиеленушілердің ал- дына проблема (мәселе) қойылады, оны түрлі көзқараспен шешудің жолдары қарастырылады. Тәрбиеленушілер мате- риалдарды зерделейді, орындалу ретімен танысады, дербес әрекетінде оны орындайды. Педагог бастаған құрылысты не- месе табиғи материалдар, қажетсіз заттармен құрастырған тақырыптарын соңына дейін жеткізіп аяқтауды және шығармашылықпен оған өз үлестерін қосқанын қадағалап не жасағандарын бағалап, баяндап айтып береді.

Іс-әрекет аяқталған соң өзінің жұмысының, құрбыластарының жұмысына баға береді, «мен не жасадым», «не жасай ал- мадым», «мен ...үйренемін» т.б. өз ойларын ортаға сала- ды. Педагогтің қолдауы мен қорытынды ой тұжырымы тәрбиеленушілер үшін маңызды және еңбек нәтижесінен ру- хани қанағаттану сезімін алуға, психологиялық көтеріңкі көңіл күй туындатуға, өз еңбегінің қол жеткізген нәтижесін көріп сезіне білуге бағытталуы шарт.

«Құрастыру» ҰОҚ-ін ұсынылған тақырып бойынша орын- дау, мазмұнын түсіну. Бұл кезеңдегі педагогтің міндеті – тәрбиеленушілерді тақырыппен таныстырып, ҰОҚ-іне кірісуге бағыт береді. Жаңа түсініктерді құбылыстар мен жағдаяттардың кең шеңберіне қарай қолдануына мүмкіндік жасайды, материалдардың сапа- сы, орындалу ретін түсіндіреді, мұнда тәрбиеленушілер оның тәжірибеде қалай жасалуына баса көңіл бөледі. Мазмұн мәнін ұғыну кезеңінде жаңа ақпаратпен тікелей байланыс іске аса- ды (көрнекіліктерді пайдалану, әліппе-дәптермен жұмыс, тап- сырмаларды орындау, фильм, интербелсенді тақтамен жұмыс, постер жасау, шығармашылық жұмыс, модельдеу т.б.). Жұмыс жеке немесе жұппен жүргізіледі.

Топтық жұмыста маңызды элементтер бар: жеке, бірлесе іздеу, мұнда жұмысты ұйымдастырудың жалпы ережелері негізінде даярлық тобын- да тәрбиеленушілердің дербес, өздігінен әрекет етуіне көңіл бөлінеді, оны бақылап, түзетуді үйренеді, бастамашылдық пен дербестік танытады.

Тәрбиеленушілердің коммуникативті бел- сенділігі (сөйлеу әрекеті, ынтымақтастық дағдылары, өзара келісімге келу, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру), көшбасшылық қасиеттері дамиды. Іс-әрекетті орындау бары- сында өзара келісу, ұжымшылдық, бірлесе әрекет ету, бір-бірі- не көмек көрсету, ынтымақтастық, еңбек нәтижесіне бірлесіп жету сияқты жауапкершілік сезімдері қалыптастырылады. ҰОҚ-нің соңғы кезеңінде тәрбиеленушілермен бірле- се отырып қорытынды жасалады. Талқылау барысында тәрбиеленушілер не жасағандары, қалай жұмыс істеген- дері туралы айтады, яғни әркім өз іс-әрекетіне қойылған мақсаттарға жету үшін өзінің қосқан үлесін, өз белсенділігін, басқалардың жұмысына да өз пікірлерін айтуға үйренеді, топтың жұмысының тиімділігін, таңдап алынған жұмыс формасының қызықты және пайдалылығын бағалайды.

Педагогтің міндеті: тәрбиеленушілердің өз білімін өзі бағалап, оны жақсарту мүмкіндіктерін анықтауы үшін оларға қолдау көрсетіп, мадақтайды және жасалған жұмыстардың жетістіктерін атап өтіп, өзі қорытынды тұжырым жасай- ды. Жұмыс аяқталғанда тәрбиеленушілердің ҰОҚ-дегі іс- әрекетінің нәтижесіне қол жеткізгендігін мадақтап, пси- хологиялық көтеріңкі көңіл күйде болуына әрдайым көңіл бөлінеді.

