СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сәлем - сөздің анасы

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәлем - сөздің анасы. Сәлем беру әдептілікке жатады.

Просмотр содержимого документа
«Сәлем - сөздің анасы»

«Сәлем- сөздің анасы»

Сабағымыздың мақсаты: Сәлемдесу рәсімін жан-жақты түсіну

халқымыздың тілі мен дінін, жақсы қасиеттерін үйрену.

Мұғалім: Сәлемдесу деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сәлем – әдептіліктің белгісі.

Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру,сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу-кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп,

қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін,

ниеттестігін білдіруі. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің

бір белгісі болып табылады.

Мұғалім: Амандасудың қандай түрлері бар?

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-саусыз ба?

-Аман-сау болыңыз!

-Аман-есенсіз бе?

-Аман-есен болыңыз!

-Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?

-Ассалаумағалейкум!

-Уа алайкум ас салам!

-Сізге амандық тілейміз!

Сәлемдесу рәсімі туралы не білеміз.

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген , мәдинетті нағыз адам болып өсуі, әрі халықтың ғасырлар бойы дамып қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.

Үлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі балаларды сыпайылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа,баулу.

Халқымыздың жас ұрпакты инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін тәлімі мен рәсімдері көп. Солардың бірі-сәлемдесу рәсімі.

Ана тіліміздің баға жетпес байлығы мен жас ұрпаққа жол сілтер

бағыт-бағдарларының айналасында сөз қозғаймыз.

Сәлеметсіз бе?!-кішігірім ғана бір ауыз сөз.

Ал бірақ бұл " Мен сені аман-есен ұшырастырып түрмын, ағайын.

Пейілің шырайлы, жүзің жарқын болсын, мен сені сыйлаймын, сені де сыйластық танытады деп білемін. Өз басым саған денсаулық, амандық, бақыт тілеймін",- деген бір қауым ойларды меңзейді.

"Болар, елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен таны"-

деген қариялар. Олай болса біз сіздерге сәлемдесу,

амандасу жолдары туралы айтып берейік.

Адамзат баласының дамуы, өркениеттің алға жылжуы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты.

Ізгі ниетсіз, адамгершіліктің қарапайым қағидаларынсыз қоғамның алға басуы мүмкін емес. Онда адамдық қарым-қатынастарда ерекше орны бар қағидалар, өмір сүруімізді жеңілдететін мінез-құлықтың

этикалық нормалары сөз етіледі.

Амандасу деген не?

Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі.

Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу қолында тасы не басқадай қаруы жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті.

-"Міне,көрдің бе,қолымда дәнеңе де жоқ",-деп оң қолды көтеріп сәлемдесу, "Сенбесен алақанымды ұстап көр",- деп оң қолды көтеру ықыластың шарасы.

Оң қолды көтеру немесе оң қолды ұсыну, қару ұстайтын оң қолдың бос екендігін, жауластықниетінің жоқтығын аңғартады.

Амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Халық сәлемдесуге ежелден-ақерекше мән берген. Тәрбиені амандасу, жөн сұраудан бастаған. Адам үшін әрбір күн амандасудун басталуға тиіс.

Осындай ізгі шара біртіндеп амандасу сиақты тамаша әдетке, одан бірте-бірте мінез-құлықнормасына айналған.

Қазақхалқында амандасуға айрықша мән беріледі. әдетте кіші-үлкенге, аттылы жаяуға бұрын амандасады.

Амандасудың қандай түрлері бар?

Армысыздар!-амандасудың ежелгі қазақы түрі.

Сәлеметсіз бе?-амандықсұрау, сәлем беру.

Қол беріп амандасу - шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылыққағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне тура қарап, шын пейілмен, жылы жүзбен амандасқандары жөн. Тіріс қарап амандасу менсінбегендіктің белгісі

әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.

Төс қағыстырып амандасу - ер жігіттердің, батырлардың шынай достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

Қолдан сүйіп амандасу - әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің, жас өспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпаққа деген құрметті білдіреді. қолдың тек сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.

Көзден сүйіп амандасу - әжелер немесе аналар өте жақсы көретін немерелерін қатты сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.

