«Миға шабуыл» әдісі Мақсаты: Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға, табуға мүмкіндік беру. Нұсқау: берілген суреттер бойынша өз ойларын ортаға салу Әр оқушының алдына тапсырмалар беріледі. Тапсырма №1 . Жеке жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар құймалар туралы білімді оқулықтан оқып үйреніп, кеңесіп, өз ойларын толықтырады № 1 тапсырма. Джигсо әдісі Оқушыларды топта, жұпта жұмыс жасауға баулу 1-топ: құймаар табиғатта кездесуі 2-топ: құймалардың маңызы 3-топ: болат пен шойының қолданылуы Постер қорғайды. Дескриптор: 1.Білім алушылар құйма ұғымына анықтама береді. 2. Құйманың металдан ерекшелігін түсіндіреді. 3. Көп қолданылатын 2 құймалардың атауын біледі. Тапсырманың жауаптары интербелсенді тақтамен көрсетіледі Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі Тапсырма №2. жеке жұмыс. «Сәйкестікке назар аудар» әдісі Бейнеролик «Темір құймалары» арқылы тапсырманы орындау Болат құрамына қосылатын металдардың құйма қасиетіне әсерлері қандай? Сәйкестікті табыңдар 1.Хром | А.Қаттылық, ыстыққа және жемірілуге төзімділік | 2.Никель | Ә.Аса жоғары беріктік, серпімділік, соққыға төзімділік | 3.Марганец | Б.Созылғыштық, ыстыққа және жемірілуге төзімділік | 4.Титан | В.Қышқылдың әсеріне төзімділік | 5.Вольфрам | Г.Қаттылық, жемірілуге төзімділік | 6.Молибден | Ғ.Қаттылық, механикалық беріктік, ұру мен үйкеліске төзімділік | 7.Ванадий | Д.Тұтқырлық, механикалық беріктік, жемірілуге төзімділік | 8.Кремний | Е.Ыстыққа төзімділік, жоғары температурада механикалық беріктік,, жемірілуге төзімділік | Бағалау критерийлері: Құйма мен таза металды салыстырады, құйманың құрамын сипаттайды Дескриптор: Білім алушы -элемент атауы мен қасиеттерін сәйкестендіреді. Тапсырма жауабын интербелсенді тақтадан көреді. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ» әдісі бойынша Топтық жұмыс. Оқулықты пайдалану арқылы әр топқа постер құру ұсынылады. Тапсырма №3 «қарлы кесек » әдісі. Топпен жұмыс. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады. (ақпарат көзі ) Шойын мен болат өндірісі Қосымша сұрақтар -Болат өндірудің шойын өндіруден қандай өзгешеліктері бар? - Шойынның құрамына қарай физикалық қасиеттернің де әртүрлі болу себептерін түсіндіріңдер; -Легирленген болаттың қандай айырмашылықтары бар? -Легирлеуші элементтерді атап, олар қосылған болаттың сапасын сипаттаңдар. Бағалау критерийлері: Шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіндіре алады және олардың өндірісінде жүретін химиялық реакцияларды ажырата алады. Дескриптор: 1.Шойын мен болаттың құрамын көрсетіп, салыстырады. 2. Шойынның түзілу реакцияларын жазады. 3. Болатты алу реакцияларын жазады. 4. Болат пен шойын өнімдерінің қолданылауын сипаттайды Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды . Нұсқау: Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы); Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе. Стикерлерді толтыру. Әр топ бір-бірін бағалайды. Мұғалім оқушылардың ойын жинақтап, қорытындылайды. Тапсырма №4. «Кестені толтыр» әдісі. Жеке жұмыс «Металдар өндірісінің қоршаған ортаға әсері» кестесін толтырып, табиғи ресурстарды өндіретін өндірістік кешендердің қоршаған ортаға тигізетін салдары туралы сипаттаңыз. Салдарлар әсерін азайтатын шараларды ойластырыңыз. Бағалау критерийлері: Қазақстандағы металдардың кен орындарындың қоршаған ортаға әсерін түсіндіріп,талдайды Дескриптор: 1.Қазақстандағы металдардың кен орындарын атайды. 2.Кен орындарының қоршаған ортаға әсерін сипаттайды. 3. Әсерін азайтатын шаралар ұсынады. Қалыптастырушы бағалау. «бинго » әдісі |