Әдістемелік нұсқауда берілген күнтізбелік-тақырыптық жоспар мен қысқамерзімді жоспар педагогтерге «Құрастыру» ҰОҚ бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етіп көмектеседі.









Құрастыру

ТАҚЫРЫБЫ: Біз қандай балалармыз?

Мектеп/МҰ: «Өндіріс орта мектебі»КММ

Саны:

СЫНЫП-ТОП: мектепалды даярлық

Педагогтің аты-жөні:Сеилханова Ж.С.


Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1. Табиғи және жасанды материалдарды ажырату.

0.1.1.2. Табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау.

0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын және құралдарды ретке келтіру. 0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

– табиғи және жасанды материалдарды ажырата алады;
– жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Зерек тәрбиеленушілер:

– табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атай алады; – табиғи материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады.

Қабілетті тәрбиеленушілер:

– әртүрлі табиғи материалдарды пайдалана алады, өздері жасаған заттарын ұсақ бөліктерін толықтырып, безендіре алады; – өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту:

•Табиғи материалдың қасиеті туралы білімдерін іс жүзінде (практикада) пайдалана алады, табиғи матери- алды зерттеу жұмыстарын көрсете алады. Көптілділік: балалар – дети – children.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

• табиғат, табиғи материал, жасанды материал.

ҰОҚ-де диалог/хатта қолданылатын тіл:

Пікір алмасуға арналған сұрақтар.

Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері туралы білесің бе?

Сен қоршаған ортада өзіңді қалай ұстайсың?

Қоршаған ортадан қандай табиғи материалдарды табуымыз мүмкін? Материалдардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Қандай табиғи материалдар бар?

Табиғи материалдар қандай қасиеттерге ие?

Табиғи материалды қалай сақтауға болады?

Табиғи материалдардың жасанды материалдардан айырмашылығы қандай? Неліктен: … табиғи материалдар бізді таңдандырып, қайран қалдырады; … табиғи материал нәзік; … табиғатты қорғау керек; ... жасанды материалдар ерекшеленетінін айта аласың ба?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Табиғи материалдардың қасиеттері, жасанды материалдардың айырмашылықтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс, әсерлі көңіл күй орнату.

0–1 мин


Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілерді шеңберге тұрғызып, «Мен кіммін және қандаймын!» ойынын

Педагог допты лақтыра оты- рып тәрбиеленушілер бір-біріне ...мен ұлмын – батырмын, ...мен қызбын – әдемімін, мен ұлмын – күштімін, ...мен қызбын – сұлумын т.б. Қандай тамаша әдемі, батыл да ержүрек сендер сияқты тәрбиеленушілер де табиғаттың сыйы, адамзат та табиғаттың бір бөлшегі.

Ойынға қажетті доп.

II. Өмірлік тәжірибені маңыз- дандыру. Мақсатты болжам. 2–5 мин



Бүгін біз табиғи материалдармен таны- самыз. Табиғи материалдың қасиеттерін зерттеуге тырысамыз: пішінін, өлшемін, түсін анықтаймыз, төзімділігін сынай- мыз. Қандай табиғи материалдарды білесіңдер?

Табиғи материалды не үшін жинайды? (шырша бүрлері, емен жаңғағы, кеп- тірілген жемістер мен бұтақтар, ағаш қабықтары т.б.)

Педагог: бізді қоршаған ортадағы табиғаттың сұлулығы ерекше, біз бүгін соған назар аударып көрейік. Табиғи материалдар сенің жеке жұмыс жасауыңа және шығармашылық қызығушылығыңды оятуға көмектеседі. Қандай табиғи материал сенің назарыңды өзіне аударады? Табиғи материалдар қайталанбас сұлулыққа ие.

