СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика Та?ырыбы: 5 саны мен цифры.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика

Та?ырыбы: 5 саны мен цифры. Ма?саты: О?ушылар?а 5 саны мен цифрын таныстыру. ?ткен саба?ты толы?тыру. Дамытушылы?: О?ушыларды? тура ж?не кері санау да?дыларын, есептеу, есте са?тау ?абілеттерін дамыту. Т?рбиелік: О?ушыларды жылдамды?та, тап?ырлы??а, досты??а, ?зара к?мек к?рсете білуге т?рбиелеу. К?рнекілік: Сандар ?атары, санау материалдары, ойын?а ?атысты суреттер. Саба? т?рі: Ойын саба?.  

Просмотр содержимого документа
«Математика Та?ырыбы: 5 саны мен цифры.»

Математика

Тақырыбы: 5 саны мен цифры.
Мақсаты: Оқушыларға 5 саны мен цифрын таныстыру. Өткен сабақты толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тура және кері санау дағдыларын, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдықта, тапқырлыққа, достыққа, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сандар қатары, санау материалдары, ойынға қатысты суреттер.
Сабақ түрі: Ойын сабақ.

Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Математика сабағын
Мен меңгеріп аламын
Қазір есеп шығарып
Ата – анамды қуантып
Бес деген баға алып барамын

II.Өткен сабақты тексеру.
1. Ойын “ Кім тапқыр? ’’
Өздеріне таныс цифрлар атап көрсету.
1, 2, 3, 4; +, -, =

2. «Өз орныңды тап!» ойыны
Тура және кері сандар қатарын көрсету.
1, 2, 3, 4. 4, 3, 2, 1.
3. Көршісін тап! Ойыны

Карточкамен жұмыс
Жарайсыңдар балалар барлығың өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер. Олай болса балалар мына ойын арқылы өткен сабақты қорытындылайық
«Кім тапқыр?» ойыны тақтаға мына сандарды іліп қандай сан жоқ екенін тапқызу. мысалы: 0, 3, 5 (жоқ сандар: 1, 2, 4)

Келісемін- келіспеймін

-Қарбыздар талдың басында өседі.
-Жазда шанамен сырғанаймыз
-Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.
-Лимон тәтті болады.
-Шыршаның түсі қызыл.
-Балықтар талда өседі.
-Сиырдың 4 аяғы болады.
-Балмұздақ ыстық болады.
-Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.
-Қоян балды жақсы көреді.
-Кітап – білім береді.

Сұрақ -жауап

1. аспанда неше күн бар?
2. адамда неше көз бар?

3. бағдаршамда көз нешеу?
4. төртбұрыштың бұрышы нешеу?
5. адамның бір қолында қанша саусақ бар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Түсіндіру
Оқушылар мен жаңа сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.
Бас бармағым - әкем
Балан үйрек - анам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - әпкем
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық, сабағымыздың тақырыбы 5 саны.
Оқулықпен жұмыс:
Төрт сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен, содан соң кему ретімен атау.
Жұмбақ есеп.

-Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 4 туысын,
Ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара? (5)


- Бес асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Екі қолды жинасам
Болады сонда он саусақ
(қимылмен көрсету)
Аулада 4 балапан жайылып жүр еді, оған тағы 1 балапан келіп қосылды.
Аулада неше балапан болды?(5)

5 саны қалай шыққанын айтып, өрнек жазу.
4+1=5
Әліппе - дәптермен жұмыс.
1. 5цифрын үлгіге қарап, саусақпен бастыру.
Ауада жазып үйренді.
5 цифрын жазу.

ІҮ.Қорытынды.

Біз не білдік?

5 саны нешеден кейін тұрады?














Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!