Шынболат: Искеп амандасу - қариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді искеп амандасады.

Маңдайынан сүйіп амандасу - үлкен адамдар кішкентай бөбектерді балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.

Көпшілік отырған жерге келген кісі арқайсысына емес,

жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.

Дастархан басында отырғандардың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.

Ана тәрбиелеген ұл-қыз инабатты, сыпайы болып өседі. Бұл көріністен байқайтынымыз шешенің балаға деген тәрбиесінің әкеге деген сыйластығы.

Қазақ салтында үлкендерге "Сәлеметсіз бе?", "Аман-есенсіз бе" немесе тәуліктің мезгіліне қарай "Қайырлы таң!", "Қайырлы күн", "Қайырлы кеш" немесе "Кеш жарық" деп амандасады. Әдетте кіші адам жасы үлкенмен, ер бала қыздармен бірінші амандасады.

Ал кетіп бара жатқанда қалушылармен қоштасады.

Көрініс: "Әке мен бала"

(Мұғалім: Осы көрініс бойынша не айтуға болады?

Баласы дұрыс істей ме?(оқушылардың пікірлері)

Қол алысу арқашанда достықты білдіруге тиіс және екінші адамның қолын ауыртпайтындай қысу керек. Қолды селқос, сұлық ұсынса дұрыс емес. Тамақтанып отырған кезде, ас үстінде қол ұсынбайды. қолғапты, бас киімді шешіп амандасу да адамды құрметтегеннің белгісі.

Сәлемдескенде ешқашан дауысты көтермей, жылы шыраймен, ізет көрсету - сәлемдесу әдебінің шарты. Дауыс ырғағының өзі маңызды қызмет атқарады. Кейбір елде адамдар дауыс ырғағынан -ақ"кім екенініңді білдім" дейді. Бұл кездейсоқайтылған сөз емес. Көне көз қария бір сәтте-ақбойыңыздағы барлыққасиетіңізді байқап қалады.

Егер сен амандасу үстінде қабағыңды шытып естілер-естілмес ерінді жыбырлатып және үлкен кісінің қолын қаттыраққысып жіберсең, сенің дөрекілігің бірден көрінеді.

Сәлем беруде кездесушілер бір-бірне "сәлем" деп ишара етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді.

Мұндай сәлемдесу Еуропа халықтарында көп кездеседі.

Үлкенге сәлем берушінің міндетті, қазақта "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді" деген дәстүр бар. Алыстан келген кісіге сәлем беру тәртібі жасқа байланысты емес. Ал кездескенде кіші үлкенге сәлем бермей кетсе, ол көргенсіздік, әдепсіздік болады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша үлкен қария ауыл сыртында отырса, аттүсті келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда аттан түсіп, айрықша сәлем берген. Жас адам ұзақ жолдан келсе, ауылдағы қариялар барып, сәлем беріп шығуға міндетті болған.

Ән: "Шешемай".

Мұғалім: Қазақ келіндері қалай сәлем беруі керек?

Мадина: Ал "Сәлем" беру қазақкеліндеріне тән ізеттілік белгісі.Келін үлкен адамдарға қолын кеудесіне қойып, сәл иіліп, дауысын шығармай сәлем береді. Ата-бата салтымен қанымызға енген мұндай жақсы қасиеттер бала бойына ана сүтімен бірге енеді.

Қорытынды

Мұғалім: « Сәлем -сөздін анасы» дегенді қалай түсінесіндер

Ертелі кеш өзіңе таныс адамдарды көргенде немесе мұғаліміңмен жолыққанда сен: Сәлеметсіз бе? Дейсің оларда

«Сәлемет пе, айналайын!» деп саган мейіріммен қарайды.

Сонымен, қорыта келгенде, әдепті сыпайы, кішіпейілділікті , біз бойымызға ана сүтімен, атанын тілімен дарытады екенбіз.

Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенде.

Мұғалім: Жалпы қазақ халқының қандай тәрбиесі болмасын, үлкенді сыйлаудан баста алады. Салт-дәстүр, өнеге ретінде қазақтың қанына сініп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген.

Қазақ халқының амандасу салты - мазмұны жағынан өте бай.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!