Дербес іс-әрекетіне бағыт.

Табиғат аясында өзіңді ұстау ережелерін білесің бе?

Серуен кезінде қандай табиғи материалдар жинадыңдар?

Шырша бүрлері, емен жаңғағы, кептірілген жемістер мен бұтақтар, ағаш қабықтары т.б.

III. Тақырып бойынша жұмыс. 6 – 25 мин ойнатады.



Табиғи материалдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Тәрбиеленушілердің жауаптарын тыңдау. Табиғи материал- дар.

Тәрбиеленушілерге табиғи материалдарды өңдеп, сақтауды үйрету. Табиғи материалдар қандай жұмысқа арналып жиналғаны туралы ойлану.

Табиғи мате- риалды дайындауда қандай ережелерді сақтау керек?

Қарапайым тәжірибе: табиғи материалдар мен жасанды материалды салыстырып көреді.

Табиғи материалды қолымызға аламыз, мұқият қараймыз, қасиеттерін атаймыз. Қара: өлшемін, пішінін, түсін анықта. Беткі қабатын сипаймыз (ұстаймыз) – тегіс пе, қабыршақты ма?

Сынаймыз: мыжимыз, жыртамыз, майыстырамыз.

Табиғи материалды кептіргеннен кейін оның қандай болатыны туралы ойланамыз. Олар: жапырақтар, шырша бүрлері, емен жаңғағы, бұтақтар, қабықтар, кептірілген жемістер т.б. Табиғи материалдың қасиеті туралы қорытынды жасаймыз.

Жасанды материалдармен танысамыз: мата, пластмасса, сымтемірді салысты- рып, олардың сапасы жайында айтамыз: мата жұмсақ, бүктеуге болады, пластмасса қатты, оны бүктей алмаймыз, ал сым- темірді июге, орауға болады. Қолымызға енді табиғи материалды аламыз, оны са- лыстырып көреміз.

Табиғи материалдардан не істеуге болады?

Суреттерге мұқият қарап алыңдар, табиғи материалдар мен жасанды материалдарды ажыратып айтып беріңдер.

Мен және менің айналамдағы табиғат қандай ғажап.

Сергіту сәті: «Би билейміз» қимылды ән.

Иілеміз оңға бір, иелеміз солға бір.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

Бас аяқты топ, топ, топ,

Шапалақта хоп, хоп, хоп.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

Әліппе-дәптердегі ескертпені қолданамыз.

1. Табиғи материалды қолды кесіп алмас үшін арнайы қолғаппен жинау.

2. Қолды тіліп немесе кесіп алған жағдайда педагогке хабарлау керек.

3. Жұмыс аяқталған соң қолды жұмсақ құрғақ матамен сүртіп, содан кейін ғана сабындап жуу керек.

Үлгі суреттерді қарайды, тәрбиеленушілер өздері таңдаған табиғи материалдардан өздеріне ұнаған бейнелерді жасау үшін сұрақтар қойылады.

Суреттегі бейнелер қандай материалдардан жасалған? Қандай бөлшектерден тұрады?

Ұл баланы немес қыз баланы жасау үшін қандай табиғи материалдар қажет деп ойлайсыңдар?

Ойланыңдар, табиғи материалмен жұмыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?

Табиғи материалмен жұмыс жасағанда ермексазды, қайшыны ұқыпты пайдалану қажет.

Тәжірибелік жұмыс: табиғи материалдардан қыз бала мен ұл баланың бейнесін жасаймыз.

