(МК, ҰМұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сан атауларын аударады. Тапсырмада берілген сан атауларын тыңдап, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы тапсырмадағы сөйлеу үлгісі түсіндіріледі. Үлгі: -Сен неше жастасың? - Мен жеті жастамын. Берілген сөйлеу үлгісі бойынша оқушылар жеті сөзін басқа сан атауларымен алмастырып қолдануға жаттығады. (МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар тақтадағы сан атауларын атайды. Оқушылар «Сен неше жастасың??» деген сұраққа әр үстел бойынша (бірінші, екінші) жауап береді. (МК,Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Ең алдымен мұғалім оқушыларға Сен неше жастасың? Сұраулы сөйлем түрін түсіндіреді. Содан кейін оқушылар тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі: Сенің атың кім? Менің атым Алихан. Сен неше жастасың? Мен алты жастамын. Берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар танысады және неше жаста екендіктерін айтады. айтады. (М,Ұ) 4-тапсырмада берілген сөйлемді берілген суреттер бойынша толықтырып айту арқылы ( Мен ... жастамын сен ,.... жастасың) Сан атаулары және жастамын, жастасың сөздері бекітіле түседі. Тапсырманы оындау үшін суреттін қасындағы белгіге назар аудару керек. Мысалы: Мен 5 жастамын, сен 10 жастасың т.с.с. Оқулықта көрсетілген белгілердің тиістісі қойылады. . (МК,Ұ) дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. |