Ол үшін: – алдын-ала дайындалған табиғи материалдарды ұл немесе қыз бала жасауға сәйкестендіріп таңдап алады;

– қыз бала болса шырша бүрлері, емен жаңғағы мен бұтақтар және ермексаз;

– ұл бала жасайтындар емен жаңғақтары, бұтақтар және ермексаз таңдалады;

– дене бөліктерін біріктіруге ермексаз пайдаланылады;

– қосымша ұсақ мата қиындылары, таяқшалар, жаңғақ «қалпақшалары» т.б материалдар баланың қалауы бойынша таңдалып, шығармашылықпен толықтыру ұсынылады;

– кейбір тәрбиеленушілер (ерекше қабілетті) әліппе-дәптердегі суреттерге қарай отырып сабанды немесе бөлінген емен жаңғақтарын да пайдалана алады.

Тәрбиеленушілер өз бетінше жұмыс істейді, оған қоса айналасындағылармен келіседі, өзара пікір бөліседі, жұмыс барысында бір-біріне көмектеседі, қолдау көрсетеді.

Тәжірибелік жұмысты орындау барысында тәрбиеленушілер өз білімдері мен бақылауларына сүйенеді, орындаған жұмыстарын (бұйым) әрлеудің қарапайым әдістерін қолданады, шығармашылық таңдау жасайды.

Тәрбиеленушілер табиғи материалмен жасаған тәжірибелерінің нәтижелерін атайды, жауабын білгісі келетін сұрақтарын қояды.





















Жасанды материалдар: мата, пластмасса, сымтемір.














Әліппе-дәптермен жұмыс.
















Әліппе- дәптер. Табиғи



материалдар жиынтығы.


IV. ҰОҚ-нің қорытындысы.



Реф- лексия.

26–30 мин


Біз неліктен өз өңіріміздің табиғатын тамашалаймыз? Неліктен ол бізді қуантады, таңғалдырады, қайран қалдырады?

Табиғи материалмен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін ата. Сендерге табиғи материалдармен жұмыс жасаған ұнады ма? Не себептен ұнады, не есіңде қалды?

ҰОҚ барысында қандай қиындықтарды кездестірдің? Жұмыс барысында құрбыластарыңмен келіспеген жағдайлар болды ма?

Қорытынды: Сендердің жасаған ұл бала мен қыздың «Мен ерекше баламын» деп өздері айтып тұрғандай, сендерде бүгін өздерің ерекше балалар болдыңдар, өйткені сендердің жасаған жұмыстарың маған өте ұнады және бірін-бірі қайталамайтын ерекше болды. Табиғат аясына қонаққа барғандағы басты ереже: зиян келтірме! Қоршаған табиғаттың сұлулығын оның кез келген күйінде сезініп, түсінуді үйрену. Табиғатты аялау, қорғау.

Сендер қандай ережелермен таныстыңдар?

Ережені сақтау әрқайсысың үшін не себептен маңызды деп ойлайсыңдар?

Біздің өміріміз үшін ереже сақтау не үшін қажет?

Ереже сақтау біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін және ұқыпты жұмыс жасауға көмектеседі.

Рефлексиялық бағалау – өз жұмысыңды бағалап қорытындылау.

Табиғатты аялау, қорғау, қамқорлық жасау үшін сен өз үлесіңді қосасың ба?

Тәрбиеленушілер өз ойларын ортаға салады. Балалар смай- ликтерді бояу немесе аяқтап салу арқылы өз еңбектерінің нәтижелерін бағалайды.

Әліппе- дәптер.



Құрастыру

ТАҚЫРЫБЫ: Көңілді қуыршақтар.

Мектеп/МҰ: «Өндіріс орта мектебі»КММ

Саны:

СЫНЫП-ТОП: мектепалды даярлық

Педагогтің аты-жөні:Сеилханова Ж.С.


Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау.

0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техника- лар мен тәсілдерді қолдану. 0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

– табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін ажырата алады;

– табиғи материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады;

– жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Зерек тәрбиеленушілер:

– құрастырудың түрлеріне сәйкес әртүрлі әдіс- тәсілдерді пайдалана алады.

Қабілетті тәрбиеленушілер: – әртүрлі материалдарды таңдап, бұйымның ұсақ бөліктерін әрлеу үшін қолдана алады, қуыршақтың көңіл күйін бейнелей алады; – өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту:

• қағаз бен және қалдық заттармен жұмыс істей алады;

•шығармашылық тұрғысында ойланады;

•әртүрлі материалдарды таңдап, бұйымды әрлеу үшін қолдана алады, шығармашылық таңдау жасай алады.

Көптілділік: қуыршақ – кукла – doll.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

• менің көңіл күйім, қатпарлап бүктеу, өлшем, пішін, түс.

Пікір алысуға арналған сұрақтар:

Тәрбиеленушілердің көңілді болғанын қалай білуге болады?

Көңілсіз екенін қалай білесіңдер?

Көңілді қуыршақтарды жасау үшін қандай материалдар қолдануға болады?

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Көңілді қуыршақтарды жасауға қандай материалдар таңдайсыңдар?

Қағазды қалай қатпарлап бүктеуге болады?

Шығармашылық жұмыстар жасауға кім көмектесті?

Айта аласың ба?

Көңілді болу үшін не істеу керек?

Сенің досың көңілсіз болған жағдайда оған қандай көмек көрсете аласың?


Өткен ҰОҚ-де алған білім

Қағаздың және таяқшалардың қасиеттері, олардың пайдалану жолдарын түсіндіру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс, әсерлі көңіл күй орнату.

0–1 мин


Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Ал, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шытқан не керек.

Көңілді боп жүрейік.

Өлең.

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты бол- жам. 2–5 мин

Қазіргі сендердің көңіл күйлерің қандай? (Тәрбиеленушілердің жауап- тары.)

Тамаша, әркез сендердің көңіл күйлерің көтеріңкі, көңілді болып жүргенін мен де қалаймын. Бүгін бізге қонаққа келген мына қуыршақтар да өте көңілді екен. Үлгі суреттегідей бірнеше қағаз бен қалдық заттардан дайындалған көңілді қуыршақтардың суреттерін көрсетіп, үлгіні талдау жасайды. Енді осындай қуыршақтарды өзіміз жасап көреміз

Шығармашылық жұмысты орындау барысында бет-бейненің көңілді әрі әдемі болып шығуына назарларыңды аударыңдар деп өтініш жасайды.

Өте жақсы. Көңілді қуыршақ- тардың су- реттері.

III. Тақырып бойынша жұмыс. 6 – 25 мин


Сергіту сәті:

Балалар, барлығымыз қосылып ән салайық.

Біз көңілді қуыршақпыз, алақай, алақай,

Өлең айтып, би билейміз, балақай, балақай.

Тартып алып орамалды алақай, алақай,

Дөңгелене би билейміз балақай, балақай.

1. Қараймыз – өлшемін, пішінін, түсін анықтаймыз.

2. Иіскейміз – исі бар ма, жоқ па?

3. Мықтылығын сынаймыз.

Көңілді қуыршақ жасау үшін қандай материалдарды таңдайсыңдар? Оларды атап шық.

Жұмысты орындауға алдымен не қажет, содан кейін орындалу ретін атап айтыңдар?

Тәрбиеленушілердің жауаптарын тыңдау.

Қағаздың қасиеттері туралы қорытынды жасаймыз:

Қолымызға алдымен түрлі түсті қағазды аламыз, оған мұқият қараймыз, қасиеттерін атаймыз. (Жұмсақ, бүктеуге болады, жыртылады, қиюға болады, умаждауға болады т.б.).

Ал таяқ қандай? Қатты, ағаштан жасалған, бүктеуге кел- мейді, сынып қалады.

Қуыршақтың орындалу реті:

1.Қолымызға қағаз алып, оны ортасынан бүктеп, бүктеу сызықтың бойымен қайшымен қиып аламыз.

2. Пайда болған екі тіктөртбұрыштың бір бөлігін алып, қатпарлап бүктейміз. Шетінен бастап бір бүктеп, екінші жағына аударып дәл сондай өлшеммен кезек-кезек бүктеп шығамыз, бұл қуыршақтың көйлегі.

3. Тәрбиеленушілер қарапайым тәжірибе жасап, қатпарлап бүктеу әдісін үйренеді, қағазды дұрыс бүктеуге, онымен қалай жұмыс жасауға болатынын меңгереді.

4. Енді таяқшаға осы дайындалған қатпарлы қағазды сәл жоғарғы жағына қарай жақынырақ қойып алып оны сым- темірмен орап байлаймыз.

5. Сымтемірдің екі жағындағы артық бөліктерін қуыршақтың қолдары етіп иіп жасаймыз, педагог жасалу жолын түсіндіреді.

6. Бұдан кейін қиып алынған дөңгелектерден бет-бейнесін салып, оны көңілді қуыршақтың басына, яғни байланған бөліктің жоғарғы жағына желіммен жабыстырамыз. Желіммен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектігі туралы ойланыңдар. Әліппе-дәптердегі жаднаманы пайдаланамыз (суреттерді қара).

Жұмысты аяқтаған соң қолыңды қолорамалмен сүртіп, содан кейін са- бындап жу. Желіммен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектігі туралы ойланыңдар.


Әліппе -дәптермен жұмыс.













Құрастыру №3

ТАҚЫРЫБЫ: Мен мектепке не апарамын?

Мектеп/МҰ: «Өндіріс орта мектебі»КММ

Саны:

СЫНЫП-ТОП: мектепалды даярлық

Педагогтің аты-жөні: Сеилханова Ж.С.


Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.4. Заттардың қолданылу аясы мен құрылуы арасындағы байланысты орнату. 0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ере- желерін сақтау.

0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техни- калар мен тәсілдерді қолдану. 0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіру.

0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

- қағазбен және қажетті құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады;

- жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады

Зерек тәрбиеленушілер:

– қағазды бүктеу техникасын меңгереді, қажетсіз заттармен жұмыс жасай алады және ұсақ бөліктерін толықтырып, оны әшекейлеуді үйренеді;

– өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

Қабілетті тәрбиеленушілер:

– әртүрлі табиғи материалдарды пайдалана алады, өздері жасаған заттарын ұсақ бөліктерін толықтырып, безендіре алады;

– өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту:

• мектеп туралы әңгіме жүргізеді, қағазбен жұмыс жасайды, материалдардың кейбір қасиеттерін сипаттай алады.

Көптілділік: мектеп – школа – school.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

• мектеп, сабақ, альбом.

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Мектепте қандай қызықты және пайдалы нәрселерді білуге болады? Мектепте сен не үйренесің? Мектепке барғанда сен қандай оқу құралдарын алып барасың? Албом не үшін қажет? Өзің жасаған альбомыңды қандай мақсатта пайдаланасың? Неліктен ... айта аласың ба? … альбомыңда қандай суреттер болады? … оны қандай суреттермен немесе өрнектермен безендіресің?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Қағаздың түрлері, сапасы және қатырғықағаздың қасиеттері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс, әсерлі көңіл күй орнату.

0–1 мин


Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру. Тәрбиеленушілерді ҰОҚ-нің тақырыбына бағыттау:

Ойын: «Менің көңіл күйім».

(Бетәлпетпен: жымияды, күледі, қимыл-қозғалыспен: секіреді, билейді т.б. көрсету). Адамдар күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларда өмір сүреді. Олар кейде көңілді жүрсе, бірде жабырқау, көңілсіз болатын кездері кездеседі.


II. Өмірлік тәжірибені маңыз- дандыру. Мақсатты болжам. 2–5 мин



Қағаздардың түрлерімен танысты- ру. Қатты қағаз (картон), түрлі түсті қағаз, жылтыр қағаз, барқыт қағаз, жұқа қағаз (гафри) және сурет салатын қағаз. Олардың сапа- ларын салыстыра отырып зерделеу, ерекшеліктерін ажырата алуға мән беру. Осылардың ішінен біз бүгін сурет салатын қағазды таңдап ала- мыз, одан сурет салуға арналған альбом жасаймыз. Ол үшін қандай құрал-жабдықтар қажет екенін анықтап алайық: бірнеше ақ парақтар, қайшы, түрлі түсті қағаз, желім, лента немесе жіп. Қайшы – қарапайым құрал, оны пайдаланғанды білесіңдер.

Қандай қайшылар болады?

Қайшымен кім жұмыс істейді?

Қайшы қандай маман немесе кәсіп иелері үшін қажет?

Қайшымен қағазды, матаны қалай қияды?

Қайшы туралы қорытынды жасай- мыз:

1. Қайшының пішіні, өлшемі әртүрлі болуы мүмкін.

2. Қағазды, матаны, металды ке- сетін қайшылар болады.

3. Қайшы үлкен болған сайын оның қызметі де маңызды болады.

Қатырғы- қағаз, түсті қағаз, үлгі- қалып, қайшы, желім.

III. Тақырып бойынша жұмыс. 6 – 25 мин ойнатады.



Әліппе -дәптермен жұмыс.

Бүгін біз ақ қағазды пайдаланып альбом жасауды үйренеміз.

1. Бұл жұмысты орындау кезінде сендер парақ қағаздарды бірінің үстіне бірін қойып алыңдар.

2. Енді ретімен шеткі бөлігін бір- біріне желіммен жапсырыңдар.

3. Ол бірнеше қабатталған соң оны тескішпен екі жерден бірден тесіп алыңдар.

4. Дайын болған тесіктерден лен- таны немесе жіпті өткізіп әдемілеп байлаңдар.

5. Альбомның сыртқы бетін безендіріңдер.

6. Ол ою- өрнектер болуы мүмкін, басқа бейнелерді де таңдауға ұсыныс жасауға болады.

7. Мысалы: қошқармүйіз өрнегін қиып көрсетеді. Қос бүктеу тәсілімен екі қабатталған түрлі түсті қағаздан үлгіқалып бойынша сызып алып, сызықтың үстімен қайшыны жүргізе отырып қиып алады.

8. Барлық оюлары қиылып дайын болған соң оны альбомның сыртқы бетіне жапсырып, безендіреді. Өрнектердің қағаз бетіне симме- триялы орналасуы, бөлшектерімен үйлесуі тәрбиеленушілерде шығармашылық ойлардың жаңа әлемін ашады.


Сергіту сәті:

Ал, тәрбиеленушілер, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық.


Тәрбиеленушілер өз бетінше жұмыс істейді. Тәжірибелік жұмыс барысын- да тәрбиеленушілер өз білімдері мен бақылауларына сүйенеді, өздері жасаған затты әрлеудің қарапайым әдістерін қолданады, шығармашылық таңдау жасай алуға үйренеді.


.


Әліппе- дәптер, парақ қағаздар, тескіш, лента, ою- өрнектер үлгісі.




















IV. ҰОҚ-нің қорытындысы.



Реф- лексия.

26–30 мин


Дайын жұмысты таныстыру. Тәрбиеленушілер өз жұмыстарын қалай және не үшін қолданатынын айтады. Өздерінің жасаған аль- бомына қандай сурет салатынын, немесе кімге сыйға тартатынын ойлануға уақыт береді. Қағазды үнемді және орынды пайдалан! Сендерге өздерің жасаған альбомдарың ұнады ма?

Альбом жасауда қандай қиындықтар болды?

Жасалған альбомдардың іші- нен кімнің жұмысы саған ұнады?

Кім бәрінен жақсы жұмыс істеді деп ойлайсың?

Балаларға сабақта өзінің жұмысына баға беруін ұсынады. Сызық төмен қарап тұрса – қиындықтар кездескені, түзу сызық болса, өздігінен орындады дегенді білдіреді. Жұмыс орындарын жинап, ретке келтіреді.

Әр балаға қарындаш.




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!